- •11.Өзін өзі танудың үрдіс ретінде мақсаты мотивтері
- •12.Озин ози тарбиелеу – озин ози дамыту куралы
- •13.Педагогтын озин ози тануы жане озин ози дамытуы ерекшеликтери.
- •14.Педагогтын касиби зин ози тануы жане дамытуы
- •15.Педагогтын мен тужырымдамасы
- •16.Тулганын озин ози дамытуы.Озин ози дамыту формалары
- •17.Портфолио педагогтын озин ози тануы мен озин ози дамытуынын касиби куралы
- •18.Педагогтың кәсіптік өзін тануы мен өзін өзі дамытуының кәсиби құралы
- •19.Педагогикалык колдау корсету мани мен кагидалары
- •20.Педагогтың оқушыларға өзін өзі тану және дамыту бойынша педагогикалық қолдау корсету
14.Педагогтын касиби зин ози тануы жане дамытуы
Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі бағалау мәселелері психологияда өзекті де, күрделі мәселелердің бірі. Өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан толығырақ қарастырылған Б.Г. Ананьев, Л.И.Божонович,И.С.Кон. Жеке тұлғанының дамуында кім болу /кәсіптік өзін-өзі анықтау/ және қандай болу /моральды өзін-өзі анықтау/ сұрақтары маңызды рөл атқарады. Жеке тұлғаның бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар-бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамандық тандауға тіреледі. Жеке тұлға үшін мамандық таңдау-белгілі деңгейде моральды мәселе. Мамандық таңдаудағы басты жетекші бұл өзіміздің қалауымыз, яғни таңдаумыз өз көңілімізден шығуы. Мамандық таңдау диапазоны кең болған сайын, психология жағынан дәл сондай ауыр. Белгілі бір іске өзінің қабілеттілігі, икемділігі және тұлғаның өзін-өзі көрсету мүмкіндігі бар шаруалар кіреді. Адамның нақты кәсібіне байланысты біліктілігі кәсіби құзыреттілік ұғымы арқылы сипатталады. Құзырлылық дегеніміз адамның нақты еңбек қызметерін орындау қабілеті мен дағдыларын меңгеруі. Еңбекті кәсіби тұрғыда орындау туралы сөз болғанда, барлық уақытта оның жоғары дәрежеде орындалуын білідреді. Құзырлылық - кәсіби талаптарға сәйкестіктің дара сипаты. Құзырлылық туралы адам еңбегінің нәтижесі бойынша пайымдауға болады. Кәсіби біліктілік педагогтің субъективтік факторларының бірі. Педагогтің кәсібіи біліктілігі ұғымы ұстазға педагогтік міндеттерді дербес және өз дәрежесінде тиімді шешуге мүмкіндік беретін жеке мүмкіндіктері болып табылады. Осылайша педагогтің біліктілігі оның педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялық және практикалық дайындығын білідреді. Кәсіби біліктіліктің түрлі классификациялары бар. Олар: педагогтің педагогтік, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық. Құзырлығы. Сонымен қатар кәсіби біліктіліктің мынадай төрт түрін ажыратуға болады: а) арнайы құзырлылық; б) әлеуметтік құзырлылық; в) тұлғалық құзырлылық; г) дара құзырлылық. Арнайы құзырлылық дегеніміз кәсіби іс-әрекетті жеткілікті дәрежеде жоғары меңгеруді, өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жобалауға қабілеттілікті білдіреді. Педагогтік іс-әрекеттің қалыптасқандығы мұғалім меңгеруге тиісті болатын кәсіби білімнің, дағдылар мен іскерліктің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік құзырлылық бірлескен (топтық) кәсіби іс-әрекетті, ынтымақтастықты, сонымен қатар осы кәсіпте қабылданған кәсіби қарым-қатынасты меңгеру дегенді білдіреді. Әлеуметтік дағдылар адамға қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді өз дәрежесінде бара-бар орындауға мүмкіндк береді. Педагогтің әлеуметтік құзырлылығы өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікті қабылдауын білдіреді. Педагогтің тұлғалық құзырлылығы – бұл өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі дамыту тәсілдерін, сонымен бірге тұлғаның кәсіби тұрғыда бұзылуына қарсы тұру құралдарын меңгеруі. Педагогтің дара құзырлылығы өз кәсібінің шегінде даралық дамуын өзіндік өзектендіру тәсілдерін меңгеруін, кәсіби өсуне даярлығын білдіреді. Маманның даралық құзыреттілігі сонымен қатар өзіндік даралықты сақтауды, өз еңбегін уақытты ұтымды пайдалана отырып ұйымдастыра білуді білідреді. Педагогтің кәсіби құзырлығы туралы оның еңбегінің үдерісінен және еңбегінің нәтижелерінен пайымдауға болады.
