- •17.Араластыру. Араластыру сапасына әсер ететін факторлар. Араластырғыштың негізгі түрлері. Олардың жұмыс істеу принципі.
- •18.Жинақтар. Анықтамасы. Номенклатурасы. Жинақтар алудың жалпы технологиялық схемасы. Жинақтарға эфир майларды және дәрілік заттарды енгізу әдістері.
- •Ұнтақтар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ұнтақтарды орамдау және бөлшектеу. Ұнтақтар номенклатурасы және жеке технологиясы.
- •Ұнтақтау процесіне толық сипаттама және анықтама беріңіз
- •21 . Қатты денелердің ұнтақтау дәрежесі дегеніміз не?
- •23.Ұнтақтау әдісі және ұнтақтау дәрежесі бойынша ұнтақтағыш машиналар құрылысы қалай жіктеледі? Олар қандай жағдайда қолданылады. Олардың жұмыс істеу принципі?
- •Неге өсімдік материалдарын қалдықсыз ұнтақтау қажет?
- •26. Орташа және майда ұнтақтау үшін қолданылатын жарғыш, соққыш және соққыш – ысқылағыш машиналар.
- •Майда ұнтақтау үшін қолданылатын соққыш - ысқылағыш және ысқылағыш –жарғыш машиналар.
- •Өте ұсақ ұнтақтау үшін қолданылатын соққыш – ысқылағыш машиналар
- •Ұнтақталған материалдарды фракцияға бөлу. Қандай әдістермен жүргізіледі?
- •Фракцияға бөлудің мақсаты қандай?
- •Елегіш құрылысының қандай конструкцияларын білесіз? Олардың жұмыс істеу
- •39. Жинақтарды жіктеу
- •48.Шырын өндірісі кезінде қолданылатын құралдар.
- •49 Шырындарды стандарттау. Сақтау.
- •51. Күрделі жылу алмастырғыштар
- •53.Суытушы агенттер,
- •54.Жылу алмастырғыш аппараттар. Жылу алмастырғыштардың түрлері
- •55Бу түзетін аппараттар
- •56 Шырындаға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз
Неге өсімдік материалдарын қалдықсыз ұнтақтау қажет?
Уату және ұнтақтау — көп энергиялы операциялар, сондықтан өңделетін материалдың массасын азайту керек, тек мына принципті басшылыққа ала отырып: тек артық ұсақтап қоймау. Яғни негізгі қағида - қалдықсыз ұнтақтау. Бұл қағида бойынша күрделі ұнтақ дайындау үшін тек қолданылатын шикізат мөлшерін ғана ұнтақтау керек, артық ұнтақтамау. Себебі, ұнтақталған өнім ұзақ мерзімге сақтау барысында өзінің қасиетін жояды.
26. Орташа және майда ұнтақтау үшін қолданылатын жарғыш, соққыш және соққыш – ысқылағыш машиналар.
Ұнтақтау процестері шартты түрде уату (үлкен, орташа және майда) жәнс Ұнтақтау (жұқа және ең жұқа) болып бөлінеді. ¥сақтау жолдары: езу, жару, майдалау және уату (ХVШ-І сурет).
ОРТАША ЖӘНЕ МАЙДА ҰНТАҚТАУ
Ірі Ұнтақтаудан кейін материал көбінесе орташа және майда Ұнтақтауға түсіріледі, оларда Ұнтақтау шамамен 100 мм ден (ең үлкен өлшеммен шыққан материал) 10-12 мм дейін. Орташа және майда Ұнтақтау үшін білікті, соққылы-центрден тепкіш және көлбеу конусты диірмендер қолданылады.
