Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нов курсовой 4курс 12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.76 Кб
Скачать

3.2 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік

тәжірибесі.

Көптеген шетелдік елдерде инвестициялық белсенділік және экономикалық өсімге сәйкес шетелдік капитал қатысуын қолдайды. Ашық нарықтық экономикалы елдерде халықаралық капитал қозғалысына, халық аралық еңбек бөлісіне және шаруашылықтарды интеграциялауға белсене қатысуда. өтпелі кезеңде кез- келген елде өндірісті ұйымдастыру құрылымдардың өзгеруіне сәйкес шетелдік капитал салымы өзімен бірге озық технологияны, басқару тәжірибесін, жаңа нарықты іздеу тәжірибелерін әкеледі. Қытай мемлекеті экономикалық өсуі бойынша қазіргі кезеңде ерекшеленуде, себебі: олар бірінші орынға елге сыртқы инвестицияны тарту көлеміне барлық жағдай жасады.

Нарықтық экономика дамыған елдер шетелдік инвесторлармен қатынаста келесі құжаттарға негізделе жүреді: “Халықаралық инвестиция үшін принциптері» (1972), ОЭСР (экономикалықдостастық және даму ұйымы), Капитал қозғалысын либеризациялау Кодексі (1961) және “Халықаралық капитал салымы және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларация” (1976). ОЭСР-ге мүше елдерге декларация келесідей сипатталад: Қатысушы мүше елдер арасында басқа елдерге тікелей немесе жанама жұмыс істеуші кәсіпорындар немесе азаматтар сол елдің заңдарын, ережелерін құрметтеу тиім, бірақ олардың құқықтары халықаралық құқықпен қорғалады.

Батыс Европада шетелдік инвесторлар қызметі негізгі ұлттық заңдармен әкімшілік процедуралар және шешімдермен, сонымен бірге барлық жергілікті кәсіпкерлермен бірдей қозғалады. Ұлттық заңдылықтар жекелеген ұлттық және шетелдік компания арасындағы шаруашылық қызметтер аспектісі өздерінің азаматтық және сауда құқық ережелермен бірдей қорғалады және жүзеге асырылады. Батыс елдерінде шетелдік инвестиция үшін арнайы заңдар мен кодекстер жоқ, бірақ әкімшілік шешімдер және жекелеген заңдарда бірқатар баптар қарастырылады. Шетелдік инвестиция үшін арнайы заң мен кодекстер бірқатар Жерорта теңіз және Британ аралдарында қолдануда. Нарықтық экономикасы дамушы елдерде шетелдік инвесторлар назарына және мемлекеттік кепілдік құқығын 3 деңгейге құжатталған:

    1. осы елдің Конституциясына негізделеді;

    2. шетелдік инвестицияны қолдау және қорғау туралы екі жақты мемлекетаралық келісімдер арқылы;

    3. конвенция қатысушы мемлекетаралық және басқа ел азаматтарын инвестициялық келіспеушіліктерін реттеу. [18]

Шетел әріптестерімен ынтымақтастық басқару, маркетинг, кадрларды дайындау, шетел тәжірибесін меңгеру көзқарасы оң әсер береді. Шетел капиталы қосымша және материалды және ақшалай қаражаттар берумен қатар сонымен бірге елдегі нарықтық қатынастарды дамытудың байсалды катализатор болуы мүмкін.

Шетел капиталын тарту, біріккен кәсіпкерліктің ары қарай дамуы монополизіммен күресуде елеулі маңызы бар. Бұл процестің маңызды сипаты шетел капиталының қатысуымен кәсіпорындарды құру жолымен, елде монополияның қалыптасқан диктатына қарсы тұра алатын, бәсекег е түсе алатын құрылымдарды қалыптастыру.

Батыс елдердің территориясына тікелей инвестицияны жүзеге асыруға алдын- ала шешім қажеттіліктері, бәсекег е түсе алатын құрылымдарды қалыптастыру тұрады. Бұндай шешімдер тек талаптарды қояды. Кейбір мемлекеттік инвестиция көлеміне алды-ала шешім қажеттіліктерін қояды. Мысалы: Австралия мемлекеті инвестиция көлеміне 10 млн Австралия долларын және одан көп болуын, Ирландия – 1 млн ирланд фунттан төмен емес. (Франция, Греция, Исландия, Норвегия, Финландия, Швеция, Бельгия). Шетелдік инвестицияны жүзеге асыру үшін шешімдер талабын ұлттық орган қолданылады, шетелдік компания қатысушылар қызметы мен мазмұнын бақылайды. Бір елдерде бұл орталық банк немесе сауда және өнеркәсіп министірлігі, қаржы, экономика және тағы басқа орталық органдар болып келеді, себебі: олардың негізгі функциялары компаниялар мен шетелдік қатысушылар қызметтерімен тығыз байланысты. Сонымен бірге басқа елдерде бұл қызметпен арнайы орган шетелдік компанияларды бақылау үшін қолданады. Осындай арнайы органдар едәуір шек қойған. Мысалы: Финландия кеңес коммиссиясы шетелдік капитал салымымен сауда және өнеркәсіп министірлігімен, себебі: инвестор компанияның негізгі акция пакетін алуға талап қойса ғана араласады.

