
- •1 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыруды басқару
- •1.1 Тартылған қаражаттар түсінігі және оның кәсіпорын
- •1.2 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы
- •2 Кәсіпорын қаржысының қалыптасу көздерін талдау
- •2.1 Оқо кәсіпорындарының тартылған қаражаттары қызметін талдау
- •2.2 «ПетроҚазақстан» инвестициялық іс-әрекет тиімділігін есептеу және
- •3 Кәсіпорынның тартылған ақша қаражаттары ағымдарын басқаруды
- •3.1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
- •3.2 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік
2.2 «ПетроҚазақстан» инвестициялық іс-әрекет тиімділігін есептеу және
басқару
Кәсіпорында инвестициялық қызметті басқару механизімін жетілдіру ең алдымен сол кәсіпорынның өнім шығару көлемін, өнім сапасына, табыс көлемін ұлғайтуға, яғни жалпы алғанда кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық деңгейін көтеруге ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Инвестициялық қызметті басқару механизмі кәсіпорын болашақ қаржылық жағдайына әсер ететін, сонымен қатар ел экономикасының дамуына да ықпал етеді. Кәсіпорынның өңдірісінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісіне көмектесе отырып сол кәсіпорынның шаруашылығының материалдық техникалық базасын нығайтады. Кәсіпорын субъектілері тек қана инвестиция көлемін көтеру міндеті ғана емес, оның экономикалық тиімділігін көтеру болып саналады, яғни кері қайтарылуын. Ең негізгі міндеті инвестициялық қызмет тиімділік көздерін табу және оның интенсивті өсуіне ықпал тигізу болып табылады. [8]
Кәсіпорын басқару деңгейде инвестиция келесі қызметтерді атқарады:
инвестициялық нарықты талдау мен жоспарлау;
кәсіпорын инвестициялық қызметінің стратегиялық бағытын өңдеу мен оның даму бағыты есебінен және инвестициялық ресурс есебінен ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін қарастыру;
инвестициялық портфель құрамындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды нақты жүзеге асуын басқару және ағымды жоспарлау;
инвестициялық портфельдің табыстылық критерийін қалыптастыру, тәуекелдік және инвестициялық саланы басқару, инвестициялық портфель құрамын оптималдау;
барлық инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру мен мониторинг жүргізу;
тиімді емес инвестициялық жоба және реинвестиция капиталды уақытында жабуды жүзеге асыру және тағы басқалар. [9]
Кәсіпорын инвестициялық қызметін басқару механизмін жетілдіру жолдарының бірі ретінде инвестициялық жобаның өмірлік цикл бағыттарын нығайту жіне оның жүзеге асыруын қолдау болып табылады. Жобаның өмірлік циклі дегеніміз жоба жұмысының қаржыландыру мәселесін зеттеу үшін және оның жүзеге асыруда капитал салым мәселесін шешу болып саналады. Жоба циклі негізінен 3 фазадан тұрады:
1. инвестициялау алдында.
2. инвестициялау кезінде.
3. эксплуатациялық.
1- кезеңде жоба идеясының өңделуі, техника экономикалық дәлелдігі, келіссөз болып табылады.2- кезеңде жоба жүзеге асу үшін кәсіпорын активтерінің реттелуі жатады. (құрылыс, жабдық, кадрлар дайындау және тағы басқалар) 3- кезеңде жоба тиімділігінің барлық әсер ету кезеңдері ескеріледі.
Инвестициялық жобаның өмірлік циклінің негізгі этартары:
1. жоба идентификациясы.
2. жобаны өңдеу.
3. жоба экспертизасы.
4. жобалық келісімдер.
5. жобаны қаржыландыру жүйесін рационалды талдау. [10]
1-этапта жобаны жүзеге асыру үшін оның қосымша көздерінің талдауларын көруі қажет. Мысалы: нарықты талдау, қосымша геологиялық барлау немесе қоршаған ортаны бағалау, мемлекеттің экономикалық саясаты, жоба жүзеге асатын ауданның экономикалық, әлеуметтік мәдениетін сипаттау және тағы басқалар.сонымен қатар жоба вариантын таңдауға алдын-ала құжаттарды қалыптастыру болып саналады.