Білікті жарғыш
Бастапқы
материал білікті жарғышқа (80-сур) тегіс
цилиндрлік
біліктер 1,2 бір-біріне қарама-қарсы
айналғанда олардың арасындағы 2 саңылауға
келіп
түседі және мұнда езу
жолымен ұсақталады. Біліктер подшипниктермен
3
корпуста, 1 білік қозғалмайтын болып
орналастырылған
подшипниктерде қозғалып, ал білік 2
белгілі жағдайда 4 серіппе көмегімен
ұсталынып тұратын сырғанақ подшипниктерде
айналады. Жарғышқа сырттан
бөгде қатты зат түскенде қозғалмалы
білік қозғалмайтын біліктен алыстайды,
соның себебінен зат ұсатқыштан түсіп
қалады.
Валдар көбінесе шойыннан және сыртқы беті көміртекті немесе төзімді марганец болатты бандажалармен қапталады. Олардың айналым жылдамдығы 2-4.5 м/сек (шекті 7 м/сек көп емес). Білікті ұсатқыштардың келтіру механизмі екі ремен арқылы жүзеге асады.
Өндірісте біліктер санымен (бір-, екі- және төрт білікті), пішіні және біліктердің айналу жылдамдығымен ерекшеленетін білікті жарғыштар қолданылады. Мысалы, тұздар мен орташа қаттылықтағы басқа да материалдарды Ұнтақтауда материалды Ұнтақтау негізінен жару жолымен өтетін тісті біліктер, тұтқыр, мәселен сазды материалдарды Ұнтақтауда үйкелу әсерін күшейту үшін дифференциалды біліктер (20% дейін) қолданылады. Кейбір дыбыссыз жүретін Ұнтақтау (айналу жылдамдығы 2-3 м/сек) типтерінде айналу ременді берілу арқасында бастапқы валға хабар жетіп, тісті білікке жүргізгіш арқылы беріледі.
Білікті жарғыштар жинақты және жұмыста сенімді, материалды бір ретті қысудан кейін ұсақталмайды және аз ұсақтардан тұрады. Бұл жарғыштар қалыпты қаттылықтағы материалдарды үгіту үшін тиімді (ұсату дәрежесі i = 10-15), қатты материалдар үшін i ≤ 3-4.
Соққылы-центрден тепкіш соққыштар
Балғалы соққыштар. Балғалы соққыш (81- сур) болат плиталармен 2 қапталған 1 корпустан тұрады. Көлденең айналатын білікке 3 дисктер 4 орналасқан, олардың ортасында шарнирлі балға 5 ілінген. Материал жылдам айналатын балғалардьң (айналым жылдамдығы 30-55 м/сек) әсерінен уатылады. Сонымен қатар балғамен лақтырылған материал кесектері плитаға соғылып та уатылады. Соңында материал соғу, езу және дөңгелекті торда 6 үйкелену жолымен қосымша уатылады. Дөңгелекті тордан үгітілген материал төмен түсіп шығарылады. Уатылу дәрежесі і=10-15. Балғалар, плиталар және тор көміртекті болаттан немесе марганецті болаттан жасалады.
Бір роторлы балғалы соққыштардан басқа екі роторлы да (81-сур) қолданылады, олар үшін уатылу дәрежесі і=30-40 жетеді. Сонымен қатар қатты қыстырылған балғалы, көп параллельді балғалар қатарынан тұратын соққыштар шығарылады.
Балғалы
соққыштар ірі Ұнтақтау үшін де қолданылады.
Олар жоғарғы өнімділігімен,
Ұнтақтауға кететін төмен энергия
шығынымен және беттік, конусты соққыштармен
салыстырғанда
ұсату дәрежесінің жоғарылығымен
ерекшеленеді.
Балғалы
диірмендердің кемшіліктері: балғаның
және плитаның тез тозуы, монтаждың
күрделілігі болып табылады.
Балғалы соққыштар сынғыш, талшықты және т.б материалдарды, сонымен бірге қалыпты қаттылықтағы және абразивтілігі аз (көмір, гипс, әк) материалдарды Ұнтақтау үшін кеңінен қолданылады. Балшықты және тұтқыр материалды ұсақтағанда балғалы соққыштар дөңгелекті торсыз жұмыс істейді, бұл материалдың толығымен ұсақталмауына әкеледі.