Көптеген батыс елдерінде шетелдік инвесторлармен қызметті ұлттық ұйымдар айналысады. Британия және Канада бұл мемлекеттік “Invest in Britain Bureau” және “Investment Canada”, ал Шотландия мен Ирландияда жартылай мемлекеттік “Locate in Scotland” және “Industrial Development Authority”. Британия мен Шотландияда бұл ерекше консультациялық- ақпараттық ұйым, Канада мен Ирландияда бұл реттеуші орган ретінде қолдануда.

Барлық мемлекеттердің кейбір салаларға шетелдік капитал салығы шек қойған. Басқаша жағдайда мұндай салымдар тек органдар шешіміме жүзеге асырылуда. Көптеген елдерде мұндай салаларға тек ұлттық, мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік ұйымдар мен компаниялар тартылған. Мұндай салаларға почта, телеграф, телефон, теле және радио тарату, транспорт, энергетика және тағы басқа салалар жатады.

Чили мемлекетінің шетелдік инвестиция тартудағы тәжірибелеріне сүйенсек Латын Америкасы құрлығындағы Чили мемлекетінде шетелдік инвестиция тарту тәжірибесінде оңды жақтар бар. Бұл факт 2009 жылдың соңындағы Мексикалық дағдарыста және Азия елдеріндегі қаржы дағдарыс кездерінде қолданылды. Енді оның экономикалық тарихына көз жүгіртсек. 1999 жылы Чилиді генерал Пиночет басқарды. Сол кезде Чили үкіметі М.Фридман идеясын енгізді. Олар экономиканы неолибералды экономикаға қарай бағыттады, яғни ішкі өндірістік ақпараттарды қайта құруға бағыт алды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен банктерге жекешелендіру жүзеге асқаннан кейін шетелдік капиталды кедергісіз импортталды. Шетелдік банктер ел қызметі үшін көптеген талаптар қойды. Жеке қаржылық секторды тез дамыту үшін процент ставкаға ешқандай мемлекеттік бақылау орнатпады. Бұл шетелдік капиталдың көптен келуіне жол ашты.

2006 жылы әлемдік нарыққа Чилиден негізгі экспорттық өнім ретінде мыс бағасының төмендеуі экономикаға теріс фактор ретінде әсер етті. Экономикалық және қаржылық дағдарыстың нәтижесінде 2009 жылы елдің ЖIӨ 14% төмендеді, мемлекеттік сектор дефициті ЖIӨ 3,5% құрады. Содан кейінгі жылдары Чили мемлекеті саяси, экономикалықреформаларды жүргізу арқылы нәтижелері оң болды. 90-жылдардың алғашқы жартысында Чили 4,5 млрд АҚШ долларына жуық инвестиция басқа елдерге салды, негізгі бағыты Аргентина мемлекеті болды. Соның нәтижесінде Аргентинада 2010 жылдардың ортасында шетелдік инвестиция тартудағы Чили мемлекетінің үлесі 13,8% құрады. Негізіне Чилилік капиталдың 35% энергетикалық ресурстарға бағытталды. Аймақта Чили экономикалық өсімі интенсивті сипатта болды және тұрақтылық сақталды (2008-2012 жылдар арасында 7% болды). 1993-2010 жылдар аралығында Чили мемлекетіне 50767 млн ФҚШ долларына жуық инвестиция келді. Соның ішінде өндіру өнеркәсібі 27459 млн АҚШ доллар(барлық инвестицияның 54,1%), қызмет көрсету сферасы 9499 млн долар(18,7%), өңдеуші өнеркәсіп 6097 млн доллар(6,2%), коммуналдық қызмет сферасы 3150 млн доллар (5,6%), құрылыс 637 млн доллар(1,3%) және тағы басқа салалар.Чили мемлекетінің шетелдік инвестиция тарту саясатын жүзеге асырғанда қолданғанда жүргізілген іс-шаралар:

