Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзін-өзі тану. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.83 Кб
Скачать

§ 3. Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары

Өзін-өзі танудың ең кең таралған амал-тәсілдеріне мыналар жатады: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандай да бір «өлшегішпен» салыстыру, өз тұлғасын үлгілеу, әр қасиетте, жүрыс-тұрыс сипаттамасында қарама-қайшылықтарды танып-білу.

Өзін-өзі бақылау. Бұл өзін, өз жүріс-тұрысын, ішкі әлем оқиғаларын бақылау арқылы өзін-өзі тану тәсілі. Адамзат бір кездері психологияның негізгі әдісі болып табылған және «интроспекция» (ішке қарай үңілу) деп аталған, ал психологияның өзі «интроспективалы» деген атау алған өзін-өзі бақылаумен баяғыдан таныс. Бұл әдіс өте субъективті және адам психикасының дәл көрінісін бермейтіндіктен, кейініректе бұл әдістен негізгі әдіс ретінде бас тартылды, алайда өзін-өзі тану тәсілі ретінде оның зор маңызы бар. Өзін-өзі бақылау жолшыбай аз ұғынылған және мақсатты бағытталған болады. Жолшыбай аз ұғынылған ретінде өзін-өзі бақылау үнемі жүзеге асырылып отырады және біздің санамыздың қызмет атқаруына ұқсас болып келеді. Біз бір нәрсені жасаймыз, араласып-құраласамыз, дем аламыз және өзін-өзі бақылауды жүзеге асыра отырып, бір мезгілде өзімізді бақылағандай боламыз. Жүріс-тұрыс басқалар немесе біздің өзіміз белгілеген норматив шегінен шығып кеткеннен-ақ, біз оған түзетулер енгіземіз. Солай бола тұрса да, мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау барысында фактілерді жинау процесі жүзеге асырылады, олардың кейбірі маңыздылығына немесе қайталанғыштығына орай біздің санамыздың объектісі бола бастайды, яғни табылады, бекітіледі, талдауға ұшырап отырады.

Мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау біз қандай да бір қабілетті, тұлғаның қасиеттерін, жүріс-тұрыс сипаттамаларын табуды және оның көрініс беруін өзімізде бекітіп қалуды мақсат етіп қойған кезде орын алады. Бұл үшін адам кей кездері өз өзін тиісті жағдайларға қояды немесе өзімен өзіндік эксперимент жүргізе отырып, осындай жағдайларды өзі жасайды. Осындай эксперимент жүргізу үшін жақсы мүмкіндіктерді өз бойынан белгілі бір қасиеттер мен сапаларды табуға және бекітуге мүмкіндік беретін, арнайы ұйымдастырылған психологиялық тренингтер жасап береді. Айтылғаннан жолшыбай да, мақсаттцы бағытталған өзін-өзі бақылаудың да тұлғаның қасиеттерін, мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін және көптеген басқаларды табуға және бекітуге мүмкіндіктер беретіндігі түсінікті.

Өзін-өзі талдау. Өзін-өзі бақылаудың көмегімен табылған нәрсе талдауға (бөлшектеуге, ыдыратуға) ұшырайды, оның барысында тұлғаның ерекшелігі немесе жүріс-тұрыс сипаттамасы оны құрайтын бөліктерге бөлшектенеді, себеп-салдарлық байланыстар анықталады, өзі туралы, аталған нақтылы қасиет туралы ойлану процесі жүреді. Мысал. Сіз өзін-өзі бақылау және жағымсыз эмоцияларды бекіту арқылы өзіңіздің ұялшақ екеніңізді анықтадыңыз немесе таптыңыз. Өзін-өзі талдау арқылы мұның шынында осындай екендігін, яғни ұлшақтық белгілерінің қандай екендігін дәлдеп тексереміз. Сіз өзіңізге: «Мен қысылып-қымтырыламын, мен қызарамын (немесе бозарамын), қойылған сұрақтарға түсінікті жауап бере алмаймын» деуіңіз мүмкін. Бірақ егер тек осыған ғана тоқталып қалсаңыз, Сізді жағымсыз сезімдер мен уайымдаулар орап әкетуі мүмкін, кемшілік кешені туындауы мүмкін. Алайда бұл тек бастапқы өзін-өзі талдау ғана. Одан әрі, бұл туралы ой жүгірте отырып, тағы да сұрақтар қоюымызға болады: бұл әрқашан көрініс таба ма? Мен жақын және туыс адамдармен қарым-қатынаста ұялшақпын ба?

- Жоқ. Сабаққа жауап бере отырып, мен ұялшақтық көрсетемін бе? – Жоқ. Ал танымайтын адамдармен қарым-қатывнаста ше? – Иә. Бәрімен бе? – Жоқ, тек қарама-қарсы жыныс өкілдерімен ғана.

Осылайша, сіздің ұялшақ екендігіңіз, бірақ жалпы емес, қарама-қарсы жыныс өкілдерімен ұялшақ екендігіңіз анықталады. Бұл немен туындаған? Бұл әлде ұнап қалуға тырысу, әлде өзіңізді әртүрлі жағдайларда қалай ұстау керектігін білмеу, немесе өзіңізге қатысты келемеждің немесе қалжыңның нәтижесінде бала кездің өзінде пайда болған, қарама-қарсы жыныстағы бөтен адамдармен қарым-қатынаста көрініс табатын сенімсіздік деп ойлануға болады. Біз енді өзіміздің гипотезалық мысалымыздағы гипотезалық шындыққа жақындап та келеміз. Ересек адамның ұялшақтығының себебі оны келемеждеудің нәтижесі ретіндегі, бала кезінде бастан кешкен, жасырынып қалған реніш те болуы мүмкін екен.

Көріп отырғанымыздай, осында келтірілген өзін-өзі талдау алгоритмі айтарлықтай қарапайым, ол тек қана өзіне назар аударуды, біршама уақытты және өмірлік фактілерді тарта отырып, өзіне сұрақ қоя білуді, оларға дұрыс жауап беруді ғана қажет етеді.

Өз өзін қандай да бір «өлшеммен» салыстыру. «Өлшем» мен «шкала» сөздері – бұл шартты түсініктер, алайда олар аталған тәсілдің мәнісін айтарлықтай дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Біз өзімізді басқа адамдармен, әлде идеалдармен, әлде қабылданған нормативтермен үнемі салыстырып отырамыз. Салыстыру тәсілі өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз өзін бағалауды құруға мүмкіндік береді. Мұндай салыстыру мұның полярлық полюстері қарама-қарсылықтар болып табылатын шкаламен жүзеге асырылады, мысалы: ақылды – топас, жақсы – жаман, әділ - әділ емес, зейінді – зейінсіз, еңбексүйгіш – жалқау. Әрі біз осы шкаладан өзімізге орынды міндетті түрде табамыз.

Мысал. Сіз: «Мен айтарлықтай ақылдымын, бірақ онша міндетті емеспін, мен мейірімді адаммын, бірақ өзіме кейде сенімді емеспін» дейсіз. Мұндай өлшемдер сізде бүкіл өмір бойында, кей кездері санадан тыс, өзіңізді басқа адамдармен немесе жалпы танылған нормативтермен үнемі салыстырудың негізінде қалыптасады. Өлшемдер әртүрлі: аталған жағдайдағы секілді шкала түрінде немесе сіз, осы қатарда өзіңізге де орын таба отырып, адамдарды қандай да бір қасиеттің көрінушілік дәрежесі бойынша дәрежеге бөлген кездегі дәреже түрінде болады, мысалға, сіз өз бойыңыздан өзіңізге өмір сүруге, еңбек етуге, басқа адамдармен өзара әрекеттесуге күш беретін мықты қасиеттерді және, керісінше, өмірді қиындататын, дисгармония енгізетін, теріс эмоциялар тудыратын, тұлғаның әлсіз Өз тұлғасын үлгілеу енді өзін-өзі танудың айтарлықтай арнайы әдістеріне жатады және оны ең жақсысы, мысалы, психологтың көмегіне сүйене отырып қолданған жөн болады. Бірақ, өкінішке орай, психологпен әңгімелесу барлығына қол жеткізе бермейді, сондықтан өзін-өзі үлгілеу элементтерін өз бетінше қолдануға да болады. Үлгілеу – бұл жекелеген қасиеттер мен сипаттамаларды нақтылы процестердің (аталған жағдайда өзінің тұлғасының, өзінің басқалармен қарым-қатынасының) символдарында, белгілерінде, нысандарында көрсету.

Үлгілеудің ең қарапайым мысалы, мысалға, өзін-өзі суретке салу болып табылады: «Мен қазіргідемін», «Мен болашақтамын», «Мен дос ретінде», «Мен оқушы ретінде» және көптеген басқалары. Сурет өзін-өзі талдауды жеңілдетеді: мен қандаймын, менің қандай ерекшеліктерім, қасиеттерім бар, мен нені керек етемін, мен не істей аламын және т.с. Мен және басқа да маңызды адамдар символдармен (мысалға, шеңберлермен) белгіленетін, өзі мен басқалар арасындағы байланыстар: симпатиялар, антипатиялар, басым болу, бағынышты болу, кикілжіңдер және т.с. жазылатын және ой елегінен өткізілетін тәсіл де тиімді болып табылады. Осылайша тұлғаның өзінің қасиеттерін де: олардың қандай да біреулерін орталықта орналастыруға, біреулерін – шеткері жақта орналастырып, оларды бір біріне жақындық дәрежесі бойынша (біреулері - өмір сүруге, қоршаған адамдармен қатынас құруға көмектеседі, басқалары – кедергі келтіреді, тұлғаны әлсіз етеді) топтастырып, белгілеуге де болады. осыдан кейін дәл осыған ұқсас талдау жүргізіледі, өзін-өзі ойлану, өзінің жүріс-тұрысын және әрекеттерін ойлану жүреді. қасиеттерін бөліп көрсете аласыз.

Қарама-қайшылықтарды ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы бөлініңп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды. Мысал. Жауапкершілік – бұл мықты қасиет. Кей кездері біз жауапкершілікті тәрбиелеу қажеттігі туралы айтамыз, адамдардың осы қасиетті көрсетуін ниет етеміз. Бірақ жауапкершіліктің немесе шамадан тыс жауапкершіліктің жоғары деңгейі адамға кедергісін келтіреді, теріс уайымдар туғызады, өйткені барлық жерде және барлық жағдайларда жауапты болу мүмкін еай. Адамдар әдетте теріс сипаттамаларға жатқызатын өзге қасиетті – агрессивтілікті алайық. Көптеген мәдениеттерде және қоғамдарда аргессивтілік өзінің бұзып-талқандағыштығына орай ынталандырылмайды және тұлғаның әлсіздігінің, оның кемеліне жетпегенінің көрсеткіші ретінде, өзін-өзі байыппен ұстай алмау ретінде, ұстам мен салмақтылықтың жоқтығы ретінде қарастырылады. Бірақ агрессивтілік – бұл бір мезгілде «бу шығара» білу, жинақталып қалған теріс энергиядан босану қабілеті, катарсис, тазару тәсілі де. Сондықтан тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу тұрғысынан алғанда сөз адамның мүлдем агрессивтілік көрсетпеуі туралы емес, оны көрсетудің қолайлы тәсілдерін игеру туралы болады, мысалы, деструктивтік агрессияны конструктивтік агрессияға көшіруге үйрену, басқа адамдарға, мал-жануарларға, заттарға зиян келтірмейтін орнын басушы әрекеттерді меңгеру, сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сабыр сақтау, төзім, шыдамдылық және т.б. тәсілдерін меңгеру маңызды болмақ. Әдетте адам, өзінің бойынан қандай да бір қасиетті тауып және тіптен оны талдап шығып, егер бұл қасиет оңды болса және оның өз талаптану деңгейінде болу қажеттілігіне жауап берсе, қанағаттану сезімін бастан кешіреді немесе, егер осы қасиет теріс, әлсіз қасиет категориясына жататын болса, қанағаттанбау сезімін бастан кешеді. Мұндай тәсіл біржақты болып табылады. Оңды, мықты қасиеттен әлсіз жақтарды табу, ал теріс қасиеттен – оңды және мықты жақтарды табу маңызды. Дәл осындай ішкі жұмыс көбінесе қасиеттерді қайтадан тұжырымдауды, алмастыруды мүмкін етеді, осының нәтижесінде қасиет өзінің игілігі ретінде түсініледі, ал оның теріс зардаптары минимумға келіп саяды. Осы ережені ұялшақтық мысалынан талдап қорытайық. Мысал. Кей адамдар өзіндегі ұялшақтықты басқа адамдармен қатынас жасауда кедергі келтіретін теріс қасиет ретінде қабылдап, осы фактіні қатты уайымдауы мүмкін. Уайымдаулар, өз кезегінде, қоршаған адамдарға қатысты күдіктілікті күшейте түседі. Күдіктілік ұялшақтықты күшейте түседі. Шеңбер тұйықталады. Ұялшақтық қабылданбайды, онымен күрес басталады. Күрес іс жүзінде тек қана уайымдаулардың күшеюіне ғана келіп тіреледі. Алайда ұяылшақтықтан күшті, оңды жақты бөліп көрсе болғаны, ол еш жанға батпайтындай қабылдануы мүмкін. Осындай мықты жақ, мысалға, адамдардың қарым-қатынасына сезімталдық болуы мүмкін, бұл жанның нәзік ұйымдастырылуының және ішкі әлемнің көрсеткіші болып көрініс табады. Шындығына келгенде мұның екеуі де (нюанстарды қоспағанда) бір нәрсе болғанымен де, ұялшақтыққа қарағанда, өзіндегі сезімталдықты, нәзік жан құрылысын қабылдау оңайырақ соғады.

59. Қарама-қайшылықтарды жете ұғыну – өзін-өзі тану үрдісінің тәсілі. Тұлғаның темпераменті – өзін-өзі тану объектісі.

Қарама-қайшылықтарды жете ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы бөлініп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды. Мысал. Жауапкершілік – бұл мықты қасиет. Кей кездері біз жауапкершілікті тәрбиелеу қажеттігі туралы айтамыз, адамдардың осы қасиетті көрсетуін ниет етеміз. Бірақ жауапкершіліктің немесе шамадан тыс жауапкершіліктің жоғары деңгейі адамға кедергісін келтіреді, теріс уайымдар туғызады, өйткені барлық жерде және барлық жағдайларда жауапты болу мүмкін еай. Адамдар әдетте теріс сипаттамаларға жатқызатын өзге қасиетті – агрессивтілікті алайық. Көптеген мәдениеттерде және қоғамдарда аргессивтілік өзінің бұзып-талқандағыштығына орай ынталандырылмайды және тұлғаның әлсіздігінің, оның кемеліне жетпегенінің көрсеткіші ретінде, өзін-өзі байыппен ұстай алмау ретінде, ұстам мен салмақтылықтың жоқтығы ретінде қарастырылады. Бірақ агрессивтілік – бұл бір мезгілде «бу шығара» білу, жинақталып қалған теріс энергиядан босану қабілеті, катарсис, тазару тәсілі де. Сондықтан тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу тұрғысынан алғанда сөз адамның мүлдем агрессивтілік көрсетпеуі туралы емес, оны көрсетудің қолайлы тәсілдерін игеру туралы болады, мысалы, деструктивтік агрессияны конструктивтік агрессияға көшіруге үйрену, басқа адамдарға, мал-жануарларға, заттарға зиян келтірмейтін орнын басушы әрекеттерді меңгеру, сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сабыр сақтау, төзім, шыдамдылық және т.б. тәсілдерін меңгеру маңызды болмақ. Әдетте адам, өзінің бойынан қандай да бір қасиетті тауып және тіптен оны талдап шығып, егер бұл қасиет оңды болса және оның өз талаптану деңгейінде болу қажеттілігіне жауап берсе, қанағаттану сезімін бастан кешіреді немесе, егер осы қасиет теріс, әлсіз қасиет категориясына жататын болса, қанағаттанбау сезімін бастан кешеді. Мұндай тәсіл біржақты болып табылады. Оңды, мықты қасиеттен әлсіз жақтарды табу, ал теріс қасиеттен – оңды және мықты жақтарды табу маңызды. Дәл осындай ішкі жұмыс көбінесе қасиеттерді қайтадан тұжырымдауды, алмастыруды мүмкін етеді, осының нәтижесінде қасиет өзінің игілігі ретінде түсініледі, ал оның теріс зардаптары минимумға келіп саяды. Осы ережені ұялшақтық мысалынан талдап қорытайық. Мысал. Кей адамдар өзіндегі ұялшақтықты басқа адамдармен қатынас жасауда кедергі келтіретін теріс қасиет ретінде қабылдап, осы фактіні қатты уайымдауы мүмкін. Уайымдаулар, өз кезегінде, қоршаған адамдарға қатысты күдіктілікті күшейте түседі. Күдіктілік ұялшақтықты күшейте түседі. Шеңбер тұйықталады. Ұялшақтық қабылданбайды, онымен күрес басталады. Күрес іс жүзінде тек қана уайымдаулардың күшеюіне ғана келіп тіреледі. Алайда ұяылшақтықтан күшті, оңды жақты бөліп көрсе болғаны, ол еш жанға батпайтындай қабылдануы мүмкін. Осындай мықты жақ, мысалға, адамдардың қарым-қатынасына сезімталдық болуы мүмкін, бұл жанның нәзік ұйымдастырылуының және ішкі әлемнің көрсеткіші болып көрініс табады. Шындығына келгенде мұның екеуі де (нюанстарды қоспағанда) бір нәрсе болғанымен де, ұялшақтыққа қарағанда, өзіндегі сезімталдықты, нәзік жан құрылысын қабылдау оңайырақ соғады.

