
- •«Автокөліктерді жөндеу жұмыстары бойынша жалпы түсініктер.»
- •2. Жөндеу – бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және бұйымдардың немесе олардың құрама бөліктерінің ресурстарын қалпына келтіру бойынша операциялар кешені.
- •Тақырып: «Автокөліктерді кж өткізуді ұйымдастыру негіздері».
- •3. В условиях арп возможно применение различных организационных форм выполнения ремонтных работ:
- •4.Жұмысшы орындарды ұйымдастыру негіздері.
- •Тақырып: «Автомобильдерді және оның агрегаттарын бөлшектеу және жуу, тазалау жұмыстары».
- •Тема: «Бөлшектерді іріктеу және ақауларын табу».
- •Тема: « Комплектование деталей».
- •2. Точность зазоров, натягов и пространственного положения деталей в соединении может быть определена путем решения сборных размерных цепей.
- •Тема: «Сборка и испытание агрегатов».
- •3. Приработка и испытание является завершающей операцией в технологическом процессе ремонта агрегатов, основными задачами являются:
- •2. При сборке автомобилей для облегчения труда и повышения производительности применяют различные средства механизации сборочных работ.
- •Литература
- •Размещено на Allbest.Ru
№ 1
«Автокөліктерді жөндеу жұмыстары бойынша жалпы түсініктер.»
Жұмыстың мақсаты:
1. Автокөліктің тозуы және шекті күйлері жайлы түсінік.
2. Автокөліктерді жөндеу түрлері мен әдістері.
3. Күрделі жөндеудің өндірістік және технологиялық үрдістері.
1. Тозу- бөлшекті пайдалану барысындағы оның жұмысқа қабілетті күйінің немесе жұмысшы қасиетінің үздіксіз нашарлау үрдісі.
Жарамды күйі - объектінің нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін күйі.
Жарамсыз күйі – объектінің нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттама талаптарының тым болмаса біреуіне сәйкес келмейтін күйі.
Жұмысқа қабілетті күйі – объектінің берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, барлық параметрлердің мәндері нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін күйі.
Жұмысқа қабілетсіз күйі – объектінің берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, тым болмаса бір параметрдің мәні нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін күйі.
Шекті күйі – объектінің әрі қарай тағайындалуы бойынша қолданылуы мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес, не болмаса оның жарамды немесе жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес болатын күйі.
Бұзылу – жұмысқа қабілетті күйі сақталғанда объектінің жарамды күйінің бұзылуынан тұратын оқиға.
Істен шығу – объектінің жұмысқа қабілетті күйін бұзудан тұратын оқиға.
Автокөліктер төмендегідей күйлерде бола алды:
жарамды;
жұмысқа қабілетті ;
жұмысқа қабілетсіз;
шекті.
2. Жөндеу – бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және бұйымдардың немесе олардың құрама бөліктерінің ресурстарын қалпына келтіру бойынша операциялар кешені.
Өнім – автокөліктер, автобустар және олардың агрегаттары.
Құрамдас бөліктер – агрегаттар, құрамалы бірліктер (автокөліктердің).
Қалпына келтіру ресурстары бойынша жөндеу төмендегідей болып бөлінеді:
күрделі;
ағымдық.
Күрделі жөндеу – базалықты қосқанда, бұйымның кез келген бөліктерін ауыстырумен немесе қалпына келтірумен оның ресурсын толық немесе толығымен қалпына келтіруге жақын және жарамдылығын қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.
Ағымдағы жөндеу – бұйымның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жеке бөліктерін айырбастаудан және (немесе) қалпына келтіруден тұратын іс-әрекет.
Жөндеу жоспарлы және жоспарланбаған түрде болады.
Жоспарлы жөндеу – техникалық нормативті құжаттарға сәйкес келетін талаптарға сай жүргізілетін жөндеу жұмыстары.
Жоспарланбаған жөндеу – алдын-ала айқындалмаған, яғни, көліктің аяқ астынан істен шыққан бөлігін жөндеу жұмыстарын жатқызамыз.
Жеңіл көліктің негізгі бөлігі ретінде шанақ(кузов) саналады, ал жүк көліктерінде оның рамасы жатады.
Агрегаттың негізгі бөлшектеріне жататындар:
қозғалтқышта –цилиндрлер блогы;
беріліс қорабында, артқы мостта, басқару механизмде– картер;
шанақта немес кабинада– корпус;
рамада– көлденең балкалар.
3. Өндірістік үрдіс –өндірістегі қажетті бір өнім түрін немес жөндеу бұйымын дайындау барысындағы адамдардың іс-әрекеттері мен құрал саймандармен жасалынатын әрекеттердің жиынтығын айтады. называется совокупность всех действий людей и орудий труда, необходимых на данном предприятии для изготовления или ремонта продукции.
Негізгі жұмыстар: бөлшектерді, жуу-тазалау жұмыстары, бөлшектеу, ақаулықтарын табу және іріктеу жұмыстары, жинау және сырлау жұмыстары жатады.
Қосалқы жұмыстарға: тасымалдау, қоймалық оперциялар, техникалық бақылау, материалды-техникалық қамтамасыз ету, өндірісті керекті құрылғы жабдықтармен қамтамасыз ету және энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
Технологиялық үрдіс деп жөнделетін өнімге және оның құрамалы бөлігіне қатысты немесе жинақтау жұмысына ( дайындама мен бұйым)бағытталған өндірістік үрдістің операциясының бір бөлігі.
КЖ 4 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – автокөлікті бөлшектеу және жуу;
Екінші кезең – агрегаттар мен түйіндерді жөндеу;
Үшінші кезең – мамандандырлыған орындарда жөнделген неесе қалпына келтірілен бөлшектерді қайтадан құрау.
Төртінші кезең – жөнделіп құралған бөлшектерді немесе автокөліктерді сынау жұмыстары. Сынақ жұмыстары арнайы сынақ стендтарында немесе арнайы сынақ алаңдарында жүзеге асады.
№ 2