- экономикалық саясатты тұрақты жүргізу, экономикалық реформаларды тереңдету;

- жеке меншік секторды дамыту;

- инфляция деңгейін төмендету;

Шетелдік инвестицияны қолдау және қорғау туралы екі жақты мемлекетаралық келісімдер жүргізу ,мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттырады.Осы бойынша жеңілдік жасалу реті бар елдерді келесі кесте 6 көрсетеміз.[19]

Кесте 6 - Шетелдік инвестицияға жеңілдіктер

Елдер

Жеңілдіктер (салық құралдарына %)

Коментарии

Италия

210

Инвесторлар үшін жеңілдік салық каникулы 10 жыл

Сауд Арабиясы

130

10 жылдық салық каникулы

Бельгия

100

ИНвесторлар үшін жеңілдіктер

Польша

100

Салық несиесі

Ирландия

75

Салық каникулы 11 жыл

Қытай

60

Корпаративті салықтың төмендігі, салық каникулы

Англия

30

Қысқартылған амортизациялық салық, салық каникулы

Ресей

90

Кеден салығы 50%жеңілдік, аймақ және жергілікті жеңілдіктер

Өзбекстан

75

Салық каникулы 7 жыл

Ескертпе: Кестеде мемлекеттердің инвестиция тартуға жасаған жеңілдктерін,балл бойынша анықтаған

Инвестициялық климатты жақсартудың негізгі шаралары ретінде шетел инвесторлары келісімдерді орындау, заңдарды орындауды бақылау, бюрократиялық препондарды жою, салық салу ауыртпалығын жеңілдету міндеттемесін қабылдауды ұсынды. Ал инвестициялаудың оң факторы ретінде республикадағы саяси тұрақтылық, ірі нарықтық потенциял, минералды және табиғи ресурстардың байлығы, жақсы оқытылған және білімді жұмыс күшінің арзандығы болып табылады. Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы жоқ, шетелдік капиталға тән және майда кәсіпкерліктің дамуы маңызды (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрмыстық тахника шығару, ауыл шаруашылық техника, ағаш өңдеу, минералдық тыңайтқыштар және өсімдікті қорғау құралдары) Соңғы кездері шетел кәсіпорындар 100% шетелдік капиталмен темекі, маргарин, кондитер бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың республика көлемінде көбеюі кездейсоқтық емес. Шетелдік инвесторлар қазақстандағы шағын бизнеске қолдау көрсетеді, ішінде ЕБРР, бүкіләлемдік банк, ПРООН, Ситибанк сияқтылар жеке кәсіпкерлерді қаржыландырады. Инвестицияларды таңдау мен тартуда тек қана халықаралық қаржылық ұйымдарға ғана емес, бірақ ең алдымен Қазақстандағы белгіленген өзгертулерді қолдауды жүзеге асыра алатын өнеркәсібі дамыған елдердің үкіметтік құрылымдарына бағыттау лазым.

Осыдан шыға келе интеграциялық процесті мемлекеттік реттеу белгілі талаптарға және шарттарға жауап беруі қажет, шаруашылық субъектілердіңбелгіленген ағымды және перспективті жоспардағы капиталдың

тұрақты кему көлеміне негізін сала алады.

Инвестицияны тарту процесті тұрақтандыру мен жеделдету талаптарының ең бастылары мынадан тұжырымдалады: [20]

  • заңдардың тұрақтылығы қаржылық салықтың кедендік реттеудің нормативті-құқықтық негізін құру;

  • салықтық жинақтарды, тарифтерді және бекітілген жеңілдіктерді рационализациялау;

  • Қазақстанның өндіргіш күштерінің даму артықшылықты мақсатына жетуді қамтамасыз ететін салалық және территориялдық қатынаста ийілгіш қаржылық реттеудің болуы;

  • мәселелерді шешуде органдардың компетенциясының жоғары деңгейінде, ол шетел инвестициясындағы әр түрлі министерство және ведомство жағынан инвестициялық процесті реттеу шараларындағы қосарланушылықты жою.

Қорытынды.

