
- •1 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыруды басқару
- •1.1 Тартылған қаражаттар түсінігі және оның кәсіпорын
- •1.2 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы
- •2 Кәсіпорын қаржысының қалыптасу көздерін талдау
- •2.1 Оқо кәсіпорындарының тартылған қаражаттары қызметін талдау
- •2.2 «ПетроҚазақстан» инвестициялық іс-әрекет тиімділігін есептеу және
- •3 Кәсіпорынның тартылған ақша қаражаттары ағымдарын басқаруды
- •3.1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
- •3.2 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік
3 Кәсіпорынның тартылған ақша қаражаттары ағымдарын басқаруды
жетілдіру жолдары.
3.1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
Қазақстанда және дүниежүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту беталысын талдау негізінде бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:
ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде агроөнеркәсіптік кешен);
құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс материалдарының әрлеу мен қапталына дейінгі өндірісіне шейін);
әйнек өнеркәсібі;
химия және мұнай химия өнеркәсібі;
металлургия;
машина жасау;
орман және ағаш өңдеу өнекәсібі;
балық өнеркәсібі;
инфрқұрылым (энергетика және көлік). [13]
Қазіргі уақытта қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржылындыруға ауыстырылды.
Құрылғанына көп уақыт өтпеседе, ел экономикасына өзіндік бедері мен еніп, бүгінгі айшықты орын қалыптастыра бастаған «Қазақстанның инвестициялық қоры» Акционерлік Қоғамы еліміздегі даму институтарының бірі ретінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің тікелей қозғау салып ықпал етумен дүниеге келген болатын. Бастапқыда бұл игі шараның негізі Қазақстан Республикасының индустриялдық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында салынды.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының келуінің жаңа перспективолары ашылып жатыр.
Бірінші, ең негізгі шетел капиталын тарту бағыты оның көмегімен Қазақстанның алынбаған ғылыми техникалық потенциялын меңгеру, әсіресе машина жасаудың конверсияланатын кәсіпорындарында.
Екінші, Қазақстанның экспорттық потенциялын кеңейту және диверсификациялау.
Үшінші, импорт алмастырушы өндіріс құру, халық тұтыну тауарларының , азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмектің, машина жасау өнімдерінің, т.б. өндірісін дамыту.
Тортінші, транспортпен байланыс, өңдеуші салалар мен инфроқұрылым сфералары.
Бесінші, бай табиғи қорлары бар, еңбегі мол аймақтарға (бірінші кезекте оңтүстік , батыс және орталық ) шетелдік инвестицияның келуіне ықпал ету.
Қазақстан экономикасының салыстырмалы қаржылылық тұрақтылығы, сыртқы несие ресурстарын тартуға қатаңырақ қарау жағдайында (үкіметтік несиелер мен кепілдерге шектеуді енгізу) сыртқы қаржыландыру көзінің ерекше ролін шетел тікелей инвестициясы алып отыр.
Шетел тікелей инвестициялары халықаралық инвестициялық қызметтің категориясы ретінде инвестордың басқа экономика резиденті болып табылатын кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ұзақ мерзімді қызығушылық алуымен сипатталады.
Әр саладағы көптеген кәсіпорындарға инвестиция салып, оларды акционерлендіруіне қарап, қорды бірнеше кәсіпорындардың басын біріктіруші холдингтік құрылым депте қарауға болмайды, өйткені акцинерленген кез – келген кәсіпорынның акцияларының бақылаушы пакеті Қордың иелігінде емес, ол әрбір жобаның бастамашыларына тиесілі. Мұнда қор оларға бизнесті жолға қою тұрғысынан мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орнатуға, салықтық басымдықтар алуға, инвестиция тарту үшін, шикізат алу үшін ұзақ мезімдік келісім шарттар жасасуға, инфрқұрылымдық мәселелерді шешу тұрғысынан және басқа да мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Қазақстанның инвестициялық қорының құрылу арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік капитал арқылы инвестиция тарту мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды жүзеге асыру саясаты Қазақстанда дами қоймаған. Бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған салдары. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті жүзеге асу тұрғысынан алғанда, Қазақстанның инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен үұлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы пакетін ұстайтын әрі жобаның техникалық-технологиялық жағын іске асыратын тиісті маркетингтік жіне технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) қолында болғаны тиімді деп есептеледі. Статистикалық деректерге қарасақ соңғы бірнеше жылдың ішінде ішкі инвестицияның үлес салмағы сыртқы инвестицияның үлесінен жоғарылаған. Бірақ ішкі инвестицияның орасан бөлігін шетелдің бақылауындағы кәсіпорындар көтеріп отыр. отандық бизнеске тиесілі кәсіпорындардың инвестициясы анағұрлым төмен. Сондықтанда экономиканың бұл бағыттағы қадамын алға бастыру үшін бүгінгі ең маңызды мақсат- ішкі мүмкіндіктерді барынша іске қосып, таразы басын оңға бұруға күш салып, ішкі сапалы өндіріске жан бітіру қажет. Инвестициялық қордың қолға алынған әрбір жоба бойынша тек қана нақты нәтижеге қол жеткізуі де осыдан.
Қытайда FIAS екi қызықты жобаны жүзеге асырады:
шетел тiкелей инвестициясын тарту жүйесiн құру бойынша жұмыстың аяқталуы;елдiң инфрақұрылымдағы шетел инвестициясы үшiн заңды және институционалды негiздердi бағалау.
