
- •Қ.А.Яcауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Силлабусы
- •Түркістан 2014
- •2.Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
- •3. Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптары
- •Білімді бақылау кестесі
- •7. Оқулықтар мен web сайттар тізімі
- •8.Бақылау түрлері:
- •9. Студент білімін бағалау ережесі
- •Бақылау шкаласы
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •2. Аннотация
- •1.Пән туралы қысқаша мәлімет.
- •2.Оқытушы туралы қысқаша мәліметтер:
- •3. Курстық оқудың әдістемелік нұсқауы
- •4. Дәрістер
4. Дәрістер
1-ЛЕКЦИЯ
Лекция тақырыбы. Кіріспе. Толғау жанры туралы.
Лекция жоспары:
1 .Қазақ әдебиеті тарихындағы жыраулардың қоғамдық - әлеуметтік түлғасы.
Жыраулар поэзиясындағы тақырыптардың көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
Жыраулар поэзиясының өзіндік даму ерекшеліктері, бағыттары.
Жыраулар поэзиясының басылу, зерттелу жайы.
XX ғасырдың I жарты-сы мен II жартысындағы зерттеу еңбектер.
Толғау жанрыныңтабиғаты, ерекшеліктері.
Толғау туралы түсінік.
Толғау жанры жайындағы зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлері.
Голғаудың тақырыптық-мазмүндық ерекшеліғіне қарай ажыратылатын түрлері.
Лекция мақсаты:
Қазақ хандық әдебиетіндеғі жыраулардың қоғамдық - әлеуметтік түлғасына тоқталу. Жыраулық поэзиядағы ғасыр үсынған тақырыптардың көркемдік-идеялық ерекшеліктерін анықтау. Жыраулар поэзиясының қалыптасып, өзіндік даму ерекшеліктері мен үстанған бағыттарын айқындау. Жыраулар поэзиясының баспасөз беттері мен жеке зерттеу еңбектер арқылы басылу, зерттелу жайына зер салу. XX ғасырдың I жарты-сы мен II жартысындағы зерттеу еңбектердің қүндылығы мен жыраулар мүрасының қаншалықты қарастырылғандығын анықтау. Жыраулық поэзиядағы толғау жанрының қалыптасып, дамуына, табиғаты мен ерекшеліктеріне зерттеуші ғалымдардың пікірі негізінде түжырым жасау. Толғау жанры туралы түсінік. Толғау жанры жайындағы зерттеуші ғалымдардың ой- пікірлеріне зер салу. Жыраулар поэзиясындағы толғау жанрының тақырыптық-мазмүндық ерекшеліғіне қарай ажыратылатын түрлеріне тоқталу.
Лекция мазмұны:
Жәнібек хан мен Керей хан 1456 жылы неғізін қалаған тәуелсіз хандық мемлекетіміздің шаңырығының беріктігін сақтап, мемлекет істерін, қазақ елінің қоғамдық саяси жағдайын жақсарту мақсатында жырауларымыз ғасырдың тарихи шындығын, батырларымыздың ерлік істерін, қазақ елінің әлеуметтік жағдайын, тарихи түлғалар бейнесін, адам мінездерінің асыл сипаттары мен іс-әрекеттерін, туған жер мен атамекен маңызын, бай мен би, мораль тақырыптарын, адамгершілік, ізгілік мәселесін ғибратты ой мен дидактикалық сарында, афоризм соз үлгісінде тереңнен толғады.
Хандық дәуір әдебиетінде белгі сипаттары арқылы XV ғасырда ауыз әдебиетіміздің үлғісін қалыптастырған, жеке сала болып дамыған жыраулық және ақындық поэзияның алатын орны ерекше. Жыраулық поэзияға көне дәуірлерден халықпен бірге жасап келе жатқан фольклор үлгілері мен халқымыздың бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі, ел түрмысының сан алуан қырлары арқау болған. Жыраулық поэзияның неғізгі жанры - толғау жанры болды. Толгауда сөз үлгілері кеңінен қолданылып, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен ғасыр үсынған тақырыптар ерекше орын алды. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігімен бірге, сезімге қүрылган лирикалық сипат басым болып отырса,ал, Жыраулық поэзияда әлеуметтік омірдің әр алуан көріністері мен заман жагдайын сипаттайтын философиялық ой-болжам, асқақ эиикалық үнге көбірек мән беріледі.