Жалпы алғанда өзін-өзі қабылдау - өзін-өзі танудың қорытындылаушы бөлімінің маңызды сәті, дәл осы өзін-өзі жетілдірудің, өзін тану және дамыту дың бастапқы нүктесі болып табылады, бір мезгілде өзін-өзі тану кезеңі ретінде де, тұлғаның бірлігі мен үйлесімділігінің жетістігі ретінде де, өзін тану және дамыту механизмі ретінде де көрініс табады.

Өзін-өзі танудың ең кең және қол жетерлік тәсілі болып басқа адамдарды тану табылады. Өзіміздің жақындарымызға, достарымызға сипаттама бере отырып, олардың жүріс-тұрысының мотивтерін талдай отырып, өзімізді басқалармен салыстыра отырып, біз осы сипаттамаларды кей кезде санадан тыс өз өзімізге көшіреміз. Осындай салыстыру жалпы мен ерекшені бөліп көрсетуге, өзіміздің басқалардан айырмашылығымызды және оның нақты неден тұратынын бөліп көрсетуімізге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану тәсілдеріне бет бұрайық.

Өзін-өзі танудың кең таралған тәсілдерінің бірі, әртүрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін өз өзіне есеп беру болып табылады. Ауызша өз өзіне есеп беру аптаның, айдың және т.с. соңында жүргізілуі мүмкін. Мұнда күннің немесе аптаның оқиғаларын жаңғырту: өзіңнің әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысыңды талдап шығу; барлық позитивтер мен негативтерді атап өту; қандай да бір түрде әрекет жасауға түрткі болған себептерді көрсету; одан да тиімдірек жүріс-тұрыс үлгілерін қарастырып шығу; өз бойыңда «есепті» кезеңде көрініс тапқан қасиеттер мен жеке бас ерекшеліктерін бөліп көрсету маңызды.

Өз өзіне есеп берудің өзге түрі күнделік жүргізу болып табылады. Ол уақыт шығындауды және ерік-жігерді қажет еткенімен, осы түрдің басымдықтары айдан анық. Біріншіден, адам оқиғаларды өзінде жазып алған кезде онда, әсіресе алуан түрлі уайымдауларды сөз түрінде білдіру керек болған жағдайларда, ойдың қарқынды жұмысы жүреді, осының нәтижесінде оқиғаларды да, уайымдауларды да ұғыну процесі жүреді. Екіншіден, күнделік жүргізу бізде бар ең бірегей нәрсені – біздің өміріміз бен оқуымыздың маңызды нәтижесі ретінде көрініс табатын өз өмірлік тәжірибемізді жазбаша түрде бекітіп қоюға мүмкіндік береді. Үшіншіден, күнделікте өзіңнің өткен өміріңді баяндауға, осылайша оны терең ұғынуға, өз тұлғаңның даму динамикасын табуға болады. Төртіншіден, күнделік мұнда баяндау талдаумен үйлесетін өзіңе өзіндік сипаттама беруге мүмкін сыйлайды. Өзін-өзі танудың келесі тәсілдері кинофильмдер, спектакльдер көру, көркем әдебиет оқу болып табылады. Жазушылардың, әсіресе классиктердің тамаша психологтар екендігі белгілі, оның үстіне, олар кей кездері мұны шешуге ғылыми психология тек енді ғана кірісе бастаған мәселелерді көтереді. Көркем әдебиетті оқи отырып, біз кейіпкерлердің психологиялық порттері мен сипаттамаларына, олардың әрекеттеріне, басқа адамдармен қатынастарына назар аудара бастаймыз, сіз еркіңізден тыс өзіңізді осы кейіпкерлермен салыстырасыз. Фильм, спектакль көріп, көркем туындыны оқып, өзіңізге: негізгі кейіпкерлердің әрекеттері қандай? деген бірқатар сұрақ қоюға тырысыңыз. Бас кейіпкердің мінезінің қалыптасуында қандай факторлар жетекші роль ойнап шықты? Адамды дәл осындай болуға не итермеледі? Ол басқаша әрекет жасай алар ма еді? Өзіңіз осындай жағдайда не істер едіңіз? Өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша, кейіпкерге өзгеше болу, өзгеру үшін не істеу керек? және т.с. Адам неғұрлым көбірек оқыған сайын, адамның оның ішінде өзін-өзі тану мәселелерінде де соншама көбірек мағлұматты деген ақиқат жақсы таныс. Және, сірә, өзін-өзі тану үшін ең кең мүмкіндіктерді психологияны, оның ішінде тұлға психологиясы, топтар психологиясы; әлеуметтік психология, танымдық әрекет психологиясы секілді тарауларын оқу береді. Қазіргі таңда көптеген орта және жоғарғы оқу орындарында психология міндетті пән болып табылады, бұл, сөз жоқ, оңды фактор болып табылады. Осыған байланысты көптеген пайдалы мәлімееттер білім қалуға, өзіңнің психологиялық сауаттылығыңды арттыруға, өзін-өзі тану сферасын кеңейтуге болатын, көпшілікке арналған психологиялық әдебиеттің көлемі айтарлықтай арта түсті. Психологиялық тестілеуді қолданған пайдалы, бірақ интерпретациялау нұсқаулары мен тәсілдерін зейін қоя оқып шығып, байсалды, сынақтан өткен тесттерді қолданған жақсы екендігін есте ұстау керек. Егер мүмкіндік бар болса, интерпретациялауды маман-психологпен бірлесе жүзеге асырған жақсырақ болады. Ойын-сауықтық тесттерге тиісінше қарап, оларды шындап қабылдамаған жөн.

60. Өзін-өзі сыйлау – өзін-өзі тану үрдісінің нәтижесі.

Сәйкестік және өзін-өзі қабылдау сезімінің негізінде осында тұлғаның өзіне көңілі аууының дәрежесі көрінетін өзін-өзі құрметтеу пайда болады. Өзін-өзі құрметтеу – бұл өзіңе құндылық ретінде тұтас оңды қарау, онда сан көптеген өзін-өзі бағалаулар интеграцияланады. Адамның қандай да бір салаларда өзін жоғары, қандай да бірінде төмен бағалайтындығы түсінікті, алайда жалпы алғанда ол өзін қабылдайды, өзінің оң қабағымен қарайды, өзін және өз жетістіктерін мақтаныш тұтады. Осы өзін-өзі құрметтеудің нақтылы болғаны маңызды. Өзін-өзі төмен құрметтеген жағдайда адам өзін жақсы көруден қалады, тұлғаішілік кикілжіңдерді бастан кешіреді, шамадан тыс құрметтеген жағдайда - өзіне ғана шоғырланады, өзіне сүйсіне қарайды, басқаларға менсінбей қарайды, өзіне деген сенімділікті, өзіне ризалықты, эгоцентризмді көрсетеді.

Өзін-өзі құрметтеудің тек өзіне оңды қараудың және жекелеген өзін-өзі бағалаулардың негізінде ғана емес, өзінің талаптанулары мен нақтылы жетістіктерін салыстырып көрумен де қалыптасатындығын атай кетуіміз керек. Өз уақытында американдық физиолог У.Джемс тұлғаның талаптануларын және ол қол жеткізетін табыстарды байланыстыратын бірегей формула шығарған болатын. Бұл формула мынандай түрге ие:

Табыс = Талаптанулар Өзін-өзі құрметтеу

Табыс неғұрлым жоғары және ұмтылыстар неғұрлым төмен болған сайын, өзін-өзі құрметтеу соғұрлым жоғарырақ және керісінше, талаптанулар неғұрлым жоғары және табыс неғұрлым төмен болған сайын, адам өзін-өзі соғұрлым азырақ құрметтейтін болады. Алайда, парадокс адамның іс-әрекет мақсаттарына қатысы ретіндегі талаптанулардан толығымен бас тарта алмайтындығынан тұрады, табыс және сәтсіздік – жағдайларға да, тұлғаның өзіне де тәуелді болатын нақтылы категориялар. Сондықтан адам табыстарға және өткен тәжірибеге байланысты өзінің талаптануларын түрлендіріп отыруға мәжбүр, ал талаптанулардың өзгеруі, өз кезегінде, табыстарға әсер етеді.

Осыдан барып жекелеген жағдайларда біз өзіміздің табыстарымызға масаттанамыз немесе сәтсіздіктерімізге өкінеміз, кейде өзімізді құрметтейміз, кейде өзімізге көңіліміз онша тола қоймайды. Ең бастысы, нақтылы жағдайдан тысқары жерде, жалпы алғанда сәтсіздіктерді уақытша құбылыс ретінде қабылдай отырып, өзімізге оң қарай алуымыз, ал егер бұл сәтсіздіктер тұрақты сипатқа ие болса, рухтың бойда болуын, өзімізге деген сенімді жоғалтпау, жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттің тактикасы мен стратегиясын өзгерте алуымыз. Нақтылы талаптанулар болған кезде, жоғары өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі қабылдау болған жағдайда, тегеурінді еңбек еткен кезде көптеген мәселелер шешілуі мүмкін. Үлкен есеппен алғанымызда, мұндай сенім адамға өмір сүруге, кедергілерді жеңуге, нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ақыр соңында, сәйкестіктің, өзін-өзі қабылдаудың, өзін-өзі құрметтеудің қолайлы үйлесімі өзін, өзінің мүмкіндіктерін білуге, өз өмірінің мағыналылығы мен құндылығына деген сенімге, адам өзінің өмірін өз бетінше құруға қабілетті екендігіне сенімге, өзінің таңдауларын және өзінің тағдырын (ал ол әр адамда бар) анықтауға негізделген өз құзыреттілігі сезімін тудырады. Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі танудың нәтижелері айтарлықтай кең және өзі туралы білімдер мен өзіне эмоциялық-құндылық қараудың: сәйкестік, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, тұлғалық құзыреттілік сезімдерінің қорытпасы болып келеді.

61. Өзін-өзі қабылдау – өзін-өзі тану үрдісінің нәтижесі.

Өзін-өзі қабылдау тұлғаның сәйкестігімен тығыз байланысты, өз бойынан теріс пен оңды, мықты мен әлсізді мойындауды қосады және өзіңе сайма-сайлықтың негізінде өзіңе жақындық шамасын білдіреді. Өзін-өзі қабылдау өзің туралы білімдердің, өзіңнің мықты және әлсіз қасиеттеріңді егжей-тегжейлі талдаудың, оларды бағалаудың және тіптен адам өзінің әлсіз қасиеттеріне жатқызатын қасиеттерге де оңды эмоциялық қараудың негізінде пайда болады. Өзін қабылдамаған немесе ішінара қабылдаған жағдайда бұл әркімнің қолынан келе бермейтін өзімен күресуге, өзін қайта құруға деген ұмтылыс пайда болады. Шынайы Өзін-өзі қабылдау өзіңмен күресуді білдірмейді, бірақ ол адам өзге болуға деген мақсат қоймайды дегенді де білдірмейді. Шынайы өзін-өзі қабылдау – бұл өзін тану және дамыту мен өзін-өзі жетілдіру үшін негіз.

Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы

Өзін-өзі қабылдау – бұл жалпы алғанда тұлға секілді, өз тұлғасының барлық аспекттерінің тіршілік етуге құқығын танып, мойындау. Күшті жақтар секілді, әлсіз жақтар да, оңды жақтар секілді, теріс жақтар да – осылардың барлығы да, осы әлсіз жақтар, теріс ерекшеліктер бізде қандай теріс эмоциялар мен уайымдаулар тудырғанымен де, тіршілік етуге, қызмет атқаруға тең құқыққа ие. Психологияда мынандай факт баяғыдан белгілі және дәлелденген: адам өзін, өз қасиеттерін (тіптен негативті эмоциялар тудыратындарын да) неғұрлым көбірек шамада қабылдауға қабілетті болса, олд соғұрлым көбірек шамада гармониялы тұлға болып табылады және алға жылжитын өзін алға жылжытатын өзін тану және дамытуға көбірек дәрежеде қабілетті.

Біріншіден, мынаны анықтап алған маңызды: адам өз бойынан нені сөзсіз қабылдайды, таниды, мойындайды және неге оңды қарайды; өзінің бойынан нені негативті, теріс уайымдаулар тудыратындай етіп ұғынады (қандай да бір қасиеттер немесе сапалар қабылданбайды да, оларды жою бойынша күрес басталып кетеді); өзінің бойынан не нәрсені мұның қабылдауға болмайтындай болып, санасыздыққа ығыстырылғандықтан, сондықтан қабылдана алмайтындығына орай ұғына алмайды.

Екіншіден, «нашар» қондырғысының қызмет етуіне орай толық қабылдамау ретінде, адамда өз өзін теріс бағалау қалыптасатын жағдайлар ерекше талқылауға лайық болып келеді. Өз өзіне және басқаларға әртүрлі қараудың осы жағдайларын Э.Берн (американдық ғалым) суреттеп берген, ол индивидтің: «Мен жақсымын, Сен - жамансың», «Мен жақсымын – Сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жамансың» секілді әртүрлі өмірлік позицияларын бөліп көрсетеді. Соңғы екі жағдайда «Мен нашармын» деген қондырғы басым болып келеді. Алайда соңғы жағдайда ол әлемге деген мүлдем теріс көзқарасты көрсетеді: «Барлығы нашар адамдар, оның ішінде мен де жаманмын». Бұл позиция - өзін-өзі төмендету жәнебір мезгілде оңды қасиетке ие ретінде қабылданатындардың және бағаланатындардың барлығына деген қызғаныш.

Осындай өзін-өзі қабылдамау әлде өзіне өзі қол жұмсауға дейінгі де шаттықсыз және пессимистік ойларға алып келеді, әлде, керісінше, оны тұлға өзі үшін белгілі бір материалдық игіліктер мен басымдықтарға ие болу үшін «толықтай шамада» пайдаланып қалады (яғни, басқалармен манипуляция жасаудың элементарлы процесі жүзеге асырылады).

Үшіншіден, неліктен тұлғаның дәл бір қасиеттерін және ерекшеліктерін адамдар әртүрлі қабылдайды немесе қабылдамайды? деген сұрақ түпкілікті маңызға ие бола бастайды.