Бiздiң ойымызша, Қазақстан FIAS-тың тiкелей шетел инвестициясын тарту саласында техникалық көмек көрсету бойынша тәжiрибесi мен мүмкiндiгiн кең қолдану керек.
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартуды мемлекеттік реттеу процесін жетілдіру қажет.
Ол үшін:
сыртқы экономикалық қызметтің жетілуін реттейтін жаңа заңдар мен қаулылар қабылдау керек;
шетел капиталының көлемдері мен оны қолдану туралы ақпараттың баршаға ашықтығын қамтамасыз ету керек.
сыртқы экономикалық қызметтің жетілуін реттейтін жаңа заңдар мен қаулылар қабылдау керек; [14]
“Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі мен сәйкесінше оң нәтижелерге жету үшін материалды базаны құру қажеттігін атап кету қажет.
Республикада инвестициялық қызмет туралы ақпаратқа маманданатын баспа органы жоқ. Ақпараттың жабықтығы, мәліметсіздік шетел инвесторларына көптеген қиындық тудырады. Көптеген мемлекеттік ведомстволар бұл жағдайды мемлекеттік қауіпсіздік мақсаттарымен түсіндіреді. Ешкім ұлттық құпияларды жоюды ойламайды, мұндағы бастысы экономикалық пайда, салыстырмалы артықшылық пен инвестициялық ресурстарды тиімді бөлу.
Республика үкіметі инвестиция тарту бойынша шаралар қолдануда. Осылайша, 2002 жылға дейін инвестиция тарту үшін өте маңызды өңдеу өнеркәсібінің өндірістерінің тізімі жарияланды. Қазақстан Республикасының “Салықтар мен бюджетке салынатын басқа да міндетті төлемдер туралы ” кодекстің жобасында (салық кодексі) мәміле бойынша салық салудың тұрақтылығына, салық заңдылығын барлық салық пен басқа міндетті төлемдер бойынша өзгеру нәтижесінде шетел инвесторының жағдайының нашарлауы немесе жақсаруы жағдайларына кепіл береді. Жаңа салық кодексі жобасының осы және басқа да баптары республикаға шетел инвестициясын тарту үшін ынталандырушы факторлар болып табылады.
Қолайлы инвестициялық жағдай жасау үшін, отандық және шетелдік инвестициялық белсенділіктің күшеюі үшін ұсынылады:
шетел фирмаларымен бірлескен жобаларға көмек беру және оның шығарылуы мен оның жүзеге асуына септігін тигізу;
инвестицияларды өңдеу өнеркәсібінің приоритетті салаларына тарту бойынша жұмысты халықаралық қаржылық ұйымдармен сауда-экономикалық ынтымақтастық жобалары мен бағдарламалары және дамыған елдердің үкіметтерінің мақсаты қарыздары шегінде жалғастыру;
негізгі капиталға инвестициялауға бағытталған пайда бөлігін салық салудан босату. [15]
Қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру үшін қажет:
а) шаруашылық және инвестициялық қызметтің құқықтық базасының тұрақтылығын, тікелей инвестицияны қолдау және ынталандыру бойынша шаралар жүйесінің ашықтығын қамтамассыз ету;
б) Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларын өңдеу және қабылдау:
экономиканың приоритетті секторлары мен өндіріс түрлерінің тізімін кеңейту және нақтылау туралы;
тікелей инвестициялар үшін жеңілдіктер мен преференциялар беру тізімі, көлемі және шарттары туралы.
в) салалық инвестициялық информациялық проспектілерді дайындауды қолдау, потенциалды отандық және шетел инвесторларын тарту үшін инвестициялық ақпараттық бюллетень құру, олардың дипломатиялық жолдары бойынша таралуын қамтамассыз ету;
г) өзгеріп жатқан жағдайға байланысты “Шетел инвестициялары туралы”, ”Банктер туралы”, “Лицензиялау туралы”, “Сақтандыру туралы” заңдарға қажет өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
д) шетел капиталын қолдану мен оның көлемдері туралы ақпараттың баршаға ашықтығын қамтамассыз ету;
е) жоғары технология аймақтарын құруға кірісу. [16]
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына , ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын , өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Кәсіпорында инвестициялық тартымдылықты арттыру саясатын жүргізген кезде мыналарды ескеру керек:
өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
өндірістің техникалық дәрежесі;
аяқталмаған құрылыс;
лизинг арқылы құрал-жабдыктарды алу мүмкіншілігі;
меншікті қаржының жеткіліктілігі;
капитал нарығының конъюктурасы;
мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
аяқталмаған құрылыс;
сақтандыру қызметі;
салық;
маркетингтік зерттеу;
өнімнің сату бағасы;
өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
жалпы өнімнің мөлшері;
инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының динамикасы;
нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншлігі.
Инвестицияны өндіріс орнында басқаруды жақсарту үшін мынандай шараларды қолдану керек:
инвестиция кызметінің қажеттілігін табу;
инвестициялық табыстың үлес салмағын преферениялау болып табылады, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:
инвестициялық салыктық преференциялар;
кеден баждарын салудан босату;
мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:
көздетілген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту. [17]
Қолданылып жүрген инвеститцияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келсiмдердiң барлық шарттарын iс жүзiнде сақтаудың- кәсіпорындарға маңызы үлкен.