
- •1 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыруды басқару
- •1.1 Тартылған қаражаттар түсінігі және оның кәсіпорын
- •1.2 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы
- •2 Кәсіпорын қаржысының қалыптасу көздерін талдау
- •2.1 Оқо кәсіпорындарының тартылған қаражаттары қызметін талдау
- •2.2 «ПетроҚазақстан» инвестициялық іс-әрекет тиімділігін есептеу және
- •3 Кәсіпорынның тартылған ақша қаражаттары ағымдарын басқаруды
- •3.1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
- •3.2 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік
1.2 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы
ретінде инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен
принциптері.
Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері мен жоспарлау әдістері, тіліне айтылған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тілінде “Кэш – Флоу” деген түсінік барлық дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр. Бүгінгі таңда “Кэш – Флоу” талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтын қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестициялардың талдаудың “классикалық” әдістеріне негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерінді қолданылатынына байланысты болып отыр.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдауда қолданылатын құжаттармен қажетті көрсеткіштерді келесі сурет -2 көрсетілген.,
Сурет 2-Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдауда қолданылатын құжаттар мен қажетті көрсеткіштер.
Cash- Flow (Кэш – Флоу) деп аударғанда бар “ақша ағымы” деген мағына береді. Бұл талдауды қолданған кезде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар:
Бухгалтерлік баланс.
Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
Ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есеп.
“Бухгалтерлік баланс” кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес нақты мерзімдегі қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді. Баланс көлденең нысанда екі жақтан құралады: актив және пассив. Актив кәсіпорынның меншігіндегі жағдайды, ал пассив кәсіпорынның кімге, неше қарыз екендігін көрсетеді.
“Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп” кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе өндірістік қызметінің жағдайын сипаттайды. Сонымен қатар, өндірістік шығындардың өнімді өткізуден түскен табыс пен өтілуі тұрғысынан алғандағы өның тиімділігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл есептен кәсіпорының өзінің негізгі қызметін қалай орындап отырғанын байқауға болады. Бұл есеп кестесін жасау үшін сату жоспарының мәліметтері, өнімді өткізуден түскен және шығындар жоспардың мәліметтері, тұрақты және айнымалы шығындар сомалары қажет болады. Қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте кәсіпорын қызметінің 3 негізгі салаға бөлінген:
1.кәсіпорынның операциялық қызметі “Қаржы- шарушылық қызметінің нәтижесі туралы есепте” көрініс тапты.
2.“инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы” бөлімінде түсімдер есебінде кәсіпорын иелерінің салымдары, ационерлік капитал, ұзақ және қысқа мерзімдегі капитал, алымдар бойынша пайыздар есептеледі. Төлемдер есебінде қарыздарды өтеу, дивиденд төлеу болып саналады. Бұл бөлімде меншікті капитал мен қарыз қаражатының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістер көрсетіледі.
“Ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есеп” ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайды және кәсіпорын қызметін кезеңне- кезенге қарағандағы динамикасын көрсетеді. Бұл орайда айта кетер бір жайт, еркін айырбастала келген валютамен келген барлық түсімдер мен төлемдер курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша аражаттарының қалдығы кәсіпорындар төлемдер жасау үшін, алдағы кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін инвестицияларға, қарыз өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдалы.
Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі факторлар болып операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және т.б. табыстарының қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады. Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін 2 негізгі топқа бөлуге болады:
Өндірістік қызметтің тиімділігін және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері.
Инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Кэш - Флоу дисконтталған белгілері. [4]
Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне барлық активтер мен олардың құрамдас бөліктеренің табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштері, іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері жатады. Бүгінгі таңда сонымен қатар инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда дүние жүзіне кең тараған аса маңызды критерийлер бар. Инвестициялық жобаны онда туатын ақша ағымдары арқылы бейнелеуге болады. Осы ақша ағымдарының арқасында инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігінің экономикалық критерийлері шығарылады. Жобалардың қаржылай бағалауының пайдалылығының критерийлері келесі талаптарға сай болуы тиіс:
жобаның даму сатыларының деңгей қамтамасыз ету;
тиімділіктің минималды дәрежесі жетілгенін хабарлау;
жобаның капитал салым деңгейінің тәуекел деңгейін анықтау;
жобаның жүзеге асқаннан кейінгі экономикалық жағдайын бағалау;
Бұл жобалардың жүзеге асуына байланысты жобаның критерийлері келесі категория бойынша топтастырылған:
жобаның экономикалық маңызды критерийі,ол жобаның жүзеге асқаннан кейінгі басты эффектісі анықтайды және еңбек өнімділігінің өсуімен бірге жылдық пайда мөлшерімен есептеледі.
капитал салым көлемін анықтау.
материалдық өндіріс, еңбек және қаржы ресурстарының қамтамасыз ету.
уақыт факторын есептейтін критерийлер (жоба мерзімі).
сыртқы экономикалық критерийлер.
Қазіргі кезде дүние жүзі инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер:
таза дискотталған табыс (NPV)
ішкі табыстылық нормасы (IRR)
қайтарым уақыты (PBP)
табыстылық индексі (PI)
Нарықтық экономика жағдайында кез- келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады:
1.тәуекелсіз аймақ. Ол операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, шығындар жұмсалмайды, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады.
2. аз тәуекелді аймақ. Бұл кездегі қызмет нәтижесінде кәсіпорын белгілі бір табыс көреді.
3. жоғарғы тәуекелді аймақ. Кәсіпорын бұл жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған кезде есепті деңгейден төмен табыс алады.
4. қауыпты тәуекелді аймақ. Кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнімді өкізуден түскен табысты жоғалту ықтималдылығы бар және шығындар өз есебін қайтарылуы шамалы.
5. жарамайтын туекел. Кәсіпорын қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестициялық жобалардың жүзеге асыру процесі төмендейді. Жүйелілік амал тұрғысынан инвестициялық тәуекелдерді екі топқа бөлуге болады: жүйелі және жүйесіз. Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталады. Олардың пайда болу себептері: инфляция, экономикалық құлдырау, жоғарғы пайыздық мөлшерлеме, әскери- саяси жағдай және басқалар. Жүйесіз тәуекелге бәсекелестік тәуекелмен байланысты барлық тәуекелдер жатады. Олардың пайда болу себептері: фирмалармен кәсіпорындардың өз міндеттемелерін орындамауы, сатып алышылардың тәуекелі, бәсекенің тәуекелі, келісім шарттардың бұзылуы және қабылдануы басқалар. Инвестициялық жобалау тәуекелділігін тоқтатуына әсер ететін 2 жолы бар: алдын алу және бақылау мүмкіндігі. Сондықтан инвестициялық жобаны іске асыру схемесында инвестициялық жобаны орындау кезеңдердің және тағы басқа ақпараттардық қадағалап отыруды іске асырған жөн. [5]
Инвестициялық жоба тиімділігінің есеп көрсеткіштерінің негізгі прициптері келесідей:
- жобада өнімдер, қызметтер немесе материалдық ресурстар алдын ала ағымдағы немесе болжамды бағалардың негізінде қолдану;
- жобада ресурс және өнім төлемі алдын ала анықталады және қаржылық ағым валютамен есептеледі;
- операциялық шығындар мөлшерлері мен құрамына кіретіндер жобада міндетті түрде болуы қажет;
- жобаның мерзімінің анық көрсетілуі, табыстар мен шығындар есебі;
- салық және салықтан басқа да төлемдер есебі заңға сәйкес жүргізіледі, салық жеңілдіктері арнайы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді;
- егер жобада бір уақытта бірнеше операциялық шығындар түрлері көрсетілсе, онда оларды әрқайсысы үшін жеке-жеке есептелуі;
- қаржлық ағым тиіділіктерінің есебі.