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның тартылған ақша қаражаттарының жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қтартылған ақша қаражаттары жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Қорыта айтқанда, мемлекеттің экономикалық өсуінің және экономикалық тұрақтандырушы факторлардың бірі болып саналатын инвестициялық белсенділіктің мәні жоғары тұрады. Қазақстандағы экономикалық реформалардың жүзеге асыруына байланысты құқықтық, қаржы – экономикалық және әлеуметтік мәндері халық шаруашылығының барлық салаларында жүзеге асты. Экономикалық өсудугі негізгі инвестициялық қызметті ұйымдастыру мен басқару қызметтерінің өсуі экономиканың бәсекеге қабілеттігін көтере түсуде.

Бірінші бөлім: Кәсіпорынның тартылған ресурстарының басқарудың теориялық негіздері.

Екінші бөлім: Кәсіпорынның қаржысының қалыптасу көздерін талдау. «ПетроҚазақстан» АҚ мысалында. Кәсіпорынның негізгі проблемаларының бірі - төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.

Үшінші бөлімде, кәсіпорынның тартылған ресурстарын басқаруды жетілдіру жолдары мен шетелдік тәжрибені қарай отырып нақты жағдайды бағалау жасалынды.

Қазіргі кезде ел макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы тұрақталуына жеткен кезде экономикалық өсімге жету бойынша шараларды жүзеге асыру маңызды міндет болып отыр. Экономикалық өсім концепциясы шетел капиталын кең тартуды болжайды. Капиталды жинау мен инвестициялаудағы екпін шетел инвестициясын тартуды қоса алғанда бірнеше проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл экономикалық өсім факторы, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттілігі көтеріледі.

Кәсіпорынның бәсекегеқабілеттілігін сақтау үшін, жұмыс бір нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек. Ұйым құрылымы-фирма бөлімдері жақсы байланыста болуын, жауапкершілік пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Болашақта үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін тұтынушыларды зерттей білу керек, бәсекенің әр жақтарын білу керек және өндірістің құрылымын меңгеру қажет.

Ұйымдастырушы құрылым әр бөлімнің бір-бірімен деген байланысын қамтамасыз етеді және алға қойған мақсаттарына жету үшін, жауапкершілікті бөліп береді. Ұйымдастырушылар фирмалардың арасындағы байланысты да қадағалайды.

Ұйымдастыру жұмыстарын алға жылжыту үшін құқықтары жақсы білу керек, ең басты мақсаты басқарудың тиімділігін жоғарылату қажет.

Ұйымдастырушы структура ең бастысы фирманың барлық бөлімдерінде жақсы байланыс болғанын қалайды, олардың әр қайсының құқығын және жауапкершіліктерін бөліп береді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы2014 жылғы 14 қараша

  2.  Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007

  3. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 2014 жылғы 17 қаңтар;

  4. Есенгельдин Б.С., Ақбаев Е.Т. Қаржылық менеджмент: Оқулық.- Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-288 бет

  5. Искаков Ұ.М.,Бохаев Д.Т.,Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдар». Оқу құралы,А.:2008

  6. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

  7. Брейли Р., Майерс С. Принципы. корпоративных финансов;Пер.с анг.- М: ЗАО «Олимп-Бнзнес», 2003г.

  8. Ковалев В.В. Введение финансовый менеджмент -М.:Финансы и статистика, 2005г.-768с.

  9. Пазидов Ғ.А. «Қаржы нарығы және делдалдары» пәніненқысқаша лекциялар жинағы.,Шымкент 2012ж

  10. С.Росс и др. Основы корпоративных финансов Пер с анг:~М.:Дело, 2003-128с.

  11. Холт Роберт Н. Осяовы финансового менеджмента Пер с анг.-М.:Дело, 2003-І28с.

  12. Ченг Ф.Ли. Джозеф И. Финнерш. Финасы корпорации:теория, мегоды и практика. Пер с анх. -М: Инфра-М, 200-686с.

  13. Шим Дж. К, Сигел Дж. Г. Қаржылық менеджмент., -М .:Филинь, 2006-395с.

  14. Балабанов И.Т. Основы финаисового менеджмента. Какуправлять капиталом?- М.: Финансы и статистика, 2005 -384с.

  15. Бланк И.А. Қаржылық менеджмент.:Учебный курс.-К.:Ника-центр, 2009.-528с.

  16. Қазақстан Респуликасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 2005.

  17. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша,несие банктер.А.2001 ж.

  18. Бланк И.А. Қаржылық менеджмент.:Учебный курс.-К.:Ника-центр, 2009.-528с.

  19. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг. Введение в фондовыеоперации. - Самара: Самвен, 2002,

  20. Ілясов Қ.Қ.,Құлпыбаев С.Қаржы.А.-2005ж.

38