
Жоспары
1. Мектепті басқару жолдары
2. Басқару ұстанымдапры
Қазақстан Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін алған жылдан басталып, жаңа жүйеге енді. Қазақстанда нарықтық экономиканың орнауы, мемлекеттік реттеудің маңызды компоненті әлеуметтік жұмыстың анықталуына әкелді. Әлеуметтік жұмыс теориясының негізгі бағыттары: халыққа әлеуметтік көмек көрсетудегі әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрастырудан тұрады. Қазақстан халқының әлеуметтік – экономикалық жағдайы әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде әлеуметтік жұмыстың теориясының жүзеге асырылуының көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты жетілдіріп оны әрі қарай дамытуда көптеген мекемелер айналысады.Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының айтарлықтай көп болуы - отбасыларға, балаларға жасы ұлғайған қарттарға, мүгедектерге әртүрлі қызметтер түрін көрсету:
1. Әлеуметтік-медициналық;
2. Психологиялық – педагогикалық;
3. Әлеуметтік тұрмыстық.
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде әлеуметтік салада жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бөлімдер ашыла бастады. Қазақ мемлекеттік университеті, жаңа атауы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтік жұмыс бөлімі ашылды. Осы уақыттан бері жоғары білікті әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. «Әлеуметтік жұмыс» – бұл тарихымыздағы жаңа атау, жаңа прогресс болып саналады. Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі. В.Н. Ярскаяның анықтамасы бойынша - «Әлеуметтік жұмыс тұлғаның, жанұяның, әр ұлттардың бір-бірімен байланысты қоғамның дамуы, әлеуметтік әділдіктің өмірде орнауы...» Әлеуметтік жұмыс – мультидисциплинарлы мамандық. Яғни, әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс істегенде басқа да маманданған дәрігер, педагог, психолог, заң қызметкерлерімен бірге жұмыс істейді. Бір жағынан қарасақ әлеуметтік қызметкер өзінің білімімен, кәсіби дайындығымен сол мәселені шешуде ол әмбебап маман ретінде есептеледі. Мұндай интеграцианарлық білім диагностика кезінде қажет. Себебі ол клиент мәселесін жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұл мамандықтың ұлттық әлеуметтік, өзіндік сана сезімі, адамгершілігі және маманның дамуы мәдениетінің түрі мен деңгейі деп қарастырылады.
Енді «әлеуметтік жұмыс» ғылымының қалыптаса бастаған кезеңі туралы айтатын болсақ, бұл кезеңнің тарихи ерекшеліктері Кеңес Одағының құлауы мен коммунизмнің жойылуы, азаматтық қоғамның, жаңа таптардың дүниеге келуі болып табылады. Қарастырып отырған кезеңімізде бірнеше этап ерекшеленеді. 1985-1986 жж. - жеделдету кезеңі, бұл кезеңнің негізгі тапсырмасы кеңестік экономиканы әлемдік деңгейге шығару. 1987-1991 жж. - «қайта құру», «еркіндік», «демократия» ұрандарының кезеңі. 1992-1999жж. - түбегейлі реформалар кезеңі, бұл кезеңнің бастапқа нәтижесің өзі халықтың көпшілігін кедейлік шекарасына жеткізді. Бағаның өсуі мен халықтың табысы арасындағы айырмашылық жоғарылай түсті. Ең негізгі әлеуметтік проблемалар жұмыссыздық, халықтың еріксіз көшуі, қылмыстың көбеюі, туудың қысқаруы, сәбилер өлімінің көбеюі, маскүнемдердің, нашақорлар мен таксикомандар санының өсуі және т.б. болып табылды. Қоғамның мүліктік дифференцияциясы үрдісі тез күшейіп, шаруашылық-экономикалық байланыстың құлдырауы байқалды. Адамдар қиын әлеуметтік шиеленістерге тап болды және көп жағдайда олар бұл проблемаларды өздігінен шеше алмады. Нәтижесінде қоғамда әлеуметтік жұмыс проблемасы ерекше орын алды. Ақырындап бұл мамандықтың да жүйесі қалыптаса бастады. Бұл уақыт 1991 жыл болып есептеледі, өйткені осы уақытта елімізде «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы ресми түрде қолданысқа енді.Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты қолға алынғанына көп болмаса да оның бүгінгі беталысы дұрыс жолмен дамып,өркендеп келеді.
ҚР-да әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз керек. Мысалға Еуропа қауымдастығында әлеуметтік жұмыс үш бағытта жүргізіледі.
Біріншісі, әлеуметтік-демократиялық модель, мұнда мемлекеттің үлкен диапазонында әлеуметтік қызмет жүргізіледі. В.Хамиш бұл модельді «скандинавиялық модель» деп атаған. Әлеуметтік жұмысты жүзеге асыру үшін елдегі партиялардың кеңесімен бірлесе отырып жұмыс жүргізіледі.
Екінші модель, «корпоративті модель» деп аталады. Бұл модель бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және кәсіподақ қоғамының интеграциясын анықтайды. Мұның негізінде әлеуметтік сақтандыру жүзеге асырылады. Әлеуметтік сақтандыру қызметі мамандандырылған топтардың қатарына кіруіне байланысты анықталады.
Үшіншісі, «либералды модель»,бұл модель әлеуметтік төмен топтарға мемлекет тарапынан минималды көмек көрсетуімен байланысты. Бұл модельді негізінен ағылшын-саксандық елдер қолданылады. Бұл модель Ұлыбритания мен Ирландия елдерінде жүзеге асырылады. Оның құрамына әлеуметтік сақтандыру кіреді. Бірақ төмен деңгейде дамыған, ал әлеуметтік көмек мұнда орасан зор роль атқарады. Бұл модельде кейбір алшақтықтар бар.Ұлыбританияның мемлекеттік жүйесі денсаулық сақтауды қолдау мақсатында барлық адамдарға ақысыз түрде медициналық қызмет көрсетеді, ал Ирландияда ақысыз тегін медициналық қызметті тек төмен жалақы алатын адамдарға ғана көрсетіледі. Бұл модельдерден Қазақстан өзіне тиісті лайықтысын алуына болады. Бірінші модельдің әлеуметтік мәселені шешуде кең диапазонда ортақ талқыға сала отырып шешуі өте тиімді шешімдердің бірі деп санаймын. Халықты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды шешімдердің бірі болары хақ. Сондықтан да бұл шараны мемлекет қолдануы тиіс. Әлеуметтік жұмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады. Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық - экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық - түлік, зат, ақшалай жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі.
Психологиялық және педагогикалық әдіс — тура емес, жанама клиентке, оның мінез - кұлқы мен көңіл - күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрі.Адамның санасына ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне әкеліп соғады. Үлкен маңызды әдістердің түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес мысалдармен таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі отбасындағы, топтық, ойын түрлері.
Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау жүйесі толық ортақтас қағидасының басымдылығымен, мемлекеттік қатысудың жоғарғы деңгейімен және төмен ынтасымен сипатталады. Мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша, жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету жұмысы толық ортақтастық қағидасында ұйымдастырылған. Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар тәуекел жағдай туған кезде, еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдарда және халықаралық келісімдерде өзгеше қарастырылмаса бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақы алады. Мемлекеттік әлеуметтік жұмыс – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық – насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік жұмысында негізгі орынды халықтың табысын қалыптастыру саясаты алады. Табыс ұғымы экономикалық қызмет нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Қазақстанның әлеуметтік жұмысының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің тұтынушыға бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Еліміздің аймақтарында әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына лицензия беру қызметін жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жұмыста мемлекеттік стандарттарды мейлінше қолданып сақтап отыру қажет. Қортындылай келгенде мемлекетіміздегі жас мамандық әлеуметтік жұмыстың жас мамандары алдында көптеген күрделі мәселелерді шешу мен олардың алдын алу профилактикасы тұр. Қазақстан әлеуметтік жұмысы енді қалыптасып келе жатқан білім саласы. Өзінің кемшіліктерімен артықшылықтары бар. Қоғам өмірін реттеу мәселесін қарастыратын білімдер саласы өте үлкен болғанмен оның ең маңыздысы, әрі әлі эмперикалық жүзеге асыру функциясымен көзге түсетіні де осы әлеуметтік жұмыс мамандығы. Сондықтан адам үшін экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады. емлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет. Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық әлеуметтік жұмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмұны мен шекарасына әсерін қарамастан бұлар бір-біріне ұқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, Адам туралы теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен қоғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған пенитенциар іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі әлеуметтік ортаға әсер ету – әлеуметтік микроортаны жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
Әлеуметтік менеджменттің негізгі іс-әрекетіне мыналар жатады: Әлеуметтік бейімделу – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру ортасына бейімделуі. Әлеуметтік қорғау — мемлекеттің әлеуметтік кепілдігімен заңды қойылған қағидалалр, ережелер, әдістер жүйесі, түрлі әлеуметтік санаттар мен топтардың өмір сүру жағдайын ұсыну бойынша, тұтынушылықтарын қанағаттандыруға, тұлғаның өмірін қамтуды жане әрекетті тірлігін қолдау; азаматтардың нормалы өміріндегі тәуекел жағдайына қарсы бағытталған мемлекет пен қоғамның шаралар, әрекеттер, қаражаттардың жиынтығы (ауру, жұмыссыздық, кәрілік, асыраушысының қайтыс болуы, мүгедектік және т.б.); экономикалық ауыспалылық кезеңіне байланысты өмір сүру деңгейінің төмендеу жағдайында халықтың әлсіз санаттарын мемлекетпен кепілденген материалдық қолдаудың минималды деңгейін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мінезді мемлекеттік шаралар кешені. Әлеуметтік менеджмент— әлеуметтік ортаның нақты жағдайларын ескерумен тұлғаны тәрбиелеу бойынша шаралар жүйесін құру ғылымы мен тәжірибесі. Әлеуметтік қолдау — қиын өмірлік жағдайға уақытша тап болған, халықтың еңбекке қабілетті жеке топтарына ақшалай жәрдемақы,несиелер, ақпараттар, оқу мүмкіндіктерін (қайта оқыту) және өзге де жеңілдіктерді ұсыну. Әлеуметтік көмек – кірісті бақылауға жүргізілетін жалпы саясат шеңберіндегі (мұқтаждығына байланысты жәрдемақылар және т.б.), сондай ақ ерекше жағдайларда (мәжбүр көшпенділер, қайғылы апаттардың және техногенді апаттардың салдарларын жою және т.б.) дағдарысты жағдайда атаулы жекелік қолдаудың уақытша шаралары (қызметтер, жәрдемақылар). Әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік ауыспалықты қамтитын, халыққа белгілі бір уәкілеттілік пен еркіндікті ұсынатын, олардың әлеуметтік игілігін күшейтетін әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандықтар. Тәртіп теориясы мен әлеуметтік жүйелер тәжірибесінде қолдана отыра, адамдардың қоршаған факторлармен өзара әрекеттесетін салада әлеуметтік жұмыс жүргізіледі. Әлеуметтік жұмыстағы негізін қалаушы қағидалар болып – адам құқығы мен әлеуметтік әділеттілік қағидалары табылады бұл анықтама 2000 ж. Шілде айында Монреалда, Канада – әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық федерациясыменберілген). Әлеуметтік оңалту — ағза қызметінің ауысуымен денсаулығының бұзылуы салдарынан (мүгедектік), әлеуметтік дәрежесінің өзгеруіне байланысты (қарттар, қашқындар мен мәжбүр болған көшпенділер, жұмыссыздар және т.б.), тұлғаның девианттық тәртібі салдарынан индивидттің айырылған қоғамдық байланыстар мен қарым қатынастарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені. Әлеуметтік қызмет — әлеуметтік жұмысты жүзеге асырушы және өз құрамында әлеуметтік қызметті көрсетуге арналған арнайы мекемелер мен басқару органдары бар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жүйесі. Әлеуметтік сала — экономикалық, саяси, рухани салалармен қатар және олармен өзара әрекеттесу арқылы тіршілік ететін қоғамдық өмірдің ерекше саласы. Әлеуметтік топтар, сыныптар, халықтың кәсіби және әлеуметтік-демографиялық санаттарының, сондай-ақ тіршілік жасауының әлеуметтік жағдалары бойынша ұлттық қауымдастықтардың қоғамдағы өзара қарым қатынастары. Әлеуметтік терапия — әлеуметтік қызметкер мен клиенттің өзара әрекеттесуі, мақсаты – клиентке әлеуметтік жанжалдар мен проблемаларын шешуде көмек көрсету, қоршауындағы адамдар тарапынан қолдауды ұйымдастыру бойынша нақты қызмет көрсету. Әлеуметтік қамсыздандыру — еңбекке қабілетсіздерді материалдық қамсыздандыру бойынша, балалық пен ата-аналықты жан-жақты қамсыздандыру бойынша әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі, оның ішінде әлеуметтік зейнетақылар (мүгедектігі бойынша, еңбек өтілі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты және т.б.), жәрдемақылар (жүктілігі мен бала тууы бойынша, балалары бар азаматтарға және т.б.) орнын толтырушы төлемақылар (еңбекке қабілетсіз ададмдарға күтім жасап отырған жұмыссыз еңбекке қабілетті тұлғаларға, және т.б.), шәкіртақылар және т.б. Әлеуметтік қызмет көрсету — әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психолого-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық қызметтерді көрсету бойынша, қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарды әлеуметтік бейімделуі мен оңалтуын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік қызметтер мен жеке мамандардың іс әрекеті. Әлеуметтік сақтандыру — еңбек етушілердің еңбекке қабілеттілігінен айырылған, ауыруы, жас ерекшелігіне байланысты және т.б. жағдайларда материалдық қамсыздандыру жүйесі, түрлі типтегі әлеуметтік және кәсіби тәуекелдердің кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік сақтандырудың маңызды қайнары – еңбек ақысынан сақтандыру салымдарын міндетті түрде ұстап қалу және жүмыс ұсынушылардың қосымша салымдарымен толықтырылады. Әлеуметтік қызметтер — іс әрекеті адамның дамуын қолдауға және игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдар. Әлеуметтік қызметтер — әлеуметтік қызмет көрсету түрлеріне сәйкес әлеуметтік қызметтің клиентке көмек көрсетуі. Әлеуметтік диагноз — эксперттік бағалау, клиент жайындағы мәліметтер мен оның өмір сүру жағдайы жайлы мәліметтер жиынтығын, сонымен қатар көмек көрсету жоспарын өңдеуге қажет ақпаратты талдауды болжамдайды. Әлеуметтік паналау орны — қиын өмірлік жағдайға тап болған адам тәулік бойы паналап, тамақтанып қажетті көмекті қамтитын әлеуметтік көмек мекемесі. Әлеуметтік қызметкер — әлеуметтік қызмет қызметкері, клиенттерге кеңес берушілік, оңалтушылық, педагогикалық және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрлерін көрсетеді. Отбасылық терапия — отбасы мүшелерінің қарым қатынасы арасында пайда болған проблемаларды шешуде отбасына көрсетілер көмектің жолдары мен әдістерінің кешені. Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкер — әлеуметтену үрдісінде балаға әлеуметтік және психологиялық проблемаларды жеңуге жәрдемдесетін маман. Қиын өмірлік жағдай— нормалы тіршілігін объективті бұзушы болып табылатын немесе адамның қабылдауынша жеке басына қиын деп есептелетін жағдай (мүгедектік, жетімдік, жұмыссыздық және т.