
- •Құрлық көліктері
- •Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
- •Қазақстандағы көлік жүйесі[өңдеу]
- •Круиз дегеніміз не
- •Вагон-мейрамхана[өңдеу]
- •І Классы обслуживания
Көлік тасмалдаудың теориялық аспектілері Көлік, көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.
Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ. Жер арқылы саяхаттайтын транспорт түрлеріне тоқталатын болсақ, олардың түрі өте көп, қызметі жоғары әрі қауіпсіз болып келеді. Темір жол транспорты- туризм саласында кең ауқымды әрі тиімді қолданылады, Автобустар, арқай автомобильдері және автомобильдер. Бұл транспорттардың айырмашылығы туризм саласында экскурссиялық тарихи жерлерді аралау және еркін қыдыруға асықпай көп нәрсені көріп тамашалауға, қалаған жерінде тоқтап керек жарағыңды алуға тағы басқа жағдайлар мен қажеттіліктеріне қолайлы жағдай жасай алатын транспорт түрлері болып келеді. Су туризмінде қолданылатын транспорт түрлеріне арнайы үлкен кемелер, кішігірім кемелер мен қатерлер, желкенді кемелер жатады. Бұл транспорт түрлері туризм саласында атқаратын қызметі басқа транспорт түрлерінен төмендеу. Бірақ сервистік қызметі жағынан өте жоғары және көп адам сиятын ұзақ мерзімге саяхатқа шыға алатын транспорт түріне жатады. Бұл транспорт түрін тек мұхитта ғана емес теңіздерде, өзендерде қолданылады. Осы айтылған транспорт түрлерінде туристік қызмет ұсынушылар мына ерекшеліктерді ескерту қажет: Тасымалдау жылдамдығы, сервистік қызметтің жоғары болуы, қызметке бағасының сай болуы, ұйқы жағдайының жақсы болуы, тыныштық, табиғи және мәдени ерекшеліктері, тазалықтың сақталуы, медициналық және қауіпсіздік қызметтің болуы. Қауіпсіздік жағынан және экологиялық тазалық жағынан. Су туризімі, темір жол туризімі, әуе жол туризмі алдыңғы орында. Туристердің қажеттілігіне қарай қалаған жеріне тоқтап көріп тамашалау тағы басқа қажеттіліктерін орындай алатын транспорт.
Көлік тасмалдаудың түрлері
Құрлық көліктері
Құрлық көлігінің құрамына теміржол, автомобиль және құбыр жолы кіретінін білесіңдер.
Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
Темір жол
Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.
Құбыр желісі
Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.[1]
Теңіз көлігі
Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде
Өзен-көл көлігі[өңдеу]
Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар.[1]
Әуе көлігі
Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франция — Ұлыбритания) ұшақтары бар.
Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара" (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, "Хитроу" (Лондон), "Ханеда" (Токио) және т.б.[1]
Lufthansa әуе компаниясы жайлы ақпарат
Люфтганза әуекомпаниясы - Германияның ұлттық әуетасымалдаушысы. Ол жолаушы саны бойынша Еуропадағы ең үлкен тасымалдаушы болып саналады. Компанияның атауы екі сөзден құралған Luft (неміс тілінен "ауа"), және Hansa (Ханзалық Лига, ежелгі ортағасырлық сауда тобы). 18 ішкі және 78 елдегі 183 бағытты қамтитын компания, жолаушылардың айналымы бойынша әлемдегі бесінші тасымалдаушы болып табылады.
Люфтганза әлемдегі ең ірі Star Alliance әуекомпаниялар одағын ұймдастырушысы болып табылады. Star Alliance 1997 жылы Thai Airways, United Airlines, Air Canada және Scandinavian Airlines Systemның қатысуымен құрылды.
Құрылған жылы |
1926 (Deutsche Luft Hansa Aktiengesellschaft атауымен), 1954 жылы қайта құрылды. |
Хабтар |
|
Альянс |
Star Alliance |
Әуе паркінің саны |
261 (+ 117 тапсырыс) тәуелді компанияларды қоспағанда |
Ұшу бағыттарының саны |
201[1]тәуелді компанияларды қоса код бөлісу компанияларын қоспағанда |
Компания ұраны |
Осыдан жақсы ұшу жолы жоқ (There's no better way to fly.) |
Штаб-пәтері |
Кельн, Германия |
Басшылары |
Юрген Вебер (Jürgen Weber), Қадағалау кеңесінің басшысы және бұрынғы атқарушы директоры, Вольфганг Майрубер (Wolfgang Mayrhuber) атқарушы директоры |
Компания Берлинде 1926 жылдың 6 қаңтарында "Deutsche Aero Lloyd" (DAL) пен "Junkers" компанияларының қосылуынан құрылды.[2] Компания алғашында Deutsche Luft Hansa Aktiengesellschaftдеген атқа ие болды.
ҚР – сының көлігінің қазіргі жобасы