2-этапта жоба өңдеу этапы. Бұл этаптың негізгі міндеті жобаның техникалық, қоршаған ортаға әсері, әлеуметтік, қаржылық тиімділіктерін талдау болып табылады.
3-этапта жоба экспертизасы. Экспертиза міндеті жобаны бағалауда оның барлық қажетті есептері және оның жүзеге асыру жағдайларын қайта бақылап бекіту болып табылады. Экспертиза жоба шығындары мен жеке талдауларын ұсынады, олар келесілер:
- техникалық жүзеге асуы және прогрессивтілігі;
- қоршаға ортаға ықпал етуі,
- коммерциялық бағыттары, жоба өніміне сұраныс;
- жобаның жергілікті халыққа экономикалық әсер етуін талдау; [11]
4-5 этаптарда кәсіпорын жобаны жүзеге асыру келісімдері инвестициялық жобаны қаржыландыру көздері бойынша талдауын ұсынады.
Алдымен бензин өніміне келсек 2000 жылы 620 мың тонна өндірсе, 2003 жылы 873 мың тонна өндірген, яғни 141,1 пайызға өскен. Дизель майына 2000 жылы 856 мың тонна болса, 2003 жылы 1233,8 мың тонна өндірген, яғни 144,1 пайызға өскен Ал мазут бойынша 2000 жылы 1293 мың тонна өндірілсе, 2003 жылы 1359,3 мың тонна өндірілген, яғни ол 105,1 пайызға өскен. Бірақ компанияның өнім көлемін өндіру бойынша облыс көлеміндегі үлесіне келсек ол керісінше азайып жатыр, ол келесідей: 1998-43,4%, 1999-53,7%, 2000-45,5%, 2001-48,2%, 2002-39,8%, 2003-37,5%, 2004-34%. “ПетроКазакстан” АҚ жайын өнімінің жобалық шығыны келесі 5 кестеде көрсетілген , яғни 1 млн тоннаға шыққан кезде:
Кесте 5 - 2013 жыл мен 2007 жыл арасындағы техника экономикалық
көрсеткіштер
Көрсеткіштер |
2006 |
2012 |
өнім көлемі |
|
4,95 млн тн |
Автобензин мың тн. |
839 |
872 |
Мазут мың. тн |
1274 |
1359,3 |
Дизель майы мың. тн |
995 |
1233,8 |
Керосин мың. тн |
145 |
254 |
Сұйық газ мың. тн. |
28 |
134 |
Тауар өнім көлемі, теңге |
13576 млн тг |
1117,3 млн $ |
ӨӨҚ |
9274 млн тг |
560,1 млн $ |
Жалпы табыс |
4297 млн тг |
|
Таза табыс |
2483 млн тг |
317,5 млн $ |
Жұмыскерлер саны |
2083 |
2238 |
өндірістік қуаттылық деңгейі |
57,9 % |
55 % |
өнім рентабельділігі |
46,4 % |
56,7 % |
Ескерту: Кестеде “ПетроКазакстан” АҚ жайын өнімінің 2013 жыл мен 2007 жыл арасындағы техника экономикалық жобалық шығыны көрсетілген
Республика бойынша “ПетроҚазақстан” компаниясы 7 жыл мерзім ішінде 644 млн АҚШ долларына жуық инвестиция салған.
2006 жылы – 36 млн АҚШ доллары, 2007 жылы – 19 млн АҚШ доллары, 2008- 180 млн АҚШ доллары, 2010 жылы – 280 млн АҚШ доллары, 2012 жылы – 116 млн АҚШ доллары инвестиция салған. Сол жобалардың ірілері: КАМ (Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ) мұнай құбыры, мазутты вакуммдық айдау және тағы басқалар. [12]
Осы мәліметтерді пайдалана отырып, алдағы уақытты ПетроҚазақстан ЖШС болжамды инвестиция салу жағдайлары мен табыстарын есептеп көрелік. Қазіргі кезеңге дейінгі тәулігіне қанша баррель мұнай өндіруде деген сұраққа жауап іздесек: 1999 жылы – 64470 баррель, 2000- 86651 баррель, 2001-109000 баррель, 2002- 115000 баррель, 2003 – 151349 баррель өндірген. Осы мәліметтерді салыстыра отырып және кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасай отыра, компанияның алдағы кезеңге болжамды өнім көлемдері мен табыстары келесідей: