
- •1 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыруды басқару
- •1.1 Тартылған қаражаттар түсінігі және оның кәсіпорын
- •1.2 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы
- •2 Кәсіпорын қаржысының қалыптасу көздерін талдау
- •2.1 Оқо кәсіпорындарының тартылған қаражаттары қызметін талдау
- •2.2 «ПетроҚазақстан» инвестициялық іс-әрекет тиімділігін есептеу және
- •3 Кәсіпорынның тартылған ақша қаражаттары ағымдарын басқаруды
- •3.1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
- •3.2 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік
2 Кәсіпорын қаржысының қалыптасу көздерін талдау
(«ПетроҚазақстан»)
2.1 Оқо кәсіпорындарының тартылған қаражаттары қызметін талдау
(“ПетроҚазақстан” материялдарының негізінде)
Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өнеркәсіп потенциялы дамуымен анықталады. Ал сол өнеркәсіп потенциялының дамуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жағдайымен байланысты. Инвестицияның коптеп келуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жақсаруымен, өнеркәсіп салаларының дамуына, өнім сапасының артуына, сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының көтерілуіне оң әсер етеді. Шетелдік инвестициялардың олысымызға келуіне әсір есе, тоқыма өнеркәсібіне шикізаттың жақын орналасуы арзан жұмыс күші ресурстары, кадрлардың жоғарғы біліктілігі, сондай- ақ еліміздің инвестициялық климат қолайлығы әсер етуде. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының стратегиялық жоспары, болашақта құрылуға тиіс мақта кластерінің облысымызда орын алуы, шағын және орта бизнес өкілдерінің серпімді дамуы оң әсерін тигізіп отыр.
Енді соларға тоқталмас бұрын облысымыздағы шетелдік инвесторлар қатысуымен дамып келе жатқан кәсіпорындардың жалпы атауы мен қай салаларда жұмыс істеп келе жатыр деген мәселелерге кесте-3 бойынша тоқталсақ.
Кесте 3-Оңтүстік Қазақстан облысындағы шетелдік инвесторлар үлесі бар
кәсіпорындар тізбесі.
қала, аудандар |
Кәсіпорын атауы |
Қызмет түрі |
1. Түркістан қаласы |
“Айташ-Ай” АҚ (Түркия) |
А.Яссауи атындағы ХҚТУ оқу корпус құрылысы |
2. Кентау қаласы |
“Экскаватор” АҚ (Ресей) |
Машина жасау |
3. Шымкент қаласы |
“Химфарм» (Ирландия) |
Медицина препараттар |
“Шымкент цемент” (Франция) |
Цемент өндірісі |
|
“ФэшнЛенд” (Пакистан) |
Тоқыма өнім өндірісі |
|
“Сервис-Лада” (Ресей) |
Автомобиль жөндеу, техникалық қызметтер |
|
“ПетроКазахстан” ЖШС (Канада) |
Мұнай өнімдер өндірісі |
|
“Алтел” (Англия) |
Байланыс қызметі |
|
“K-mobile” (Түркия) |
Байланыс қызметі |
|
“КазИнтерКом” (Англия) |
Шина өндірісі |
|
“ХҚТУ” (Түркия) |
Білім беру қызметі |
|
“JTI Central Asia” |
Темекі өнім өндірісі |
Ескерту: Кестеде ОҚО бойынша шетелдік үлесі бар,Қазақстандық кәсіпорындар жайында ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестицияның меншік нысаны бойынша құрлымын келесі кесте-4 бейнеленген. [6]
Кесте 4-Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі капиталға бағытталған
инвестициялардың меншік нысаны бойынша құрлымы
Негізгі капиталға инвестициялар барлығы, млн. теңге, соның ішінде |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
3929 |
15624 |
24601 |
23804 |
30284,3 |
|
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттен |
1338 |
4710 |
6150 |
5017 |
6634,4 |
Ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы |
2578 |
10649 |
18133 |
18604 |
21767,1 |
Шетел инвестициясы |
13 |
256 |
318 |
183 |
2626,8 |
Ескерту: Кестеде ОҚО бойынша 2009-2013 жылдар аралығындағы тартылған инвестициялар көлемі көрсетілген
2011 жылы облыс бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 30284,3 млн теңге құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 пайыз құрады. Инвестиция көлемі жасырылған және формальді емес қызметтерді есептемегенде барлық мекемелер мен ұйымдардың меншігіндегі негізгі капиталдың оындалуы 24318,5 млн теңге құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 127,7 пайызға артық.
Республикалық бюджет есебінен игерілген инвестиция 37 пайыз немесе өткен жылдың осы кезеңнен 4 есе көп. Ал жергілікті бюджеттің қаржысынан игерілгені 2874,4 млн теңге немесе осы кезеңде өткен жылмен салыстырғанда 135,2 пайызды құрайды. Ұыймдар мен мекемелердің және халықтың өз қаржысы бойынша 21767,1 млн теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 117,9 пайызды құрады. Шетел инвестициясы 2626,8 млн теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 88,3 пайызға көп. Шетел инвестициясы негізінен ауыл шаруашылығына 941,9 млн теңге және тағы басқа салаларға жұмсалды.
«ПетроҚазақстан» Қазақстанның ең жас мұнай өңдеуші кәсіпорыны болып табылады. Завод құрылысы 1971 жылы қалана бастаған. Үш жылдан соң алғашқы объект жабдықтау базасы құрылысы аяқталған. Ал 1972 жылы ЛК-6У комплекс құрылысы қаланды. 1978 жылы екі қосымша цех тауар-шикізат цехі және сумен жабдықтан, канализация және тазарту цехтары пайдалануға берілді. 1983 жыл завод тарихында ең елеулі жыл болды. Себебі: Омск- Павлодар- Шымкент мұнай құбырларынан бағытталған алғашқы мұнай келді. Осы жылы ЛК-6У комплекс құрылысы аяқталды. Содан кейінгі жылдары завод құрылысы бірте-бірте аяқталып, 1989 жылы ЛК-6У қондырғы қуаттылығы 6-7,5 млн тоннаға дейін өсті.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, экономикалық реформалардың жүргізілуіне байланысты оның әсері де заводқа ықпал етті.1994 жылы завод “Шымкентнефторгсинтез” акционерлік қоғамы болып өзгертілді.ал 1996 жылы кәсіпорын акция пакетінің 85 % сатуға шығарда. Завод сол кезеңде республикадағы инвестициялық сауда объектілерінің негізгілерінің бірі болып саналатын еді. Жекелендіру тендерінде швейцар-ағылшын компаниясы “Витол” жеңіп алды. Сонымен қатар “Казкоммерцбанк” 15%, “КазкоммерцСекьюртиз” компаниясы (10%), акция пакетінің қалған 10% сыртқа нарыққа шығарылды. Кейінгі жылдары экономикалық реформалардың одан әрі тереңдетілуіне байланысты заводтың басқару құрлымы “Харрикейн Хайдрокорбанс” канадалық компаниясына берілді.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңға өзгертулер мен толықтыруларға байланысты 2005 жылдан бері “ПетроҚазақстан” ЖШС болып қайта өзгертілді. петроҚазақстан компаниясының ішкі нарықтағы тұтынушылары: ТЭЦ-2, ТЭЦ- 3 (Шымкент қаласында), “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы, “ЭйрАстана” акционерлік қоғамы, “Helious” ЖШС, “Sonar” ЖШС, “Бейбарс-ойл” ЖШС және тағы басқалар. Сыртқы нарықтағы тұтынушылары: Атырау- Самара мұнай құбыры арқылы, Ақтау порты арқылы және Новороссийск порты арқылы солтүстік-батыс мемлекеттеріне жеткізу, шығыс бағыты Қытай арқылы және оңтүстік бағыты Өзбекстан мен Түркістан арқылы таратылады. “ПетроҚазақстан” ЖШС әлемдікқор нарғына шығарылған қазақстанның мұнай өңдеуші компаниялардың бірі болып саналады. Компаниялардың акциялары келесі қор биржаларда сатылуда және олар PKz белгісі арқылы және CAPKz белгісімен қазақстан қор биржаларында сатылуда. Олар: Нью- Йорк (АҚШ), Торонта (Канада), Франкфрутта (Германия) және Лондон (Англия). Енді осы компанияның экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала өтсек. «ПетроҚазақстан» компаниясының заводтық қуаттылық деңгейлері жыл өткен сайын өсуде, оны келесіден көруге болады. Мысалы: 1998 жылы завод қуаттылығы тек 49% болса, 2003 жылы 48.2%, 2007 жылы 49%,2012 жыл 55% қолданған. [7]
Қазақстан Республикасындағы мұнай өңдеу заводтарының мұнайды өңдеу көлемдері бойынша және солардың арасындағы “ПетроҚазақстан” компаниясының мұнайды өңдеу көлемдері бойынша деңгейлерін сурет-3 бейнелесек.
Сурет 3-“ПетроҚазақстан” компаниясының мұнайды өңдеу көлемдері деңгейлерін қалалар бойынша талдау
Енді “ПетроҚазақстан” компаниясының мұнай-газ конденсатын өңдеу динамикасын көрсетсек: 2006- 2,11 млн тн, 2007-2,5 млнтн, 2008-3,33 млн тн, 2009-3,61 млн тн, 2011-4,82 млн тн, 2012-4,95 млн тн. Осы кестені көре отырып компанияның өндіріс қуаты өскенін көреміз. Мысалы: 2012 жылы 4,94 млн тонна мұнай өңдесе, 2011 жылмен салыстырғанда 103,1 пайызға өсті.