
- •1 Тарау. Ақпараттық жүйе теориясы
- •1.2 Қазіргі замануи ақпараттық жүйелердің ерекшеліктері
- •Индекстеу
- •1.3 Аутоматтандырылған жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі
- •2 Тарау. Ақпараттық теория негіздері және сигналдардың теориясының негiздерi
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы.
- •2.2 Жүйелік талдау.
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы
- •2.2 Жүйелік талдау
- •3 Тарау Аутоматтандырылған ақпараттық жүйелерді синтездеу әдістері
- •3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
- •3.2 Лингвистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету
- •3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
- •4.1 Ақпаратты ұсыну үлгілері
- •4.2 Деректер қоймасының өмірлік циклі
- •4.3 Ақпараттық жүйесін жобалау ерекшеліктері
- •4.4 Инфологикалық үлгілеудің əдістері
- •4.5 Қалыпты формалар (пішіндер) əдісі
- •5 Тарау. Ақпараттық жүйені қорғау теориясы
- •5.2 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
- •5.3 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
- •6 Тарау. Ақпараттық жүйені кодтаудың негiздерi
- •6.1 Сигнал мен каналдың физикалық сипаттамасына сәйкестік
- •6.2 Хабарлама және байланыс каналдар қайнар көзінің статистикалық қасиетіне сәйкестік
- •6.3 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының моделі
- •6.4 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының өткізу мүмкіндіктері
- •6.5 Уақыт бойынша дискреттеу
- •6.6 Котельников теоремасы бойынша есептеулердің дәлдігін таңдау
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау.
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар.
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Ақпараттық жүйенің теориялық негіздері
АИндекстеу
Ж-де мәселені шешудің екі режимі –
пакеттік және диалогтық қолдануы мүмкін.
Өңдеудің пакеттік режимінде белгіленген уақыт мерзімі болмайынша және деректер көлемі қандайда бір шектен асып кетпейінше жүйеге деректер жинала береді. Содан кейін бар ақпарат бірінен соң бірі тізбектеліп іске қосылатын программалармен өңделеді. Пакеттік режимде жұмыс істейтін жүйенің мысалы ретінде мекеменің статистикалық есеп беруін топтастыру және жинауды алуға болады.
Деректерді өңдеудің пакеттік режимінде бірнеше кемшіліктер де бар. Ақпаратты тұтынушы оны өңдеу процесінен тысқары қалуы кейбір жағдайда бастапқы деректер мен қолданылатын алгоритмде нәтижелердің дұрыстығы күмән туғызу мүмкін. Сонымен қатар, пакеттік режим басқару объектісінде шешім қабылдаудың шапшаңдығын төмендетеді.
Диалогтық режим кезінде жұмыс қолданушы мен жүйе арасында мағлұмат алмасу ретінде жүргізіледі. «Белсенді элемент» ролін қолданушы мен жүйе кезектесіп атқарады. АЖ ақпаратты енгізуді аяқтағанша және қолданушы команданы өңдеуді аяқтағанша белсенді. Қолданушы өңделген сұраныстың нәтижесін ойлап, қарастырғаннан кейін келесі сұранысқа деректерді енгізеді. Диалогтық режимде қолданушының беретін командалар тізбегі алдын ала бекітілмей, атқарылған командалардың нәтижелеріне байланысты болып келеді.
Жүйемен диалогтық қатынаста болудың қажеттілігі көп вариантты логикалық экономикалық тапсырмаларды орындау барысында байқалады, ол қолданушыға тапсырманы орындаудың перспективалы варианттарын анықтауға мүмкіндік береді. Диалогтық режимнің мысалы ретінде бірнеше тұтынушылар арасында ресурстарды бөлу кезіндегі есептеулерді алуға болады.
Есептеу ресурстарын бөлу тәсілі бойынша АЖ-і локальдік және таратылған деп бөлінеді. Локальдік жүйе бір электронды есептеуіш машинасын қолданса, таратылған жүйеде байланыс каналдары арқылы өзара байланысқан бірнеше ЭЕМ бірлесіп әрекет етеді.
Таратылған (үлестірілген) ақпараттық жүйе есептеу ресурстары мен ақпараттық қорды бірігіп қолдану мақсатында өзінің бір-біріне тәуелсіз функцияларын атқаратын ақпараттық жүйенің бірлестігін білдіреді. Жеке ақпараттық жүйелер шарт бойынша бір-бірінен территоpия жағынан жеке-жеке орналасқан.