Осы ерекшеліктер жайында М. Әуезов мынандай пікір айтады:мЖырауды, ақын деу емес. Жыраудың ақыннан, жыршыдан, бөлек жанры бар. Жыраудың мақсаты мен міндеті - мне болса сол көңіл ашар” дерлік сөзді айту емес. Жырау - заман сыны, мезгіл, дәуір шындығын, тарихи оқиғаның мазмүн бағасын сөз етті. Жырау - ханға кеңесші, халыққа қамқоршы болдым- деген.
Әдебиет зерттеушісі Есмағамбет Ысмайылов: мАқын өмірдеғі қүбылысты, тарихи оқиғаларды өз дәрежесінде таниды, сондықтан, ақынның сезінуі, ол сезғенін қабылдауы шапшаң, ол көргенін есіне сақтауы да күшті, түрақты,” - деп жазады және жыраулардың қогамдық ролін аса жоғары бағалай келіп: "жыраулар омірдің үсақ мәселесіне аз араласып, көбіне, заман-дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған", - деп ой түйеді.
Әлкей Марғүлан: "Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мүңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті түстарда ғана болмаса, суырып салып жыр айта бермеген. Жүрт болашағына қауіп төніп, қалың ел жол таба алмай тығырыққа тығылған кездерде, ауыр сағаттарда ақыл айтып, кеңес беретін болған. Жыраулар толғаулары арқылы халыққа күш-жігер беріп, алдағы оқиғаның немен аяқталатынын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты болжап айту - кореген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған" - деп жазады.
Ал, Зәки Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметін эпостық жырлармен байланыстыра қарап:мЖыраулар творчествосының жанрлық ерекшеліктері ерекше, Олар өз жырларын қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі болып табылған - толғау жанры арқылы айтып таратқан" - дейді.
В.В.Радлов:мАқындар жазған жырды шумаққа бөлінбейтін импровизаңия, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды - жыршы, көнені жырлаушы, халықтың болашағын болжаушы" - деп түсіндереді. Жыраулық поэзия - ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған қазақ үлт әдебиетінің ғажап коркемдік қүбылысы. Жыраулық поэзия қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мүрасы. Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктермен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Жырауларымыздың әлеуметтік тұлғасы Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Х.Сүйішәлиев, Ә.Дербісәлин, Н.Келімбетов, Е.Түрсынов, Ә.Марғүлан, З.Ахметов, Ж.Тілепов т.б. әдебиет зерттеуші ғалымдарымыз ой-пікірлерін айтты.
Жыраулар өзінің көріпкел, омірді болжағыштық, дана-кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі хан қасында кеңес айтар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын толғауларында айтылған ғибратты ойларынан көреміз.
Жырау - өз жанынан өлең-жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы "жыр" сөзінен туындайды. Махмуд Қашқари "йырағу" - өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді. ХУ-ХУШ ғасырларда қазақ поэзиясында жыраулар жетекші роль атқарды. Жыраулардың толгаулары дидактикалық сипаттағы философиялық түрде айтылды. Жыраулар толғауларында озінің замана жайында түйгендерін, мораль, этика жайындағы ойларын баяндап, елеулі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтерді. Әлем, болмыс, тіршілік, табиғаттағы озгерістер, оның мән-мағынасы жөніндеғі түсініктерін толғаулары арқылы жеткізді. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарда қолбасшы, батыр ретінде танылып, толғауларын ел қорғау, азаматтық тақырыптарда жырлады. Жыраулар қолданған көркемдік тәсілдер оның поэзиясындағы ішкі мазмүнымен үндесіп, қоғам мен дәуірдің өзгерістеріне болжам айту арқылы ерекшеленіп отырды және болашаққа болжамдар жасау жырауларға ғана тән қасиет болатын.Жыраулар көне заманда ең алдымен сөз зерғері ретінде танылса, ХҮ-ХУІІІ ғасырларда қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарды иғеру мақсатында создерінің мір оғындай өткірлігімен, аз созге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған коркемдіғі және қуатты серпінділігімен ерекшеленді. Қазақ әдебиетінде жыраулар поэзиясының тұңгыш окілдері ретінде XV ғасырда өмір сүрген Асан Қайғы, Қазтуған есімдерін атауымызға болады. Олардың толғаулары толғаулары эпикалық бағыт пен философиялық-дидактикалық сарында бізге жеткен. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуінде Доспамбет пен Шалкиіз толғаулары ерекше мазмүндық ерекшелігімен, көркемділігімен сараланды. Х^И-Х^ІІІ ғасырларда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей жыраулардың толғауларында елді қоргау, жауға қарсы түру тақырыбы ерекше жырланды. XVIII ғасырдағы хандық дәуір әдебиетінің көрнекті окілі - Бұқар жырау өз заманындағы жыраулық поэзияны коркемдік түрғысынан арттырып, жаңа биіктерге котерді.