Дезинтеграторлар және дисмембраторлар.
8
2-
суретте
әр түрлі бағытта айналатын екі ротордан
тұратын соққылы ұсақтағыш – дезинтегратор
көрсетілген. Әрбір ротор болат сұққы 3
арқылы сақиналы дискілермен 2 байланысқан
дисклерден 1 тұрады және олар бөлек
біліктерде 4, 5 бекітілген.
Ротор біліктері айналымға шкивтер
6, 7 арқылы жеке электр қозғалтқыштарымен
қосылады.
Ұсақталатын материал тиегіш 8 арқылы ротор орталығына беріледі. Ішкі дөңгелекте орналасқан сұққылар материалды ұсақтап, олардың кесектерін қарама-қарсы бағытта айналдыратын концентрлі қатарға жібереді. Осындай жолмен материал кезекпен және бірнеше рет ротор сұққыларымен ұсақталады. Соңғы қатардың (сыртқы) сұққыларының арақашықтығы ұсақталған өнімнің кесектерінің максималды өлшемін анықтайды. Дезинтеграторда Ұнтақтаумен бірге ұсақталатын материал компоненттерінің араласуы жүреді.
Көбінесе дезинтеграторда ұсақталу дәрежесі 10-нан аспайды және ротордың айналу жылдамдығымен реттеліп отырылады. Кейде Ұнтақтау дәрежесін і=40 көбейткенде дезинтегратордың өнімділігі төмендейді.
Д
езинтеграторға
қарағанда дисмембраторда бір ғана ротор
болады. Корпустың ішкі қабырғасы екінші
дискінің (қозғалмайтын) ролін атқарады,
яғни статор болып табылады. Статор мен
роторда қондырылған дисмембратор
сұққыларына көбінесе материалды
кесу және жару арқылы Ұнтақтау үшін
пышақ пішіні беріледі. Дисмембратор
роторының айналым саны дезинтегратор
дискілерінің айналым санынан екі есе
жоғары болады.
Кескіндеуші соққыш-ысқылағыштар. Кескіндеуші соққыш-ысқылағышқа ( 83- сур) түсетін материалдан 1 торда ұсақтары іріктеледі, сосын материал жылдамдығы 12-70 м/сек (ұсақталу дәрежесіне байланысты) 2 роторға беріледі. 3 қалақшалармен материал кесектері шарнирлі ілінген 4 кескіндеуші қалқаншаға лақтырылады. Ұсақталу 3 қалақшаның және 4 қалқаншаның соққыларынан жүзеге асады. Сонымен қатар, үлкен жылдамдықта қалқаншадан кескінделген кесектер ротордан лақтырылған материал кесектермен соқтығысады, нәтижесінде қосымша өздігінен ұсақталу жүреді. Сондықтан кескіндеуші соққыш-ысқылағыштар әрекет ету принципі бойынша соққыш-ысқылағыш денелерсіз диірмендерге ұқсас және жұқа ұсату үшін қолданылуы мүмкін.
Материал бөліктеріне әсер ететін ротордың айналуы кезінде туындайтын әр түрлі центрден тепкіш инерциялы күшке байланысты үлкен өлшемді кесектер кеңістікте бірінші қалқаншаның алдында ұсатылады.
Тізбекті шымылдық 5 арқылы материал кесектерінің соққыш-ысқылағыштың енгізу воронкаларынан ұшып кетпеуінін алдын алады.
Кескіндеуші соққыш-ысқылағыштарда көп сатылы ұсатудан кейін біртекті өнім алынады, ұсатылу дәрежесі i=40-50.
Барлық суреттелген соққылы-центрден тепкіш соққыш-ысқылағыштар жоғары өнімділікті, дәрежелі ұсату алуға мүмкіндік береді және ұсатылу кең диапазонында қолданылады. Соққыш-ысқылағыш денелердің тозуы, шаңның көп туындауы, роторларды дәл балансирлеу қажеттілігі бұл машиналардың кемшілігі.
