Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tilinen_emtikhan_biletteri_3_Erke...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.02 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Филология

Кафедра: Қазақ филологиясы

Пән : Қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №1

  1. Отбасы – шағын мемлекет

  2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Асты сызылған сөздердің синонимдік қатарын жасаңыз.

Өшпес мұра

Күй – қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйшілері Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Махамбет, Тәттімбет, Сүгір, Тоқа, Ықылас халқымызға өшпес күй мұрасын қалдырды. Күй – адамның көңілін, өмірін, оның қуанышы мен мұңын, табиғат көріністерін суреттейді. Күй – домбыра, қобыз, мүйіз сырнай, асатаяқ, қыл қобыз, жетіген, сыбызғыда немесе оркестрмен орындалады.

Күйді тыңдағанда, оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек. Күй адамның табиғатқа, еліне, жеріне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді, бейбітшілікке, адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке үндейді.

Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Динаның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр», Дәулеткерейдің «Қосалқа», Тәттімбеттің «Саржайлау», Ықыластың «Жезкиік» тағы басқа күйлерін халық сүйсіне тыңдап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде.

  1. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

8.10.2014 ж. №2 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.10.2014. № 2 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Филология

Кафедра: Қазақ филологиясы

Пән : Қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №2

  1. Тұрғын үй дизайны

  2. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді өзіңіз білетін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлермен толықтырып баяндаңыз.

Жақсы әдет Әдет-ғұрып - әр халықтың қанына сіңген нәрсе. Ол барлық халықта бар. Әдет-ғұрыптардың қайсы бір түрі тым әріден, діннен де бұрын шығып, өте көне замандарда қалыптасқан. Ал қайсы бір түрлері тікелей дін қағидаларынан туындап, адамның бүкіл өмірінің бір кезеңдерінде пайда болған. Қазақтың ағайын, тума-туысқанды, жалпы елді сыйлауға байланысты жақсы әдет-ғұрыптары бар. Мәселен, қазақ халқы жер ыңғайына, ауа-райына қарай көшіп-қонуды әдетке айналдырған. Күннің қапырық, ыссы мезгілдерінде ауылдан өтіп көшіп бара жатқандарға елдің қыз-келіншектері қымыз, шұбат, айран, шалап сияқты бар сусындарын алып шыққан. Көшіп келе жатқандар тоқтап, көлік суытып, қарсы алғандардың сусынын ішіп, дем алып, жол-жөнекей осындай құрмет көріп, рақметін айтып, ілгері жылжи береді екен. Жалпы, ауыл үстінен өткендерге дәм татқызу - қазақтың ата ғұрпы.

  1. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

8.10.2014 Ж. №2 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.10.2014. № 2 Хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: Филология

Кафедра: Қазақ филологиясы

Пән : Қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №3

1. Отбасы және ұлттық құндылықтар

2.Мәтінмен жұмыс. Орал қаласының тарихи орындары туралы мәтінді оқып, өз мәліметтеріңізбен толықтыра отырып мазмұнын баяндаңыз.

Орал - өте көне қала. Қаланың тарихы өте бай. Сондықтан мұнда тарихи орындар өте көп. Көптеген тарихи ескерткіштер болашақ ұрпақтар үшін қаз-қалпында сақтаулы: бұрынғы қазақ-орыс мектебі (Қазіргі уақытта мұнда тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан.) Ол 1880 жылдары салынған. XVIII ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші Жебірейіл Михаилдың соборы (1751жылы салынған). Бұл собор 1773-1775 жылдары Емельян Пугачевтің басшылығымен өткен шаруалар соғысының куәгері.А.С.Пушкин мұражайы (2006 ж.) – бұрынғы атамандар үйі. Бұл үйде Покатилов деген атаман тұрған. 1833 жылы Покатилов Пушкинді жылы қарсы алып, оған қаланы көрсеткен және оған жұмыс бөлмесін берген. Бұл үйде В.И.Даль, В.А.Жуковский, Л.Н.Толстой сияқты жазушылар тоқтап, жұмыс істеген. Қалалық мұсылмандар мешіті ғимаратында Ғабдолла Тоқай оқыған. Гайдар атындағы қалалық кітапхана XIX ғасырда салынған. Бұл үйде 1900 жылы шілде-тамыз айларында Пугачев туралы мұрағаттармен Короленко жұмыс істеген. Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана - бұрынғы Карев деген саудагердің үйі, 1901 жылы қаланған.

3.Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.