Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tilinen_emtikhan_biletteri_3_Erke...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.02 Кб
Скачать

8.10.2014 Ж. №2 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.10.2014. № 2 Хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Филология

Кафедра: Қазақ филологиясы

Пән : Қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №6

  1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер

  2. Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқып, берілген сұрақтар бойынша жауап бере отырып, мазмұнын айтыңыз.Мәтін соңында берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.

Уақытты басқару – өнер. Уақытты санаудың ең алғашқы құралы күн сағаты болған. Ол бұдан 3500 жыл бұрын пайда болған. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. сол себепті адамдар су сағатын ойлап тапты. Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс жасайды. Механикалық сағаттар жөнінде деректер VІ ғасырдың аяғында белгілі болған. Квартц сағат 1929 жылы пайда болды. 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды. ХХ ғасырдың 70-жылдары электронды сағат кеңінен тарады. Кейіннен қол сағаты пайда болған. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы Роллекс компаниясы жасап шығарған.

Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

  1. Уақытты басқару дегеніміз не?

  2. Уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

  3. Сағаттың өмірде алатын орны қандай?

  4. Ең алғаш сағат қашан пайда болды?

  5. Қай жылы Мәскеуде мұнара сағаты орнатылды?

  6. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

Сөз тіркестері: уақыт талабы, уақыт қымбат, уақыт жоқ, уақыт өткізді, уақытты бағалау, уақыт жүйрік, уақытты тиімді пайдалану.

3. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

8.10.2014 Ж. №2 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.10.2014. № 2 Хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Филология

Кафедра: Қазақ филологиясы

Пән : Қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №7

  1. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы

  2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды ретімен орындаңыз.

«Ас – адамның арқауы» деген қазақтың мақалы. Бұл мақал өте орынды айтылған. Өйткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Тамақтану – адам ағзаның негізгі талаптарының бірі. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды. Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты күнде белгілі бір мезгілде ішу керек. Тамақты мезгілсіз ішу немесе шамадан тыс көп ішу зат алмасуының бұзылуына, дене массасының артуына әкеліп соғады. Тамақтануға саналы қарау адамға көптеген аурулардан құтылуға көмектеседі. Күніне 3-4 рет тамақтанған дұрыс. Сәбіз, қызанақ, қияр, алма, өрік, шие, қарақат сияқты көкөністер мен жемістер адамға пайдалы. Оларды көп жеген адамның денсаулығы жақсы болады.

  1. Көкөністер мен жемістердің адамға пайдасы туралы ауызша әңгімелеңіз. Өзіңіз білетін 10 жеміс-жидек түрлерін атап, сөйлем құрастырыңыз.

  2. «Ас – адамның арқауы», «Арпа бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «Жұтпай тұрып шайнап ал, сөйлемей тұрып ойлап ал» мақал-мәтелдерінің мағынасын ауызша түсіндіріңіз,оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

  3. Денсаулық, тамақтану әдебі туралы өзіңіз білетін нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді айтыңыз.

  1. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.