Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bagalau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.7 Кб
Скачать

3.Шешімдерді шығару

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты болады.

Интуитивтік шешім- бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезіге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды.

Пайымдауға негізделген шешім- бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы:

Басқару шешімдерін ғылыми дайындау және қабылдау - бұл техниканы, технологияны, экономика - математикалық әдістерді, ақпараттар теориясын, адамдар мінез-құлқының әлеуметтануын және психологиясын енгізетін кешенді проблема болып табылады.

Шешім қабылдау процесі кезекті кезеңдер қатарынан тұрады, циклдерді қалыптастыра отырып, тікелей немесе кері байланыстар ретінде бір-бірімен біріктірілуі мүмкін.

Шешімді өңдеу және қабылдау процесі кезеңдердің келесі кезектілігінде іске асырылады:

  1. Проблеманы қалыптастыру және негіздеу,

  2. Шешім қабылдау үшін шектеулер және критерийлерді қалыптастыру,

  3. Шешімнің мүмкін варианттарын қалыптастыру және тандау

  4. Шешімнің ең жақсы вариантын тандау.

Шешімдер варианттарын салыстыру нәтижесі бойынша алдыға қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді жетуді қамтамасыз ететін, нақты жағдай үшін мақсатты вариант таңдалады. Шарт бойынша бүл проблема жөніндегі шешім қабылдау болып табылады.

Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау шешіміне байланысты. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

Қабылданатын шешімнің нәтижелік критерийін таңдау- күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз- қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.

Мазмұны

1. Шешімдер нұсқаларын тұжырымдау……………….2

2. Басқару шешімдерін жіктеу………………………….5

3. Шешімдерді шығару………………………………….7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]