Мүхтар Әуезов айтқандай, "жыраулардың бойындағы асыл қасиеттерімен бірғе, жаугершілік заманда, хан дағдарып, халық абыржыған шақтарда, ел тағдыры шешілетін ауыр кезендерде қол бастайтын әскербасы - батыр болуы да, хан қасынан кеңесші, ақылгөй, дана ретінде табылды. Жыраулардың толғаулары импровизаңия "суырып- салма" дәстүрінде туып, жырлайтын тақырыптары өз заманының әлеуметтік жағдайы мен тарихи оқиғаларды толғап, халық өміріне ой-болжамдар айтумен ерекшеленді.
Х^-Х^ІІІ ғасырларда өмір сүрғен жырауларымыздың эпикалық жырларының ішінде авторы белгілі"толғау" жанры пайда болды және жырауларымыздың көптеген шығармалары осы толғау жанрында дамыды. Жыраулар заман, дәуір талабына орай хан мен би, сүлтандар қасынан табылып, халықтың болашақ өмірі жайында толғанып, мемлекет істеріне араласып, ел жагдайының жақсатуына толғаулары арқылы ықпал етіп отырды.
Х^-Х^ІИ ғасырларда толғау жанрының қалыптасуына, дамып, өркендеуіне жыраулық поэзияның ірі өкілдері: Асан Қайғы Сәбитұлы, Қазтуған жырау Сүйінішүлы, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау Тіленшіүлы, Жиембет жырау Бортоғашүлы, Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау Сарыүлы, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау Тілеуүлы, Бүқар жырау Қалқаманүлы, Көтеш ақын Райымбекүлы, Шал ақын /Тілеуке/ Қүлекеүлы шығармалары арқылы дәстүрлі жанрды жалғастырып, дамытуға үлкен үлес қосты.
Жыршы - жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан, айтатын адамдар "жырау", "жыршы", ақын", өлеңші", термеші" деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде үқсастық әрі айырмашылық жақтары бар. Жыраулар жырды домбраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, содай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бүрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратқан. Кейбір жыршылар өз жанынан өлең-жыр да шығарған. Жыршыны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақтағы белгілі бір әдеби шығарманы жыршылар дастанға айналдырып жырлаған. Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін жыршылар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің коптеген үлгілері жыршылардың еңбектері негізінде бүгінгі әдебиетіміздің игі мүрасына айналды. Жыршылар жайында ауыз әдебиетінің білгір зерттеуші ғалымдары Сейіт Қасқабасов, Мәлік Ғабдуллин, Шәкір Ыбыраев, Сәбит Мүқанов т.б. өз еңбектерінде жүйелі пікір айтып, жыршылар ауыз әдебиетіміздің алтын діңгегі деп баға берді.
Толғау - қазақ, қарақалпақ халықтарының ауызша поэзиясындағы кең тараған жанр. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "саната-сыят ырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқүрттар "қобайыр" деп атайды. Ноғай мен қүмық әдебиетінде ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13-14 ғасырларға сәйкес келеді. Х^-Х^ІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше оркендеп, озінің жоғары даму дәрежесіне жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияда толық корініс тауып, толғау жанрының көрнекті өкілдері - Асан Қайғы Сәбитұлы, Қазтуған жырау Сүйінішүлы, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау Тіленшіүлы, Жиембет жырау Бортоғашүлы, Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау Сарыүлы, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау Тілеуүлы, Бұқар жырау Қалқаманүлы, Көтеш ақын Райымбекүлы, Шал ақын /Тілеуке/ Қүлекеүлы болды. Толғау жанры хандық дәуір әдебиетінде аса зор идеологиялық мәнге ие болып, терең азаматтық әуенде ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырыптарды сөз зергерімен танытқан ерекше жанр болды.
