Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.75 Кб
Скачать

«Әлеуметтану ғылым ретінде»

1.Әлеуметтану – бұл:

А) табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым;

В) жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым;

  1. қоғамның материалдық және рухани дамуындағы қоғам табыстарының жиынтығын зерттейтін ғылым;

D) саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылықтары, жолдары мен формалары туралы қоғамдық ғылым;

Е) адамның объективтік шындықты түйсіну, қабылдау, сезіну формалары мен белсенді түрде бейнелеу үрдісін зерттейтін ғылым.

*****

2. Әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салған кім?

А) И.Кант

В) Г.Спенсер

С) О.Конт

D) Аристотель

E) Платон

*****

3. Әлеуметтану өз алдына ғылым ретінде қай ғасырда пайда болды?

A) 15 ғасырда;

B) 16 ғасырда;

C) 17 ғасырда;

D) 18 ғасырда;

E) 19 ғасырда.

*****

4. «Социология» (әлеуметтану) терминін алғаш қолданған кім?

A) О.Конт;

B) Аристотель;

C) Н.Макиавелли;

D) И.Кант;

E) К.Маркс.

*****

5. Әлеуметтану бойынша алғашқы еңбек қалай аталды?

A) Н.Макиавеллидің «Тақсыры» (Государь);

B) К.Маркстің «Капиталы»;

C) Аристотельдің «Саясаты»;

D) О.Конттың «Позитивтік философия курсы»;

E) Ф.Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы».

*****

6. Микроәлеуметтану нені зерттейді?

А) адамдардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысын, олардың өзара әрекеттерін және мотивтерін;

В) қоғамды біртұтас организм ретінде;

С) қоғамның әлеуметтік құрылымын;

D) қоғамдағы адам топтарын;

Е) ұжымдық әдеттер мен ережелерді.

*****

7. Макроәлеуметтану нені зерттейді?

А) қоғамдағы адамдардың жүріс-тұрысын;

В) мемлекетті және мемлекеттік құрылысты;

С) қоғамды біртұтас жүйе ретінде, оның әлеуметтік құрылымын және әлеуметтік институттарын;

D) қоғамның моральдық нормаларын, салттары мен дәстүрлерін;

Е) қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерін.

*****

8. Қоғам жөніндегі басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктері неден көрінеді?

A) оны тарихи тұрғыдан зерттеуден;

B) оның қоғамды зерттеуінен, оның элементтерін құрайтындардың өзара байланысы мен әрекетінің өмір сүруі мен дамуынан;

C) ондағы «әлеуметтік» және «қоғамдық» ұғымдарының теңестірілуінен;

D) оның зерттеу объектісінің күрделілігінен;

E) әлеуметтанудың, арнайы зерттеу әдісі мен методологиясының болуынан.

*****

9. Әлеуметтанудың объектісі:

A) қоғамда болып жатқан экономикалық процестер;

B) әлеуметтік қауымдастық және адам топтары;

C) қоғамдағы адамдардың қызметі және мінез-құлқы;

D) тұтас жүйе ретіндегі қоғамға тән адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар және қатынастар, оның әлеуметтік құрылымы, сонымен қатар онда жүріп жатқан процестер;

E) біздерге сезіммен берілген объективтік нақтылық (шындық).

*****

10. Әлеуметтанудың кешігіп пайда болу себебін немен түсіндіруге болады?

А) табиғи және нақты ғылымдар әлеуметтік ғылымдардан гөрі аса маңызды болып саналатындығымен;

В) оны қалыптастырудың оншалықты қажеттілігінің болмағандығымен;

С) қоғамды ғылыми зерттеуде әлеуметтік, саяси және экономикалық дағдарыстардың жол бермеуімен;

D) оның пайда болуына дейін жалпы білім дамуы деңгейінің төмен болуымен;

Е) оның зерттеу объектісінің күрделілігімен.

*****

11. Адамдардың қызметімен байланысты туу, өлім-жетім және көші-қон мәселелерін зерттейтін тәсіл қалай аталады?

А) психологиялық; В) мәдениеттанулық; С) демографиялық; D) ұжымдық; Е) интеракционистік. *****

12. Қоғамда әр түрлі топтардың пайда болуын зерттейтін тәсіл қалай аталады?

А) интеракционистік; В) мәдениеттанулық; С) демографиялық; D) ұжымдық; Е) психологиялық. *****

13. Қоғамдық ережелер мен құндылықтар сияқты мәдениеттің элементтері негізіндегі адамдардың тәртібі мен іс-әрекеттерін талдауға көмектесетін тәсіл қалай аталады?

А) ұжымдық; В) мәдениеттанулық; С) психологиялық; D) интеракционистік;

Е) демографиялық. *****

14. Қоғамдық өмірді адамдардың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейтін тәсіл қалай аталады?

А) психологиялық; В) мәдениеттанулық; С) демографиялық; D) ұжымдық; Е) интеракционистік. *****

15. Көптеген мектептерді, теорияларды, бағыттарды көрсететін, қоғамдық даму ерекшелігін өз ұстанымдары тұрғысынан түсіндіретін әлеуметтанулық деңгейдің аталуы?

А) микроәлеуметтану; В) теориялық әлеуметтану; С) макроәлеуметтану; D) қолданбалы әлеуметтану; Е) эмперикалық. *****

16. Нақты әлеуметтанулық зерттеулермен байланысқан әлеуметтанудың деңгейі қалай аталады:

А) әлеуметтік инженерия; В) теориялық әлеуметтану; С) макроәлеуметтану; D) қолданбалы әлеуметтану; Е) микроәлеуметтану. *****

17. Қоғамдық қатынастарды жақсартатын және жетілдіретін әлеуметтанудың функциясы қалай аталады:

А) болжамдық; В) әлеуметтік бақылау; С) гуманистік;

D) ақпараттық; Е) дүниетанымдық. *****

18. Ақпаратты жинауды, жүйелендіруді және топтастыруды іске асыратын әлеуметтанудың функциясы

А) ақпараттық; В) әлеуметтік бақылау; С) гуманистік;

D) болжамдық; Е) дүниетанымдық.

*****

19. Қоғамның барлық саласында мақсатты бағытталған саясат жүргізу үшін әлеуметтанудың мәліметтерін атқарушы билік органдарына, әртүрлі саяси партиялар мен қозғалыстарға пайдалануға мүмкіндік беретін функция:

А) қайта құрушылық; В) әлеуметтік басқару; С) гуманистік;

D) ақпараттық; Е) болжамдық.

*****