б.). Проблема — әлеуметтік қызметін күрделендіретін, индивид өз тұтынушылығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын жағдай. Кәсіби құзыреттілік – әлеуметтік жұмыс маманының мінездемесі, мамандығының талаптарына деген оның сәйкестік дәрежесі. Кәсіби даярлық – кәсіби бағдарлық пен кәсіби білімі, біліктілігі мен машықтарының жүйесі және кәсіби бағдарлығының қалыптасуы, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби жағдаяттар мен тапсырмалардың теориялық және практикалық шешімінің тәжірибесін меңгеру. Кәсіби рөл — әлеуметтік рөл, обусловленная местом индивида в системе объективных социальных отношений, а также совокупностью осуществляемых им функций. Қарт адамдарға кеңес беру. Заңдылыққа сәйкес анықталған: - үйде әлеуметтік қызмет көрсету тұрақты немесе уақытша стационарлық емес әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну - жасының үлкендігіне байланысты өзіне өзі қызмет көрсету қабілеттері төмен, ауыру, мүгедектігі және жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық және басқа көмек түрінде үйде қызмет көрсетіледі. Әлеуметтік сала маманы жиі кеңес беруші ролін де атқарады, сондықтан кеңес беру тәжірибесі басқа адамдарды дұрыс түсінуіне көмектеседі, олардың мұқтаждарына көңілімен ортақтас боуға, өз тарапынан байланыс құруға қолдау болады. Кеңес берудің негізгі принциптері қызмет көрсету сапасының мониторингінде көрсетіледі: Белсенділік принципі: қарт адамдардың позитивті (оң) мінездеріне көңіл аударылады, Бейімделу принципі: қиындықтарды өздігінше жеңу қабілеттеріне сүйену және сол үшін оларға мүмкіндік беру Тәуелділік принципі: өміріне деген бақылауы қалатындай қарт адамдардың мұқтаждарын қанағат ету. Кеңес беру арқылы қарт адамдардың ойын, мұқтаждығын білуге болады, олардың қолданылып отырған қызметіне деген көзқарасын. Көмек көрсету арқылы қарт адамдармен қарым қатынас құру әлеуметтік қызметкер үшін өте күрделі. Оның клиенттерінің түрлі сезімдері болады: қайғыру, мұңайу, уайымдау, тастанды сезімі, қажетсіздік сезімі. Олар басқа адамның көмегіне мұқтаж болуымен қатар өздігінше қабілеттерінен айырылу сезімімен де күйзеледі. Бұндай күрделі жағдайларда әлеуметтік қызметкер қарт және қария адамдармен қарым қатынас құру мен соны сақтау қабілетімен меңгеру керек, олардың психикалық құбылыстарын реттеуге тырысып тәуелсіздік орнын көрсете білу керек. Қарт адамдар оларды басқаруға, кеңес беруге, өмірлерін реттеуге қарсы келеді. Олармен жұмыс атқарғанда әлеуметтік қызметкердің міндетінде: - қарт клиенттерге деген мінсіз сыйластықты көрсету - олардың өмірлік тәжірибесіне жүгіну - қажетті психологиялық климатты құрып сақтауға тырысу, ол маңызды проблемаларды талқылауда екі жақты сенімділікке қолдау болады - қарт адамдарға деген шынайы қызығушылығы мен оларға көмек көрсету ынтасын көрсету - бар ойын айтуға толық мүмкінді беру - жай және түсінікті тілде сөйлеу, психологиялық терминологияны қолданбау - сұхбаттасуды 25-30 минутпен шектеу, өйткені қарт адамдар ұзақ әңгімелесуді көтермейді - жұмыс барысында жұбату мақтауды қолдану, өйткені қарт адам ұзақ сөйлейді және бір тақырыптан бір тақырыпқа ауыса береді Қарт адамға әлеуметтік қызмет көрсету сұрақтарымен, қайғысына, қызметтік қабілеттерін жоғалтуы бойынша, қарым қатынастағы қиындықтар мен жанжалдар бойынша, өткен мен болашақтың байланысы жөнінде, жаңа өмір әрекетіне және жағдайларға бейімделу бойынша кеңес беруге болады. Психологиялық кеңес берудің келесі түрлері маңызды және әсерлі: - жас ерекшелігі мен психологиялық - отбасылық психологиялық - психологиялық бағдар - жеке психологиялық Жас ерекшелікті психологиялық кеңес беру. Қарт адамдар екі топқа бөлінеді 60-75 жастағылар, және 75тен жоғары жастағылар, психологиялық және медициналық жағдайы бойынша бірдей емес. Бірінші топ өкілдерінің белсенділігі жоғары болады, олар үшін маңызды проблемалар - әлеуметтік-психологиялық бейімделудің бұзылуы және осыған байланысты болған психологиялық дискомфорт. 75тен жоғары жастағы топта бірінші орында медициналық проблемалар, денсаулығының төмендеуіне байланысты, әлсіздігіне және үнемі күтімге мұқтаждығына байланысты. Қарт адам үшін зейнетке шығу кезеңі – нормативті жас ерекшеліктік дағдарыс, онда өмірдің жағдаяттары арасында қарамақайшылық туады (әлеуметтік статусының өзгеруі) және адам мұқтаждығы (әлеуметті маңызды әрекетін жалғастыру, отбасы мен қоғамдағы орнын сақтай білу). Зейнетке шығу қарт адамның нормалы өмірлік ырғағын үзеді, экономикалық мағынада өнімдіктен өнімсіздікке ауысу болады, сондықтан ол күйзеліске соғуы мүмкін. Жас ерекшеліктік психологиялық кеңес беру нормалы жас ерекшелігінің дағдарысын біліп сәйкесті өзгерулерді қабылдауға дайын болуға қарт адамға мүмкіндік береді. Жас ерекшеліктік психологиялық кеңес беру барысында екі проблеманы шешу қажет: «зейнеткер статусын» меңгеруг көмек көрсету, бар өзгерулерімен қатар өз кәрілігін қабылдай білу, көптеген әлеуметтік байланыстарын жоғалту мен физикалық сұраныста жоқтығын түсіну. )Батыс елдерінде зейнетке шығу алдында арнайы курсатр жүргізеді, зейнет жасының алдындағы адамдарға өміріндегі жаңа кезеңге дайындалуға көмек көрсететді). Кеңес беруде отбасы мүшелерімен де араласу қажет, олар қарт адамның өмірлік өзгеруін қабылдауға қолдау көрсетеді. Және осы жерде келесіні ойдан шығармау керек: - анкеталық мағлұматтар және отбасы туралы толық мәліметтер - қарт адамның өмірлік жолын өту ерекшеліктері: оқудағы табыстылығы, кәсіби өсу кезеңдері, жұмыс орнының ауысуы, жетістіктері, марапаттаулары.
№ 4 дәріс. Педагогикалық үрдістің негізінде мектепті басқарудың заңдылықтары мен ұстанымдары.
1.Әлеуметтік – педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлер.
2. Басқару жүйелерінің ерекшеіктері.
Бүгінгі күннің талабына сай ғылыммен техниканың дамуына байланысты оқушылардың ерекшелігімен қабілетін ескере отырып, білім берудің жаңа технологияларын енгізудің қажеттілігі туып отыр. Бұрынғы беріп келе жатқан баяндау, түсіндіру сабақтарымыз оқушыны жаттап айтуға, сабаққа жауап беруге ғана негізделіп, ал өздігінен ойлануы қабілетімен белсенділігін тежеп отырды. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған окытудың әдіс-тәсілдерінің бірі - басқару жуйесі.
Басқару - ғылым және өнер. Басқару бұл шығармашылық үрдісі және мұнда тек арнайы білімдер мен басқару теорияларының жалпы негіздерінің білімі ғана емес, сол сияқты өндірістің белгілі бір бөлімшесінде пайда болған нақты жағдайларды дұрыс сараптамаланып, олардың талдауларынан дұрыс қорытынды шығару.
Пенитенциар мектептердің директорлары өзінің орынбасарымен, алғашқы әскери дайындық оқытушысымен, оқу бөлімінің меңгерушісімен, шаруашылық бөліміндегі директордың меңгерушісімен және басқа да қызметкерлерімен кеңесе алады. Бұл кеңесуде қалай жоспарлау және қалай жұмыс жиынының өткізілуі, жұмыскерлердің есептерін тыңдау, Пенитенциар мектептердің біріккен жұмыс жағдайы және базалық кәсіпорындар, оқушылардың жаңа қабылдау ұйымы, дайындық және жеке мейрамдардың өткізілуі туралы айтылады. Кезектегі жұмыстардың ұжымдық талқылау мақсаты - мектеп жетешілігі ретінде жалпы түрін анықтау, жетекшілердің іс-әрекетін келістіру.
Пенитенциар мектептердің жұмысшыларының жұмыс икемділігінің талдауы еңбек бөлімі жетекшілері арасында былай болатынын Шипунов В.Г. мен Кишкель Е.Н. былай деп көрсеткен:
-оку - тәрбиелеу процесінің жоспары;
-оқу-тәрбиелеу процесінің ұйымы мен қамтамасыз етілуі;
-оқу-тәрбиелеу процесінің бақылау;
-Пенитенциар мектептердегі әдістемелік жұмысының ұйымы;
-біліктілігінің өсуі;
-оқушылармен және оларды ата-аналарымен индивидуалдық жұмыс;
-оқушылармен Пенитенциар бағдар бойынша жұмыс және жаңадан келген оқушыларды қабылдау.
Мында Пенитенциар мектептердің басқарушыларының жүктемесі құрамының жұмысшылар уақытының, керекті тәртібін көрсетеді. Беріліс немесе басқарушы делегаттықты өкілдің төмендетудің осыған келетін жолдардың бірі болып табылады.
Пенитенциар мектептерді басқарудың ғылыми мекемесі мектеп директорының, орынбасарлары мен басқа қызмет иелеріне қызмет тапсырманың жүйелі берілісін болжайды. Жоғарғы ғылыми ізденіс институтында Пенитенциар білім басқаруыньщ ғылыми негізі бөлімін зерттеу, директордың жұмыскерлерге әр түрлі тапсырманы басқарушы және инженерлік-педагогикалық жеткілікті тараған беріліс практикасы болып қаралады. Директор жеке қызметкерлеріне тікелей жеке тапсырмалар беруі мүмкін.
Негізделген шешім қабылдау үшін жоғарғы Пенитенциар біліктілікке ие болу жеткіліксіз. Көп нәрсе жетекшінін жеке қабілеттілігінен, жеке ынтасы мен адамдармен жұмыс істей білу ептілігіне тәуелді. Сәйкесінше, басқаруды үйрену үшін екі мәселені шешу керек:
1. Ғылыми негіздерді меңгеру, яғни басқару теориясын;
2. Шығармашылықты қолдана білу, яғни басқару өнерін меңгеру.
Басқару өнері мен білімдерін меңгере отырып, ұйымдастырушы мақсатқа жету құралдарын анықтайтын стратегиясын өңдеп, өз қызметінің мақсаттарын таңдай білукерек, өңделген стратегияға сәйкес шешімдер қабылдап, соларға жекеше жауапкершілікте болу, оның қарамағындағы адамдар көмегімен қабылданған шешімдерді іске асыру, яғни олармен басқара білу керек.
Осылайша, мақсатты анықтау және оған жету үшін стратегияны өңдеу. шешім қабылдау мен басқару бұл күнделікті ор басқарушы орындауға тиісті қызметтер кешені.
Басқарушылық қызметке жалпы жоғары қабілеттілігі бар тұлғалар негізінен аз консервативті болады:
-жүріс-тұрысы еркін;
-өмірмен неғұрлым қанағаттандырылған;
-шыдамды; адамдармен жақсы тіл табысады;
-қиын жағдайлар мен конфликттердің шешілуіне өзіне жауапкершілік алуға бейім;
- өзіне сенімді;
-қоршаған адамдарға қатысты қатал;
-эмоционалды тұрақты;
-жоғары шығармашылық потенциалға ие;
Қойылған максаттарға табысты жететін компания басқарушысы қалай өседі? Жас адамда жақсы, болашағы бар басқарушыны танып, оның дарынының даму жолдарын анықтауға бола ма? Осы және басқа да сұрақтарды өз алдына Ұлыбритания профессоры Э. Какабидзе мен Австралиялык профессор Ч. Маргерисон қойды. Осыларға жауап беру үшін, олар түрлі салалардағы компаниялардың 700 басқарушыларынан сұрау жүргізіп, нәтижелерді сараптап, бірнеше қорытынды жасады.
Сұрау жүргізудің нәтижесінде басқарманың жоғарғы деңгейіне жылжуды анықтайтын үш басты факторлар анықталды.
Жоғарғы басқару орнына тұруға өзіндік ықылас білдіру;
Адамдармен жұмыс істей білу ептлігі;
3 Тәуекелге баруға дайын болып, осы үшін өзіне жауапкершілік алу.
