- •Жылумассаалмасу
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып. Жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Рейтинг-шкала
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •Жылумассаалмасу
3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Оспанова Дидар Асылқызыаға оқытушы. Жұмыс орыны: профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасы, (сабақ кестесі бойынша), 326 ауд, bota_didar@mail.ru.
Шуюшбаева Нүргүл Найзабекқызы аға оқытушы. Жұмыс орыны: профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасы, (сабақ кестесі бойынша), 32 ауд.
3.2 Пререквизиттері: оқылатын пәнді игеру үшін студенттер жоғары алгебраның негізгі ережелері мен мысалдары (матанализ, дифференциалдық және интегралдық есептеулер), математикалық физика әдістерін, ықтималдылық теорияларын, физиканың негізгі бастамалары мен заңдылықтарын (малекулалық физика, сұйықтар мен газдар механикасы) және информатика негіздерін білулері тиіс.
3.3 Постреквизиттері: пәнді оқыту негізінде оқытуға берілетін басқа пәндер тізімі.
Жану физикасы
Қосфазалық ағыстардың гидрогазодинамикасы
Жылуфикация және жылулық жүйелер
Бугенераторларының есебі және теориясы
Турбинік қондырғылар
Өндірістік жылутехника
3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен «Жылумассаалмасу» пәні жоғарғы оқу орныдарының В60400Физика, В60400Физика (п-я) мамандықтарының 2 курс студенттері үшін таңдау пәні болып табылып, оқу жоспарына негізгі жалпы кәсіптік пән негізінде енгізіледі.
Пәнін мақсаты: студенттерді жылу-энергетикалық қондырғылар мен аспаптарының және жылутәсілдемелік жылумассаалмасу құбылыстарының түбегейлі ережелері мен басты заңдылықтарынан кеңінен, терең білім бере отырып, тәжірибе жүзінде кездесетін процестерді талдау мен есептеу әдістеріне үйрету.
Курстың міндеттері: жылумассаалмасудың теориялық негіздері мен ғылыми тәжірибелік қорытындыларын және жылуқайраттық қондырғылары мен аспаптарының жылутәсілдемелік есептеуін игеру.
Жылумассаалмасу пәнін өткенен кейін негізгі теорияларына, жылулықтың заңдары мен заңдылықтарына және есептеу әдістеріне хабардар болуға және зерттеу жүргізіп, талдау жасай алуға тиіс.
Пәнді оқып білген студенттер:
түсінік алуы тиіс:
импульс, жылу және масса тасмалдану құбылыстары туралы;
жылуөткізгіштік теңдеулерінің шешілуі және әртүрлі бірмәнділік шарттары кезіндегі тұрақты жылуфизикалық қасиеттері бар біртекті ортадағы конвективтік жылумассаалмасу туралы;
жылулық шекаралық қабат әдісінде конвективтік жылуалмасу есептерін шешу, жылуалмасудың ұқсастық құбылыстары, релаксация, шектік айырым, физикалық аналогия элементтері мен жылумассаалмасу процестерін модельдеуі туралы;
фазалық ауысу және химиялық айналу кезіндегі жылумассаалмасу;
массаалмасу заңдылықтары мен негізгі түсініктері және үштік аналогия туралы;
ылғалды түтінді газдың және ылғал ауаның Hd диаграммасын қолдану арқылы газбу қоспасындағы жылумассаалмасу байланыстарын есептеу әдістері;
сәулелік жылуалмасу және нәтижелейтін сәулелік ағынын есептеу әдістері туралы;
жылуберу, жылуберу пәрменділігін арттыру және жылуалмасу аппараттарын есептеу әдістері;
жылумассаалмасудың негізгі заңдылықтарын;
білуі тиіс:
табиғи және еріксіз сұйық қозғалысы, сондай-ақ фазалық ауысу кездеріндегі жылуберу коэффициенттерін анықтау;
күрделі жылуалмасу кезіндегі сәулелік жылуалмасуды және жылуберуді есептеу;
жылуберуді есептеу және жылуалмасу аппараттарындағы әртүрлі элементтердің жылулық жоғалуларын аныққтау;
жылуалмасудың тәжірбиелік зерттеу әдістерін және тәжірбиелік нәтижелерді өңдеу жұмыстарын;
жылуалмасу пәрменділігін арттыру әдістерін.
Студент құқылы:
университет кітаханалары мен оқу залдарын пайдалануға;
компьютер класстарында аудиториялық және аудиториялық емес уақыттарда (кафедраның графигі бойынша) жұмыс істеуге;
оқытушылардан ақыл-кеңес алуға;
сабақтың жоғары ғылыми дәрежеге сәйкес болуын талап етуге.
