Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17-74.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
569.96 Кб
Скачать
  1. Ұнтақтар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ұнтақтарды орамдау және бөлшектеу. Ұнтақтар номенклатурасы және жеке технологиясы.

  1. 1. Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма. Ұнтақтардың артықшылғы мен кемшіліктері бар:

  2. Артықшылығы: 1) ұнтақтардың басқа дәрілік формаларға мысалға таблеткаларға қарағанда дайындалу технологиясы оңай, 2) жоғары био қол жетімділігі, ұсақ ұнтақталумен және контактінің үлкен беті организмнің сіңіру бетімен байланысқан, 3) сұйық дәрілік формаларға қарағанда тасымалдау ыңғайлы, 4) құрамның универсалдығы, яғни құрамына органикалық және бейорганикалық қышқылдар, сонымен қоса аз мөлшердегі сұйықтар және тұтқыр заттар кіруі мүмкін.

  3. Кемшіліктері: 1) Дәрілік заттардың (ерітінділерге қарағанда) әсері баяу. 2) Қоршаған орта әсерінен қасиеттердің өзгеруі а) криссталдық судың жоғалуы ( Na2SO4 – артық дозалау) б) ауадан диоксид көміртегін жұтуы басқа қосылысқа айналунына әкеп соғады в) ылғал әсерінен өзгеру. 3) Кейбір дәрілік заттардың қабыққа тітіркендіргіштік әсері. 4) Ащы дәмді, пайдалануға жағымсыз және бояғыш заттар. 5) Ес түссіз жағдайларда ұнтақтарды пайдалануға болмайды.

Жіктелуі

Ұнтақтар қолданудың тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған , сыртқы қолдануға арналған (ұнтақ, иiс, үрлеу үшiн) деп жіктеледі.

Құрамы бойынша: қарапайым (1 ингредиенттен), күрделі ( 2 немесе одан да көп ингредиенттен).

Мөлшерлеу сипаты бойынша: бөлінбеген - науқасқа ортақ масса бойынша беріледі, науқас мөлшерлеуді өз көмегімен жүргізеді, ал бөлінген мөлшерлеу дәріханада жүргізіледі.

Жаздыру тәсiлi бойынша: орналастырушы - дозалар саны көрсетілген бір дозаға жазылған дәрілік заттар. Дәрілік заттардың жалпы массасын есептегенде кезде дозаға жазылған олардың санын дозалар санына көбейтеді; бөлінген - барлық дозаларға жазылған дәрілік заттар, массаны қанша доза бөлу керек екенідігі көрсетілген.

Ұнтақтардың мөлшерлеуi 2 тәсiлмен жүргізіледі: 1 ) масса бойынша; 2 ) көлем бойынша.

Ұнтақтарды орамдау және бөлшектеу.

Ұнтақтау, бөлшектеу — қатты затты ұнтақтау диірмендерде, ысқылап үгетін аппараттарда жүргізілсе, ауа көпіршіктерін суда ұсақтау не майлы заттарды суда эмульсиялау суды (пульпаны) қатты араластыру, ауаны ұсақ торлы заттан өткізу және бет активті заттарды қолдану арқылы, ал эмульсиялау ультра дыбыс шығаратын қондырғылармен жүргізіледі.

Масса бойынша мөлшерлеу – дәлірек және негізгі тәсіл. Қол таразыларының көмегімен жүргізіледі. Қол таразылар көмегімен ұнтақтарды өлшеу - белгілі бір дағдыларды қажет ететін және көп еңбекті талап ететін процесс.

Көлем бойынша мөлшерлеу – дәлірек тәсіл, жоғары өнімділігімен ерекшелінеді. Мынадай дозаторларды пайдаланады: ДП- 2 электрондық дозаторы, ДПР - 2, ТК-3. ДПР – 2 0,1-ден 2-ге дейiнгі дозаларды көлем бойынша дәрілік заттарды мөлшерлеу үшін арналған. Дозатор жүгірмелі гайкадан, жылжымалы штокты полой трубкадан құралған. Оның жұмысының негізігі принципі- сол ұнтаққа дозартор ұшы батырылған кездегі фастелетін ұнтақпен реттелетін өлшем қуысын толтыру. Мөлшерлеу штоктың көмегімен жылжыту арқылы жүргізіледі.

Ұнтақтарды қаптау және рәсiмдеу. Егер қаптаманың түрі рецептте көрсетiлмесе, онда ұнтақтарды қағаз капсулалар түрінде шығарған жөн. Капсулалар сорты ингредиенттердiң қасиеттерiне байланысты:

1. Желiмделген қағаз - мұндай қағаздан капсулалар гигроскопиялық емес және ұшқыш емес ұнтақтар қаптамасы үшін пайдаланылады.

2. Балауызды немесе парафинделген қағаз – воскпен немесе парафинмен дымдалаған желімделген қағаз ылғал мен газдарды өткізбейді. Гигроскопиялық емес заттар (эуфиллин ) және ауа оттегісінің әсерімен өзгеретін заттарды қаптау үшін ыңғайлы.

3. Пергаменттiк қағаз – күкірт қышқылмен өңделеген желімделмеген қағазды жуып, пермагент қағазын кептіреді. Ұнтақтар қаптамасы үшін құрамында парафинде және воскте еритін заттар, сонымен қоса ментол, камфора, және басқа ұшқыш заттар қолданылады.