Әрі карай мына факторлар болады: басқару жұмысының тәжірибесін игеру және 35 жасқа дейін түрлі қызметтерді орындау; әріптестермен салыстырғанда көптеген идеялар беру; қажет болғанда басқару стилін оңай ауыстыру ептілігі; жанұялык қолдау; техникалық дайындық; арнайы басқару дайындығы және т.б. Көптеген зерттеушілердің ойы бойынша, жоғары басқарушыға тән қасиеттерісіз адамдардың басқару ептілігінде -табыстылықты күтпе, бұл басқарушы қызметінің неғұрлым іске асарлық аспектілері. өздерінің білімдері мен қызмет түрлерін басқарушылар маңыздылык дәрежесі : бойынша былай топтастырады:
.-шешім қабылдау;
-өзіндік тәртіп;
-аналитикалық кабілеттер;
-өз уақытын дұрыс бөлу ептілігі, іскерлілігі.
Басқа алға жылжушы басқарушыларды зерттеушілердің келесі маңызды қасиеттерді көреді: нақты мақсаттар қою ептілігі мен оларға жетуге ұмтылу, әр түрлі кабілеттілікке ие болу, адамдармен тіл табысу ептілігі, шыншыл, әділетті, жанашыр болу.
Жоғарыда баяндалған жайларды жинақтай келе мынандай корытындылар жасауға болады деп көрсетеді:
-оқу сапасының жоғары болмағы ең алдымен мұғалімнің басқарушылық қызметінің деңгейімен өлшенеді;
-мұғалімнің, басқарушының қызметі даярлығы, жеке басының білімі, қабілеті, икемділігі сияқты жақсы қасиеттерінің жиынтығын қамтиды;
-мұғалімнің басқару қызметін менеджерлік санатқа жатқызуға болады;
-әрине, тұратын орнын, әрі оның түсінігін білу керек.
Қоғам өмірінің барлық аумағындағы ұжымдық еңбегінің тұракты әрекеттенетін мақсатты бағыттағы жүйесінің нәтижесінде жүзеге асатын басқару басшылық пен әкімшілік кұзыреттілігі бар іс-әрекетінің ерекше түрі болып табылады.
Пенитенциар мектептердің басқармасы - тұтасымен ұжымға, яғни бөлінген қызметгестер мен оқушылардың құрылымы үшін және олардың іс-әрекетіндегі келісімге мақсатты бағытта ыкпал жасар орын. Пенитенциар мектептің басқару жүйесінің басшылары, өз қызметкерлеріне ықпал етуімен жүзеге асады және олардың арасында тура және карсы байланыс жасалып отырады. Бұл басқарудағы объективті мен субъектінің өзара әсері. Басқарудағы субъектіні көрсететін нақты тұлғаның кұрамы оқу кұзырының өміріне барлық жағдайда тұрақтанбайды. Мысалы, басқарудың негізінде оқушылар болып табылады. Басқарудың субъектісі Пенитенциар мектептің педагогикалық құралы мен жетекшілеріне директор болады.
Бірақ кейбір керекгі жағдайлар директордың орынбасары шеберлер мен оқытушылар өздері басқарудың субъектісіне айналдырады.
Пенитенциар мектептегі басқару әрекетінде екі жағы болады:
1. Пенитенциар мектептің басқармасы нұсқаулар, бұйрыктар, басқа директивалар әдістемелік көрсеткіштерді нақты орындауды қамтамасыз етеді;
2. Жетекшілердің шығармашылығын, олардың әр алуан жағдайда туған мәселелерді шешудегі ізденісін белгілейді.
Педагогикалық басқарудың теориялық-әдістемелік тұғырында қарау бұл оның жүзеге асуындағы заңдылық өлшемінде қарастыру деген сөз. Педагогикалық басқарудың заңдылыгын қарастыру қызметіне, қағидасына, әдіс пен құралына әрі қарай шығуга, оларды диалектикалық бірлікте зерттеуге жол ашады.
Педагогикалық басқарма өзінің қайталанбас объектісімен ерекшеленеді (Пенитенциар оқытудың оқушылары, оқытушылары, шеберлері, білім ордасы, мектеп пен Пенитенциар мектептің өзара іскерлігі, білімділік, ұйымның өндіріспен, ғылыммен, мәдениетпен және тағы да басқаларымен байланысы).
Педагогикалық басқарма екі алуан түрлілігінен іс жүзінде және теориялық түрде көрсетеді.
Басқарушылық іс жүзіндегі әрекеттіц объектісі - адам (оқушы, оқытушы, өндірістік оқытудың шебері, жетекші), адамдар ұжымы немесе білімнің бөлек құрылымдық бөлігі;
Теориялык іс-әрекеттің объектісі - осы бөліктердің басқару әрекеті, басқарушылық айғақ, педагогикалық құбылыс.
Бүгін іс жүзінде Пенитенциар мектепте педагогикалық кеңес, жетекшілік кеңестері, әдістемелік комиссия, мәселелік және теориялык семинарлар, мәслихаттар, әдістеме бірлестігі және тағы басқалары сияқты нормативтік ұжымдық ұйым мен қызметтер әрекет етеді.
Басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы туған осының күшінде акпараттық ағым сол сиякты өзгеше. Жетекші мен оқытушылардың қабылдайтын ұйымдық шешімінің жылдамдығы, теориялық және әдістемелік қайта жаңғыруының баяндылығы мен ұзақтылығы үшін оқушылардың оқуы тәрбиесіне қажет.
Пенитенциар мектептердегі басқарушылық ұйымдардың осындай тармақты құрылымдарының болуы ұйымдардың дұрыс өзара іскерлігін, олардың жұмыстарын үйлестіру және бұлардың әрқайсысының нәтижелі орындалуы және өзінің ерекшелік қызметінің салаларын талап етілуі кажет.
Әдебиеттер: [1; 2; 3;4; 5]
№ 5 дәріс тақырыбы: Білім беру жүйелерін басқарудың қызметтері
Басқарудың ұйымдастырудың ұстанымдары.
Басқарудың стилдері,құрылымдары.
Басқару стильдері, кәсіпорындар мен ұйымдар басқару аппараты, арнаулы аспектілер, жобалау, ұйымдастыру, түзетім, бақылау мен бағалау функциялары. Құрылымының қағидалары.
Басқару мәселелерімен табысты айналысу үшін өндіріс ұйымдастырушысына кең көлемді білім мен ойлау қабілет қажет. Ол қоғам мен табиғаттың даму зандылықтарын біліп, өндірістің техника мен технологиясын, оның экономикасын, ұйымдастырылуы мен жоспарлануын, сонымен қатар басқару психологиясының негізін үйрену керек. Осылармен қатар оған құқық, әлеуметтану және ақпарат саласында да білімдер қажет.
Басқару- бұл өндіріс процесінде неғұрлым төмен шығындар мен табысты нәтижелерге жету мақсатында адамдар ұжымының қызметін ұйымдастыру үшін оларға әсер етудің үздіксіз процесі.
Басқарушылар өз білімдері мен тәжірибелерін қолдана отырып басқарады. Білімдер қажетті стратегияны анықтап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді, ал интуиция дәл басқару мен бақылауға негіз болады. Сондықтан басқару тек ғылым ғана емес, ягни білімдер жүйесі, сонымен қатарөнер болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар басқару аппаратының барлық жұмыскерлері өз еңбегі процесінде орындайтын қызметтеріне байланысты үш категорияға бөлінеді: басқарушылар (сызықтық және функционалдық); мамандар; техникалық атқарушылар.
Басқарушылар - бұл бірлестіктердін бас директорлары, кәсіпорындар директорлары, цех басшылары, бригадирлер, функционалды бөлімдер басшылары. Мамандар - бұл, инженер, техник, экономистер. Техникалык атқарушылар - есепке алушылар, хатшылар.есептеу машиналарыныңоператорлары және тағы да басқалары. Аппараттың барлық жұмыскерлер еңбегінің мазмұны басқарудың келесі жалпы қызметтері жататын толық басқару циклының орындалуы болып табылады:
- Болжамдау және жоспарлау;
- Жұмысты ұйымдастыру;
- Координация мен реттеу;
- Белсендік пен ынталандыру;
- Бақылау, есепке алу жен сараптама.
Осы қызметтерді орындау басқару аппараты жұмыскерлерінің еңбегінің мазмұныны құрайды. Осы қызметтерді іске асыруда ерекше рөлге басқарушылар ие болады, себебі олардың білімдері, ептілігі және іс-әрекеті түбегейлі түрде ұжым еңбегініц нәтижелеріне әсер етеді.
Басқарушы еңбегі негізінен ойлау сипатына ие. Осы еңбектің нәтижелері болып басқарушының шешімдері мен іс-әрекеттері табылады. Басқарушы еңбегінің мақсаты-тиімді соңғы нәтижелерге жетуге бағытталган үжымның бірігу критерийін ұйымдастыру.
Басқару
стильдері. Ғылыми-техникалық
прогресс өндірісті басқару
процесстерінің
тұрақты
қиындауына
әкеледі. Басқарушылық
шешімдер қоғамдық өмірдің барлық
жақтарына әсер
ететіндіктен неғұрлым
жауапкершілікті болуда. Басқарудағы
қателіктер әлеуметтік сала, экономика,
экологияда келеңсіз зардаптарға әкеледі.
Осылайша, шаруашылық басқарушы елдің
халык шаруашылығы
жүйесіндегі барлық деңгейде басқару
тиімділігінің артуындағы
басты рольді ойнауга шақырылған.
Басқарушы
еңбегінің тиімділігі көбінесе оның
басқару
стилінен тәуелді болады.