Мысал. Бір адам мейірімділік – оның күшті жағы және ол мұны толығымен қабылдаймын деп есептейді. Екінші біреу, керісінше, мейірімділікті теріс сипаттамасы деп есептеп, одан арылуға ниет етеді. Істің мәнісі – тұлғаның әу бастағы әртүрлі мақсаттарында және оның басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің әртүрлі иәжірибесінде. Егер ол риясыз қабылданса, яғни қоршаған адамдар тарапынан «сыйлық алуға» деген мақсат болмаса, мейірімділік, сөз жоқ, оңды қасиет ретінде қабылданатын болады, мақтаныш аясы болып табылады. Мейірімділік үшін сыйлық күтілетін (жауап қайырымдылығы немесе мейірімділігі түрінде болса да) болса, бірақ индивид оны алмаса, өзінің қайырымдылығы және мейірімділігі осыдан арылу жақсырақ болатын нәрсе ретінде бағаланатын және қабылданатын болады. Ал мейірімділікпен, жақсылықпен күресі қажет пе? Көптеген адамдар бұл ақылға сыймайтын нәрсе деп жауап қайыратын шығар? Бірақ адамдар мұнымен күреседі ғой!

Адамның іргелі қабілеттерінің бірі болып болжауға деген қабілеттілік табылады. Шынында да, адамдарға күн сайын және сағат сайын алдын ала білуге, яғни оқиғалардың өрбуін болжауға, нәтижелерді дөп басып айтуға тура келеді, мұнсыз өмірді, іс-әрекетті және осымен байланыстының бәрін жоспарлау мүмкін болмас еді. Болжау деп психологияда әдетте болашақты жорамалдау, алдын ала білу, күн ілгері болжау түсініледі. Мұндай болжау әрқашан да ықтималдық сипатқа ие болып келеді. Бұл түсінікті де – қандай да бір оқиғаны дәл және біржақты алдын ала білу немесе жорамалдау аса күрделі және проблемалы болып келеді.

Көбіне көп адамдар қандай да оқиғалардың дамуын, басқа адамдардың жүріс-тұрысын болжайды: мысалы, педагог осылар балалардың білімдарлық және тәрбиелілік деңгейі түрінде көрініс табатын, өз еңбегінің нәтижелерін міндетті түрде болжайды. Тұлға өзін жүзеге асырылатын болжаудың ортасына қойғанда, тек өзінің іс-әрекетінің нәтижесін ғана емес, өзін де жаңа және жаңартылған қасиетте күні бұрын көрген кезде, біз өзін-өзі болжаумен –сыртқы және ішкі өмірдің алдағы іс-әрекеттің және өзін тану және дамыту дың міндеттерін шешумен байланысты оқиғаларын күн ілгері білу қабілетімен істес боламыз. Өзін-өзі танумен үйлесе отырып, өзін-өзі болжау тұлғалық дамудың келешектерін анықтауға, тұлға жақын немесе алыстағылау уақытта осыларға ұмтылатын болатын және осыларға бағыт-бағдар алатын талаптар жүйесін, сол идеалды Мен бейнесін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Өзін-өзі болжаулардың мазмұны мен бағытталғандығы үш позициядан қарастырылуы мүмкін:

1) өмірлік жолдың белгілі бір оқиғаларына (ішкі өмірдің, ортаның әрекеттері, оқиғалары);

2) өзін-өзі болжау бағыттылығы аладын ала болатын дүниенің, оқиғалардың ішінен өзінің жүріс -тұрысын, ішкі өмірінде болып жатқан дүние ретінде көрініс тауып, қызық қозғалыстың ішінде өзін сол мзетте көріп машықтанып отырады.

3) өзіндік болжау арқылы өмірлік жолдың әр кезеңдеріндегі оқиғаларда өзін көрсетумен қатар, іс әркетімен тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Келешекте аладын ала болжау арқылы оның даму жолын және жүзеге асырылуын анық көре алады, сонымен қатар өзі туралы ой туындайды. Өзін танудың мазмұнына орай: бейнелі және таңымдық компоненттеп екіге бөледі: адам өзінің бейнесін көз алдына алдын ала елестету арқылы, өзін болашақта болжап көре алады және өзінің өмірбаяны картасы болады.

62 (№50 сұрақпен бірдей)

63. Өзін-өзі бағалау ұғымы. Мен тұжырымдамасы құрылымындағы өзін-өзі бағалау.

Мен-тұжырымдаманың ұғынылу дәрежесі көбіне-көп адамға, оның өзін-өзі тануға қабілеттілігінің дамуына, оның өзін-өзі тануға ұмтылысына және өзін-өзі танумен жүйелі түрде айналысу әдетіне байланысты болып келеді.

Мен бейнесінің «кірпіштері» (өзі туралы білімдер) шынайы және жалған, адекватты және адекватсыз, салыстырмалы толық және фрагментарлы болуы мүмкін. Егер адам өзіне шындығында да тән қасиетті табатын болса, мұндай білім шынайы болады. Өзің туралы жалған білім – бұл аталған тұлғада дамымаған қасиетті табу және бекіту. Жалған білім туралы айтпай-ақ, өзің туралы шынайы білім адекваттылық дәрежесімен ерекшеленуі мүмкін (мұнда енді қарым-қатынас компоненті сыналай кіреді). Мысалы, тұлға өзін коммуникабельді, қарым-қатынасты адаммын деп есептейді, бірақ қоршаған адамдар аталған адамда коммуникабелділік шамалы ғана дамыған деп ұйғарады. Ақыр соңында, өзің туралы білімдердің толықтығы қандай да бір қасиетті немесе толығымен тұлғаны жан-жақты тануды болжайды. Адам, өзінің қасиеттерін талдай отырып, тек мазмұндық сипаттамаларды ғана емес, олардың даму дәрежесін де, қолданылу саласын да бөліп көрсетеді, шектеулерді ұғынады, мықты және әлсіз жақтарын анықтайды. Фрагментарлылық – бұл үздіктілік, біржақтылық, түсіндіруге қабілетсіздік, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға қабілетсіздік. Бірақ жалпы алғанда өзі туралы, тұлғаның жекелеген қасиеттерін білу өзін-өзі танудың жалғыз ғана нәтижесі болып табылмайды.

Адам, оның ішінде өз өзі туралы ақпаратты жинау және өңдеу жөніндегі компьютер емес. Өзін-өзі танудың барысында-ақ өзін-өзі танудың ақырғы кезеңдерінде барған сайын көбірек айтарлықтай роль ойнай бастайтын және өзін-өзі танудың мазмұнымен бірге оның нәтижелерінің спецификасын анықтайтын эмоциялық-құндылық компонент іске қосылады. Эмоциялық-құндылық қатынастары алуан түрлі және ең әртүрлі түсініктерде көрсетілуі мүмкін: көңіл ауу, сүйіспеншілік, махаббат, аулақ болу, өз өзіне сенімділік, өз өзіне жетушілік және т.с. Психологияда осыларға өзіңнің ең алуан түрлі эмоциялық уайымдауларыңды орналастыруға болатындай, координаталардың қандай да бір шартты жүйесінің қандай да бір өзекті осьтерін бөліп шығару әрекеттері жасалуда.

Отандық психолог В.В.Столин өзіңмен қатынастың осындай үш осін бөліп көрсетуді ұсынады: «симпатия-антипатия», «құрметтеу-құрметтемеу», «жақындық-алыстық». Мысалы, өзіңе көңіл ауу өзіңе құрметпен және жақындықты сезінумен үйлесе отырып, өзіңе деген сүйіспеншілікті тудырады; өзіңе құрметпен қарамаумен және алыс болу сезімімен бірге, антипатия - өз өзіңді қабылдамауды, өз өзіңе жиіркенішті болуды, кей кездері өзіңе деген өшпенділікті және т.с. тудырады. Өзін-өзі танудың ең жалпы нәтижелерін өз-өзіңе деген эмоціиялық-құндылық қатынастар тұрғысынан бөліп көрсетуген тырысатын болсақ, оларға сәйкестік сезімін, өзін-өзі қабылдауды, өзін-өзі құрметтеуді және нәтиже ретінде – жеке бас құзыреттілігі сезімін жатқызуға болады. Осы түсініктердің барлығы бір бірімен тығыз байланысқан, қазіргі психологияда белсенді зерттелуде және талқылануда.

Сәйкестік. «Сәйкестік» сезімін алғаш рет американдық психолог Э. Эрикссон бөліп алып, суреттеген болатын және ол тұлғалық тепе-теңдік, өзіндік шынайылық және толыққандылық, әлемге және басқа адамдарға өзара қатыстылық сезімін білдіреді. Сәйкестік сезімі тек өзін-өзі ұқсастыру нәтижесінде ғана емес, өзіңнің уақытта және кеңістікте тіршілік етуіңнің үздіксіздігін ұғыну, басқалардың да осы ұқсастықты және үздіксіздікті танитындығы фактін қабылдау нәтижесінде пайда болады. Қолайлы жағдайларда бұл сезім жас өсе келе ұлғая түседі, адам өзінің өткені мен болашағы, өзінің кім болғысы келетіні мен өзіне қатысты өзгелердің күтетінін қалай қабылдайтындығы арасында көпіршелер құрады. Егер сәйкестік сезімі туындамаса немесе, әрі қарай көрсететініміздей, адам тек өзінің бір бөлігімен сәйкестенсе, өзіңнің өз тұлғаңнан алшақтау, тұлғаның шағын құрылымдары, құрылымдары және оның мақсаттары арасындағы келісушіліктен қалу және т.с. туындайды. Бұл ауыр уайымдауларға, дағдарысты құбылыстарға, өмірдің мәнін жоғалтуға, үміт үзуге, торығуға алып келеді.

64. Достық – қажетті даму факторы және әрбір адам тағдырындағы маңызды өмірлік құндылық.

  • Достықмемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу.

  • Достық[1]адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр

    Достық туралы бірер сөз

«Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.

Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді.  Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам  шынайы достыққа лайық емес.

Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен  сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.

Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?

Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен  еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Жақсы дос – жан азығы. Достық - бұл адам өміріндегі ең маңызды нәрселердің бірі. Достық деген сөзге нақты анықтама беру қиын, тіпті анықтамасы жоқ деуге келеді. Себебі, әр адамның көзқарасы мен түсінігі әртүрлі. Тек өмірлік көзқарасы ортақ, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Демек, достық - ол тек адамдардың арасында ғана болады деген қатып қалған түсінік емес.

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. №65. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдеріндегі достық және өзі турал түсініктері.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.

Достықтың қанша түрі бар? Достық – бірін-бірі ұғысып,  түсінісетін адамдар арасында ғана қалыптасады. Дос туралы жырламаған ақын, айтпаған әнші жоқ. «Жүз теңген болғанша, жүз досың болғаны артық» деген мақал тегін айтылмаған. Шынында да жүз досың болғанға не жетсін. Достық туралы Әйтімбет шешеннің айтқан сөзі. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: - Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет шешен: - Достың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, – дейді. - Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: - Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен. Достық – адам өмірінің өзегі. Өз жақын досыңа көмектесу – парыз. Дана Абай да достық туралы: - Жүрегі жұмсақ білген құл, Шын дос таппай тыншымас. Пайда, мақтан бәрі тұл, Доссыз ауыз тұщымас, – деп жырлады. Бұл даналар сөзі келер ұрпаққа үлгі болары күмәнсіз.

Сенім керек алдымен Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түспек. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар. Бірақ ол жалған достық, бірде бар, бірде жоқ. Мен осы кішкентай ғана өмірімде талай жанмен дос болып көрдім. Және талайының мінезін де аңғарғам. Арам дос та, адал дос та кездесті. Бірақ мен мақтан тұта алатындай, сенімді әрі кеңпейілді досым болғанына қуанам. Оған сенемін және білем. Досыма қиын жағдайда қол ұшын берем, әрине, ол да маған қиын кезде көмектесуге даяр. Осындай сенімді жан досымды мақтан етем!

Менің жан достарым Менің достарым көп. Арамыздан қыл өтпейді. Достық – таразыға тартылмайтын, ақшаға сатып ала алмайтын, теңдесі жоқ байлық. Ол байлық әрбір адамда болуы тиіс. Ол болмаса, бұл өмірдің қызығы да, мәні де жоқ. Достық ұғымы өте кең. Дос – қиналғанда да, қуанғанда да бөлісер  өмірлік тірегің. Менің сүйенішім, тірегім болып, бала кезден бірге оқып, сырымызды да, жырымызды да бірге айтып, керек кезде жанымнан табылған жан достарым өте көп.

66. Жеке тұлғаның коммуникативті құзіреттілігінің дамуына өзін-өзі танудың ықпалы.

Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.

Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады:

-  коммуникативтік тәртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педогогика және психология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі).

-  коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты және жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен іс-әрекет кезінде белсенді әрекет жасау);

- қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер елдің тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайту;

  • күнделікті оқу үдерісінде ресми-іскери сөйлесуге тән тілдік тұлғаларды, сөз тіркестерін меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренуі;

 

-  вербальды және вербальды емес қарым-қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және шарттасуды жүргізу, кәсіби педоггогикалық әдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану).

Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай қазақ тілін меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану – еліміздегі ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

67. Тұлғаның өзіндік құндылығы. Менің өзіндік құндылығым Декларациясы – өз-өзіне әнұран.

Тұлғаның өзіндік құндылығы.Менің өзіндік құндылығым Декларациясы – өз-өзіне әнұран.

Құндылықтар жүйесі – индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді.

Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. “Құндылық” терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді.

Құндылық – іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы [7]. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері

Құндылықтық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды-қуану,сүйсіну,таңдану,табыну т.б. туғызады.Оның ішіндегі ең жоғарғысы-қассиеттерге табыну.Адамға қасиеттер қажет,мейлі ол дін болсын немесе діни емес зайырлық қасиеттер болсын.Бұл мәселе,әсіресе,қоғаның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады.Құндылықтар — қасиеттер.Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден,ана сүтімен бірге,өзінің ана тілі арқылы,мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бойына моральдық жауапкешіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі.

Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылыұтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылыұтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын <> шайып, күмәнсіз ететін гумандылық өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.

Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдкниет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылыұтар кешені бар. Құндылықтар адам болиысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар – өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – материалдық және рухани қажеттәләктерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін.

Заттар мен құбылыстар сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы үдерістер бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өміріне деген қатынасын – өзіне-өзі тиесілігі мен өзіндік мәртебесін құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдар, дәуірлер, мәдениеттер, адам қоғамдары арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құндылықты-мәнді диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалдайды. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымдық бейсаналықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрделілігі мен институционалданған этностық нормаларына, ерекшеліктеріне дейін.

69. Сәйкестілік (бірегейлік) пен рефлекцияның өзара әрекеттестігі – өзін-өзі танудың тетіктері.

Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылын мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н. Б. Ковалева және И. Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның рөліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді. Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт. Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді. Қызмет нәтижесіне қарай рефлексия ұсынады келесі жіктеулерді: 1. эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы 2. әрекетттік рефлексия. 3. оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы. Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы. 1. Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Әрекеттік рефлексия. 2. Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білу үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы. 3. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау. Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес. Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық - психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік бағалау адамның көңіл - күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмыста өзін - өзі ұмытуына байланысты. Сондай - ақ өзіндік баға адамның психологиялық - физиологиялық, психикалық күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір сүретін ортадағы және өмірге келген қарым - қатынас жүйесінде детерминалданғандығымен ерекшеленеді. Өзінің ішкі құрылымына қарай өзіндік баға тұлғаның өзі сияқты көп астарлы. Оның мазмұны моральдік - адамгершілік құндылықтар, қарым - қатынастар мен мүмкіндіктерден тұрады. Тұлғаның тұтас өзіндік санасы оның психикалық әлемінің жеке қырлары негізінде қалыптасады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым - қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға, орындалмайтын иллюзиялық мақсаттардан дер кезінде бас тарта алуға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді де, ал керісінше жағдайда ішкі қақтығыстарға кейде невротикалық жағдайларға әкеледі. Қандай да тұлғаның бір өзіндік бағаны беру мәнін арттырады

Бірегейлік — басты өлшем. Республиканың мемлекеттік кұрылысы мен дамуына тура қатысы бар бұл әлеуметтік- философиялық қондырғыдағы пішінделуі бойынша "бірегейлік объектінің өз ұғымына барабарлығын, болмысының нақтылығын, тұтастығын білдіреді". Олай болса, мемлекеттік бірегейлік дегеніміз — Қазақстан Республикасының тәуелсіз, унитарлы, демократиялық мемлекет ұғымына сай келуін, ал ұлттың бірегейлік божа, қарастырылып отырған қауымдастықтың тәуелсіз ұлтқа тән белгілер мен қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Қазақтың ұлттық бірегейлігі Қазақстан Республикасының ұлттық унитарлы мемлекеті шеңберінде жүзеге асырылады. Сайып келгенде, Қазақстанның гүлденуі қазақ ұлтының еркендеуіне немесе қазақ ұлтының әлеуметтік прогреске қол созуы Қазақстан коғамының дамуына ықпал етіп отыруы тиіс. Өйткені этностың даму қисынының өзі — ұлттың өмір сүруі мен дамуының материалдық және рухани жағдайын қамтамасыз ететін құрал ретінде мемлекеттің пайда болу қажеттігін негіздейді. Қоғам ұлттық мүддені ескерушілер мен ескермеушілерден, ұлттық өзіндік санасы жоғарылар мен төмендерден, ұлт тілін білетіндер мен білмейтіндерден, ұлттық дәстүр мен моральды сақтайтындар мен сақтамайтындардан, кейде ұлттық мүдделер үшін белсенді күресетіндер мен күреспейтіндерден, т.б. тұрады. Ұлттық психологияға, моральға, дәстүрлерге қатысты да осы формуланы колдануға болады: ұлт өкілдері арасында оларды бойына сіңіріп алып жүрушілер бар және оларды елемейтіндер бар. Тиісінше, олардың алдыңғылары "ұлт екілі" ұғымына бірегейлігі барлар, соңғылары бірегейлігі жоқтар болып шығады. Ұлттық психологияның нағыздығы оның белгілерінің ұлттың жекелеген өкілдерінің кез келгенінен табыла бермейтінін көрсетеді. Ұлт болған соң оның ұлтты келбеттейтін, оның тұрпатты өкілдері және ұлтты келбеттей алмайтын топтар болады. Осы тұстан: ұлтты келбеттей алатындарға және келбеттей алмайтындарға кімдер

70. Мен тарих ағымындамын. Өзіңіздің тарихыңызды жазыңыз, оның тұтас алғанда тарихи үрдіспен байланысын сипаттаңыз.

Мен тарих ағымындамын

Өмірге келген әр жанның жарық дүниенің төрт бұрышының бірінен өзіне лайық орын тауып, ғұмыр кешері сөзсіз. Ол адам сол өмірінің кезеңдерін мүмкін сәтті, мүмкін сәтсіз өткізер. Өйткені, жұмыр жерді мекен еткен пенделердің тағдыры, өмір ағымы бір – бірімен тоғыса бере ме немесе, тағдыр оларға бірдей сый ұсынып, бәріне күліп қарар ма екен?… Әй, қайдам!? Әлде жаратқан тәңірі «тәттіні көп берсем, қадірі кетер» дей ме? Сондықтан болар, адамдардың бірі бұл өмірге риза боп шаттанып, тұла бойын, жаны мен тәнін қуаныш билесе, екіншісі тәлкекке түсіп, теперіш көрген тағдырына қарғыс айтады.Бұндай екі түрлі арнамен ағып жатқан ала – құла тіршілік иелерінің өмірі күнделікті көз алдымызда кинотаспадай өтіп жатыр. Бірақ сәттіліктің түпкі себебін базбіреуі тұрмыс деңгейінен, келесілері басқа құндылықтардан іздейді.Тұрмысы мен болмысы біте қайнасқан қазақ халқы өз басынан алмағайып замандарды өткізе отырып, тәуелсіз заманға да жетті. Бұл бүкіл қазақ халқы үшін сәтті кезең деп толық айта аламыз.

Тарихты адам жасайды. Оған өзгеріс жасап, заман ағымын өзгертетін күшке ие адамды жарық дүниеге  сыйлай алған құдіретке бас имеске шара жоқ. Бұл өмірге қаншама сәтті жан иесі келіп, халыққа пайдасын тигізіп, елінің есінде қалды. Мен білетін ұлылар, даналардың бәрі мен үшін сәтті адам образын сомдайды. Тұтас халықтың өміріне өзгеріс жасаған тұлғалардың бірімен – бірін салыстыруға да келмейтіндігі тайға таңба басқандай. Менің көңіліме тұнып, көз алдыма келіп, өз өміріме үлгі боларлықтай адамдар да – сол тұлғалар.Үзілмес шынжырдай бұғауды мойнына қамыт қылып салған қым – қуыт зауал заман артта қалып, таңы арайлап атқан, егемендігін алып, бақыт құшағына бөленген бүгінгі қазақтың маңдайына біткен бірегей тұлға – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев. Ойы мен арманы ұштасқан, сөзі мен ісі қабысқан, ел қамы, болашағы деп тынымсыз еңбек еткен ел ағасы — менімен қосқанда бүгінгі және ертеңгі әр қазақ үшін сәтті адам образының керемет үлгісі. Ол өмірге келгенде даланың әр гүлі атып, күні күліп, таңы арайланып, көкжиегі нұрға бөленген шығар. Табиғат ерекше күйге бөленіп, уақыт та өз жүрісінен жаңыла жаздағандай болды ма бәлкім. Бәрі мүмкін… Әйтеуір менің жүрегім сол кезде мына жарық дүниеде бір өзгеріс болған шығар – ау деген ойға толады да тұрады…Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан соң, жаны ақ парақтай жарқырай ағарып, аңқылдақ сәби көзқараспен қадам басып, өсе берер. Осы жолда ол түрлі бұралаң соқпақтар мен сүрлеулерге түсер.Бірі сәтті, бірі қатты, бірі тәтті күндер оларға түрлі қызықтары мен шыжықтарын ұсынар. Адам баласы өз ұрпағын осындай кезеңдерге алдын – ала дайындап, оның болашаққа деген қадамын ырымдап «Сәтжан», «Сәттіғұл», «Сәтбай» деп ат қойып жатса, аптаның үшінші күнін де «сәрсенбінің сәті» деп өздерін сәт сайын жақсылыққа ыңғайлап жатады. Тұрмыстағы мұндай пендешілік тірлік ұғымдар — «қалып айтпайтын» халықтың атам заманнан келе жатқан игі ырым, тілегі.

Мен ел үмітін ақтауға тырысқан, отанын қорғап, сол үшін еңбек етіп, тер төккен, намысы мен отаншылдық сезімі қоса өрілген қос өзендей  қатар аққан кеудесі күмбірге, көкірегі сәулеге толы жанның әрбірі ел үшін сәттті туылған адам деп айта аламын. Өмірге кірпіш болып қалана білген, халқының керегіне мейлі аз , мейлі көп мөлшерде жарай білген жандар ғана мен үшін сәтті адам болып елестейтінін қайталағым келеді.Халықтың бағы мен арына бола туған ақмаңдай ұлдары мен қыздары тарихта да, осы өмірде де аз кездеспейді. Өйткені, бұл жарық дүние, оның тыныштығы мен бейбіт тынысына да сол адамдардың септігі тиіп отыруы әбден мүмкін. Мен өзім және өз тұстастарыма бүкіл жан дүниеммен жар салғым келеді. «Ей, адамзат! Ей, арлы қазақ! Алдымыздағы шамшырақтай жанып тұрған азаматтарымыздың ақылды қадамдары мен асыл істеріне қолдау болып, қолымыздағыны қадірлей білейік, солардың өмірін өзімізге үлгі етейік, сөзі мен ісін көкірегімізге тоқып, құлақ – көзімізді соған бағындырайық!» деген жанайқай кеудемнің түкпірінен күмбір қағып, кішкентай жүрегіме тыныштық берер емес. Қане, маңдайға біткен асыл азаматтар мен алтын отанымызды алақанға сала көтерейікші бір…

Тарих дөңгелегін бірге дөңгелетіп сап түзеген сәтті адамдар қатары көз алдымнан қадам басып өте бергендей…

Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың  жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері:бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі , мамандфқ дәркжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.

Өндірістгі адам фвкторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және коопеоациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.   Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.   Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.   Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.   Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілнйтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысаты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сиымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды. Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске тигізетін оң әсерлерінің барған сайын артуы артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басққару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де әсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы обьективті зсңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын және еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңіпек түсінуге мүмкіндік беребі. Өндірістегі адам факторының дамуы және өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты . Олацй болса, еңбектің мән- маңызына және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мымалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі., моральдық қанағаттанушылығы, твочестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары , әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты.   Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.   Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан «Заманымыздың кеселі » аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.  

71. Мен және сен. Махаббат тарихын сипаттаңыз, сізді не үшін толғандырды, өзіндік терең із қалдырды... түсіндіріңіз.

Махаббат туралы өзіңізге ұнайтын өлең оқыңыз. Осы щығарманың сіздің сезіміңізге қозғау салғанын түсіндіріз

Сен және мен сыршылдықтың үлгісі,

өмір менен қатал тағдыр күлкісі.

Сен және мен аяғы жоқ бір дастан,

жазып жатқан өмір бойы «бір кісі».

 Сен және мен қос шынармыз ежелден,

асып кеткен сағат белбеу межеден.

Сен және мен шешімі жоқ бір жұмбақ,

Келмейтұғын, өткізуге ежеден.. .

 

Сен және мен арамызда шексіздік,

іште дауыл, ал арада үнсіздік.

Сен және мен бәлкім бірге болмаспыз,

сел сезімге туындаттың сен күдік.

 Сенген едім, өмірлік бұл сезім деп,

алдап кетті сері-сезік мені тек,

махаббатқа енді қайтіп сенейін.

Енді қайтып жүрек оны сезінбек.

72. Өмірдің мәні түсінігі. Виктор Франклдің өмірдің мәніне талпыну теориясының негізгі ережелері.

Өмірдің мәні! Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры  қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды.  Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа.  Күндердің күнінде белгілі бір өткелге жеткен кезде кез келген  адам баласын «Адам не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы.     

Психология ғылымының ғұламалар былай дейді. Кез-келген істі атқарып, оны соңына дейін жеткізіп жасағанда оның  мәні мен мағынасы адамның жүрегіне  айқын сезіліп тұрмаса пенде ол істен міндетті түрде жалығады. Адамның басқа  мақұлықтардан айырмашылығы сонда мәні кеткен, мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, ақырында  мезі болып, ол істен  түбегейлі бас тартады. Мән мен мағынаны тауып, сезу  жолында тазалық пен әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам жанының қалауы сол. Адамның өміріне лас заттар көп араласа беретін болса,  адамның денесіндегі таза, пәк жан  жаман күнәләрға белшеден бата беруден бас тартып қашады.  Орыстың психолог ғалымы Леоньтев «ащы кәмпит феномені» деп аталатын тәжірбие  жасаған. Мектеп жасына толмаған сәбиге  екі түрлі міндет жүктейді.  Бала бұл жұмыстарды бір орында  қаққан қазықтай қозғалмай, шағын шеңбердің аясында орындауы шарт. Бірақ бұл мүлде мүмкін емес еді. Бала тапсырманы бір жерден екінші бір жерге қозғалғанда ғана орындай алады. Егер бала тапсырылған  міндетті бір орында бұлжытпай орындаса, ақысына тәтті кәмпит алады. Бірақ бала әрі ойланып бері ойланып, тапсырма тек қозғалған жағдайда ғана толық бітетінін түсінеді.  Енді тәжірибе жасаушы ғалым бөлмеге сәбиді жалғыз қалдырып, өзі сырттан бақыламақ болады да бір сылтау айтып бөлмеден шығып кетеді.  Осы сәтті пайдаланған сәби  шартты бұзып, жылжып барып айтқан тапсырманы орындайды. Артынша ғалым бөлмеге кіріп,  ештеме  байқамаған кісіше,  тапсырманы тексереді де,  риза болған кейіпте  уәде бойынша балаға тәтті кәмпитті ұсынады. Ең қызығы жаңа ғана өте маңызды  болып көрінген тәтті кәмпиттің  табан астында сәби үшін мәні жоғалады.  Ол арам жолмен табылып тұрған тәтті кәмпитті жеуден түбегейлі бас тартады. Мұндай сәтте кейбір жаны нәзік сәбилер жылап та жіберуі мүмкін. Әлі дүние кірімен былғанбаған баланың таза жаны әділетсіз жолмен келген тәтті кәмпитті ала алмай қатты қиналады. 

Виктор Франклдің өмірдің мәні теориясы.

Адамдaрдың өмір мәнін табуға ұмтылатын талпынысын жан-жақты зерттеген психолог ғалымдардың тағы біреуі — Виктор Франкл еді. Ол «адамдарды талпындырып тұратын күш-өзінің өмір сүруінің түпкі мағынасын тапсам деген ой. Көптеген адамдар өзін-өзі өлтірудің, жынданып кетудің, араққа салынып кетудің, наркотикке  ұрынудың негізгі себебі осы сұрақтың жауабын таба алмай шатасуда деп пікір түйген. Виктор Франкл екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңында Австрияда тұрып жатты.  Фашистік Германия Австрияны басып алған соң ұлты еврей Франклдің жағдайы мүшкіл болады. Ол сол кездің өзінде хәм атақты психолог, ғалым болғандықтан АҚШ оны қуана-қуана шақырады.  Бірақ Франкл қартайған ата-анасын жау қолына қалдырып кетуге дәті бармай отбасында қалады. Көп ұзамай фашистер оны тұтқындап, лагерге әке-шешесімен бірге тоғытады.  Лагерде ата-анасы ұлдарының қолында қайтыс болады. Адам жанының құпия сырларын зерттеп үйренген ғалым лагерде де тұтқын жандардың тіршілігін жіті бақылап зерттей береді. Тұтқындарды мал секілді қорлай беретін фашистер түрмедегі кез келген бейшараны әр түрлі сылтаумен өлтіріп тастауға ұмтылып тұратын. Концлагерге алғаш келіп кіргенде көбінің ойы мынадай болатын. Бұл жерден денсаулығы темірдей жастар мен мығым денелі азаматтар ғана тірі шығатын шығар. Біз секілді жасы келіп, шау тартқандар мына азапқа бір апта да шыдамас деп қайғырады. Арада үш жыл  өткенде жағдай мүлде басқаша болып өзгереді. Осы арада кітаптан үзінді келтіре кететін мынадай қызықты фактілер бар. «Өзін өзі өлтіру туралы ой біздің әр қайсымызды да мазалайтын. Айналаңда адамдар топырлап өліп, ажал қаупі әр күн, әр сағат сайын төбеңде төніп тұрған соң еріксіз өлу туралы ойлап кетесің. Мен түрмеге түскен күні кешке өзіме өзім «сымға барып асылмаймын» деп серт бердім. Бұл фраза тұтқындар арасында жиі қолданылатын. Ауыр азап пен ит  қорлыққа шыдай алмаған кейбір бауырлар өте жоғары  кернеудегі тоғы бар  сым тартылған қоршауға барып асылып қалатын».  Осылайша Франкл әу бастан ақ миынан өзін өлтіру туралы ойларды аластап қуып шығады.