Таратылған ақпараттық жүйедегі әрбір процесс локальдік деректерді өз еркімен өндіре, сәйкес келетін шешімдерді қабылдай алады. Жеке процестер өзіндік немесе ұжымдық мұқтаждық үшін желінің басқа тораптарында орналасқан деректерді өңдеу мақсатында ақпараттарды желі арқылы алады.
Таратылған АЖ-де кең тараған байланыс схемасы болып ЭЕМ орталықтандырылған жүйесі және құрылымы сақина тәріздес жүйелер табылады.
1.3 Аутоматтандырылған жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі
Қызметіне байланысты АЖ мәліметтерді өңдеу жүйесі ақпаратты іздеу жүйелері деп қарастыруға болады.
Әртүрлі қызметі бар қолдану бағдарламаларымен толықтырылады. АЖ мәліметтерді өңдеу жүйесі деп аталады. Егер мәліметтерді өңдеу жүйесі басқару шешімдерді таңдауға қабілеті болса, онда ол жүйе басқару автоматты жүйесі (БАЖ). Ал қандайда бір құжаттардың жиынын ақпараттық сұраныстың тақырыбына сәйкес ақпарат іздеп табуға арналған жүйе ақпаратты іздеу жүйелері деп аталады.
АЖ компоненттері: 1)Мәліметтер қоры; 2) концептуалдық схема; 3) Ақпараттық процессор. Бұлар мәліметтер басқару және сақтау жүйесін құрайды.
Бізді қоршаған ортада әртүрлі қызметі бар материалды жүйелерді қарастыруға болады. Материалдық жүйе қызметі процесінде болып жатқан хабарлама формасында сипаттауға болады.
Осы жүйелерде болып жатқан оқиғалар туралы хабарламаның пайда болуы материалдық процестің ақпаратты бейнелеуін көрсетеді. Хабарламалар табиғи түрде өрнектелуі мүмкін. Дегенмен тірек қосылады. Яғни параметрлері ерекшеленгенде форматталған хабарлама қолданылады. Мысалы: №2 қоймаға 27.02.13 жылы алюминий зауытынан, бағасы 2000 теңге тұратын 50 дана генераторлар келіп түсті.
Форматталған бағдарлама параметрлер атауы, параметрлер міндеті
Қабылдаушы – қойма
Міндетті - №2 қойма
Жіберуші-алюминий зауыты
Бұйым (изделие) - генератор
Мерзімі - 21.02.13
Бағасы - 2000 теңге
Саны – 50 дана
Осындай әртүрлі бұйымдардың қоймасы келіп түсуі туралы хабарламалары жеткілікті көп болды. Олар параметрлер атауы бойынша сәйкес келеді де, ал параметрлердің қызметі бойынша ажыратылады. Сол себептен оларды кесте түрінде бейнелеу неғұрлым ыңғайлы.
Қабылдаушы |
Жіберуші |
Бұйым атауы |
Мерзімі |
Бағасы |
Саны |
Қойма №1 Қойма №2 |
|
|
|
|
|
Сонымен,форматталған хабарлама дегеніміз АЖ де сақталынатын және өңделетін хабарламалардың неғұрлым жалпыланған түрі.
Мәліметтер қоры дегеніміз: 1) сәйкес материалдың жүйе үшін ақиқат болып табылатын, 2) бір-біріне қатысты және концептуалды схемасы бойынша қайшы болмайтын хабарламалар жиыны.
Мәліметтер қорындағы хабарламалар әдетте форматталған болып табылады және ақпараттар бірлігі түрінде сақталады.
Ақпараттар бірлігі дегеніміз қандайда бір нақты мағынасы болатын символдардың жиынтығы. Бұл ұғым негізінде форматталған хабарламаларды сақтайтын мәліметтер қорына қатысты.
Атрибут дегеніміз – нақты бір объектінің, процестің немесе құбылыстын жекелеме қасиеттерінің ақпаратты бейнеленуі.
Хабарлама нәрселердің қасиеттерін (параметрлерін) көрсету сияқты форматталған түрде жазылады. Сол себептен құбылысты бейнелеу іріктеліп алынған атрибуттардың жиынтығын көрсетеді.