Басқару
стилі - бұл
нақты басқарушымен тәжірибелік қызметте
қолданылатын
әдістер, тәсілдер мен формалардын
тұрақты
жүйесі. Басқарудағы жалпы және жеке
дара немесе дербес
стильдері болады. Басқарудың жалпы
стилі барлық
коғамдық
процестерге ғылыми ыңғайдан, жоғарғы
талаптылықтан,
басқарудағы бюрокраизм мен формализмге
шыдамсыздықтан көрінеді. Нақтылай ол
басқарушымен басқарудың
казіргі
принциптерін, басқару теорияларынын
негізгі ережелерін, басқару
бойынша стандартарды тәжірибеде
қолдануынан
көрінуі мүмкін. Дербес стиль басқарушының
мінез-құлқы,
темперамент, білімі, тәжірибесі,
қабілеттіліктері сияқты жеке қасиеттерінен
тәуелді. Әрбір нақты басқарушыға бір
ғана стиль тән болу мүмкін емес. Нақты
жағдайда белгілі үйлесімділіктегі
түрлі стильдер колданылады
Жеке сапаларға байланысты басқарушылардың
үш типі бөліп көрсетіледі: автократ,
демократ, либериал, ал басқарудың дербес
стилі сәйкесінше-автократтылық,
демократтылық, либералды болып
бөлінеді.Басқарудың демократиялық
стилі демократ-басқарушы басқару
мәселесінің нұсқаушысы ретінде әрекет
етіп, үжымды белсенді бағыттайтын рөлде
ойнаумен сипатталадй. Шешімдерді
дайындау және қабылдау кезінде ол
негұрлым қиын және кезекті мәселелер
бойынша бағынушыларымен ақылдасады,
оларда белсенділік пен ынтаны дамытады,
жауапкершілікті талап ететін жұмысты
тапсырады, олардың Пенитенциар дәрежесінің
өсуіне мүмкіндік жасайды. Демократ-басқарушы
сендіру мен ынталандыру тәсілдерін
таңдайды. Басқарманың демократтылық
стилі жағдайында үжымдағы әр түрлі
мәселелер бойынша пікірлермен кең және
еркін алмасу және солардың негізінде
шешім қабылдау үшін жағдайлар жасалады.
Мұндай үжымдарды көқарастардың ортақтығы,
конфликті жағдайлардың болмауы және
басқарушы беделінің жоғарылығы байқалады.
Бірақ жағдай дереу дерективті араласуды
талап еткенде, демократтық стильді
қолдана алмаймыз. Басқарудың либералды
стилі либерал-басқарушы бағынушылардың
өндірістік қызметінде белсенді
қатыспауымен сипатталады. Ол олардың
алдына мәселе койып. Жұмыстың негізі
бағыттарын көрсетеді, қажетті материал,
қүжаттармен камтамасыз етіп, жұмыскерлерге
соңғы нәтижелерге жету үшін өз беттілікті
береді. Оның ролі консультант, нұсқаушы,
ұйымдастырушы, камтамасыз етуші және
бақылаушы қызметтерімен сәйкес келеді.
Басқарудың либералды стилі егер үжым
шығармашылық жұмыста қабілеттілікке
ең біліктілігі жоғары мамандардан тұрса
ғана жақсы нәтижелер береді. Бұл стиль
жұмыскерге дербес ыңғай түрінде
қолданылуы мүмкін. Либерал-басқарушы
үжымда өзіне басқарушы кызметін жүктейтін
көмекшілер болғанда да неғұрлым табысты
басқарады.ұ
Алайда, бағынушылар басқаратын либерал-басқарушы конфликті жағдай болғанға дейін ғана оларға "жақсы адам" болып көрінеді. Бұл жағдайда бағынушылар билікті тындамай, еңбек тіртібінің бұзылуына әкеледі.
Осылайша, басқару стилі басқарушылармен жеке байланыс кезінде туындайды. Ол иілгіш, ынталы және бағынушылармен құпталуы керек.
Басқарушының басқару қызметінің тиімділігі оның қабілеттіліктерінен тәуелді болады. Психолог А.Н. Леонтьевтің анықтамасы бойынша, қабілеттіліктер - бұл кейбір қызметтің табысты орындалуына себеп болатын тұлға қасиеттерінің жиынтығы.
Қабілепілік теориясымен айналысатын психологтар түлғаның ерекшелікті (жеке) және жалпы қабілеттіліктерін бөліп карастырады. Бірақ басқарушы қызметінің табыстылығы оның тәжірибесінен де (білімі, дағдысы мен ептілігі), сонымен қатар тұлға қасиеттерінен де тәуелді.
Мықты басқарушыны басқару ептілігі мен басқарудың қолданатын әдістері мен тәсілдерінің түрлілігінің жоғары дәрежесі ерекшелейді. Басқару қызметіне жалпы кабілеттілік мықты басқарушыларға тән келесі басқару шегі мен ептілігін жорамалдайды:
Накты. кейде конфликті жағдайлармен байланысты шешімнің дайын нұсқасы болмайтын «стандартты емес» басқару мөселелерін шешу ептілігі. Шешімдер конфликтті шешуге бағытталуы тиіс;
Масштаб ойлау ептілігі. Басқарушы ойының кендігі оның лауазымды шешімен тығыз байланысты және қандай мәсслелерімен жұмыс істеп, өз лауазымына сәйкес қандай қате ориялармен ойлануымен анықталады.
Қадрларды функционалды орналастыруды жақсарту ептілігі. Мықты басқарушы бағынушылар қызметінің тиімділігін дұрыс бағалай алады. Ол әлсіз бағынушыларды қиын және маңызды мәселелерді шешуге тартып, «стандартты емес» жағдайларда үлесуіне көмектеседі.
Сұрау жүргізудің нәтижесінде басқарманың жоғарғы деңгейіне жылжуды анықтайтын үш басты.факторлар анықталды:
1.Жоғарғы басқару орнына тұруға өзіндік ықылас білдіру;
2. Адамдармен жұмыс істей білу ептлігі;
3.Тәуекелге баруға дайын болып, осы үшін өзіне жауапкершілік алу.
Мықты басқарушы қасиеттерімен қатар әлсіз басқарушының сипатты белгілерін көрсетуге болады:
1. Үнемі болжанбаған жағдайларға кезігеді, себебі ол олардың тақағанын сезбей, оларға дайындалмайды;
2. Істі біліп, оны басқалардан жаке істейтініне сенімді болып, барлығына өзі істеуге тырысады;
3. Барлық жұмыстарға қатысқандықтан, ешқашан бос уақыты болмайды;
4. Бір қолында телефон, екіншісімен телеграммаға қол қойы, адамдарды қабылдайды - міне, оның жұмысының принциптері осындай;
5. Оның жазу столы үнемі қағаздарға толы;
6. 8-14 сағат бойы жұмыс істейді;
7. Өз портфелінде жұмыстан үйге, үйден жұмысқа оқылмаған қағаздарды тасиды;
8. Шешімді ертеңге қалдыруға тырысады, себебі мәселе өзі шешілуі мүмкін немесе оны басқа біреу шешуі шешеді;
9.Ешқашан бір нәрсені аяғына дейін шешпейді;
10.Барлығын ақ немее қара етіп көреді;
11.Түймедей нәрсені түйедей етуге бейім;
12. Орындалатын шешім қабылдаудың орнына, неғұрлым жақсы шешім табуға тырысады;
13. Иықтан қағып, елден қабылдау арқылы бағынушылар алдында жақсы басқарушы ретінде көрінгісі келеді;
14. Жауапкершіліктен қашу үшін, кез-келген мәмілеге дайын, өз қателіктерінен болған кінәні басқаларға жүктеуге бейім;
15. «Ашық есік» принципі бойынша жұмыс істейді: оның кабинетіне кім болмасын, қашан және қандай мәселемен болса да кіре береді;
16. Ұжымға сыйақы тағайындалса, ол тізімде бірінші; 17. Президиумда бірінші қатардан бұрын алады.
Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму денгейі әр бір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, жалпы білім беретін мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты -арнайы педагогикалық әдістерді колдана отырып жүйелі және мақсатты түрде оқушылардың мемлекеттік, шығармашылық ойлауын дамыту, нарықтық өмірге көз-қарасымен белсенділігін қалыптастыру өз бетінше экономикалык білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.
Істің нәтижелі болмағы ең алдымен мұғалімнің кәсіби даярлығы мен өлшенетіні ақиқат. Осыған орай жүргізілген зерттеулер бұл процестің өздігінше қалыптаспайтынын дәлелдеп отыр. Мұғалім даярлағын арттыру біздің зерттеуімізде екі аспектіде қаралып отыр. Олар арнаулы және педагогикалык аспектілер.
Арнаулы аспектілер - басқарудың ғылыми негізіне сүйенеді, ал педагогикалык аспектілер - оқу процессінің әдістемелік ерекшеліктеріне негізделген. Окушының дербес жұмысын басқаруды жүзеге асыру жөніндегі іс әрекет бұдан былай қарай басқару қызметі деп аталатын болады. Енді басқару компонентінің мазмұнын, олардың функционалдық міндетімен озара байланысын талдап көрейік. Мұғалімнің басқару қызметіне деген даярлығы басқарудың алдыңғы шартты мақсаты болып табылады.
Айқын мақсат коя білу - педагогикалык, шеберліктің маңызды компонентін құрайды.
Өйткені, мақсат басқару процесінің тұтастығы мен бірлігін камтамасыз етеді.
Басқарудың келесі бір компоненті педагогикалык, талдау деп аталады. Ол істің қал-ахуалын, дамуын терең зерттеп, нәтижесіне әділ бага беру осының негізінде оқу-тарбие процесін реттеп, оны бдан да жоғары сапалық деңгейге көтеруге бағытталған.
