Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_GEK_2010_1179_aza_1179_sha_1-200_okon.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
511.49 Кб
Скачать

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА


Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕР, СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ТЕСТІЛЕР, СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЖМЖБ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША

1. Төмендегі берілгендердің қайсысы жүрекке сыртқы массаж жасаудың ең негізгі тиімді әсерлі белгісі болып табылады:

1. қарашықтың тарылуы

2. тері түсі көгеруінің азаюы

+ 3. ұйқы артериясында пульстың пайда болуы

4. мәйіттік дақтардың анықталуы

5. көз алмасы склерасының құрғауы

2. Төмендегі берілгендердің қайсысы жүрекке сыртқы массаж жасаудың ең негізгі тиімді көрсеткіші болып табылады:

+1. ұйқы артериясында пульстың жоқ болуы

2. патологиялық типті тыныс

3. қысқа уақытқа естен тануы

4. диффузды тері түсіндегі цианоз

5. анизокория

3. Төмендегі берілгендердің қайсысы реанимация кезінде тынысты қалпына келтірудің ең тиімді әсері болып табылады:

1. тыныс аналептиктерін енгізу

2. ауыздан- ауызға тыныс беру

3. В және С топтарының дәрумендерін енгізу

+4. кеңірдек интубациясын жасау және өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ)

5. ауыздан мұрынға тыныс беру

4. Клиникалық өлім кезіндегі ең негізгі белгі болып табылады:

1. тыныстың тоқтауы

2. құрысу

3. қарашықтың кеңеюі

4. патологиялық тыныс

+5. ұйқы артериясында пульстың болмауы

5. Төмендегі берілгендердің қайсысы жүрек тоқтағаннан кейін қан айналымының адекватты қалпына келуінің нақты көрсеткіші болып табылады::

1. тері және кілегей қабатының түсінің қызарып қалпына келуі

2. тахипноэ

+3. ұйқы артериясында пульстың пайда болуы

4. диурезді қалпына келтіру

5. қарашықтың тарылуы

6. Жүрекке дефибрилляция жүргізудің ең тиімді көрсеткіштері:

1.ұйқы артериясында пульстың болмауы

2. жүрекке 1 минут бойы жасаған жабық массаждың әсер белгісі болмаған кезде

3. ЭКГ-да жүрекше жыпылықтауы

+4. ЭКГ-да жүрек фибрилляция белгілері

5. Ес-түссіз болған кезде

7. Ауруханаға дейінгі кезеңде кеңірдек интубациясын және ӨЖЖ жүргізудің күмәнсіз көрсеткіші:

1. тахипноэ (1мин 45 р. көп)

+2. апноэ

3. 1 –23 дәрежедегі астматикалық статус

4. артериальды гипертензия, асқынған өкпе ісінуі

5. дене қызуы 39ºС дейін жоғарылауы және тахипноэ 25-30 рет 1 минутына

8. Төмендегі берілген препараттардың қайсысы жүрек тоқтағанда әсерлі екенін таңдаңыз:

+1. адреналин

2. кальций антагонистері

3. преднизолон

4. жүрек гликозидтері

5. атропин

9.Өте жиі кездесетін кенеттен өлімнің тікелей себебі:

1. пароксизмальды суправентрикулярлы тахикардия

2. қарыншалық экстрасистолия

+3. қарыншалар фибрилляциясы

4. электромеханикалық диссоциация

5. асистолия

10. Төмендегі берілген жағдайлардың қайсысында жүрек - өкпе реанимациясы жүргізілмейді.

+1. егер қанайналым тоқтауынан 30 мин өтсе

2. науқастың туыстарының сұрауы бойынша

3. егер құжаттық расталуы бар, емделмейтін аурудың терминальды сатысы болса

4. ауыр бас-ми жарақатында

5. егер қанайналым тоқтауынан 20 мин өтсе

11.Бір медициналық қызметкер ЖЖМ және ӨЖЖ жүргізгенде демалу/компрессияны келесі қатынаста ұстануы керек:

+1. 2 демалу + 15 компрессия

2. 3 демалу + 18 компрессия

3. 5 демалу + 20 компрессия

4. 1 демалу + 5 компрессия

5. 1 демалу + 4 компрессия

12. Жүректің жабық массажының ең тиімді оң нәтижесін көрсетеді:

1. қарашықтың тарылуы

+2. ұйқы артериясында пульсацияның пайда болуы

3. АҚҚ 80 мм с.б.б. немесе жоғары болуы

4. спонтанды сирек тыныстың пайда болуы

5. көз алмасының құрғақ склералары

13. Өкпе ісінуі кезіндегі ең нақты клиникалық симптомдар қайсысы:

1. тыныс шығарудың қиындауымен жүретін тұншығу ұстамасы

+2. өкпенің төмеңгі бөліктерінде ылғалды сырылдар

3. тері түсінің диффузды цианозы

4. өкпедегі құрғақ ысқырықты сырылдар

5. дауысының шықпауы

14. Төмендегі берілген медикаменттердің қайсысы жүрекке дейінгі жүктемені төмендетеді:

+1. изокет

2. пентамин

3. морфин

4. капотен

5. сульфат магний

15. Төмендегі берілген медикаменттердің қайсысы өкпе ісінуінің жедел қарқынды емінде әсерлі болып табылады:

1. тыныс аналептиктері

+2. нитраттар

3. гармонды препараттар

4. β-блокаторлар

5. кальций антогонистері

16. Төмендегі берілген белгілердің қайсысы тұрақты стенокардиядағы ауру сезіміне тән:

1. кеуде клеткасында пайда болған ауру сезімінің нақты ошағы болмайды

2. көкірек тұсындағы қозғалыспен байланысты ауыру сезімі

+3. ауру сезімі физикалық жүктемеде немесе жүйке стрессінде пайда болады

4. ауру ұзақтығы 5 – 10 секундқа дейін

5. ауру сезімі еш себепсіз пайда болады

17. Төмендегі берілген назологиялық формалардың қайсысы тұрақсыз стенокардияға жатады:

1. тұрақты кернеулі стенокардия 1 ФК

2. тұрақты кернеулі стенокардия 2 ФК

3. тұрақты кернеулі стенокардия 3 ФК

4. тұрақты кернеулі стенокардия 4 ФК

+5. үдемелі стенокардия

18. Төмендегі берілген белгілердің қайсысы стенокардияның ерекше түріне тән:

1. ангинозды формалардың физикалық жүктемелермен байланысы

2. ұстама ұзақтығы 10 мин көп

+3. ұстаманың түңгі уақытында пайда болуы

4. ЭКГ ST сегментінің депрессиясы

5. нитраттардың толық және тез әсері

19. Төмендегі берілген белгілердің қайсысы үдемелі стенокардияға тән:

1. ұстама кезінде ЭКГ өзгеріс жоқ

2. нитраттар жоғары әсерлігі

3. физикалық күштемеге жоғарғы толерантылық

+4. нитраттар әсерлігі төмен

5. жиі жас адамдарда кездеседі

20. Төмендегі берілген препараттардың қайсысын үдемелі стенокардиямен науқастарды емдеуде қолданады:

1. седативті

2. ААФ –ингибиторы

3. спазмолитиктер

+4. нитраттар

5. антигистаминдер

21. Төмендегі берілгендердің қайсысы алғаш рет пайда болған стенокардияны ауруханаға дейінгі кезеңде емдеуде әсерлі препарат болып табылады:

1. наркотикалық емес анальгетиктер

2. седативті

3. спазмолитиктер

+4. нитраттар

5. Кальций антогонистері

22. Төмендегі берілгендердің қайсысы АҚҚ қалыпты өкпе ісінуімен асқынған, жедел миокард инфаркты бар науқасты емдеудегі ең әсерлі препарат болып табылады:

1. кальций антогонистері

2. инфузия арқылы вазопрессорларды көктамырға енгізу

+3. инфузия арқылы нитраттарды көктамырға енгізу

4. эуфиллин ерітінділерін көктамырға енгізу

5. β-блокаторлар

23. Төмендегі берілгендердің қайсысы кардиогенді шокпен асқынған жедел миокард инфаркты бар науқасты емдеудегі ең әсерлі препарат болып табылады:

1. кальций антогонистері

2. седативті

3. β-блокаторлар

+4. инфузия арқылы вазопрессорларды еңгізу

5. декстрандарды көктамырға тез еңгізу

24. Төмендегі берілген белгілердің қайсысы өкпе ісінуіне тән:

+1. мәжбүрлі қалып – ортопноэ

2. сирек терең тыныс алу

3. Чейн-Стокс тынысы

4. құрғақ жөтел

5. қиындықпен шығатын аз мөлшердегі қақырық

25. Төмендегі берілгендердің қайсысы артериальды гипертензия фонында өкпе ісінуімен асқынған жедел миокард инфаркты бар науқасты емдеудегі ең әсерлі препарат болып табылады:

1. ацетилсалицил қышқылы

+2. инфузия арқылы нитраттарды көктамырға енгізу

3. инфузия арқылы β – адреноблокаторларды көктамырға енгізу

4. кальций антогонистері

5. ААФ ингибиторларын қабылдау

26. Төмендегі берілген фармокологиялық заттардың қайсысы тұрақсыз стенокардия және жедел миокард инфарктын емдеуде жақсы нәтиже береді:

+1. гепарин

2. папаверин

3.аритмияға қарсы дәрілер

4. эуфиллин

5. нифидепин

27. Төмендегі берілген аурулардың қайсысы β – адреноблокаторларды қабылдауда әсерлі болып табылады:

1. созылмалы жүрек жетіспеушілігінің II - III сатысында

2. атриовентрикулярлы блокада II - III сатысында

3. бронх демікпесі

+4. ЖИА ырғақ бұзылуымен

5. декомпенсацияланған қант диабеті артериальды гипертензиямен

28. Үдемелі стенокардиямен науқастарды емдеуде төмендегі препараттардың барлығын қолданады біреуінен БАСҚА:

1. нитраттар

+2. тромболитиктер

3. β – адреноблокаторлар

4. антикоагулянттар

5. антиагреганттар

29. Науқас, 52 жаста төс артында қатты ашып ауырына, сол иыққа берілетін, горизонтальды қалыпта күшейетін ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Ауру сезімі мен ентігу 1 сағат бойына, кейде азайып, кейіннен қайта күшейеді. Нитроглицерин ауру сезімін аздап басады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Мәжбүрлі қалыпта – ортопноэ. Тері жамылғысы цианозды, бозғылт, ылғалды. АҚ 130/80, жүрек үндері тұйық, ырғақты, пульс 100 рет 1 мин. Өкпеде қатаң тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар. ТЖ 26 рет 1 мин. ЭКГ-да ритм дұрыс, синусты 100 рет 1 мин., S – T сегменті изолиниядан жоғары, Т тісшесі жоғары, V4 – V6 әкетулерде коронарлы. Ең мүмкін болатын диагнозды таңдаңыз:

1. спонтанды күштемелі пневмоторакс, тыныс жетіспеушілігі 2 сатысы

+2. жедел солқарыншалық жетіспеушілікпен асқанған миокард инфаркты

3. өкпенің майда тармақты артериясының тромбоэмболиясы

4. бронх демікпесі, ауыр ағымы, астмалық статус 2 сатысы

5. жедел перикардит

30. Науқас 57 жаста. Төс артында, эпигастрий аймағында ұзақтығы 40 минуттай қатты басып ауруына, ауру сезімінің жауырын аралығына берілуіне, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Ауру сезімі қатты психоэмоцианальды стресстен кейін пайда болды. Объективті: есі анық. тері жамылғысы бозғылт, суық тер басқан. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ 20 рет 1 мин. Жүрек үндері тұйық, ырғақты, АҚҚ 110/90 мм.с.б.б., пульс 108 рет 1 мин. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. ЭКГ-да синусты тахикардия 110 рет 1 мин., S – T сегменті V3, V4 әкетулерінде изолиниядан 3мм жоғары, Т тісшесі V3 – V4 әкетулерде жоғары, коронарлы. Төмендегі берілгендердің ең мүмкін болатын диагнозын таңдаңыз:

+1.ЖИА. жедел миокард инфаркты

2. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

3. спонтанды пневмоторакс

4. вариантты стенокардия

5. нейроциркуляторлы дистония

31. Науқас 60 жаста. Жүрек аймағында басып, қысып ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі қатты психоэмоцианальды стресстен кейін пайда болған. Нитроглицерин қабылдаған соң ауру сезімі басылып, кейіннен қайта пайда болды. Анамнезінен – ЖИА 5 жылдай. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ 20 рет 1 мин. Жүрек үндері тұйық, ырғақты, АҚҚ 140/90 мм.с.б.б., пульс 60 рет 1 мин., Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Ісінулер жоқ. ЭКГ: S – T сегменті V1 – V4 әкетулерінде изосызықтан төмен, Т тісшесі теріс. Ең мүмкін болатын диагнозды таңдаңыз:

1. НЦД кардиальды тип бойынша

2. ЖИА тұрақты кернеулі стенокардия

+3. ЖИА үдемелі стенокардия

4. омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы

5. белдемелі теміреткі

32. Науқас 57 жаста. Алғашқы рет жүрек аймағында қысып ауыратын ұзақтығы 40 минуттан аспайтын ауру сезіміне, аралас ентігуге, өліп қалуға қауіптенуге, күрт әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: бронхиальды демікпе. Жалпы жағдайы күрт ауыр. Бас жағы жоғары мәжбүрлі қалыпта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпеде майда- және өкпенің төменгі бөлігінде екі жақтан да орташа көпіршікті сырылдар, бірлі-жарым құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ 120 рет минутына, АҚҚ 110/ 80 мм. с.б.б . Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасының қыры бойымен. ЭКГ- да III- ші әкетуде және AVF әкетуде ST сегменті жоғарылаған. Ең мүмкін болатын болжам диагнозды таңдаңыз?

  1. ЖИА. Алғашқы рет пайда болған стенокардия, жедел солқарыншалық жетіспеушілік

  2. құрғақ плеврит

  3. ауруханадан тыс пневмония, ауыр ағымы

+ 4. Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілікпен асқынған артқы қабырғасының жедел миокард инфаркті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]