Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нов курсовой 4курс 12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.76 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................9

  1. Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыруды басқару негіздері...............................................................................................................11

    1. Тартылған қаражаттар түсінігі және оның кәсіпорын қаржысындағы тиімділігін бағалау теориясы.............................................................................11

    2. Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы ретінде инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен принциптері.............16

  1. Кәсіпорын қаржысының қалыптасу көздерін талдау («ПетроҚазақстан»)..........................................................................................21

    1. ОҚО кәсіпорындарының тартылған қаражаттары қызметін талдау (“ПетроҚазақстан” материялдарының негізінде).............................................21

    2. «ПетроҚазақстан» инвестициялық іс-әрекет тиімділігін есептеу және басқару..................................................................................................................24

  1. Кәсіпорынның тартылған ақша қаражаттары ағымдарын басқаруды жетілдіру жолдары............................................................................................27

3.1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары.............27

3.2 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі......31

Қорытынды..............................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................38

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы экономикалық реформалардың жүргізілене бастауына байланысты, сонымен қатар реформалардың негізгілерінің бірі болып саналатын инвестициялық процес барысын және инвестиция тиімділігін жоғарлатуының нігізгі бағытын анықтау қажеттіліктері нақтылығына түсуде. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі кезеңінде, әсіресе халық шаруашылығының оның ішінде өнеркәсіп дамуының тиімділігіне республика халқы мен табысының хал-ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалады, сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басынқы рөлі- оның халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландырудың шешуші факторы екендігіне де байланысты, сондықтан өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоңғары.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорынның шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, себебі болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты. Сонымен қатар кәсіпорын шаруашылық және қаржы жағдайын тұрақтандыру үшін тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Бүгінгі күні өнеркәсіп салаларының басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім ондірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтағы тұрақтылығы қаржылық ресурстары тиімді пайдалану және инвестициялық жоба тиімділіктерін анықтау, инвестициялық қаржылық көздерін пайдалану болып табылады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігін кепілмен даму сатыларының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттың еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, инвестициялық жобаларды талдау объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін оның қаржылық жағдайын талдауы қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның ақша ағымдарын дұрыс пайдалану саясаты мен оның ұтымды басқаруды үйрену.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Кәсіпорын ақша ағымдары капиталының экономикалық мәнің оқып – үйрену;

  • Кәсіпорын айналым активін қазіргі заманға сай топтастыруын көрсету;

  • Кәсіпорынның негізгі тиімділік қызметін, ақша ағымдарын басқаруын үйрену;

Зерттеу обьектісі « ПетроҚазақстан» АҚ.

Зерттеу обьектісі. Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыруды басқару негіздері

Жұмысымның теориялық және практикалық негізінде отандық, шетелдік, ресейлік ғалымдардың еңбектерінен ақша ағымдарын қалыптастыру саласындағы кәсіпорынның саясаты, статистика бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Агенттігінің және кезекті баспа материалдары, сонымен қатар «ПетроҚазақстан» АҚ-ң 2012-2013 жылдардың қаржылық есебі.

Курстық жұмыс 38 беттен орындалған, кіріспе, 3 тарау, 6 тараушалардан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыруды басқару

негіздері

1.1 Тартылған қаражаттар түсінігі және оның кәсіпорын

қаржысындағы тиімділігін бағалау теориясы

Кеңестік экономикалық әдебиеттерде “Инвестицияны” тар мағынада “капитал салу” сөзімен алмастырып синоним ретінде пайдаланды. Ал батастың экономикалық ойлауларында инвестиция сөзіне кең мағынала қарайды. Дж.Кейнс “Инвестиция” деген белгілі уақыт аралығында өндіріс өнімінен түскен пайданың пайдаланалмай қалған бөлігін айтады. Соншалықты мәнерлеп, сырмалап айтылған, бірақ түсінікті. Мұнанда анығырақ етіп Л. Гитман мен М. Джонин айтқан. “Инвестиция- құнын сақтап қалатын не құнын өсіретін немесе кірістің шамасын арттыруды қамтамасыз ететін, ақша салуға болатын кез келген құрал”, дейді. “Инвестицияға” түсінік беруде біздің көз қарасымызға және шындыққа жақын П. Массе мен У. Шарп береді. П.Массе былай деп жазады: “Инвестиция салу арқылы тұтынушының қазіргі және болашақтағы сұранысын қанағаттандыратын актысі”, дейді. У.Шарп өзінің “Инвестиция” деген кітабында мынандай анықтама береді: “Инвестиция дегеніміз бүгінгі таңда белгілі бір құндылықтан бас тарту арқылы, болашақтағы құндылыққа негіз салу”. Жоғарыда айтылған құндылық жайлы П.Массе мен У Шарптың анықтамасы жалпы инвестиция жайлы мінездеме береді. Әдетте инвестицияны заттардың қаржылықтық, материалдық шығыны және жұмсалуы деген түсінік бар:

1. Инвестицияның қайтарымы белгілі бір уақыттан кейін болуы мүмкін.