Жобалау - басқару компоненті, мақсатқа жетудің жолдарын мұғалімнің ғылымға негіздеп талдап алуы, жобалау негізінен моделдеу, болжам және бағдарлама жасау арқылы жасалады.
Ұйымдастыру - мұғалімнің алға қойған мақсаты мен бағдарламаны жүзеге асырута бағытгалған іс кимылы. Ол - екі түрде жүргізіледі: процесс ретінде (жүйе жасауға багытталган іс әрекет) және нәтиже ретінде (қүрылған жүйе) бірінші жағдайда -. мұғалім қызметі оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін шындауға бағытталар болса, екінші жағдайда мұғалім мен оқушы арасында өзара байланыстың тұракты жүйені құрайды (оку процесі).
Мұғалім қызметінің маңызды компонентінің бірі - бақылау деп аталады. Бақылау функциясына өлшеу және есепке алу кіреді.
Бақылау мен бағалау функциясы бір-бірімен тығыз байланыста. Баға - оқушы жетістігін, білімін-, дағдысымен шеберлік деңгейін айқындайтын көрсеткіш. Баға, сондай-ақ ынталандырушылық пен түзетушілік рөл де атқара алады.
Түзетім - басқарудың барлык элементтерін қамтиды. Ол бақылауға іс нәтижесін талдауға негізделген. Екінші жағынан түзетімді басқарудың микро циклы десе де болады. Оның мақсаты ауытқушылықтарды болдырмауға бағытталған.
Жалпы мұғалім қызметін «басқару процесін басқару» деп те айтуға болады. Психологтар бұл процесті рефлексті құбылысқа жаткызады. Себебі, тәжірибелі мұғалімдер өз шәкірттерінің ішкі жан-дүниесін, не ойлап отырғанын тез аңғарады.
Мұғалім сонымен қатар, мынандай кәсіби қасиеттерінін болуы тиіс: ұстамдылығы, сезімталдылығы, көрегендігі, білімдарлығы, шығармашылық міндеттерді шешу жолындағы табандылығы, ой-өрісінің ғылымилығы т.б. Сондай-ак, мұғалімнің басқару ісіне даярлығы басқарушылык, психологиялык және әдіскерлік аспектілерді де қамтиды. Облыстағы мектеп практикасын зерттеу, осыған орай жүргізілген эксперименталды тәжірибе жұмыстары мынаны көрсетіп отыр. Мұғалім даярлығын күшейту - бұл жоспарланған, жақсы ұйымдастырылған және басқарылатын процесс. Ол мектеп, кафедра, оқу-әдістемелік кабинет, жоғарыдағы оку орындар басшыларының белсенді араласуын талап етеді. Жоғарыда баяндалған жайларды жинақтай келе мынандай қорытындылар жасауға болады:
Оқу сапасының жоғары болмағы ең алдымен мұғалімнің басқарушылық қызметінің деңгейімен өлшенеді;
Мұғалімнің, басқарушының қызметі даярлығы, жеке басынын білімі, қабілеті, икемділігі сияқты жақсы касиеттерінің жиыніыгын камтиды;
Мұғалімнің басқару қызметін менеджерлік санатқа жатқызуға болады, тұратын орнын, әрі оның түсінігін білу керек.
Әдебиеттер: [1; 2; 3]
№ 6 дәріс тақырыбы: Басқару әдістері.
1. Менеджменттің міндеті
2. Басқарудың функциясы мен құрылымы
Функция басқару қызметінің ерекше түрі, басқару функцияларының жиынтығы, басқару қызметінің түрлері, ұйымдастыру. Өңдірісті басқару негізгі екі белгі бойынша функцияларға бөлінеді, белгілеріне жеке тоқталу.
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктерден түрады. Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады.
Менеджменттің міндеті - бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың зандылықтарын ескеріп,. басқарушы жүйенің қүрылымын жасап шығару.
Басқарудың функциясы мен құрылымы - басқарудың мазмұны мен пішіні (формасы).
Функция (латынның - «атқару, қызмет» деген сөзі) қызметі сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады. Бұдан шығатыны, басқару жүйесінін жұмыс ісіеуі - басқару функциясын атқару процессі. Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген эсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудыц функцияларында жүзеге асуы мүмкін. Басқару әрекетінін мәнін түсіну үшін оган тән белгілерді білу қажет.
Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.
Басқарудын функционалды тәсілінің басты белгісі - басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады.
Функция басқару қызметінің ерекше түрі ретінде де басқару саласындағы еңбекті бөлу мен мамандандыру процесінің нәтижесі ретінде де қарастырылады. Өндірісте - еңбек өнімділігін бөлу ҒГР (ғылыми-техникалык прогресс) нәтижесі.
Функцияның мәнін бейнелейтін көптеген анықтамалар бар. Олардың бірі: «Функция - объективті қажетті, түракты қайталанатын іс-әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы біріктірілген жиынтық ретінде түсіндіріледі».
Басқаруды жиынтық ретінде түсіндіру көп мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік берді.
Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір учаскелерінің, көбінесе, мотивация (уәждеме) функцияларының мазмұнын тереңдетіп жасауға мүмкіндік берді.
Дегенмен басқарудың ең басты функционалды тусіндірмесі - бұл тұтас алғанда да, әрбірін жекелей алғанда да өндірісті басқару органдарын құру үшін объективті негіздеме.
Басқарудың функциялары жұмыстың дербес түрлері болуымен және белгілеуге сәйкес біртекті және қайталануымен өндірістің (өндірушілердің. өздерінің) субъективті факторы мен объективті факторларының (оның материалдық-заттық элементтері) өзара әрекетінің ерекше типі болып табылады.
Функцияларды жіктеуге кызмет тұрғысынан келуге болады:
-кәсіпорын өзінің радиаторларын сатумен шұғылданады бұл оның баға белгілейтінін (немесе сол үшін күреседі), клиенттер табатынын, тапсырыстар қабылдайтынын және т.б. білдіреді. Бұл коммерциялық функциялардың рөлі;
-тапсырыстар қабылдаған соң өнімді дайындаумен (зерттеу және өндеу) және оның өндірісін ұйымдастырумен айналысу керек. Бұл техникалық функция;
-алайда, өндіріс капиталды шашыратуға байланысты талан етілетін каражаттың жинақталуына мүқтаж. Дайындалған бұйым сатылғанша және төленгенше мұндай қаражатқа ие болу мүмкіндігіне деген берік сенім болуы керек. Бұл қаржылық функция;
-осы күралдар арасында оның кажетгіліктеріне (жабдықтау) сәйкес келетін өндіріс процесінде тұтынылатын шикізат пен материалдар көрінеді. Бұл сатып алу қызметі және логистика функциясы;
-алайда қойылған мақсатқа жету үшін осы барлық құралдарды дүрыс қолдану максатымен олардың үйлесімін, нәтижелерін бақылауды камтамасыз ету керек. Бұл әкімшілік функция.
Кәсіпорында жүзеге асатын алты функцияларды немесе операциялар сериясының арасын ажыратады:
1.Техникалық (өндіріс);
2.Коммерциялық (сатып алу мен сату);
3.Есептің міндетті қызметі (есеп);
4.Қаржылық (қаржыландыру);
5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциясы (материалдык игілік пен қызметкер қүрамын сақтау);
6. Әкімшілік
Дәл сол әкімшілік функцияны басқаларынан басым ерекше бөліп көрсетіп, оның рөлін былайша анықтауға болады: -алдын ала болжай білу; -ұйымдастыру; -басқару; -үйлестіру; -бақылау.
Маркетинг - сұраныс жасауды көздеген қызмет. Қажетгіліктер негізінде қалыптасатын сұраныссыз бизнестің болуы мүмкін емес. Маркетинг ұғымына сатуды қамтамасыз ету, яғни кепілді тапсырыстар кіреді.
Өндіріс тұтыну сұранысына сәйкес барлық тауарлар дайындау мен қызмет көрсету процесі, сонымен қатар түтынушыларға жеткізу болып табылады.
Басқару объектілері түрғысынан мыналар атап көрсетіледі: -халык шаруашылығының құрылымын бейнелейтін функциялар (өнеркәсіп пен оның салалары, ауыл шаруашылығы, кұрылыс және т.с.с), және соған сәйкес өнеркәсіп пен оның салаларын, ауыл шаруашылығын, құрылысты транспортты және т.о. басқарудыц функцияларын;
-өндірісті (түтастай халық шаруашылығын, облысты және т.с.с.) басқару деңгейін және соған сәйкес халық. шаруашылыгының әр түрлі деңгейіндегі басқару міндеттерін бейнелейтін функциялар;
-ұдайы өндіріс (өндіріс, жабдықтау, өткізу, каржы) процесс сатыларын бейнелейтін функциялар;
-өндіріс процесінің құрамдас элементтері мен параметрлерін көрсететін функциялар - адамдар, өндіріс құралдары (шикізат, техника және т.с.с). Өндіріс элементтері өз кезегінде бірқатар параметрмен сипатталады: өнім сапамен, технологиялық процестер - бір ізге салынуы мен және т.с.с.
