
«Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы»
39. Ресей әлеуметтануының ерекшелігі немен анықталады?
А) Ресейдің Батыс Еуропа елдерінен дамуының жалпы артта қалуынан;
В) ХІХ ғасырдағы Ресей әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктерімен;
С) Ресей мәдениетінің даму ерекшелігімен;
D) Ресей ғалымдарының жеткілікті білмеуінен;
Е) көптеген мектептер мен бағыттардың болуымен.
*****
40. Қай бағыттың өкілдері қоғам дамуына адам факторы қатты ықпал етеді деп санады?
А) маркстік бағыт;
В) жағырафиялық бағыт;
С) жаңа позитивизм;
D) психологиялық бағыт;
Е) анархиялық бағыт.
*****
41. Анархиялық бағыттың негізін қалаған:
А) М.Бакунин;
В) Г.В.Плеханов;
С) В.И.Ленин;
D) Н.К.Михайловский;
Е) М.М.Ковалевский.
*****
42. Қай еңбекте Ресей әлеуметтануындағы субъективтік идеализмнің негізгі идеялары баяндалды?
А) В. И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизмінде»;
В) Г.В.Плехановтың «Тарихқа монистік көзқараспен қарау мәселесі туралы» енбегінде;
С) П. Л. Лавровтың «Тарихи хаттарында»;
D) М.Ковалевскийдің «Қоғамдық ғылымдар мектептерінің міндеттері» еңбегінде;
Е) П.Сорокиннің «Әлеуметтану жүйесі» еңбегінде.
*****
43. Жағырафиялық бағыттың негізін қалаған, «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» атты кітаптың авторы:
А) П.Л.Лавров;
В) П.Крапоткин;
С) Е.В. Де-Роберти;
D) Н.Я.Данилевский;
Е) Л.И.Мечников.
*****
44. Ресейде субъективті әлеуметтанудың іргесін қалаған кім?
А) Н. Я. Данилевский;
В) П. А. Сорокин;
С) Н. К. Михайловский;
D) Н. А. Бердяев;
Е) М. М. Ковалевский.
*****
45. Орыстан шыққан американың XX ғасырдағы атақты әлеуметтанушысы:
А) Н.А. Бердяев;
В) С.М. Соловьев;
С) П.А. Сорокин;
D) В.А. Розанов;
Е) С.И. Трубецкой.
*****
46. П.А.Сорокин өзінің қай еңбегінде қоғамның әлеуметтік жіктелу тұжырымдамасын ашып көрсетті?
А) «Әлеуметтік мобильдік»;
В) «Соцмәдени динамика»;
С) «Стратификация және таптық құрылым»;
D) «Қазіргі қоғам»;
Е) «Мінез-құлықты әлеуметтік реттеудің әлеуметтік мәселелері».
*****
47. П. А. Сорокин қай тұжырымдаманың авторы болып саналады?
А) диалектикалық материализм;
В) тарихи материализм;
С) қоғамнын мәдени-тарихи типтік теориясы;
D) әлеуметтік стратификация мен мобилділік;
Е) субъективтік идеализм.
*****
48. Қызметтің өзара байланысқан екі формасы: 1) ойлап табу, еліктеу, бейімделу және 2) мінез-құлық ережелерінің біртіндеп өсуі мен дамуының көмегімен сипатталатын әлеуметтік өзгеріс әлеуметтанулық зерттеудің пәні болып табылады деп есептеген ғалым:
А) М. Ковалевский;
В) П.Сорокин;
С) Де-Роберти;
D) Н. Михайловский
Е) Н. Мечников.
*****
49. «Қазіргі демократияның шығуы» атты еңбегінде экономикалық құрылысты онда экономика мораль, өнер, дін және ғылым арқылы ықпал ететін саяси-құқықтық құрылыстың базисі ретінде айқындаған кім?
А) Г. Плеханов;
В) Де-Роберти;
С) П. Сорокин;
D) М. Ковалевский;
Е) П. Лавров.
*****
50. 1908ж. Ресейде тұңғыш рет Психоневрологиялық университетте әлеуметтану кафедрасын құрушылардың бірі:
А) Н. Михайловский;
В) В. Ленин;
С) Н. Мечников;
D) П. Лавров
Е) Де-Роберти.
*****
51. Ресейдегі неопозитизмнің авторы:
А) Де-Роберти;
В) М. Ковалевский;
С) П. Сорокин;
D) П. Лавров
Е) Н.Кареев.
*****
52. Конттан кейін әлеуметтану қоғамдық құбылыстарды зерттеудің ғылыми амалдарына негізделуі тиіс деп тұжырымдаған ресейлік ғалымды атаңыз:
А) Де-Роберти;
В) М. Ковалевский;
С) П. Сорокин;
D) П. Лавров
Е) Н.Кареев.
*****
53. Ресейдегі марксизмнің дәстүрлі бастамасы осы ғалыммен байланысты:
А) Н. Кареев;
В) Н. Зибер;;
С) П. Сорокин;
D) П. Лавров
Е) Н. Плеханов.
*****
54. Ғасырлар тоғысында Ресейді көбірек толғандырған проблемалардың бірі:
A) бейбітшілік және соғыс;
B) әлеуметтік прогресс;
C) әлеуметтану пәні;
D) бюрократия;
E) саяси мұрат.
*****
55. Ресейде әлеуметтанудың туындауының бастапқы кезеңі үшін Батыстан әкелінген бір мезетте пайда болған екі бағыт:
A) марксизм және анархизм;
B) анархизм және позитивизм;
C) позитивизм және марксизм;
D) субъективизм және марксизм;
E) субъективизм және анархизм.
*****
56. Ресейдегі органицизм бағытының авторлары:
A) Г. Плеханов және В. Ленин;
B) П. Лавров және Н. Михайловский;
C) А. Щапов және Л. Мечников;
D) П. Лилиенфельд және А. Стронин;
E) Н. Кареев және М. Ковалевский.
*****
57. Де-Робертидің әлеуметтану бойынша жазған іргелі еңбегін атаңыз:
A) «Әлеуметтану»;
B) «Әлеуметтанулық әдіс»;
C) «Әлеуметтанудың жалпы негіздері»;
D) «Әлеуметтанулық әдістің негіздері»
E) «Әлеуметтану ғылым ретінде».
*****