Толғаудың негізгі бейнелеу тәсілі - дидактика. Қүрылысы тирада пішінді, көлеміне шек қойылмайды. Буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгерістерге үшырап, біртіндеп тұрақталды. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жеткендіктен, Х^-Х^ІІІ ғасырлардағы қазақ жыраулық поэзиясында өзінің жоғары даму дәрежесіне жеткен толғау жанры қазақ елінің "ауыз әдебиеті" үлғісін қалыптастырды деп айта аламыз. Толғау жанры ХҮ-ХУІІІ ғасырларда өзінің тақырыбының ауқымдылығы мен мазмұнының байлығы жағынанидеялық, көркемділіғімен толыса түсті. Халықты толғантқан күрделі мәселелерді толғау арқылы өз түсындағы өмір көріністерін көркем бейнелеудегі әдіс-тәсілдері де артып отырды. Толғау жанрында адам арасындағы имандылық, ізғілік, адамгершілік мәселелері тереңінен сөз етілді.
Толғау жанрының бір тобында жыраудың оқиғаға қарым-қатынасын білдіретін көңіл-күйі мен сезім-талғамы орын алса, толғаудың екінші тобында мақал-мәтел іспеттес, өмірлік қортынды, түйінді толғамдар, дидактикалық сарындағы жыраудың зергер сөздері тирада-тирада түрінде /түйдек-түйдек / философиялық ой-толғамда жырланған. Толғау - хандық дәуір әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі бір тақырыптар бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің /С.Мүқанов, Е.Ысмайыолв, Б.Әбілқасымов, М.Ғабдуллин т.б./ толғау туралы пікірлері де негізінен жоғарыдағы анықтамаға саяды. Белгілі галым Балтабай Әбілқасымов толғау жанрын тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық ерекшеліғіне байланыты төртке болі п қарастырад ы:
Әлеуметтік толғау.2.Ерлік толғау.З.Ереуіл толғау.4.Насихат толғау.
Әдебиет зерттеушісі Сәбит Мүқанов : Белғілі ғалым Балтабай Әбілқасымовтың толғау жанрын тақырыптық- мазмұндық, көркемдік-идеялық ерекшелігіне байланыты тортке бөліп қарастыруын толықтыру мақсатында толғау жанрының үш түрін қосады: 1 .Нақыл толғау. 2.Арнау толғау. З.Зарлай толғау.
Ал, қазақ әдебиеті энңиклопедиясында толғау жанрын тақырыптық-мазмүндық, көркемдік-идеялық ерекшелігіне байланыты үшке бөліп қарастырған. Атап айтқанда: насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп толғау жанрының өзіндік табиғатын даралап көрсетеді. Осылай толғау жанрының көркемдік-идеялық ерекшелігіне байланысты зерттеуші ғалымдарымыз Балтабай Әбілқасымов пен Сәбит Мүқановтың тақырыптық-мазмұндық, коркемдік-идеялық ерекшелігіне байланыты толғау жанрын бөліп қарастырғандығын ”Қазақ әдебиеті" энциклопедия- сындағы материялдар толықтыра түседі.
Толғау жанрының табиғаты Зәки Ахметовтың еңбегінде едәуір тереңдей ашылды. "Толғау шындап келғенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі", деп жазады ғалым. Өлеңдердің тирада-тирада болып бөлінуі әсіресе толғау жанрына тән ерекшелік. Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және ғибратты сөздер мен философиялық ойларға бай келеді. Дыбысты қайталау мен безендірудің ерекшелігі мен соз нақыштарының молдығы да осыдан. Толғау термедей әзіл-оспаққа жол бермейді, мәнді-маңызды мәселелерді соз етеді. Толғау неғізінен олең түрінде жазылған белғілі қоғам, дәуір, заман жайында ой қозғау мен толғану. Толғау деп атынан көрінігі түрғандай, шығарманың ойлану, толғану түрінде туатынын байқатады. Толғау - ақындық поэзияның түрі, толғауда әрбір жыраудың шығармашылық ерекшеліғі молынан көрініс тауып, сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенніңартуы толғау жанрының мәні мен маңыздылығын тереңдете түседі.