            Керісінше түрмеде денсаулығы мықты күшті азаматтардан гөрі кеудесінде үміті күшті, алда арманы бар, өмірінде белгілі бір мақсатқа ұмтылған ақжүрек адамдар әлдеқайда шыдамды әрі өміршең боп шығады екен. Тамақтарын тығылып жеген, біреудің нанын ұрлаған, тапқан дәрілерін өзі ғана ішіп емделгендер, ауыр жұмыста өзінің ғана шаруасын тындырып жолдасымен жұмысы болмаған өзімшіл жас жігіттердің түгелге жуығы түрмеде ажал құшты деп жазады. Тіпті керек десеңіз фашистерге сатылып, жағдайы жақсы болды дегендердің өздері сүзектен өліп жатты. Қақаған аязда  жолдасына соңғы киімін, мұзда тұрғанда жалаң аяқ қалып қойған досына екі етігінің біреуін шешіп берген, сабындай қара нанды бөлісіп жеген альтруистер түрменің тозағынан тірі шығады.     Осыдан барып, «Адам жаны сірі. Егер ол өлмеймін деп үлкен мақсатқа талпынатын болса азап тартып бұзылған, күйреген тәнін қалпына қайтадан келтіріп алады» деп түйін жасайды. Франкл түрмеде жатып және мынадай қызық құбылысты дәл байқаған. Түрменің іші адам шошитын жер болса да жанға қуат болар қуанышты сәтті ол жерден де табуға болатын дейді. Ауыр жұмыстан өлейін деп әрең келген соң біздерді тамақ ішуге асханаға жіберетін. Ол жерде бізбен бірге қамауда  жатқан Ф. есімді аспаз бартын. Оның басқалардан айрымашылығы сол,  ешқашан тұтқындарға сорпа құйғанда  олармен тамыр-таныстығына, туыстығына  қарамайтын. Өзгелер болса танысы не  туысы келе қалса қазанның түбін қопарып, сорпаның қоюуын құйып беруге барын салып  бағатын. Ф. Аспаздың сол болмашы әділдігінің өзі кеудені қуанышқа толтырып, адам рухына әл беретін. Лагерде кімнің ажал құшатынын алдын ала оп-оңай білуге болатын. Әдетте, тұтқындардың біреуі болашақ өмірден үмітін үзсе өмірі де сол мезгілде қоса үзілетін. Ертеңгі күннен жақсылық күтуден біржолата түңілген жігіттер күнделікті ісінен жаңылатын. Таң ертең тұрып жуынбайтын. Қатарға барып қосылмайтын. Ұрып, соғып,  қорқыту оларға ешқандай әсер етпейтін. Тіпті бірнеше күн далаға да шықпастан үлкен, кіші дәретіне былғанып жата беретін. Ең соңғы күні қалтасының қуысына тығып қойған ең соңғы шылымын алып шегеді. Сол кезде оның сол күні өлетіні анық болады. Олармен тілдескенде маған беретін жауабы әманда біреу еді: «Маған келешектен күтетін дым да қалған жоқ!».

Менің түрмедегі және бір танысым қызық жағдайда жан тапсырды. Бір күні ол маған өзінің ғажайып түс көргенін айтып берді. Түсінде бір дауыс оған менен білгің келген нәрсе болса сұрай бер  мен  сұрақтарыңа   жауап берем деп тіл қатыпты.  Мен:  түрмедегі мына азап қашан бітеді деп сұрадым. Дауыс маған «30 наурызда бітеді» деп жауап берді. Бұл оқиға 1945 жылдың ақпан айында болды. Менің досым осы көрген түсін айтқанда оның өмірге деген құштарлығы өте жақсы болатын. Кеудесі де үміт пен сенімге толатын. Себебі, ол көрген түсін Құдайдан келген аян деп нық сенетін. Арада зымырап бір ай өте шықты. Әне-міне дегенше 29 наурыз да болды. Бірақ біздің азат болатын түріміз жоқ. Сол күні кешке менің досымның ыстығы көтеріліп, ауырып, мазасы қаша бастады. Ол ертеңіне түрмеден босанып шықпайтынан көзі жеткен соң бірден құлазып, құлдырап кетті. Келесі күні азанда ол қайтыс болды. Адамның жаны туралы білетін кісі бұл құбылысты қиналыссыз түсінеді. Адам жаны үміттен кесіліп, жанына тірек болар сенім таппағанда денсаулықтағы иммун жүйесі де қоса құлдырайды. Менің досымның сенімі күйреп, үміті үзілгенде денеде қолайлы сәтті күтіп жатқан сүзектің бүкіл вирусы асқынып шыға келді. Осылайша ол бір күнде үмітсіздіктің құрбаны болды. Бірақ қалай болғанда да түсінде естіген дауыс оған дұрыс жауап берген. Расында да оның азапты өмірі 30 наурыз күні тоқтады ғой.

Түрмеде өзін өзі өлтіреуге әркеттенген тұтқындарды құтқарып қалуға рұқсат етілмейтін. Фашистер өлгісі келгендерді ана дүниеге кедергісіз  шығарып салғанды жақсы көретін.  Мысалы, асылып жатқан адамдардың арқанын кесіп, оларға көмек көрсетуге тыйым салынған. Мен қасымдағы екі жолдасымды ажалдан алып қалдым десе де болады. Олардың екеуі де «Бізде болашақ жоқ. Ертеңгі күннен күтетін дәнеме де қалған жоқ» деп асылуға іштей дайындық қылып жүрген. Мен олардың екеуімен де сырластым. Сөйтсем біреуінің кішкентай баласы туыстарына еріп, шетелге өтіп кетіпті. Ол әлі сонда тірі екен. Мен оған қалайда сол балаға тірі жету керек. Онымен жолығып, ары қарай жаңа өмір бастауға мүмкіндік мол деп сендірдім. Ал екіншісі ғылыммен терең айналысатын  ғалым екен. Ол соғысқа дейін бірнеше кітап та шығарып үлгерген. Бірақ жұмысы толық аяқталмаған. Мен оған қалай да тірі қалып, сол кітаптарды жазып бітіру керек деп үгіттей бастадым. Расында да сәлден соң оның кеудесінде үміт оты күшейіп, болашаққа ұмтыла бастады. Кейін екеуі де аман қалды.

            Азапқа толы төрт жыл артта қалған соң Франкл тұтқыннан босап шығады. Сол кезде оның түрінен адам шошитындай еді.  Арсиған  сүйектерді  құр терімен қаптап қойған секілді. Бұрынғы үйі боса да жоқ. Кабинеті, кітаптары, бомбаның астында қалды. Он бес  жыл көз майын тауысып, зерттеп жазған докторлық дисертациясын фашистер өртеп жіберген. Түрмеде ата-анасы, әйелі бақилық болып кетсе де, Франкл  жаңа  өмір бастайды. Кейін келе сырқаттанып жатқан ауру адамдарға өмірдің мәні туралы мазмұнды  әңгімелер айтып, сырқат кісілердің жаңа өмір бастауына жәрдем қылады. Бұл ғылымды «логотерапия» яғни өмірдің шаттықа толы мән-мағынасын табу арқылы бақытты тағдырға  қол жеткізетін  ғылым  деп атайтын. Ол осы ілімді дамыту арқылы ең атақты ғалымға айналады. Ғылыми атағы жөнінен  онымен теңдес келетін ешкім жоқ еді. Көптеген қуатты елдердің  президенттері, ғалымдары, философтары онымен жолығысып, өмірдің мәні туралы сөйлескісі келіп, өтініш жасайтын. Өмірдің мағынасын іздеу деген ұмтылыс кез келген адамға туа бітетін мінез. Осы талпыныстың  шынайылығы мен тұрақтылығы  пенденің  бүкіл өмірінің қай арнаға  ауатынын анықтап тұрады.  Уақытша қызыққа алданып, өмірінің мағынасын жоғалтып алған адам бейне бір  ауасыз бос кеңістікке шығып кетіп, қалқып жүргендей жағымсыз сезімге шырмалады. Бұл өмірде табан тірейтін тиянақты ештеме таппаған ғаріп жандар небір бақытсыздықты бастан өткереді. Оны психолог ғалымдар «экзистенциалды вакуум» деп атаған. Дәл осы «тіршілік вакуумы» адам тағдырында кездесетін күллі қасірет пен қайғының қайнар бұлағы деп санайды. Ең қызығы Франкл «өмірдің мәні рақат пен қызық» деп есептейтін философтарға үзілді кесілді қарсы шығады. Керісінше дәл осы қызық қуалайтын құмарлық  адам өмірінің мәнін жояды. Сондықтан адамдар қиындықпен ізденіп, осы әлемге жасырылған өмір сырын тапсын деп қорытындылай келе бөтен адамды  жақсы көріп, арланбай  оның қызметін қылып, әжетіне риясыз жарағанда адамның өзі де тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Неғұрлым ол қасындағы серігіне, жолдасына, әріптесіне көмектесіп, соның көңілін тауып шаруасына жегілсе соғұрлым  оның адамгершілік қасиеттері шыңдалып, ешкімге тәуелсіз тұлғаға айналады деп түйіндейді. Осылайша Освенцумдағы тозақи түрмеден тірі шыққан Виктор Франкл 1997 жылы 92 жасында дүниеден көшті. Франклдың  «адамзатқа пайдам тисе» деген игі арманы оны өмірдің ең қиын белестерінен аман-есен алып өтіп, ақыл есі алжымаған айқын қалпында о дүниеге салтанатпен шығарып салды. 

Сөз соңында оқушыларға мынадай ақиқаттарды бірнеше мәрте қайталап айтып, саналарына сіңіруге тырысу керек. Балалар сендер  бұл  дүниеге қасыңдағы жолдасыңды, сабақ  беретін ұстаздарыңды күн сайын қуантып, оларға шаттық силау үшін ғана келдіңдер. Бозбала кезіңнен қартайып шау тартқанша сенің міндетің, адамдық борышың - адам ұрпағына қуаныш пен шаттық силау. Кез келген адамның баласына жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне қарамастан оларға адал қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, бодау, ақы күтпестен бақытты сезімде жүру өмірдің негізгі мәні болып табылмақ!  

73. ӨЗІН-ӨЗІ ЖАҚЫН АДАМДАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ТАНУ

Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.

Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.

Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам ба­ласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.

Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астаса­тыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.

74. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨСУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • өзін-өзі жетілдіру әдістерін және амал-тәсілдерін нашар меңгеру, осыған орай өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын қоюда, бағдарламаны жасап шығаруда, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдірудің амал-тәсілдері мен құралдарын таңдауда қиындықтар туындайды. Осының барлығы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің тиісті саласын анықтайды да.

Мәселелер мен қиындықтардың осы тізімдемесін жалғастыруға болады. Ең бастысы – қиындықтар реестрін құру емес, нақтылы мектептің, мектепке дейінгі мекеменің, училищенің алдында тұрған негізгі міндеттерді анықтау. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың және педагогтарға көмек көрсетудің басым мақсатттарын таңдап алу үш фактормен анықталады:

1) жалпы алғанда оқу орны үшін оның іс-әрекетінің тиімділігін төмендететін жалпы объективтік қиындықтардың бар болуымен (мысалға, басқа мектептермен салыстырғанда, жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің жыл сайынғы төмен пайызы, педагогтардың оқушылармен өзара әрекеттесуіндегі жоғары кикілжіңдік);

2) педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейімен, педагогтардың жалпы алғанда мектеп үшін әдеттегі бола бастайтын жеке бас ерекшеліктерінің өзгешелігімен (мысалға, авторитарлық стильдің, өзара әрекеттесудің тәртіптік үлгісіне бағдар алудың басым болуы және т.с.);

3) оның «мамандануын» ескере отырып, оқу орны көздейтін перспективалық мақсаттармен анықталады. Жиынтығында осы үш параметрдің барлығы педагогтармен жұмыс істеу тактикасын, олардың өзін тану және дамытуы үшін бағыттарды таңдауды анықтайды да.

75. МАХАББАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ СТИЛЬДЕРІ, МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ. МАХАББАТ-АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМ .

Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.

Достық — адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Достық қарым-қатынас дегеніміз — жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уакыт және жан-жақты тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.

Махаббат — достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мөні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай "Махаббатсыз дүние — бос" деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жол- дастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен кауышады. Барлық үлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш — махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Сезім атасы — махаббат — құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.

Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа деген түрлері көп. Махаббат — жануарлар дүниесіндегі биологиялық инстинктіге негізделген сезімнен әлдеқайда күрделі сезім. Ол адамның мәдени дамуының белгілі бір сатысында ғана пайда болатындықтан, оны шынайы адами сезім деп қарастыру керек. Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасатты табиғи күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер, кеңілін аспанға көтерер, нәзіктік пен құштарлықты тудырар, қоркынышы мен үрейі, қуанышы мен қызғаныш қасіреті көп күрделі, құрғақ анықтамаларға сыйыспайтын ғаламат сезім.

Жомарттық — басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.

Ізгілік пен зулымдық — этиканың орталық категориялары. Ең абстрактілі деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгерпгілік пен адамгершіліксіздіктің баламасы деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен, ізгілік шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдін түбіріне балта шабады. Ізгілік категориясына барлық он қылықтар жинақталған.

Ар, намыс, ұят - абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарасты- рудың өзі қиын. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: "Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы — ар мен ұят. Ұят — адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.

Ұят — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз өрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сәзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығьша қам жейді.

Абырой — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.

Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.

Әділеттік — ізгіліктін нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді.

Әділеттік — тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашкы қауымдық құрылыста әділеттікті табу, талион ұстанымдарының маңынан көруге болатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде қарастырылатын.

Бақыт — этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің "Никомах этикасы", Сенеканың "Бақытты өмір жайында", Фома Аквинскийдің "Бақыт туралы трактаты", Әулие Августиннің "Бақытты өмір сүру туралы", Әл-Фарабидің "Бакыт жолына сілтеу" және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама кеп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.

Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:

  • Бақыт дегеніміз—жолы болып, "жұлдызы жанғандық".

  • Бақыт — қуаныш, лөззат және жан қызығы.

  • Бақыт дегеніміз — ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.

  • Бақыт — өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған "төрт құбылаң түгелдік" күйі.

Құндылыктар тұрғысынан алғанда бақыт деп адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады. Бақыт туралы әркімнің өзіндік түсінігі бар, әмбебап, әркімнің ойынан шығар бақыт түсінігі кемде-кем. Әдетте, бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігш, түгелдігін, асқан қуаныш әкелген ерекше көтерінкі кеңіл күйін айтады.

Жүздесу — адами табиғаттың болмыстық алғышарты. Өйткені, адам санасының өзі адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас — жүздесу — оны (адамды) баска қоршаған табиғи ортадан беліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана — мидың кос жартышарларының сұхбатының нәтижесі. Ешбір адам бүкіл өмір бойы өзіне-өзі ғана жеткілікті болып, басқа ешкімді қажет етпей өмір сүре алмайды.

