Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
STUD_-KAZ_-FARMA_-_ekzamen_testy_-_2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.14 Кб
Скачать

1. Пентоксифиллин

2. Церебролизин

3. Фепромарон

4. Глицин

5. Аминалон

Тест №33. Дәрілік заттар тобын анықтау: мида зат алмасу үрдісіне және қан айналымына оң әсер көрсетеді. Тотығу-тотықсыздану үрдістерін ынталандырады, мидың ишемияға ұшыраған ошақтарында қан айналымды жақсартады. Жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларында, негізінен қан тамырлық ауруларда және зат алмасудың бұзылыстарына байланысты дамыған, сонымен қатар, геронтологиялық практикада қолданылады:

1. Ноотропты заттар

2. Антикоагулянттар

3. Антиагреганттар

4. Тырысуға қарсы заттар

5. Эпилепсияға қарсы заттар

Тест №34. Препаратты анықтау. Қалқанша безі гормонының синтетикалық аналогы, левотироксиннен 3-4 есе белсенді, гипотиреоидты команы емдеуде жұптастырылған ем үшін қолданылады. Орын басушы ем үшін ұсынылмайды, себебі жартылай шығарылу кезеңі қысқа:

1. Левотироксин

2. Калий перхлораты

3. Мерказолил

4. Тиреокомб

5. Трийодтиронин

Тест №35. Препаратты анықтау. Құрамында трийодтиронині, левотироксині, калий йодиді бар жұптастырылған препарат:

1. Мерказолил

2. Тиреокомб

3. Глибенкламид

4. Актрапид

5. Акарбоза

Тест №36. Кортикостероидтарды кенеттен тоқтатуға болмайды себебі:

1. Психиканы тежеуіне байланысты

2. Артериялық қысым төмендеуіне байланысты:

3. Гипергликемия дамуына байланысты

4. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігіне байланысты

5. Остеопороз дамуына байланысты

Тест №37. Гипотиреозда қолданылады:

1. Преднизолон, левотироксин

2. Трийодтиронин гидрохлориді, глимеперид

3. Левотироксин, тиреокомб

4. Мерказолил, калий перхлораты

5. Метформин, тиреотом

Тест №38. Инсулиннің жанама әсерлері:

1. Шамадан тыс гипогликемия, аллергиялық реакциялар

2. Гипергликемия, құсу

3. Иценко Кушинга синдромы,

4. Аллергиялық реакциялар, аритмия

5. Критинизм, диарея

Тест №39. Инсулинге тән әсерлер:

1. Айқын гипогликемиялық әсер

2. Ішке енгізу

3. Гипогликемиялық команы тоқтату үшін қолданылады

4. Ішектен кальцидің сіңірілуін ынталандырады

5. Остеопорозда қолданылады

Тест №40. Трийодтиронин гидрохлориді балалар практикасында қолданылады:

1. Гипертиреоидизм

2. Микседема

3. Қант диабеті

4. Кретинизм

5. Анемия

Тест №41. Сурфактанттың синтезін жоғарылататын тиреоидты гормондар препараты:

1. Мерказолил

2. Калий перхлораты

3. Глимеперид

4. Трийодтиронин гидрохлориді

5. Пиоглитазон

Тест №42. Мерказолилдің антитиреоидты әсер механизмі:

1. Гипофизде тиреотропты гормонның өндірілуін тежейді

2. Қалқанша безінде тиреоидты гормонның өндірілуін тежейді

3. Қалқанша безінің фолликулаларын бұзады

4. Қалқанша безімен йодтың сіңірілуін бұзады

5. Жасуша мембранасындағы рецепторлармен байланысу

Тест №43. Инсулинді артық мөлшерлегенде қолданылады:

1. Протафан

2. Глюкоза

3. Глибенкламид

4. Метформин

5. Акарбоза

Тест №44. Акарбозаға тән әсерлер:

1. Ішекте көмірсулардың сіңірілуін қалыптастырады

2. Айқын гипогликемия туғызады

3. Бауырда глюконеогенезді тежейді

4. α-глюкозидазаны тежейді

5. Қанда глюкозаның құрамын жоғарылатады

Тест №45. Ұзақ әсер ететін инсулин препараттары:

1. Тиреокомб, ультратард

2. Левотироксин, метформин

3. Калий перхлораты, хумулин

4. Глибенкламид, актропид

5. Хумулин, ультратард

Тест №46. Молекула құрамында фтор атомы бар глюкокортикоидтар:

1. Преднизолон, гидрокортизон

2. Триамцинолон, кортизон

3. Дексаметазон, триамцинолон

4. Метилпреднизолон, дексаметазон

5. Кортизон, гидрокортизон

Тест №47. Ащы ішектің проксималды бөлігінде полисахаридтердің ыдырауын төмендететін a – глюкозидазаның ингибиторы:

1. Метформин

2. Пиоглитазон

3. Акарбоза

4. Тирекомб

5. Актрапид

Тест №48. Триамциналонға тән әсерлер:

1. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсерлер

2. Иммунитет ынталандырушы және антиаритмиялық әсерлер

3. Антигипертензивті және ықылыққа қарсы

4. Жара жазылуын жылдамдататын және иммунодепрессивті әсерлер

5. Гепатотоксикалық және ототоксикалық әсерлер

Тест №49. Инсулин қанда қанттың төмендеуін туғызады:

1. Шеткі тіндермен глюкозаның ұсталуын азайтады

2. Гликогеннің ыдырауын жоғарылатады

3. Глюконеогенезді азайтады

4. Ішектен глюкозаның сіңірілуін азайтады

5. Глюконеогенездің жоғарылуы

Тест №50. Сульфонилмочевина туындыларының III ұрпағы:

1. Преднизолон

2. Глюкагон

3. Актрапид

4. Митотан

5. Глимепирид

Тест №51. Глюконеогенезді тежейтін және глюкозаның шеткі тіндерге өтуін қалыптастыратын зат:

1. Инсулин

2. Глибенкламид

3. Метформин

4. Акарбоза

5. Глюкоза

Тест №52. Тіндердің инсулинге тұрақтылығын төмендететін гипогликемиялық зат:

1. Гидрокортизон ацетаты

2. Триамцинолон

3. Глимепирид

4. Пиоглитазон

5. Метформин

Тест №53. Қан сарысуында холестериннің, триглицеридтердің деңгейін төмендететін гипогликемиялық зат:

1. Глюкагон

2. Спиронолактон

3. Преднизолон

4. Пиоглитазон

5.Метформин

Тест №54. Сульфанилмочевина туындысына жататын гипогликемиялық зат:

1. Метформин

2. Протафан

3. Акарбоза

4. Глипизид

5. Розиглитазон

Тест №55. Гликлазидтердің жанама әсерлері:

1. Диспепсиялық бұзылыстар, агранулоцитоз

2. Лейкопения, ототоксикалық әсер

3. Гипергликемиялық әсер, лейкопения

4. Гипертензивті әсер, анемия

5. Аллергиялық реакциялар, гипотензивті әсерлер

Тест №56. Гипотиреоидты комада таңдамалы препарат болып табылады:

1. Левотироксин

2. Мерказолил

3. Калий перхлораты

4. Трийодтиронин гидрохлориді

5. Тиреокомб

Тест №57. Минералокортикоидтар препараты:

1. Митотан

2. Аминоглютетимид

3. Спиронолактон

4. Дезоксикортикостерон ацетаты

5. Преднизолон

Тест №58. Минералокортикоидтардың қолдануға көрсетілулері:

1. Аддисон ауруы, миастения

2. Қант диабеті, гипертониялық ауру

3. Гипертиреоидизм, стенокардия

4. Базедов ауруы, кретинизм

5. Микседема, бронхиалды демікпе

Тест №59. Семіздікті емдеу үшін қолданылатын заттар:

1. Сибутрамин, олестра

2. Преднизолон, спиронолактон

3. Глибенкламид, гидрокортизон

4. Глимепирид, метапролол

5. Акарбоза, мерказолил

Тест №60. Минералокортикоидтардың антагонисті болып табылады:

1. Спиронолактон

2. Гидрокортизон ацетаты

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Триамцинолон

Тест №61. Глюкокортикоидтық гормондар белсенділігі тән препараттарға жатады:

1. Гидрокортизон, преднизолон

2. Дезоксикортикостерон, глюкагон

3. Акарбоза, инсулин

4. Триамцинолон, пиоглитазон

5. Митотан, глимепирид

Тест №62. Глюкокортикоидтар келесі жағдайларда кең қолданылады:

1. Гипертониялық ауру, коллагеноздар

2. Коллагеноздар, бүйрек үстібезінің жеткіліксіздігі

3. Аллергиялық аурулар, стенокардия

4. Микседема, гипертониялық ауру

5. Қант диабеті, семіру

Тест №63. Глюкокортикоид – табиғи гормонның аналогы:

1. Дексаметазон

2. Аминоглютетимид

3. Гидрокортизон

4. Триамцинолон

5. Митотан

Тест №64. Глюкагонға гипергликемиялық әсермен қатар келесі әсер тән:

1. Антиангиналды

2. Антитиреоидты

3. Гипертензивті

4. Гипотензивті

5. Кардиотоникалық

Тест №65. Глюкокортикоидтардың фторланған синтетикалық туындысы:

1. Дексаметазон

2. Трийодтиронин гидрохлориді

3. Преднизолон

4. Дезоксикортикостерон ацетаты

5. Митотан

Тест №66. Препаратты анықтау: стериодты құрылымды синтетикалық препарат, 17 а-этинил-тестостерон туындысы, гипофизарлы гонадотропты гормонның бөлінуін тежейді. Үлкен мөлшерде біршама андрогендік және анаболикалық әсерлер көрсетеді.

1. Дезоксикортикостерон ацетаты

2. Аминоглютетимид

3. Спиронолактон

4. Даназол

5. Триамциналон

Тест №67. Жүйелік әсер көрсететін глюкокортикоидтар:

1. Мерказолил, гликлазид

2. Флуметазон пивалаты, тиреотом

3. Преднизолон, триамцинолон

4. Синафлан, калий перхлораты

5. Митотан, глибенкламид

Тест №68. Пульс-терапия:

1. Глюкокортикостероидтардың жоғарғы мөлшерін қысқа уақытқа тағайындау

2. Орташа ұзақтықта әсер ететін глюкокортикостероидтарды тағайындау

3. Қысқа уақыт әсер ететін глюкокортикостероидтарды тағайындау

4. Физиологиялық мөлшерін циркадианды ритмді ескере отырып тағайындау

5. Орташа мөлшерін ұзақ уақыт тағайындау

Тест №69. Ұзақ әсер ететін глюкокортикоид:

1. Триамцинолон

2. Митотан

3. Гидрокортизон ацетаты

4. Дексаметазон

5. Флудрокортизон

Тест №70. Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы әсер механизмі:

1. Фосфолипазы А2 белсенділігін төмендетеді

2. Циклооксигеназаның белсенделігін төмендетеді

3. Т-лимфоциттердің пролиферациясын тежейді

4. Т-лимфоциттердің цитотоксикалық қасиетін төмендетеді

5. Қан тамырлары қабырғаларының адреналин мен норадреналинге сезімталдығын

Тест №71. Препаратты анықтау: глюкокортикоид, қабынуға қарсы зат ретінде гидрокортизоннан 5 есе белсенді, минералокортикоидты қасиеті жоқ. Жанама әсерлері – ауыр миопатиялар, депрессивті жағдайлар.

1. Митотан

2. Дексаметазон

3. Триамцинолон

4. Флудрокортизон

5. Преднизолон

Тест №72. Гепаринге тән әсерлер:

1. Геморрагиялық инсултте тиімді

2. Қан ұюын іn vіtro және іn vіvo тоқтатады

3. Тромбы түзілуін күшейтеді

4. Тромбоциттердің агрегациясын туғызады

5. Нефротоксикалық әсер туғызады

Тест №73. Гипохромды анемияда таңдамалы препараттар болып табылады:

1. Темір лактаты, темір фумараты

2. Цианокобаламин, шала тотыққан темір сульфаты

3. Ферковен, фолий қышқылы

4. Эпоэтин альфа, викасол

5. Аминокапрон қышқылы, контрикал

Тест №74. Гиперхромды анемияда таңдамалы препараттар болып табылады:

1. Цианокобаламин, темір хлориді

2. Кальций хлориді, мальтофер

3. Цианокобаламин, фолий қышқылы

4. Фибриноген, темір лактаты

5. Темір фумараты, эпоэтин альфа

Тест №75. Темір препараттарының жанама әсерлері:

1. Қан кету, іш қату

2. Ульцерогенді әсер, бас аурулар

3. Пирогенді әсер, аллергиялық реакциялар

4.Тісте қара дақтар түзілуі, іш қату

5. Невриттер, бас айналу

Тест №76. Препараттың тобын анықтау: ішке қабылданады, әсері баяу дамиды, қан ұюын іn vіvо тоқтатады, кумуляцияланады, К витаминінің антагонисі:

1. Тікелей әсер ететін антикоагулянттар

2. Тікелей емес антикоагулянттар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]