2. Инвестиция нәтижесі жайлы айтқанда міндетті түрде анықталмағандық және тәуекелдік элементі бар.

Нақты инвестициялар- өндіріс процесіне қатысатын инвестициялар немесе капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және тағы басқа жұмсалымы. Бұл кезде инвесторлар өз инвестицияларын өзінің өндірістік капиталының көлемін, өндірістік қорлар мен айналым қорларын ұлғайтуға жұмсайды.

Портфельді (қаржы) инвестициялар- мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан, бағалы қағаздар және акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция жағдайында инвесторлардың негізгі мақсаты оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару немесе инвесторлардан бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайту болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сатып алу мен сатуға операциялары арқылы жүргізіледі. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Ол ҚР-ның “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау” заңы бойынша бөлінеді.

Тікелей инвестициялар- республиканың тәуекелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвестарлардан басқада инвестиция түрлері.[1]

Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы қағаздар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай банктердің инвестициялық қоржында жетекші рөліге ие болып отырған меншікті инвестициялар және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестициялар- кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестициялар және олардың құрылымдарын, бөліну жағдайларын келесі сурет – 1 негізде болады.

Сурет 1- Инвестициялар және олардың құрылымдары.

Кез- келген кәсіпорынның іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операция болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. Нарықтық кезеңде және коммерциялық тәжрибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

  • нақты активтерге инвестициялар;

  • ақша активтеріне инвестициялар;

  1. Нақты активтерге инвестициялар өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

  2. Ақша активтерге инвестициялар – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.

  3. материалдық емес активтерге инвестициялар – кәсіпорынның, фирмалық немесе ұйымдардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, өнер тапқыштық патенттер мен лицензия алу. Нақты активтерге байланысты тартылған қаражаттар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Тиімділікті артыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыруға,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы кәсіпорынның шығындарын азайтуға жағдай жасау.

  2. Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл кездегі басты мақсат өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

  3. Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорынның, қауыпсіздіін және басқа жағдайларға байланысты талаптарын орындау жағдайда қолданылады. [2]

Бұл инвестициялардың түрлнрі инвестициялардың тәуекелдік деңгейіне тікелей байланысты болады. Инвестицияның түрлері мен тәуекелділік деңгейі арасындағы байланыс төмендегі кесте 1 түрінде болады:

Кесте 1-Инвестицияның түрлері мен тәуекелділік деңгейі арасындағы

байланыс

Жаңа өндірісті салуға бағытталған инвестициялар

Өндірістьі кеңейтуге инвестиция

Тиімділікті арттыруға инвестиция

Мемлекеттік ұйымдар талаптарын орындауға инвестициялар

Тәуекелділік деңгейі жоғары

Тәуекелділік деңгейі төмен

Ескерту: Кестеде инвестиция салу тәуекелділігі туралы көрсетілген

Сонымен бірге инвестициялар салыну объектісіне қарай келесі түрлерге жіктеледі:

  • Мүліктік инвестициялар.

  • Материалдық емес инвестициялар.

  • Қаржы инвестициялар.

    1. Мүліктік инвестициялар – бұл нақты инвестициялар.

    2. Материалдық емес инвестициялар- инвестициялық жоба тиімділігін зерттеу мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқарларға салынатын инвестициялар жатады.

    3. Қаржы инвестициялар- бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар және басқа фирмалардың жұмысына қатысу және борыштық құқығына ие болу, яғни кәсіпорынның бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

Инвестициялар өз іс-әрекетінің бағытына қарай келесідей бөлінеді:

  1. Бастапқы инвестициялар немесе нетто- инвестициялар. Олар кәсіпорындарды негіздеуге немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар.

  2. Өндірістік потенциялды ұлғайтуда бағытталған кеңейту инвестициялары (экстенсивті инвестициялар).

  3. Қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында бағытталан бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

    • Бар обьектілерді жаңа обьектілермен ауыстыруға бағытталған ауыстыру инвестициялары.

    • Рационализациялауға арналған инвестициялар, техникалық, технологиялық жабдықтарды немесе процестерді жетілдіруге жұмсалады.

- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар.

- диверсификациялауға арналған инвестициялар,олар өнімнің номенклатурасының өзгеруіне,өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа сату нарығын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар

- болашақта кәсорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар.Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрлар дайынлауға, жарнама жасауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.