76. ІШКІ ЖАН ДҮНИЕНІҢ «ТӨЛҚҰЖАТЫН» ЖАСАУ

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып,  Ақылына қарай шығырып алады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие. Киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін, оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтесің, қазақтың әсем сазын, асқабақ әуенін бағалап тыңдай білген жөн болар. Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады.ерсі бояну да көңілге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып айғайлап сөйлеу өте ұят, өзісшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, «Қалай айтылды, неге айтылды?» деп өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын – жақсы қыз, өнегелі, тәрбиелі қыз.  Қыз балалар әдемілікке аса назар аударады. Бірақ асқан сұлулықтың өз зияны бар екендігін бірі білер, бірі білмес.  Әдемі болу әртүрлі проблемар тудырғанымен, оның шешудің бірнеше жолы  бар. Сұлулық- адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Қыздардың көрікті болуы көптеген жайсыздықтарға әкеледі. Әдемі болу ең басты  бақталастықты  туғызады.  Бақталастық та – адам өмірі  тек бәсекемен өтіп, көрсеқызар болып, қызғанышпен, көреалмаушылықпен жалғаса береді. Бұл жағымсыз қырлар арқылы қыздар көп қалта шығынына ұшырайды. Шығын- үстіндегі киіммен, түрлі әдемі, қымбат бұйымдарымен, косметика, сұлылық салонымен тізбектеліп кетеді. Өте әдемі қыз мен-мен келеді. Өзін өзгелерден артық санап, биіктен қарап, тәкәппарлық сезімі ұялайды. Соның арқасында “өзіне лайықты” санайтын жар табалмай “ана болу” бақытынан айырылып қалуы да ықтимал.  Ғалымдардың пікірінше жоғарыда айтылған мысалдардан басқа да түйткілді мәселелерге ұрындырады. Мұндай жайттар орын алмау  үшін көптеген факторларға назар аудару керек. Алдымен қыз өте қарапайым болу керек. Ешкімді ренжітпей, кемсітпей өзінің әдемілігін тек іштей сезініп, жария қылмауы дұрыс болады.  Ақшаны үнемді пайдалануы шарт. Оңды, солды шашпай керекті кәдеге жаратып, өзіне ұнайтын қажетті жұмыспен айналысса. Ал қыздың ең басты  өмірдегі міндеті, мақсаты “ана атану”, “ана бақытын” сезіну. Сондықтан ер-азаматтарға  мейлінше қарапайым болып, көп көңіл бөлгені жөн. Сұлу болу мәселесі түйіткілді болғанымен, оны еңсерудің көптеген мәселелері бар. Менің ойымша  әдемілікті сезініп, өр көкірек болған қыздарымыз өмірде өте жалғыз, бақытсыз. Бұл өмірдегі ең қиыны- жалғыздық. Әдемі қыздар жалғыздық сезіміне беріліп, өмірлеріңіз қорқынышта өтпесін!!! Әдемі болу өнері Сұлулықтың бірден бір сыры – іштегі сезімдерде жатыр. Неғұрлым өзіңізді әдемімін деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға тартымды болып көрінесіз. Кино, музыка әлеміндегі танымал адамдарға қарайықшы, бәрін бірдей әдемі деп айта алмаймыз. Көбіне, олар жинақы, күтімді көрінеді. Оның бір құпиясы, олар өздерін тартымды сезінеді, және де өзіне тамасануға жол ашады. Әр әйел таңертең тұрып, боянып, киініп, айнаға қарап – бейнесінің тартымдылығына көз жеткізеді. Осы мезетті есіңізде сақтап, қалаған уақытта шақыра білуге дағдыланыңыз. Адам өзінің тартымдылығына сеніп тұрса, оның жүріс-тұрысы да, қимылы да өзгереді. Ең басты өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы. Өзіне сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға болатындай болсын. Ең тартатын да осы энергетика. Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан таймаңыз. Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын адамдар ұнайды. Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну. Адам қаншалықты көрікті болса, соншалық ақылды болады Ажарлы адамның ой-өресі де биік болады. Ғалымдар «ақылына көркі сай» деген теңеудің ғылыми негізі бар екенін айтып отыр. Лондондағы  экономика  мектебі  мамандары¬ның зерттеуінше, әдемі адамдардың IQ деңгейі орташа көрсеткіштен 14 тармақ бойынша жоғары болады екен. Ақылды да әдемі адамдар ежелден ұрпақ жалғастыру үшін әлеуеті зор үміткерлер саналған. Бұл екі қасиет өзара бірлікте бола отырып, тұқым қуалайды. Физик Брайан Кокстың айтуынша, зерттеу әдемі әйелдерге қарағанда, көбіне көрікті ер адамдардың ақылды келетінін көрсеткен. Өңі сұлу ерлерде IQ көрсеткіші 13,6 тармақ бойынша, әйел адамдарда 11,4 тармақ бойынша жоғары болып шыққан. Естеріңізде болса, мұның алдында Аризона университетінің ғалымдары өресі биік адамдардың ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген болатын.

77. ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРГЕ ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗДЕР: ӨМІРГЕ ҚУАНЫШ -БҰЛ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН БІРГЕ АУРУДАН САУЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ.(халық даналығы)

(әркім өз ойын қосып жазу керек)

Жылау - адамның көңіл-күйінде тебіреніс (қуану, қайғыру, сағыну, залану) пайда болған кезде туындайтын құбылыс. Өмірде жыламайтын адам болмайды. Өмірдің тауқыметті шақтары болады екен, қалайда жылайтын күндер болады.

Біздің кейде жылағымыз келеді. Неге дейсіз ғой...

Тұрмыстың тақсыретін тартқан кезде жылағымыз келеді. Аурудың азабын тартып қиналған кезде жылағымыз келеді. Қарныңның ашқанына, киіміңнің жыртылғанына емес, ақылыңның жоқтығына жылағың келеді. Бір нәрсеге опық жеп назаланған кезде жылағың келеді. Өмірде біреуді сағынған кезде жылағымыз келеді. Қатты қуанып тебіренген кезде жылағымыз келеді. Бір нәрсеге айырықша әсерленген кезде жылағыңыз келеді. Сәтсіздікке жолығып, өкінген кезде жылағымыз келеді.

Күлкі

Күлкі - өмірдің ажары, тұрмыстың шаттығы. Күле алу, біреуге күлу - адамзатқа ғана тән қасиет. Алайда, ауру адам, аш адам, азап шеккен адам, тағдырдың талқысына түскен адам күле ала ма? Езуіне күлкі табы түсіп, жымия ала ма?

Біз кейде күлеміз, шынын айтар болсақ...

Бір нәрсеге қуанған кезде күлкіміз үйіріледі. Табысқа қол жеткізген кезде мәз болып күлеміз. Әдемі киім кие алған кезде шаттанып күлеміз. Жақсы тамақ іше алған кезде масаттана күлеміз. Өмірде біреуді сүйе алғанымызға бақытты боп күлеміз. Өмірде біреу бізді сүйгеніне марқайып күлеміз. Қолымызға азын-аулақ тиын-тебен түскенде, денің сау, тірі жүргенің ойыңа түсіп миығыңды бір тартып қоясың. Өмірде адамша жасап жатқаныңа дән риза болып күлесің.

78. МАХАББАТ ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗДЕР: МАХАББАТСЫЗ- ДҮНИЕ БОС, ХАЙУАНҒА ОНЫ ҚОСЫҢДАР. (АБАЙ)

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар!

                                      Абай

 

Дүниеде өзгелерден бағалырақ үш нәрсе бар. Ол – махаббат, сенім, достық.

Махаббат.  Осы  бір ауыз сөз адам өмірінің ажырамас бір бөлшегі іспетті. Бұл дүниенің шыр етіп шарана болып есігін ашқаннан бастап ана махаббатына бөленеміз. Ана махаббаты сәби үшін ең қажетті азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосатын өмір баспалдағы. Біздің қоғамда ана махаббатына құштар қаншама сәби бар, қаншама тағдыр бар...

Махаббат- өте ауқымды тақырып. Оны жырлап, оның құдіреттілігін қағазға түсірген жан жоқ шығар, сірә! Махаббат десек көз алдымызға қыз бен жігіт арасындағы сезім ғана елестейтіні анық .Көпшілігімізге аға- апаларымыз: «бесіктен белің шықпай жатып, саған махаббаттың не керегі бар!» деп айтатыны жасырын емес. Жоқ, махаббат тек сезім ғана емес, махаббат- құндылық. Әр өскелең ұрпақтың санасында Отанға, туған жеріне, ата – анасына, мамандығына деген шексіз махаббаты болуы керек.  «Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады әрі мол шығады» - деген екен сырбаз жазушы Ғабиден Мұстафин.

Иә, жастарға жол сілтеу, оң бағытқа түсіру аға буынның құзіретіндегі дүние.

Қазақ әдебиітінде өзіндік өрнегі бар, шоқтығы биік майталман ақындардың махаббатты жырға қоспағаны кем де кем. Қазақ поэзиясының бастауында тұратын һакім Абай шығармашылығында сұлу қыздың бейнесін:

 Білектей арқасында өрген бұрым, 

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Аласы аз қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,

79. ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗДЕР: МАХАББАТСЫЗ ДҮНИЕ БОС, ХАЙУАНҒА ОНЫ ҚОСЫҢДАР. (АБАЙ)

(әркім өз ойын қосып жазу керек)

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

80. ӨЗІҢІЗ ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТАБЫСҚА ЖЕТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚАСИЕТ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙСЫЗ? ҚАСИЕТТЕРГЕ СИПАТТАМА БЕРІҢІЗ.

Ұстаз деген кім? Ол қандай болуы керек? Қалай жақсы ұстаз болуға болады? Дәл осы сауалдарға ойшылдардың сөздерінен жауап іздеп көрейік...

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. А. Құнанбайұлы 

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға. А. Құнанбайұлы

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селұос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет. Өйткені, бұлар, жұрт айтқандай, тамшымен тас тесетін бейнебір – су тәрізді. Әл-Фараби

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. Ғ. Мүсірепов

Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. С. Көбеев

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. Ы. Жақаев

Ұстаздың абырой болмаса – шәкірттері оның сақалымен ойнайды. С. Сараи

Көпті үлгілі болсын десең, оның алдында өзің де үлгілі бол. Беделдің келуі қиын, кетуі оңай. Ы. Жақаев

Жалғыз екенсің, артыңнан ерген ізбасарың жоқ екен, онда құның шамалы, шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз ағаш сияқты. Ы.Жақаев

Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті де, салмақты, сыпайы да, әдепті, кішіпейіл болуға, таза киініп, таза жүруге тиісті. М. Ғабдулин

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы? М. Әуезов

81. Төмендегі айтылымдарға өз ойларыңызды білдіріңіздер:

Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, артқы жағы – мұңға жуық. (Абай) (Әркім өз ойын жазады.)

82. Ойланып көріңіз, басқа адамның алдында кешірім сұрау сіз үшін оңай ма? Кестені толтырыңыз.

Кешірім сурау пайдасы. Қан қысымын төмендетеді. Ашушаң адамдар басқалардың соққысына оңай ұшырайды. Мұндайда қан қысымын өлшеткен жөн. Мамандардың айтуынша: «Егер басқалар сізді ренжітсе немесе қателік өткізсе, кең пейілділікпен кешіре білсеңіз, ашуыңыз басылып, қан қысымыңыз да қалыпты болады».

2. Рухани жүкті азайтады. Көзі тар адамдардың рухани басымы да ауыр болады. Өйткені олар көңіліне бүккен көп ісін ашып-жарып айта алмайді. Көңілінде бүкпесі жоқ кешірімшіл адамдар тұрмыс пен қызметте де көңілді болады. Сондықтан оларға түсетін қысым да аз болады.

3. Қас ойлайтын кісіні дос етесіз. Не істесе де басқаларға қастық ойлайтын, қасақана пәле іздеп тұратындармен ешкім отаса алмайды, егер кешірімшіл болсаңыз, басқалар да сізге кешірімшіл көзқарас ұстанатын болады.

4. Ашуды тежейді. Көңілсіздіктен ешкім де жақсылық таппайды. Сондықтан мүмкіндіктің барынша кешірімшіл болған абзал.

5. Жүрек ритмін орнықтырады. Әдеттегі адамдардың жүрегі минутына 70 рет соғады. Ашуланған кезде, әсіресе, біреумен бет жыртысқан кезде жүректің ритмі тездеп, жүрек қызметі ауырлайды. Сондықтан, кешірімшіл болу жүрек қызметін қалпына түсіріп, көңіл-күйді орнықтырады.

6. Арақ-темекіден аулақ боласыз. Кейбіреулер қатты ашуланса темекі тартып, арақ ішіп құсасынан арылғысы келеді. Бұл денсаулыққа зиянды. Ең жақсысы кешірімшіл болып, көңіліңізді кеңге салсаңыз, бұл мәселелер оңай шешілері хақ.

7. Күйіктен, мұң-шерден арылтады. Бірер істің байыбына бара алмайтын іші тар адамдар үнемі мұң басып жүреді. Кешірімшіл болсаңыз, бұл азаптан да аулақ боласыз.

8. Адамдармен тіл табысу оңайлайды. Кейбіреулер бірер іске душар бола қалса, егер өз себебінен болса басқалардан кір іздейді; басқалардың мәселесі болса айқұлақтанып шыға келеді. Мұндай адамдар жүрек ауруына оңай кіріптар болады.

9. Барыс-келісті кеңейтеді. Кешірімшіл, кеңпейіл адамдардың қоғамдық байланысы кең, достары көп болады.

10. Отбасы жарасымдылығын сақтайды. Отбасында ерлі-зайыптылар қатынасы ақаусыз, отбасы байланысының басты дәнекері саналады. Ерлі-зайыптылар бір-біріне кешірімшіл болса, өзара бауырмалдық түсінігі арта түседі. Қазан-аяқ сылдырламайтын отбасы жоқ. Тек кешірімшіл күйді ұстау қайшылықты шешудің кілті болып саналады.

83. Қиялданып көріңіз де, топтағы топтағы әр студентке, ерекше комплимент жазыңыз. Ұстамдылықты ұмытпаңыз. Міндетті түрде кімге арнадыңыз, есімін көрсетіңіз. Кейін комплименттеріңізді алмастырыңздар. Сізге арналған комплиментті қалай қабылдау керектігін естеріңізге түсіріңіздер. (әркім өзі жазады)

84. Уақытты тиімді жұмсау жоспарын жасаңыз.

Біздер көбіне жоспар жасағанда бір нәрсені ұмыт қалдырамыз. "Маңызды" істердің көпшілігі қуаныш әкеле бермейтінін аңғармаймыз. Содан да болар, уақыт өте келе жүзеге асатын жоспарлар көпшілігімізді қайран қалдырып жатады. Таңғалуға уақыт жоқ. Сондықтан қазірден бастап жұмысқа қатысты тізімдердің қатарына жеке өміріңізге қатысты жоспарларды енгізуге тырысыңыз.

Уақытты ақшамен өлшеуге бола ма?

Үнемі асығыс пен қарбалас үстінде жүретін адамдар уақыттың аздық ететінін айтып, шағымданады. Шындығында, бәрі де өзіңіздің қалай ойлағаныңызға байланысты.

Уақыттан озып кетудің қызық бір тәсілі - басыңыздағы жұмыстарды бір сәтке ысыра тұрып, өзгелерге көңіл бөлу.

Соңғы уақытта жүргізілген төрт зерттеудің қорытындысы бір тұжырымға келіп тірелді: еш нәрсеге үлгере алмай жатсаңыз... Өзгелердің проблемасын шешуге ат салысып көріңіз.

"Уақыттың ақша" тұратынына сенесіз бе? Алдын ала құттықтап қояйын, сіз де өз-өзіңізді торға түсіріп отырсыз. Уақытты ақша табумен ғана қарастыратын адамдар бос сәттің рахатын сезіне алмайтын болып шықты.

Зеттеу қорытындысы анықтағандай, табыс көзін алып келмейтін жұмыстар уақытқа ақша деп қарайтын адамдарға қолайсыздық сыйлайтын көрінеді. Мұндай адамдар бос уақыттың қадір-қасиетін түсінуден қалған-ды.

Уақытыңызды тиімділікке құрыңыз

Қанша уақытым қалды екен деп уайымдамай-ақ қойыңыз. Ең дұрысы, уақытты оңтайлы жұмсау керектігіне көңіл бөлсеңіз болғаны.

Шаршадыңыз ба? Психологтардың ұйғарымы бойынша, дәл осындай уақытта шығармашылық жұмысқа кірісу керек.

Мысалы, Марк Биман мен Джон Куниос сынды зерттеушілер серпілуге таңертеңгілік уақыттың ең тиімді екенін атап көрсетеді. Иә, ұйқыдан тұрған адамның басына күтпеген жерден керемет идеялар кеп тұрады. Бірақ, бір қиындық: біздер көбінесе ертеңгілік уақытта абыр-сабыр болып, бір жаққа асығып жатамыз ғой. Оған да қарсы бір амал бар: оятқышты бір сағатқа ерте қою. Сол уақытта асықпай-аптықпай алдағы жоспарларды реттеуге мүмкіндік тумақ.

Сіз бәрінен бұрын адамсыз ғой?! Жұмыс істеуге зауқыңыз соқпай отырған күннің өзінде жұмысты бітіруге тырысыңыз.

