
- •17.Араластыру. Араластыру сапасына әсер ететін факторлар. Араластырғыштың негізгі түрлері. Олардың жұмыс істеу принципі.
- •18.Жинақтар. Анықтамасы. Номенклатурасы. Жинақтар алудың жалпы технологиялық схемасы. Жинақтарға эфир майларды және дәрілік заттарды енгізу әдістері.
- •Ұнтақтар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ұнтақтарды орамдау және бөлшектеу. Ұнтақтар номенклатурасы және жеке технологиясы.
- •Ұнтақтау процесіне толық сипаттама және анықтама беріңіз
- •21 . Қатты денелердің ұнтақтау дәрежесі дегеніміз не?
- •23.Ұнтақтау әдісі және ұнтақтау дәрежесі бойынша ұнтақтағыш машиналар құрылысы қалай жіктеледі? Олар қандай жағдайда қолданылады. Олардың жұмыс істеу принципі?
- •Неге өсімдік материалдарын қалдықсыз ұнтақтау қажет?
- •26. Орташа және майда ұнтақтау үшін қолданылатын жарғыш, соққыш және соққыш – ысқылағыш машиналар.
- •Майда ұнтақтау үшін қолданылатын соққыш - ысқылағыш және ысқылағыш –жарғыш машиналар.
- •Өте ұсақ ұнтақтау үшін қолданылатын соққыш – ысқылағыш машиналар
- •Ұнтақталған материалдарды фракцияға бөлу. Қандай әдістермен жүргізіледі?
- •Фракцияға бөлудің мақсаты қандай?
- •Елегіш құрылысының қандай конструкцияларын білесіз? Олардың жұмыс істеу
- •39. Жинақтарды жіктеу
- •48.Шырын өндірісі кезінде қолданылатын құралдар.
- •49 Шырындарды стандарттау. Сақтау.
- •51. Күрделі жылу алмастырғыштар
- •53.Суытушы агенттер,
- •54.Жылу алмастырғыш аппараттар. Жылу алмастырғыштардың түрлері
- •55Бу түзетін аппараттар
- •56 Шырындаға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз
17.Араластыру. Араластыру сапасына әсер ететін факторлар. Араластырғыштың негізгі түрлері. Олардың жұмыс істеу принципі.
Дәрілік заттарды ұсату мен араластыру фарфорлы ступкаларда жүзеге асырылады. Күрделі ұнтақтардың дайындау ережесін анықтайтын реттілікпен ступкаға дәрілік заттарды салады. Араластыру барысында бір ингидиент мөлшері басқадан 20 есеге аспаған кезде біркелкі қоспа алынады. Егер, ол асып кетсе, көп мөлшерде жазылған болса, онда ступкаға бірінші және бөлектеп орналастырады.
Қатты материалдарды араластыру үшін қолданатын аппараттардың құрылысы араластыру түріне, араластырылатын материалдың физика-механикалық,химиялық және де басқа қасиеттеріне, араластыру сапасына және интенсивтігіне байланысты болады.
Кез-келген компоненттер санын араластырғанда анализді бір басты компоненттің қалған системада тарауын статистикалық анализ эдісі арқылы жасайды.Араластырғыштар құрылғысы. Төменде химиялық өндірісте қолданылатын периодты жэне үздіксіз араластырғыштардың кейбір түрлерікөрсетілген.
Сместік барабан. Сместік барабан(і-сурет) 2- тірек роликтарында айналатын Іцилиндрлік корпустан түрады. Материал жақсы араласу үшін барабан ішінде 3-спиральді қабырға жэне 4-сөре болады. Бұл агшарат периодты түрде жүмыс істейді. Материалды алу жэне салу 5-шнек арқылы іске.асады. Сместік барабандар басқа формада да шығарылады(призмалы,цилиндр-конусты). Олар горизанталь қалпында цапфаларда айналады. Бұл араластырғыштар құрылысы қарапайым болғанмен, олар тек қүрғақ ұнтақ материалдарды араластырады,жэне араластыруға уақыт көп кетеді. Оларды қазіргі кезде күштірек араластырғыштар ауыстыруда. Лопастьті айналатын араластырғыштар тек қана қүрғақ материалдарды ғана емес, сонымен қатар қою массалар мен пасталарды дайындауға қолданады. Бұл араластырғыштар түрі 2-суретте көрсетілген. Араластырғыштың формасы жарты цилиндр тәріздес. Оның ішінде материалдарды араластыратын бір-біріне қарама-қарсы айналатын лопастары бар 2 вал болады.бұл аппаратардың ерекшелігі тек корпус ұзындығы мен лопасть түрінде ғана болады. Кең колданатын валдың түрі 2-тэрІзді формалы вал 2-суретте көрсетілген.
Шнекті лопасті араластырғыштарда араластырушы болып Т-тәріздес, винтті лопастары немесе басқа формалы шнек-валы табылады. Көп шнекті араластырғыштар жарты цилиндрлі корпуста айналатын бір валды болады. Араластыру сапасын жоғарлату үшін кейбір араластырғыштарға двигатель жалғап, ол араластыру мен қатар валды корпус бойымен қозғайды. Бір валды араластырғыштармен қатар екі валды араластырғыштар қолданылады. Екі валды араластырғыш 1-корпустан жэне оның ішінде айналатын шнекті 2-3-валдан тырады. Валдағы лопастар 2-вал материалды түсіретін жерге, ал 3-вал кері жаққа жіберетіндей орналасқан.2-вал айналымы 3-вал айналымынан жоғары болғандықтан, материал интенсивті араласып, шығару жеріне қозғалады.
Ленталы араластырғышта араластырушы дене—цилиндрлі корпуста үстінде 2-жалпақ лента бекітілген 1-стержндері бар айналатын вал. Кейбір кезде араластырылатын материалды суыту немесе қыздыру үшін корпусты арнайы қаптағышпен қаптайды. Бұндай аппаратарда араластыру басқа технологиялық операциялармен бірге жүреді. Араластыру валдарының айналу жылдамдығы салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, бұл процесс біраз уақыт алады.
Ұнтақталған материалдарды араластыруға жоғары эффективті болып үздіксіз жұмыс істейтін роторы тез айналатын араластырғыштар болып табылады.