Басқару субъектісі жағынан басқару қызметінің мынадай түрлері атап көрсетіледі:
-алдын ала басқару - басқару максаттарын айқындау болжау (іс жүзіндегі факторлар негізінде басқару процесстері дамуының келешегін талдау) жэне жоспарлау (мақсаттар мен болжанатын нәтижелер бірлігін қамтамасыз етуге қажетті шаралар жүйесі);
-жедел басқару - ұйымдастыру, басқарушылык (дәлелдеу жандандыру);
-бақылау - есеп, талдау, өзіндік бақылау, яғни іс жүзінде» жеткен нәтижелерді белгіленген мақсатпен салыстыру,
Өңдірісті басқару негізгі екі белгі бойынша мынадай функцияларға бөлінеді:
-басқару процесінің мазмұны бойынша. Жалпы функциялар кез келген жүйенің табысты жұмысы үшін міндетті;
-өндірістік - шаруашылық қызмет саласына (түріне) қатысы бойынша. Жалпы функцияларды талдап, тексеріп, білу нәтижесінде басым белгіленген функциялар нақтылы деп аталады. Олар дербес және басқару жүйесінің әрбір буынының ерекшелігін көрсетеді.
Басқару процесінің мазмұны бойынша функцияларды бөлу негізін қалаушы.
Жоспарлау процесінде қойылған мақсатқа жету үшін төрт нақтылы міндет шешіледі, басқаша айтқанда, жоспарлауды қоғамды басқарудың функциясы ретінде өзінің төрт қосалқы функциясы аркылы жүзеге асады:
-оқиғалардың дамуын болжау. Болжаудың мәні: уақыттың әрбір бөлігінде болатын жүйе жағдайының сипаты мен маңызын ашып көрсетуде. Бірақ болжау-өзінің рөлін атқару үшін жүйе үлгісін (моделін) жасау керек;
-үлгілеу - қойылған мақсатқа жету (яғни, жоспарды орындау) үшін жүйе" іс-әрекетінің дәйектілігі мен өзара байланысын көрсетеді. Үлгі жүйені әр түрлі ахуалда және болашакта көруге мүмкіндік береді, жоспарланатын кезең ішіндегі оның тәртібін бақылау және оның ортамен өзара әрекеттесуін талдауға мүмкіндік береді.
Экономикалык үлгілеуді жаратылыстану ғылымдарындағы тәжірибемен (экспериментпен) салыстыруға болады.
Болжау мен үлгілеу болашақ жүйені тек ойдағыдай мінсіз ашып көрсетеді, ал шынайы жағдайга көшу үшін жүйе козғалысы алгоритмін (процесс барысын алдын ала жазып кою) жасау, керекті материалдық ресурстарды, ғылыми қүралдарды шаруашылық жүргізу әдістерін ' анықтау кажет. Мүны келесі қосалкы функция - бағдарламалау шешеді;
-бағдарламалау бұл шешімдердің іс-әрекет багдарламасы мен шешім тандау процесі болып табылады және жүйені жаңа тапсырылған жағдайда көшіру үшін пайдаланылады. Бағдарламалаудың көмегімен шешім іс-әрекет бағдарламасына көрініс береді;
-жоспарлау жоспарды (бағдарламаны) атқарушыға (басқарылатын жүйеге) дейін жеткізумен.аякталады.
Ұйымдастыру. «Ұйымдастыру» функциясының мәні - өндірістік объект құрылымын және басқару құрылымын
алыптастыру мен тандауда. ұйымдастыруға сатылылықтың барлық деңгейінде басқарылатын жүйенің техникалық, экономикалык және ұйымдастырушылық косалқы жүйесін реттеу жөніндегі жұмыстар кіреді. Сонымен қатар осы функцияның көмегімен белгілі бір жағдайларда басқарылатын объектілердің іс әрекеті; яғни ұйымдастыру - бағдарламада (өндірістің даму жоспарында) қойылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған басқару түрін айкындайды.
Әдебиеттер: [ 1; 2; 3; 4]
7 дәріс тақырыбы: Мектепті басқарудың ақпараттық технологиялары.
1. Пенитенциар басқармасы,ерекшеліктері
2. Пенитенциар мектептердің басқару жүйелері
Пенитенциар мектептің басқармасы басқару қағидасы, іс жүзінде оқу бөлімінің жетекшілігінің іске асыратын негізгі мақсаты мен талабы; басқару құралы басқарудағы әдістері.
Қоғам өмірінің барлық аумағындағы ұжымдық еңбегінің тұрақты әрекеттенетін мақсатты бағыттағы жүйесінің нәтижесінде жүзеге асатын басқару басшылық пен әкімшілік құзыретілігі бар іс-әрекетінің ерекше түрі болып табылады.
Пенитенциар мектептің басқармасы - тұтасымен ұжымға, яғни бөлінген қызметтестер мен оқушылардың құрылымы үшін және олардың іс-әрекетіндегі келісімге мақсатты бағытта ықпал жасар орын.
Педагогикалык басқарудың теориялық-әдістемелік тұғырында карау-бұл оның жүзеге асуындағы зандылық өлшемінде қарастыру деген сөз. Педагогикалык басқарудың зандылығын қарастыру қызметіне, қағидасына, әдіс пен құралына әрі қарай шығуға, оларды диалектикалық бірлікте зерттеуге жол ашады.
Ескерімдердің негізінде пенитенциар мектептің басқармасының ғылымдық негізгі әлеуметтік педагогикалық және оқушы ұжымының қойған міндетінің табысты шешілуі мақсатымен басқарудың. субъектісінің айқындаушы әсерінің қызметінің, қағидасының, әдісімен құралының бұл-оңтайлы жүйесі.
Педагогикалық басқарудың осындай маманданған педагогика көлемінде дамуына, көбінесе пенитенциар білімнің оқу бөлімдерінің басқармасында және пенитенциар техникалық мектептің басқармасында бөгет жасайды.
Педагогикалық басқарма педагогикалық ғылым анықтайтын оқыту әрекетінің қызметін жасөспірім буындары мен үлкен адамдары заңдылыққа сәйкес оқыту және тәрбиелеу басқармасы.
Педагогикалық басқарма өзінің қайталанбас объектісімен ерекшеленеді (Пенитенциар оқытудың оқушылар, окытушылары, шеберлері, білім ордасы, мектеп пен пенитенциар техникалық мектептің өзара іскерлігі, білімділік, ұйымның өндіріспен. ғылыммен, мәдениетпен және тағы да басқалары). Педагогикалык басқарма екі алуан түрлілігінен іс жүзінде және теориялық түрде көрсетеді.
Қазіргі сабақтын мәселесі, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі, оқытудың пенитенциар бағыты әр оқытушының өзінің шеберлігін ұштау үстінде үзақ және берік үжымдық пен жекешелік жұмысын камтамасыз етеді. пенитенциар мектепте басқарушылық ұйымның сондай-ақ көп жан-жақты болып табылады:
Бірінші кұрамдас бөлігі - басқару қағидасы, яғни іс жүзінде оқу бөлімінің жетекшілігінің іске асыратын негізгі мақсат пен талабы;
Екінші күрамдас бөлігі - басқарудың міндетінің құрылымы болып табылады (оқу-тәрбие ісінін талдану; оқу бөлімінің жұмысының сарабын және есебі, бақылауы).
Үшінші құрамдас бөлігі - басқарудағы әдіс. Авторлар қатарының (Ю.А.Конаржевский, Ю.И. Васильев және тағы да баскалары) мектептің басқару әдістері негізінде міндеттердің солармен шешілуімен айырылады және басқа басқару жүйесінің әдісінен айрықша ажыратылады;
Осындай түрде Пенитенциар мектептің жетекшілерінің ісі әрекетінің үлгісіне ғылыми негізделген тәсіл үшін айқындалған өлшем белгі жасап шығару міндеті тұрады.
Кім басқару әдісінің үлгісі үшін талап ету сапалы белгілерді қарастыратын бірнеше жағдайда болып тұруы мүмкін, атап айтқанда, педагогикалық ұжым басқармасының арнайы ерекшелік есебі, басқарушылық істе әкімшілік жұмысының әдісі мен мақсат-міндетінің сәйкестігі; әдістер түрінің көрінуі оның мазмұнына сай келуі; басқару әрекетіндегі әдістердің өзар тәуелділігі және тығыз өзара байланыстылығы.
Пенитенциар мектептің басқармасында ақпараттық және ұйымдастырылған өзара байланыс қамтиды (облыс басқармасының қызметкері - пенитенциар мектептің басшысы – педагог мұнда Пенитенциар мектепте жасөспірім буынды оқыту мен тәрбиесі үшін мекемнің арнайы шығарғаны болып табылады, бұл жерде педагогикалық ғылымның зандары әрекет етеді: Міне, сондықтан Пенитенциар мектептегі басқару, ықпал етудегі негізгі кұралы болып тек қана тәрбиелі психологиялы-педагогикалық әдістер жатады;
Төртінші кұрылым бөлігі - басқару құралы болып табылады: статистикалык (санақтық), экрандық кескіндеме жоба құралы; динамикалық экрандық жобаның құралы; техникалық кұрал, басқарушылық еңбегінің техникалык жабдықталуы; басқаруда техникалык кұралды пайдалану құралы.
Осылайша пенитенциар мектептің басқаруының ғылыми негізі өзінің білім жүйесін қосады.
Пенитенциар мектептердегі басқарушылық ұйымдардың осындай тармақты кұрылымдарының болуы үйымдардың дұрыс өзара іскерлігін, олардың жұмыстарын үйлестіру және бұлардың әрқайсысының нәтижелі орындалуы және өзінің ерекшелік қызметінің салаларын талап етеді.
Пенитенциар және еңбекке баулу маманы бұл таратқаннан бәрінен бұрын адамға, еңбеккор үжымына бағытталган басқарманың адам әрекетінің әр түрлі жан-жактылығының болганынан болып отырганын және бола беретіндігін терең білуі кажет.
