
Мазмұны
Кіріспе ..........................................................................................3
1. Microsoft Outlook express бағдарламасы.............................4
1.1. Поштаны орнатып онымен жұмыс істеуі .........................4
1.2. Microsoft Outlook Express бағдарламасында өз
хабарламаңызды қабылдап алу, қарап шығу...............5
1.3. Хаттарға файлдарды тіркеу.................................................6
1.4. Сәнді хаттарды әзірлеу..........................................................7
1.5. Web-поштамен жұмыс істеу.................................................7
Қорытынды....................................................................................10
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................11
КІРІСПЕ
Электрондық пошта Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсі болып табылады. Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болатындығына қоса, ол арқылы халықаралық компьютерлік екі ондығынан хабарлар қабылдауға не жіберуге болады. Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Корреспонденцияны пайдаланушы өз жұмыс орнында пошта дайындау программасымен не кәдімгі мәтіндік редактормен дайындайды. Содан кейін пайдаланушы пошта жөнелту программасын шақырту керек, сол арқылы жөнелткіштік пошталық серверіне хабар жіберіледі. Ол өз кезегінде оны адресаттың пошталық серверіне жіберіледі, онда арнайы программа поштаны сұрыптаумен және ақырғы пайдаланушылардың жәшіктеріне жіберумен айналысады. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек. Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі. Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады: - қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді; - тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді; - жеткізу агенті – мәліметтерді оның алушылардың пошта жәшігіне салып кетеді. Компьютерге пошта қызметін орнатып оны пайдалану операциялық жүйені алғаш рет компьютерге жазғанда немесе кейінен қажет болғанда қосымша жүргізуге болады.
1. Microsoft Outlook express бағдарламасы
Поштаны орнатып онымен жұмыс істеуі
Поштаны орнатып онымен жұмыс істеуі үшін: - ақпараттық құралдар – модем керек немесе өз пошта сервері бар жергілікті желіге қосылу қажет. - Компьютеріңіз электрондық пошта протоколдарын сүйемелдейтін болуы тиіс, ол үшін компьютерде ТСР/ІР протоколы бұрын орнатылғандығы тексерілуі керек. Электрондық пошта (ЭП) компьютері арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат түрлі басқа мәліметтер жіберумен оларды қабылдау программасы.Мәліметті сервер арқылы тез таратып қабылдауға болады.Осы себепті ЭП-ның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз. Электрондық пошта құру барысында алдымен қай пошталық серверді пайдаланасыз соны анықтап алыңыз. Осы сервердің біреуін ашып, алдымен пошта жәшігін дайындап алуыңыз қажет, ол үшін пошталық серверді өзіңіз құратын пошта атын және жасырын сөзді енгізіп тіркеу батырмасын шертіңіз. Серверде пошта жәшігін құрып болған соң, Microsoft Outlook Express программасын баптауыңыз керек. Бұл программа арқылы поштаны қабылдап және жөнелтіп аласыз. Электрондық поштаның адресі желілік компьютердің адресіне ұқсас болып келеді. @ Мысалы: umutker@hotbox.ru, psk_2004@mail.ru Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдау Электронды пошта хабарламалары бірдей пішімге ие, сондықтан, егер әрбір элементтің не үшін қажет екенін түсінсеңіз, кез келген қосымша көмегімен электронды хабарламалар жөнелтіп, қабылдай алу сіз үшін қиындық туғызбасы анық. Электронды хабарламалардың негізгі элементтері: Кімге: қабылдап алушының электрондық мекен жайы. Көшірме: осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келсе өзге қабылдап алушының электронды мекен жайы көрсетілетін өріс. Жасырын көшірме: кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы – хаттың көшірмесі өзге қабылдап алушыға жіберілгеннен адресат білмейді. Тақырып: қабылдап алушының компьютердегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе Біріктіру:тіркемелер(Сіз электронды хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар мен құжаттар сияқты файлдарды тіркей аласыз). Хат өрісі: сіз хабарламаны әзірлейтін кеңістік.