Уақыт сізді қалыптастырады

Кез келген салада жұмыс істеуге кеткен 10 мың сағат сізді сол саланың білгір мамамына айналдыра алады.

Әр салада жетістікке жеткен адамдардың өмір деректерін ақтарған зерттеушілер бір қорытындыға келіп отыр: адамға жоғары деңгейдегі білікті қалыптастыру үшін 10 жыл кететін болып шықты.

Сонымен қатар компьютер алдында көп сағаттарын жоғалтатын адамдар кейбір біліктерінен айырылып қалуы мүмкін. Тағы да зерттеу қорытындысына сүйене кетсек, мұндай адамдар дипломатиялық және сауда-саттық мәселесінде көбіне жетістікке жете алмақ емес.

Экран алдында өткізілген көп уақыт адамның нейронды жүйесіне әсер етіп, нәтижесінде адамдармен, сыртқы ортамен қарым-қатынас қабілеті төмендеп кетпек. Және смс жазудың майталманына айналған жандар өзгелердің көңіл-күйін сезінуде олақ болып шықпақ.

Өмір суреті

Бизнесмен Рэй Авериннің ойынша, өмірді қалыпқа келтіру тіпті де қиын емес екен: "Сіз өмірге келгенде алдыңызда 30 000 күн болады. Бұл сіздің арқа сүйер жалғыз мүмкіндігіңіз. Осы туралы ойланыңыз", - дейді.

Бүгінгі таңда Аверин 65 жаста. Өзінің  есептеуі бойынша, өмір сүретін 5 625 күні қалыпты және "өмірді артқа айналдыру арқылы" тіршілік құра беретіне әбден сенімді.

Алдағыны ойлап қана қоюға болмас. Уақыт өткен сайын артыңызға үңіліп отырыңыз.

Сіздің миыңыз - компьютер емес. Сіздің есіңізде не қалды және шын мәнінде не болды - екеуі екі нәрсе. Сіздің жадыңыз өткен күннің естеліктерін безендіріп қоюға әуес келеді. Тәтті естеліктер - жақсы өмір сүруіңізге жалғыз себептердің бірі.

Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеман өзінің психологияға арналған көп жұмыстарының бірінде адам миы өтіп кеткен оқиға ішінен екі-ақ сәтті жақсы сақтайтынын айтады: эмоциялық жанталас пен финал.

85. Студенттің өзін-өзі жетілдіру және тұлғалық өсу бағдарламасы.

Н.Ә. Назарбаев Н.Ә.Назарбаев университетінде оқыған«Білім қоғамы жолында» дәрісінде ел студенттеріне «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет.Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деп өз дәрісінде атап өткен болатын.

Тақырыптың өзектілігі Тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі мен әдіснамалық аспектісі мынадай бағыттарда көрініс тапқан:тұлғаның өзін-өзі дамыту механизмінің негіздемесі мен түсіндірмесі (Ф.Перлс, К.Роджерс, Д.Узнадзе, К.Юнг); тұлғаның өзін-өзі дамытуын өркендететін негізгі факторларды тексеру,оның әлеуметтік табиғаты мен мазмұны (Л.Божобич, К.Левин, Ж.Пиаже, Э.Эриксон және т.б.). Тұлғаның философиялық негізі өзіндік даму субъектісі іспеттес және іс-әрекеттегі тұлға санасын қалыптастыру проблемасын қарастырумен байланысты. (Л.Выготский, А.Леонтьев, Л.Рубинштейн және т.б.).Сондықтанда оқу – тәрбие үрдісінде интерактивті әдістерді қолдану жеке тұлға белсенділігін арттыруда, өзін – өзі дамытуда ролі зор. Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, оқу пікірсайысы (Сократтық диологтар), «ойындық жобалау, « ми шабуылы», «пікірталас», «дөңгелек үстел». т.б.жатады.

Зерттеу мақсаты: Жеке тұлға белсенділігі, инетерактивті әдістер түсінігіне тоқтала отырып, колледж студенттерінің өзін -өзі тануы арқылы өзін-өзі басқаруды, өзін – өзі дамытуды ұйымдастыру жұмысының мазмұнын ашу, оны теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін педагогикалық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу міндеттері :

  • Студенттердің өзін - өзі тануы арқылы өзін-өзі басқаруды, өзін – өзі дамытуды ұйымдастырудың теориялық негіздерін айқындау.

  • Студенттердің жеке тұлғалық белсенділігін артыруда интерактивті әдістерді қолдану жолдарын негіздеу.

Зерттеу обьектісі :

колледж студенттердің өзін – өзі дамыту , жеке тұлғалық белсенділігі.

Зерттеу пәні:

Колледж студенттерінің интерактивті әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғалық белсенділігін ұйымдастыру үрдісі.

1.Тұлғаның өзін-өзі дамыту үрдісінің кейбір аспектілерімен ( «Мен тұжырым- дамасының» құрылуын) Е.Чеснокова, А.Спиркин және т.б. шұғылдануда. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі педагогикалық және әдістемелік жағынан түбегейлі қарастырылғанын айтпай кетуге болмайды.

Кез келген пәнді оқыту әдістемесі тек оқытушының жоғарғы кәсібилігінің арқасында көкейкесті бола алады.Яғни,педагогтың өзіне тән тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне байланысты.Оқытушылар кәсіби іс-әрекетінің мазмұнына қарай мынадай қасиеттерге ие болуы керек:оқу үрдісін жобалай,оқыту технологиясының әр түрлі әдістерін меңгере, оқытудың инновациялық жүйесін пайдалана педагогикалық рефлекцияны жүзеге асыра алуы,яғни, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық,мәселелік міндеттерін шеше алуы керек. Сонымен қатар оқушылардың тұлғалық белсенділігінің деңгейін көтеруге көмектеседі. және де оқытуды тұлғаралық өзара қарым-қатынас жүйесін қарастырады. Тұлғалық таянуды жүзеге асыру педагогтің адекваттық тұлға- лық қасиетін талап етеді:эмпатиялық,қызығушылық,толеранттық және т.б.

Тұлға туралы американдық ілімдердің көшбасшысы Г.Олпорттың тұлғаның концептуалдық теориясы бойынша даралық диспозицияның 3 типін бөлуге болады,олар:

  • Кардиналды диспозиция-бұл адамның өмірлік әрекетіне мәнді әсер етеді;

  • Орталық диспозиция-бұл тұлғаның жалпы сипаттамасы өзіне таңдап алады;

  • Қайталанатын диспозиция-бұл біршама тұрақты,қарапайым қажеттіліктермен байланысты.

Г.Олпорт бойынша әрбір жеке индивидум белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі тұлға әрекетіне позитивті-шығармашыл ұмтылушы «Менің» қатысуымен шартталады.

Г.Олпорт «Өзінділікті» мұндай тұлғалық аспектілерден құралатынын анықтайды:өз денеңді сезу;өзіндік пікір айту;өзін-өзі бағалау;өзін-өзі тану және өзін – өзі рационалды басқару.

Тұлғаның белсенділігін арттырудағы өзіндік сана-сезімнің реттегіштік рөлі тұлғаның өзін тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттің субъектісі жеке өзінің адамгершілік қасиеттерін,қызығуларын құндылығын,мұратын және мінез-құлығын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауында көрінеді.

Тұлға белсенділігінің психологиялық-педагогикалық табиғатын тұлғаның құрылымына байланыстырып түсіндіруді төменгі сызба арқылы көрсетуге болады.

Адам өзіне сыни көзқараспен қарай отырып өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі және өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге байланыстыра алу қабілеттілігі белсенділікпен белгілі бір мәнді көрсеткішке жеткізетіні сөзсіз.Оның ішінде өзін-өзі бағалау тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып,рухани күш алады,өзінің айналасын қоршаған адамдармен қарым-қатынасын,өзіне сыни көзбен қарауын,талап қоя білуін, сәтсіздік пен жетістікке қалай қарайтындығына мүмкіндік береді.Сондай-ақ,тұлғаның өзінің іс-әрекетінің тиімділігіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.

Өзін-өзі белсендіретін тұлға-қай уақытта болсын өзінің мүмкіндіктерін үнемі толық ашып дамытуға ұмтылушылық қасиеті бар тұлға.Осындай тұлға болып жетілуде жеткіншектер мен жасөспірімдер болашақта шығармашылыққа, толыққанды қарым-қатынас жасауға,өз ойындағысын орындауға қабілеті бола отырып ізгілікті,тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесінде өзін қалыптас- тыра алады.Тұлға өзінің өмірлік қуатының мәнін,мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық,рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі нысандық үрдіс ретінде тұлға белсенділігін арттыруда өзін-өзі жетілдіру қызметі де өз үлесін байқатады.Бұл үрдіс оқу - тәрбие жұмысын зерттеуде ерекше мәнге ие екендігін дәлелдей отырып психологиялық-педагогикалық мәселелердің бірі бола алады.

Тұлға өзінің теріс қылықтарын жойып,жағымды қасиеттерін жетілдіру жөніндегі саналы мақсатты іс-әрекетті өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Көп жағдайда жеткілікті әлеуметтік тәжірибенің және психологиялық дайындықтың жоқтығынан жеткіншектер мен жасөспірімдер өз қылықтары- ның мотивтерін, яғни себеп-салдарын түсіне бермейді.Бұлай дейтініміз, олар үлкендердің қолдауы мен көмегінсіз өзін-өзі тәрбиелей алмайды.Осыған орай,тұлғалық қасиеттердің едәуір дәрежеде қалыптасқан кезең жасөспірімдік шақта өзін-өзі тәрбиелеуді адамның моралды қасиеттерінің негізгі түрі ретінде дамыту қажет.Нәтижесінде жасөспірім өзінің іс-әрекеті,ақыл-санасын іштей бақылап,бағыттай отырып өзін-өзі бақылау арқылы жаман әдеттерден тыйылып,жақсы әдеттерін,жағымды мінез-құлқын дамытып жетілдіруге мүмкіндігі туады.Мұндай жағдайда оған ерік күш-жігерін берік ұстау, ұстамдылық,табандылық және т.б.тұлғалық сапалары маңызды рөл атқарады. Бұл сапалар тұлға белсенділігін дамытудағы эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткішін көрсетеді.

Тұлға белсенділігін арттыруда өмірлік ұстанымның рөлі ерекше.Бұл тұлғаның дүниетанымдық,моралдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы болып табылады.Өмірлік ұстаным негізінде оқушылар өз әрекетін белсенді немесе баяу етіп көрсетеді.Дәлірек айтсақ,белсенді деп отырғанымыз, олар айналасындағы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылады,ал баяу дегеніміз, қалыптасқан тәртіппен салтты және норманы сақтаумен шектеледі.Жеке тұлғаның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы ретінде өмірлік ұстаным адамгершілік бағытта ол тұлғаның мінез-құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен,ар-ожданынан,идеялық бір бағыттылығынан байқалады.

Тұлғаның өзіндік өмірлік ұстанымы оның қоғамдық байлыққа деген пікірінен,іс-әрекетінен,қоғамдық қызметінен,өмірге деген көзқарасынан білінеді,ондай-ақ іс-әрекет пен сөз ұғымының бірлігінен,адамның алға қойған мақсатты орындаудағы белсенділігінен,теориялық білім,білік,іскерлік қабілетін жүзеге асыра білуінен байқалады.Белсенділік оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті,мазмұнды,көлемді танымдық қолданылатын, шығармашылықты арттыратын,білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі,дағды мен шеберліктің қалыптасуы оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған.Бұл танымдық-ой еңбегінің төмендеуі мен тоқтап қалуынан сақтайтын,жігерлі,мақсатты бағытталған жүйе.Жас буынның өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп,орындау арқылы дамытуға болады.Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып барлық тапсырмалармен, яғни түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз етіп отыру керек. Жалпы адамның жетілу барысында өзін-өзі зерттеп тануға бой ұрудың маңызы өте зор.Өзін биік адамгершілікке,мәдениеттілікке жеткізу үшін не білесің,нені білмейсің,оған қоса қандай жақсы қасиет бар,қандай жағымсыз қылықтан арылу керек екендігін жете түсіну керек.Ол тек өзіңді-өзің жете біліп,көп оқып,үйреніп,іздену арқылы мүмкін екені мәлім.Осы орайда,біз студенттердің өздері зерттеп,тануынаізденуіне ерекше көңіл бөлеміз

2.«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан. «Inter»-бұл өзара, «act»-әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір нәрсемен ( мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен әңгімелесу) диолог түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сонымен, интерактивтік оқыту- бұл ең алдымен мұғалім мен студенттердің өзара әрекеті жүзеге асырылатын диалогтық оқыту, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Оның өзінің нақты және болжаған мақсаттары болады. Оның мақсаттарының бірі -оқыту үрдісін жемісті ететін студенттердің өзінің интеллектуалдық деңгейін, табыстылығын сезінуге және оқытуда жағымды жағдай жасау.

Оқу процесіндегі өзара әсердің жаңа мазмұнын бере алатын анықтаманы іздестіру барысында интерактивті оқыту термині пайда болды. Бұл шын мәнінде педагогикалық қарым – қатынастың мәнін, мазмұны мен құрылымын, оңтайландыруға қабілетті екендігін көрсетті. Интерактивтілік ұғымы «символикалық интеракционизм» (Г.Блоуберг, Дж.Г.Мид, Р.Сирс, т.б.), яғни адамдар арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз сұхбат (диалог) ретінде қарастыру деген сөз. Мұндай тікелей диалог бүгінгі күні ерекше мәнге ие болып отыр. Көптеген негізгі әдістемелік инновациялар.

«Интерактивтің» негізгі ерекшеліктері қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың бірі – студент өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете алатындай жағдай тудыру болып табылады және бұл оқыту процесінің нәтижелі болуына әсер етеді. Оқы процесіндегі интерактивтік әрекет диалогтың қарым – қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Өзара түсінісу, өзара әсерге бірлесіп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Диалогтық оқыту нәтижесінде сыни ойлауға, күрделі мәселелерді талдау негізінде шешуге, балама пікірлер айтуға, дискуссияға қатынасуға, басқа адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақ кезінде жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рольдік ойындар қолданылады, әртүрлі құжаттар мен ақпарат көздері мен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.

Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісін барлық студенттер таным үрдісіне тартылып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру. Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, студент белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын студент пен студенттің арасында болатын интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау. Ал интерактивті оқытудың мақсаты-оқу процесінің барлық сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр студентті жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру.

Интерактивті оқыту әдістеріне студенттерді білім алу және оны өңдеуге жағдай жасайтын әдістер жатады. Олардың ішінде белгілілері-«Үлкен шеңбер», «Өзара» (междусобойчик) , «Аквариум», «Ми шабуылы», «Дебат», «Мозайка», «Пікірталас жургізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Психологиялық- педогогикалық консилиум» және т.б

  • Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.

  • Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады. Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады. Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады. Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

  • Аквариум әдісі: “Аквариум”– балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

  • Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.

  • Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – баланың өзі араласатын оқыту процесіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру - баланың санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірілік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – оқытудағы ең басты тәсіл.

Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр.

  • Дебат. Оқушылардың сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету.

  • Еркін микрофон. Бұл әдісті сыныптан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл оқушыларға даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт - әкімшіліктен оқытушылардың, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.

  • Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:

  • Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.

  • Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.

  • Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

  • Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

  • Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

  • Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

  • Ашық ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Оқушылар берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.

  • Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже.

  • Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.

  • Әлеуметтік –психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Оқушылардың өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына,болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына,еңбек нарығына бейімделуіне,өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды.Сонымен қатар әр оқушыға өзін-өзі тәрбиелеудің жолы мен бағытын көрсете отырып,ешқашан жалғандық пен зұлымдыққа бармауына,азаматтыққа жету баспалдағына жол ашуға,мақсатқа ұмтыла білуге және де қол жеткеніне қанағаттануына,өзгені тыңдай білу,түсіне білуге,қолдай білуге және әр баланың өз өмірі туралы көз қарасының дамуына ықпал ету қажет.