Басқарма кез-келген кәсіпорынның, мекеменің сонымен қатар білім жүйесіне нәтежиелі әрекет үшін қажет.
Экономикада нарықтық қатынастарға өту кезеңінін басты мәселесі басқарудың тиімді және иілгіш жүйесін құру болып табылады. Ол мыналардан тұрады:
1.Артықшылықты әкімшіліктен асық деңгейдегі басқарудың экономикалык әдісіне ауысу:
2.Басқарудың кең демократияландырылуы;
Адамзат факторьіның активизациясы:
Нарықтық калыптасуы;
Өндіріс кұралдарымен биржалық саудаға өту;
6.Баға белгілеу реформасы
7. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінің қайта қүрылуы.
Осыдан басқару қызметіне деген талаптар едәуір ұлғаяды. Типтік талаптар негізінде дайындалатын нормативтік
кұжаттар нақты болып, әр деңгейдегі басқарушылар қызметтерінің қайталанбауын қадагалап отырулары кажет. Себебі бұл бір жағынан дара басқару принципінің бүзылуына, екінші жағынан-басқа басқарушы орындайды деген ниетпен қайталанатын қызметтер, тәртіп бойынша мүлдем орындалмайды.
Бөлімшелер басқарушылары жайлы ережелерде келесі тараулар болады:
I.Жалпы ережелер;
II.Міндеттемелер; III Құқықтар;
IV. Жауапкершілік.
Мысалға, "Жалпы ережелер" тарауындағы "Өндірістік шебер (үста) ережесінде" ұста өзінің өндірістік учаскесінде толық құкықты басқарушы болып табылады делінген, оның лауазымының негізгі мәліметтері жинақталып, ұстаның, бағынушылығы анықталады (мекеме басшысына); білімнің минималды қажетті деңгейі белгіленген (жоғарғы, орта, арнайы, адамдармен жұмыс істеу ептілігі бар жоғары білікті жұмыскерлер).
"Міндеттемелер" тарауында міндеттемелер тізбесі көрсетілген:
-жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қаматамысыз ету; участок, бригада, жеке жұмысшыларға берілген өндірістік тапсырамалардың дайындалуына қатысу;
-өндірістің уакытылы дайындығын камтамасыз ету; тапсырмалардың орындалуын тексеру;
-әрекет етуші заңдарға сәйкес участок қызметінің өндірістік және әлеуметтік мәселелерінің шешілуін ұйымдастыру;
-білікті жүйелі түрде көтеру;
-құжаттардың толтырылуына бақылау жасау;
-қауіпсіздік техникасы мен жұмысты жүргізуді ұйымдастыру бойынша бағынушы жұмыскерлерге нұсқау жүргізу;
-ескірген нормаларды еңбектік, өндірістік және технологиялык тәртіптердіц катаң түрде сақталуын қамтамасыз
ету;
- шығармашылық ынтаны дамыту және қолдау; өнімнің жоғарғы сапасын камтамасыз ету және тағы да басқалары.
"Құқық" тарауында ұста жұмыскерлерді босатуға; сыйақы жұмыскерлерді үсыну, тәтіп бұзушыларды жалақысы төмен лауазымға ауысгыру; істелмейтін кұрал-жабдықтармен жұмыстың орындалуын тоқтатуға; бекітілген графикке сейкес бағынушыларға демалыс тағайындауға; техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау бойынша шаралар мен құрал-жабдықтың жөнделу жоспарын уақытылы орындалуын талап етуге; цех басшылыгынан айлық және он күндік өндірістік тапсырмалардың уақытылы берілуін, участокті қажетті материал, құралдар, тех кұжаттармен қамтамасыз етуін талап етуге; оған бағынышты жұмыскерлерден участоктің өндірістік қызметінің барлық сұрактары бойынша тапсырмалардын орындалуын талап етуге, үста коры каражаттарымен жоғары өндірістік көрсеткіштерге жеткен жұмыскерлерге сыйақы беруге құқығы бар деп айтылған.
"Жауапкершілік" тарауында ұста нағыз міндеттемелер ережесінмен жүктелген уақытылы орындалу мен сапасына жауапты делінген.
Басқа бөлімшелер басқарушылары үшін де аналогиялык ережелер дайындалады, мысалы "Бас инженер жайлы ереже" ."Өндіріс бойынша кәсіпорын директорының орынбасары туралы ереже", "Өндірістік бригада мен бригадир туралы ереже", "Кәсіпорын директоры туралы ереже" және тағы да басқалары.
Лауазымды нұсқаулар қызметкерлердің міндеттері мен құқықтарына накты шек қоюды камтамасыз етуге, белгілі еңбек қызметгерін атқарғанда кайталанбауды камтамасыз етуге, түрлі лауазымдарга ие қызметкерлердің жұмысында өзара байланысты камтамасыз етуге мүмкіндік береді
"Жалпы білім" тарауында лауазымның жалпы негізгі мәліметтері көрсетілген: белгілі лауазымға ие қызметкер жұмыс істейтін бөлімше атауы; өз жұмысында пайдаланатын нормативтік күажаттар; оның бағынушылығы; лауазымға тагайындау және босату тәртібі; белгілі лауазым үшін білімнің минимальды кажетті деңгейі.
"Міндеттемелер" тарауында жұмыскердің қызметтік міндеттемелері аталып өтеді.
"Қүкык" тарауында жұмыскердің өкілеттілігі баяндалады. Мұнда оның шешім қабылдау, жұмысқа қажетті ақпарат алу, белгілі іс-әрекеттер орындалуына талаптар, бақылау жүргізу сиякты құқықтары көрсетіледі.
"Міндеттемелер" тарауында өз қызметінін нәтижелері үшін лауазымды тұлганың жауапкерілілігінің формалары мен мазмүны, сонымен қатар уақытылы шараларды қолданбауы қаралады.
Ережелер мен лауазымды нұсқаулар техникалық өндірістік, экономикалык, құрылыстық, кадрлық және басқа бөлімшелер бойынша кәсіпорындарда дайындалады.
Әдебиеттер: [1; 2; 5]
№ 8 дәріс: Педагогикалық менеджменттегі басқару стильдері.
1.Бақылау формаларының түрлері
2.Педагогикалық мекемелерді басқару органдары.
Басқару тәсілдерінің тиімді жолдары, бақылау жүйелері, басқарушы қызметін ынталандыру жолдары материалды және моральды ынталандыру.
Педагогикалық мекемелерді басқару органдары оны қызмет ету процестеріне үлкен әсер етеді. Осындай әсер етудің тиімді тәсілдеріне олардың басшыларының қызметіне бақылау жасау жатады.
Бақылау - бұл алдын-ала қабылданған және бекітілген керсеткіштерге сәйкес әлеуметтік мекемелердің даму сәйкестілігін тексеру, қадағалау, сараптамалау және есептеу жүйесі. Бақылауға әлеуметтік ұжымдар қызметтерінің нәтижелерін сипаттайтын құжааттаманы және бірлестіктердің өндірістік-шаруашылық жағдайын үйрену жатады.
Бақылауларды іске асырудың ең жақсы тәсілдеріне әлеуметтік мекемелер мен бірлестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің тәжірибелік анализдері, тапсырылған іске олардың басқарушыларынан сұраныстың жоғарылауы; жүйелі аудиторлык тексерістерді ұйымдастыру; берікті сын мен өзін-өзі сынау атмосферасын (жағдайларын) құру жатады.
Басқарушы қызметін ынталандыру. Басқарушы қызметін бағалауда материалды және моральды ынталандырудың түрлі формаларының рөлі зор.
Материалдык ынталандырудың негізгі формасы еңбек ақы болып табылады. Дербес материалдык ынталандыру еңбек ақы коры мен кәсіпорындар мен бірлестіктер пайдасы қайнар көз болып табылатын сыйақылық жүйе арқылы іске асырады.
Шаруашылық басқарушылары негізгі жүйе бойынша қызметін жұмыскерлері мен бірге сыйақыланады. Оған шаруашылык кызмегтің негізгі нәтижелері бойынша сыйақы беру (ағымдағы жыл нәтижесі бойынша сыйакы), және жұмыстың белгілі түрін орындауы ынталандыратын қосымша жүйелер бойынша сыйақы беру кіреді (мысалы, жана техниканын енгізілуі)
Басқарушыларға маңызды моральдық әсер етуге белгілі жетістіктерді, ұжымды басқарушы қызметіндегі жақсы нәтижелерді және керісінше онын жұмыстарынын кемшіліктерінің сынын жатқызуға болады. Сіңірген еңбекті мойындау басқарушыларға сенімділік беріп, неғұрлым жоғарғы сын артта қалуышылық себептерін ойлануға- мүмкіндік береді. Алайда, жұрт алдындағы сын соңғы шара ретінде қарастырылуы керек.
Моральдық ынталандыру құралына басқарушылар қызметтерінің түрлі жақтары туралы публикациялар (жариялымдар), басқарушыға жоғарыда тұрған органдардан докладпен шығу немесе симпозиум, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамамен шығу тапсырыстары жатады.
Моральдық әсер етудің тиімді құралдары моральдык мінеушілік әдістері болып табылады. Әсер етудің бұл формалары моральдык эсер етудің басқа формаларының ақиқаты жойылғанда ғана қолданылады.
Моральдык эсер ету әдістерін уақытылы қолдану қажет. Ұзақ уакыт бойы материалдык камтамасыз етілмесе, моральдык сыйакылау әдістері тиімділігін жоғалтқандықтан, үлкен тәрбиеленушілік тиімділік материалдык және моральдык ынталандыру үйлесімділігіне ие болады.
Әдебиеттер: [1; 2; 3]