Ұшқыш заттармен бөлінбеген ұнтақтар үшін тығыздалған пробкалы флакондар шығарылады. Полиэтиленді пленкалы капсулаларда йод, камфора және басқа да ұшқыш заттарды қаптауға ұсынылады. Егер рецепте ұнтақты арнайы капсуларда жіберу көрсетілсе, онад ГФ XI бойынша желатиннен дайындалған арнайы вместилищесі бар медициналық капсулалар қолданылады.

Капсуларға қапталған ұнтақтар картон жәшіктер және қағаз пакеттер түрінде шығарылады.

Жеке технологиясы.

ГФ XI нұсқауына сәйкес барлық ұнтақтар массасына 0,05–тен кіші улы, қатты әсер ететін заттар жазылса, онда олардың тритуациясы , яғни индифференті заттар қоспасын (1:10 немесе 1:100) пайдалану қажет. Бұл улы заттарды тура мөлшерлеу үшін қажет. Сұйылтқыш ретінде сүт қанты қолданылды , себебі ол гигроскопиялық қасиетке ие емес және көптеген улы заттардың тығыздығына жақын.

Тритуация қабаттасуын төмендету үшін оны кіші банкаларда сақтайды және әр 5 күн сайын араластырады. Тритуацияны аз уақытта 1 айға дейін ұсақ компонеттерді жалпы араластыру ережесі бойынша дайындалады. Сүт қантын уқалаудын бастайды, үккіште ұнтақтың аз мөлшерін шамамен улы затқа тең шаққандағыдай мөлшерде қалдырып, улы затпн бірге бір текті қоспаға түзілгенге дейін уқалауды жүргізеді. Одан кейін оны бірнеше тәсілдермен мүқият араластырып, қалған сүт қантын қосады. Штангласта тритуациямен бірге мынадай жазу болуы керек: 1,0 Atropini sulfatis + 99,0 Sachari lactatis (1:100) Немесе 0,001 Atropini sulfatis = 0,1 truturationes 1:100

Оңай шаңдалатын заттары бар ұнтақтар. Көлемдік массасы аз оңай шаңдалатын заттар үккішкке соңғы уақытта қосылады. Олардың басқа ингредиенттермен араласуы ұзақ болмауы керек, себебі ол оңай шаңдалатын заттың жоғалуына әкеп соғады. Оңай шаңдалатын заттарға жатады: магний оксиді, тальк. Үккіш нөмерін таңдау үшін бұл заттардың саны теориялық түрде еселенеді.

Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Бояғыш заттарға: көк метилен, рибофлавин, акрихин, жасыл брилланты және т.б. жатады. Бояғыш заттары бар ұнтақтарды дайындау арнайы белгіленген үстелде жүргізіледі, сонымен қоса оларға арнайы үккіштер мен таразылар бөлінеді. Содан кейін оған бояғыш затты қосады, оның бетіне боялмаған заттың қабатын себіп, мүқият араластырады. Мүқият араластыру кезінде қалған боялмаған затты қосады.

Қиын ұнтақталатын затттары бар ұнтақтар

Қиын ұнтақталатын затттар екі топқа бөлінеді:

  1. Камфора, ментол, тимол, фенилсалицилат, йод.

  2. Бор қышқылы, натрий тетрабораты, салицил қышқылы, стрептоцид.

Ондай заттарды көмекші қосылыстармен бірге ұнтақтау орынды.1 г бірінші топты ұнтақтау үшін 96%- дық этил спиртінің 10 тамшысын немесе эфирдің 15 тамшысын қосады, ал екінші топ үшін 96%-дық этил спиртінің 5 тамшысын немесе эфирдің 8 тамшысын қосады.

Экстракциалы ұнтақтар. Өсiмдiк экстрактiлерін құрғақ, қою және сұйық деп ажыратады. Ұнтақтар ішінде көбінесе итжидек сығындысын жазады: құрғақ (1:2 ) және қою (1:1 ). Құрғақ итжидек сығындысының ұнтақтары құрғақ затттар ұнтақтарының дайындалу ережелерiмен дайындайды. Қою эстрактарды пайдаланған кезде қүрделі ұнтақтар технологиясы келесідей жүргізіледі. Қою экстрактісін қол таразысында фильтр қағаздың көмегімен өлшеп, оны өсімдік аналығының басына апарады. Қағазды өсімдік аналығынан бөліп алу үшін , оны бірнеше тамшы сумен немесе спиртпен дымдайды. Одан кейін экстракты бірнеше тамшы спиртпен өсімдік аналығынымен үккіште ұнтақтайды. Оларды бастапқы қою экстрактінің қатынасына қарағанда екі еселеп қолданады және тамшылап соңғы уақытта қосады.

Сұйық препараттары бар ( эфир майлары, тұнырмалар, сұйық экстрактілер) ұнтақтар. Егер 1 г гидрофобты сипаты бар заттар қоспасына олардың 2-3 тамшысы келсе, онда тұндырмалар мен сұйық экстрактілерді күрделі ұнтақтарға қосуға болады. Егер тұндырма мен сұйық экстрактінің сусымалдығын бұзатын және ұшқыш емес заттар құрамына кіретін әрекет ететін заттар саны жазылса, онда оларды қоюландыру арқылы жалпы көлемді азайту амалын қолданады.