Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oon.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.18 Кб
Скачать

19.Педагогикалык колдау корсету мани мен кагидалары

Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субъектілігін қалыптастыру. Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімдік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету. Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.) Оқушыларда тұлғалық өзін-өзі жетілдіруге мақсатты бағытталған өзін-өзі рефлексиялау туралы ұғым қалыптастыру. Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп және т.б.) Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдау нормасында бейнелеп көрсету. Қолдаудың тактикасы: «қорғау» тақтикасы, «көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы, «өзара әрекеттесу» тактикасы. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері.

20.Педагогтың оқушыларға өзін өзі тану және дамыту бойынша педагогикалық қолдау корсету

Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

— нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;

— адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;

— ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;

— келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;

— баланы басшылықты жетекке алу;

— тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;

— балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тəрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.

Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.

Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.

Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]