ҚР-ның заң, құқықтық – нормативтік актілерге байланысты инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері келесідей:

  • Ішкі шаруашылық резервтер және өзіндік қаржылық русурстар;

  • Несиелік қаржылық русурстар;

  • Бюджет аралық қор құралдары;

  • Республикалық бюджет құралдар есебінен;

  • Шетелдік инвестиция құралдары;

  • Заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналары;

  • Тартылған қаржылық ресурстар.

Кесте 2-Тартылған және өзіндік қаражаттардың жіктелу көздері.

Қаржылық ресурстар

Кәсіпорын инвестиция көздері

Ескерту

1. Өзіндік

1.1. амортизациялы төлемдер

Негізгі құралдар және материалдық емес активтер

1.2. тауар және қызмет айналымдағы табыс

Айналымдағы табыс

1.3. ішкі айналым сальдо нәтижесі

Ішкі айнгалыстағы табыстар

Банктік депозиттер және бағалы қағаздар табысы

1.4. резервтік және жөндеу қоры

өзіндік құн және таза табыс

Жарғылық қорда ескеріледі.

1.5. сақтандыру қоры

өзіндік құн және таза табыс

Жарғылық қорда бар

2 Несиелі кредиторларға тиісті ресурстар

2.1. банк несиесі

-

2.2. қаржылық институттар несиесі

-

Лизинг

2.3 бюджеттік несие

-

Салықтық несие

2.4. коммерциялық несие

-

Вексельдік несие және т.б.

2.5. басқа да көздер

3. тартылған кредиторларға тиісті ресурстар

3.1. ағымдағы инвестициялық қатысу құралдар үлесі

-

3.2. бағалы қағаздар эмиссиялы құрал

-

Жергілікті бюджет және т.б. көздер

3.3. сақтандыру төлемдері

-

Сақтандыру жарна және мерзімі

4. бюджеттік бөлінулер

Бюджет қаржыландыру көздері

Дотация, субсидий т.б.

5. ішкі бюджет қорлары

Ішкі бюджет қорлары құралдары

Экологиялық және т.б. зоналар

Ескерту: Кестеде кәсіпорынның тартылған қаражаттарының жіктелуі көрсетілген

Несиелік құралдар көзі несиелер болып табылады. Несие қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынастан көрінеді. Несиелік реттеудің негізгі элементі оның процент ставкасы болып табылады. Заңды және жеке тұлғалар қатынастары кредиттерінің негізгісі несиелік келісім шарт болып табылады. Бұл құжатта келесі талаптар қарастырылады: қарыз соммасы, мерзімі, пайдалану және жүзеге асыру жолдары, процент ставкасы, міндеттемені қамтамасыз ету формалары (кепілдемелік зат, кепілдік келісім шарты, сақтандыру келімі) кәсіпорынның құжаттары, банк талаптары және тағы басқалар несиелік келісім шартта кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайы, тәуекелділік деңгейі және т.б. қатнастарға терең зерттеліп қарастырылады. Кәсіпорындар несие алу үшін берілетін негізгі құжаттар: кәсіпорын жарғысы, соңғы 3 жылдағы бухгалтерлік есеп жағдайы, салық инспекциясының қатынас қағаздар, бизнес-жоспар т.б құжаттар.

Өтпелі кезеңде негізгі инвестициялаудың бағыттарының бірі- лизинг. Лизинг- бұл машина құрал жабдықтарды, транспорттық құралдары, өндірістік құралдарды ұзақ мерзімге жалға алу. Барлық лизингтік операциялардың екі түрі бар:

  • Операциялық лизинг барлық келісімдерді білдіреді, яғни жылжымайтын мүлікті белгілі бір мерзімге беру болып табылады.

Операциялық лизинг типтері:

а) рейтинг- мүлікті қысқа мерзімге жалға беру.

б) хайринг- мүлікті орта мерзімге беру.

  • Қаржылық лизинг. Бұл жерде қаржыландыру мүлікті жалға алуға лизингтік компаниялар арқылы пайдалануға болады. Лизингтік компания келісіміне байланысты арендалық төлем біткен соң мүлік қайта иесіне тапсырылады. Лизинг компаниялардың жұмысы келесі салаларда қолданғанда тиімді болады:

  • Жеңіл өнеркәсіпте;

  • Қара және түсті металургияда;

  • Ауыл шаруашылық өнімдерін өндеуде;

  • Формацептикалық өнімдерде; [3]

Тартылған құралдар- ағымдағы қызметке қатысушыларға, бағалы қағаздар шығаруға, сақтандыру төлемдерінде, еңбек коллективтердің жарнасының үлестеріне қолданылады.

Бюджеттік бөлінулер- бұл бюджеттік қаржыландырудың құралдары. ҚР-ның бюджетінен орталықтандырылған мемлекеттік аса маңызды стратегиялық объектілер мен ғимараттарға бөлінеді. Бұл объектілер мен ғимараттар республикалық бюджет сметасында болады.