Осы тұста Абай атамыздың:

Іздеген жетер мұратқа,

Өзіңе сен,өзіңді алып шығар.

Еңбегің мен ақылың екі жақтан,- деген сөздерін мысалға келтіруге болады.

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаттары:

- ЖОО-ның әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуметтік серіктесі ретінде жоғары мектепті оңтайландыру үрдісіне студенттердің қатысуын күшейту;

- алынған білімнің сапасы үшін жастардың жауапкершілік деңгейін көтеру және университеттің әлеуметтік кеңістігінде органикалық бірлестіктің өсуіне септігін тигізу;

- студенттің тұлғалық өсуі мен әлеуметтік-экономикалық жауапкершілік жағдайларын құру;

- бәсекеге қабілетті, қажетті және жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту жағдайларын құру.

        Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері:

- студенттік өзін-өзі басқару өкілдерінің барлық деңгейлерде қызметі мен құзіреттілігінің (құқықтары мен міндеттері) нақты саласын қалыптастыру;

- университеттің барлық сфераларында мәселелерді шешу құзіреттілігі шеңберінде әлеуметтік серіктес ретінде студенттік активті тарту;

- заманауи маманның тұлғасын қалыптастыруда әлеуметтік-сау кеңістікті қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін студенттік бақылау жүйесін құру;

- рухани, азаматтық және ғылыми дәстүрлерді сабақтастыруды қамтамасыз ететін студенттік жастар, профессорлық-оқытушылық ұжым және университет әкімшілігі арасында әлеуметтік байланысты дамыту;

- жастарды олардың өзін-өзі анықтау мен өмірлік құндылықтарды таңдауда қолдау, патриотизм рухында толық әрі үйлесімді дамуы;

- студенттік жастардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.

Бір күніңізді есте қаларлықтай етіп өткізіңіз және бір күннің соңы жақсы көңіл-күймен аяқталсын.

Өткен күн мен болашақты ойлауға аз-маз уақыт жұмсаңыз - сонда барып сіздің өміріңіз мағына мен жағымды болжамға толы болады.

86. Тілдесу мәдениетіне байланысты мақал-мәтелдерді оқып, ойларыңызды жеткізіңіздер:

Жаман сөз – жанға кірер тікен,

Жақсы сөз- таптырмайтын ем.

Өлеңді қосылып айтқан жақсы,

Сөзді тосып айтқан жақсы. (әркім өзі жазады)

87. Ұлағатты сөздерге өз пікірлеріңізді білдіріңіздер: «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің; ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» (Қазақ мақалы) (Әркім өзі)

88. Адамзат тарихына үлес қосқан көрнекті тұлғаның іс-әрекетін атап көрсетіңіз.

Біз Сұлтан Бейбарыспен түркілік тарихымыздың ой-санасы биік, қайсар тұлғасы  ретінде, тағдырдың ауыр сынағына төтеп беріп, адамзат тарихындағы ұлы өркениетке  өзіндік үлесін қосқан жерлес-қандасымыз деп мақтанамыз. Орта ғасырлардағы түркілер  парсы, араб жұртымен бір бағытта ислам өркениеті жалауының биік тұғырдан  желбіреуіне, адамзат тарихында теңдесі жоқ рухани, экономикалық, ғылыми-техникалық  дамуға жол ашты. Ислам әлемінің ғылымы мен білімі, мәдениеті мен әдебиетіне түркі  ғалымдары өз үлестерін үш арнадан қосып отырды. Бірінші арна – Әбунасыр әл-Фараби,  Хорезми сынды ұлы данышпандар еңбектерін араб тілінде жазып, ислам өркениетінің өркендеуіне атсалысты. Екінші тобы – Маулана Жалаледдин Руми, Низами Гәнжи сияқты ұлы ойшыл, түркі ақындарымыз ислам өркениетінің әлемдік руханиятына парсы тілінде үлес қосқандар. Үшінші топ – Қожа Ахмет Ясауи, Махмұд Қашғари, Әлішер Науаи, Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр секілді талант иелері адамзат таза бұлағынан нәр ала білетін әлемдік деңгейдегі туындылар жазып, өшпес мұра қалдырды. Сондай-ақ ислам өркениетін жауларының қанды шабуылдарынан қорғап, іргесінің беки түсуіне, гүлденіп, өрлеуіне қорған бола білген түркілердің екі бірдей дана, батыр ұлдарын тарих күні бүгінге дейін тамсана да, мақтана да айтып-жазып келе жатыр. Олар – Сейфеддин Құтыз бен Сұлтан Бейбарыс. Оларды ислам тарихының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Омар ибн Хаттаб, Әли ибн Әбиталиб, Халид ибн Вәлид, Сәлаеддин Әйюби сынды ұлы сахаба, қайраткерлер қатарына қосуымыз арқылы Сұлтан Бейбарысты не үшін мақтан тұтатындығымыз белгілі болады.

2.Шындығына жүгінер болсақ, адамзат тарихында моңғол шапқыншылығы адам баласы үшін аса үлкен қасірет пен тауқымет алып келді. Исламның гүлдеген, өркендеген дүниесін тас-талқан етті. Миллиондаған адам азаппен өлім құшты, миллиондаған жан үйсіз-күйсіз босып жүрді. Балалар ата-анадан айырылып, иесіз қалды. Соғыстың аласапыраны қашанда дүниеқоңыз саудагерлерге пайда түсіру үшін таптырмайтын мол мүмкіндік тудырады. Ондай толассыз қанды шайқастар қоғамның экономикасын дағдарысқа ұшыратып, адамдардың қоғамдық қарым-қатынастағы құқықтық жүйесін бұзады. Осындай сәттерді күтіп жүрген қорқау саудагерлер адам баласының әлсіреген психологиялық, қоғамдық тұстарын тауып, адам сатып пайда табуға кіріседі. Бейбарыстың сәбилік шағы осындай қисыны кеткен қоғаммен тұспа-тұс келіп, қорқау саудагерлердің қолына түсіп, құл базардың тауары ретінде сатылды. Жалпы, қыпшақтардың бойында түркілерге тән жауынгерлік қасиет, әбден шыңдалған әскери өнер атойлап тұратын. Олардың ат үстінде шауып келе жатып қарша боратқан садақ оғына қарсы жақ төтеп бере алмайтындай күйге түсетін. Қысқасы, олар қасық қаны қалғанша шайқасуға дайын ержүрек ерлер еді. Сол себепті саудагерлер қыпшақ балаларын құл саудасына салып отырды.

3.Перғауын билігінен мұраға қалған Мысыр елі ұзақ уақыт, яғни ғасырлар бойы Ахаменид, Искендір Макадони, Иранның Сасан патшалықтарының боданында болып келді. Ислам дінінің келуімен Омар ибн Хаттаб заманында Иран империясының күйреуімен Мысыр ислам кеңістігінің еліне айналды. Бірақ бұл оңайлықпен іске асқан жоқ. Өйткені Мысыр жаулардың талай рет шабуылына ұшырады. Солардың ішінде ең күрделі һәм саяси тағдырын шешуші шабуылдар қатарында моңғол мен крест шабуылдары болды. Оның екеуінде де Мысыр елінің исламдық бейнесін қорғауда Сұлтан Бейбарыстың рөлі мен үлесі тарих тарапынан ерекше бағаланады. Бүгінгі мұсылман Мысыр елі сол үшін Сұлтан Бейбарысты құрмет тұтады.   1.Ең әуелі қара базарда сатылған құлдықтан айбары асқан, алтын тәж киген сұлтандыққа   дейін көтерілген, атағы әлемге жайылған әйгілі сұлтанның атын, туған жылы мен тегін       нақтылап алған жөн сияқты. Біріншіден, деректер мен ескі шежірелерде, жылнамалар мен көне тауарих кітаптарында оның аты Байбарыс деп айтылады. Бейбарыс деген ат қазір құлаққа сіңісті болып, кеңінен қолданысқа түсіп кеткенімен, мұның жаңсақ екенін айтқанымыз жөн. Байбөрі, Байтайлақ деген сияқты, Байбарыс деген атау да оның қыпшақтық тегін әйгілей түседі. Екіншіден, Ибн Абд-аз-Захир әр-Рауз әз-Захир Байбарысты «қыпшақ тайпасының бөрілі руынан тарайды» деп нақтылап жазады. Үшіншіден, замандасы Ибн Шәддад Байбарыстың туған інісінің берген мәліметіне сүйене отырып оны «1227 жылы қыпшақ даласында дүниеге келген» деген дерек айтады. Қалай болғанда, әл-Мәлик әз-Заһир Рукн-әд-дин Байбарыс Бундуқдари әс-Салих ретінде тарихта өшпес із қалдырған даңқты сұлтанның түркілік тегіне, қыпшақтық қанына ешкім шүбә келтірмейді. Сұлтан Байбарыс – тарихтың дамуына ықпал еткен айрықша тұлғаның бірі. Кейбір мұсылман тарихшылар оны пайғамбар әскерінің жеңімпаз қолбасшысы Халид ибн әл-Уалид және әйгілі сұлтан Салах-ад-дин Айубимен салыстырады. Профессор Фуат Көпрүлі сияқты ғалымдар Байбарысты бұлардан да жоғары бағалайды. Мұсылман тарихшылар арасында Байбарыс жеңіске жеткен Айн-Жалут соғысын әзіреті пайғамбар заманындағы атақты Бәдр шайқасына теңеушілер де бар. Өйткені, 1260 жылы болған осы соғыс алдында ислам діні үлкен қатердің алдында тұрды. Халифатты Хұлағудың қатыгез әскерлері басып алды, мұсылман елдерінің бірқатары отарлық қамытын киді, қалған бөлігін де дүлей үрей биледі. Екінші жақтан крест жорықшылары қыспаққа алып, ислам әлемінің құрып кету қаупі тұрды. Міне, Байбарыс осындай қаратүнек жағдайда арыстандай қайрат көрсетіп, жаудың бетін біржола қайтарып, мұсылман үмбетін құтқарып қалды. Кетбұға басқарған әскерді тасталқан етіп жеңіп, франктар мен армяндарға күйрете соққы берді. Хашхашилер сияқты іштен шыққан арамза ағымдарды тұншықтырып, діннің тазалығын қамтамасыз етті. Халифатты қалпына келтіріп, ислам әлемінің айбатты қорғаушысына айналды. Андре Клот сондықтан қаһарлы сұлтанды «франктер, армяндар және моңғолдардың түбіне жеткен иман қаһарманы» деп бағалайды. Кейбір еуропалық тарихшылар оны «батысты да бүлінуден аман алып қалған батыр» деп санайды. Байбарыстың тағы бір еңбегі, ол қыпшақ тілін Мысырдың мемлекеттік тіліне айналдырды. Сарайда қызмет еткісі келетін кез-келген жан түркі тілін меңгеруге тиіс болды. Ол жат жерде жүрсе де тегін ұлықтап, тілін дамытты. Сол себепті біз сұлтан Байбарысты қай жағынын алсақ та, айрықша ардақтауға тиіспіз. Ол – бір қазақтың ғана емес, адамзаттың тағдырына әсер еткен, дүниенің дамуына ықпал жасаған, әрбір мұсылманға мақтаныш болған ұлы қайраткер. Өкінішке қарай, бүгінде бүкіл дүниежүзі білетін Салах-ад-динге қарағанда Байбарыс туралы әдебиеттер жоқтың қасы. Осы орайда Қазақстанның Байбарыс мұрасына иелік етуі – қуанышты жағдай. Мысыр елінде Қазақстанды Байбарыс арқылы танитындар да күрт көбейген. Мысалы, әнебір жылы Каирге барғанымызда «Байбарыс елінен келдік» дегенде тұрғындар бізге ерекше ілтипат көрсетті. 

2.Байбарыс кезеңінің қым-қуыт, аласапыран заман болғаны белгілі. Қаһарлы Шыңғыс хан дүниеден озып, жаңа ұлыстар пайда болып, тартыстар қыза түсті. Жер-жаһан жорықтардан қан сасып, алапат соғыстан сан мыңдаған бейбіт тұрғындар қырылып жатты. Балалар құлдыққа жегілді, әйелдер күңдікте жүрді. Байбарыс та Қара теңіз жағасында құлдыққа сатылды. Көк көзінде ақ дақ болғандықтан, ол бар болғаны 40 динарға бағаланыпты. Салыстыру үшін айтайық, мәселен, Қалауын 1000 динарға сатылған екен. Кейбір сымбатты жігіттер үш мың динарға дейін бағаланған. Құл сатушылықты арнайы пайда көзіне айналдырғандар олардың кейбірін ұрлап әкетіп сатса, енді бірін ата-аналары күнкөріс көзін қамтамасыз ету үшін, қарыз бен салықтарын төлеу үшін беріп жіберіп отырыпты. Ал Байбарыс пен бауыры қастықпен қолға түсіріліп, қазіргі Түркия жеріндегі Сивас қаласында сатылған. Қыпшақтың балалары мен түркінің кіндігінен тарайтын жас жігіттер жауынгер, қайтпас қайратты болғандықтан, құлдыққа көбірек түскен көрінеді.

3.Ол дәуірде Мысыр моңғолдар мен крест жорықшылары арасында әбден қалжырап, елдігінен ажырап, мүлдем құрып кету қаупі алдында тұрды. Тақ таластары толастамады, дарынсыз сұлтандар да елге тұтқа бола алмады. Сондықтан Байбарыс негізін қаламаса да, Мәмлүк мемлекетінің нағыз құрушысы болып саналады. Тек жаужүрек жауынгер ғана емес, стратег қолбасшы әрі қажырлы мемлекет қайраткері болған ол мемлекетті көркейтті. Мемлекеттік жүйені нық орнықтырды, орталық билікті нығайтты, халықтың әл-ауқатын арттырды, қаланы көркейтті, жаңа мешіттер мен медреселер салды, каналдар қаздырып, экономиканы дамытты. Байбарыстың ізін Африканың алып елінен қазір де көруге болады. Жалпы, Мысыр тарихында ерекше із қалдырған Құтыз, Қалауын, Айбек, Қайтбай, Айтбай сияқты тұлғалар да біздің қандастарымыз, сондықтан олар да қазақ тарихында лайықты орын алуы тиіс деп ойлаймын.

89. Отбасы тақырыбына эссе жазыңыз.

Отбасы - тәрбие бастау

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова,  Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады.. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с. Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді. Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер  жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың  отбасындағы  әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік  қамалмен тең. Басқа халықтар үшін  жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті  жақындарына көмек көрсетуді  өз жауапкер- шіліктеріне алмайды.

90. Адамзат әрекетінің әр түрлі саласындағы қандай мәселелер бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызып отырғанын аңғарасыздар ма? Осы мәселелердің қайсысы сіздерге жақын? Өзіңізді толғандыратын бір мәселені таңдап алып, оны шешудің қандай жолын ұсынатыныңызды айтыңыз.

Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін. Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең тарағандары. Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен суының 16%.

Қоршаған ортаның ластануы[1] – адамға және табиғи экожHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5.html"үHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5.html"йеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. ҚHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D2%9A%D0%BE%D1%80%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0.html"оршаHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D2%9A%D0%BE%D1%80%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0.html"ғHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D2%9A%D0%BE%D1%80%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0.html"анHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D2%9A%D0%BE%D1%80%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0.html" ортаныHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D2%9A%D0%BE%D1%80%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0.html"ң ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топанHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D0%A2%D0%BE%D0%BF%D0%B0%D0%BD_%D1%81%D1%83.html" су басу, өHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D3%A8%D1%80%D1%82.html"рт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынаHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9_%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D1%8B.html"қHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9_%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D1%8B.html" алаHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9_%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D1%8B.html"ңHYPERLINK "http://newikis.com/kk/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9_%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D1%8B.html"ында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]