Бақылау сұрақтары:
1 .Жыраулардың қоғамдық - әлеуметтік түлғасы.
Жыраулар толғауларындағы тақырыптардың көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
Жыраулар поэзиясының басылу, зерттелу жайы.
XX ғасырдың I жарты-сы мен II жартысындағы зерттеу еңбектер.
Толғау жанрының табиғаты, ерекшеліктері.
Толғаудың тақырыптық-мазмұндық ерекшелігіне қарай ажыратылатын түрлері.
ХҮ-ХУІІІ ғасырларда өмір сүрген жырауларымыздың әлеуметтік түлғасы
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттегі толғау жанры.
2-ЛЕКЦИЯ. Лекция тақырыбы. Асан Қайғы. Лекция жоспары:
1 .Өміріне қатысты аңыздық және ақиқат деректер.
Асан Қайғы жыраудың Жәнібек ханға арнаған толғауының әлеуметтік мәні мен маңыздылығы.
Жырау толғауларындағы заман көрінісі, туған жер бейнесі мен өсиет-ғибрат сөздері.
Асан Қайғы жыраудың "Қырында киік жайла-ған", "Еділ бол да, Жайық бол", "Бүл заманда не ғаріп","Ай, хан, мен айтпсам білмейсің","Қырында киік жайлаған" т.б. толғауларының әлеуметтік мәні, көркемділігі.
Асан Қайғы мұрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
Асан Қайғы жыраудың өміріне қатысты аңыздық және ақиқат деректер мен жыраудың Жәнібек хан түсында өмір сүріп, ханға арнаған толғауының әлеуметтік мәні мен маңыздылығын ашу. Жырау толғауларындағы қилы тарихи оқиғалар мен заман көрінісі, туған жер бейнесін нақты суреттеген осиет-ғибрат сөздерінің маңыздылығы мен мәніне тоқталу. Асан Қайғы жыраудың "Қырында киік жайлаған", "Еділ бол да, Жайық бол", "Бүл заманда не ғаріп", "Ай, хан, мен айтпсам білмейсің", "Қырында киік жайлаған" т.б. толғауларының әлеуметтік мәні, көркемділіғін талдап, талғап, жырау өмір сүрғен заманның әлеуметтік-қоғамдық мәнін ашып беру. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде Асан Қайғы мүрасының зерттелуіне зер салу.
Лекция мазмұны:
Асан Қайғы жырау Сәбитүлы /шын аты Хасан/ XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында туылып, XV ғасырдың алғашқы жартысында Жәнібек хан мен Керей хан түсында өмір сүрген қазақ жырауы. Туылған жылы мен өміден өткен уақыты белгісіз.Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан Қайғы жырау ілғеріде Сарайда, Біраз жылдардан кейін Қазандағы Үлығ-Мүхаммед ханның жанында болған. , XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей хан мен Жәнібек хан бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болған. Халық арасына кең тараған, әрі хатқа түскен Асан Қайғы жыраудың өміріне қатысты аңыздар мен жырау айтыпты деген толғаулар, ақыл, нақыл сөздер көп. Асан Қайғы жырау толғауларында елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін дүрыс бағалағандығы толғауларынан анық сезіледі. Асан Қайғы жырау Жәнібек хан мен Керей хан бастаған рулар Шу, Сарысу бойына қоныстанғанын, елдің татулығы мен береке-бірлігін, жан-жақты жаудан қорғана білер күш жинауын өсиет сөздермен толғайды. Жырау өзінің іргелі ойларымен, көсем сөздерімен қазақ хандығының іргесін нығайтып, тәуелсіз қазақ мемлекетінің қалыптасуынақызмет етеді. Өзі омір сүрген заманның тарихи оқиғаларын ой таразысына салып, келешек күндерді болжай білген. Үлы ғалым Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов: Асан Қайғы жырау Сәбитүлын "көшпенді қазақ, ноғай үлысының философы" деп баға бергендінен Асан Қайғы жыраудың түлғасының асқақ екендігін кореміз. Жырау елінің алдағы күнін ойлап, күңіренген абыз-жырау ретінде бізге қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетте танылды. Асан Қайғы жырау елінің кемтарлық көрмейтін заманды аңсап, пқой үстіне бозторғай жүмыртқалаған" жайлы заманда елінің өмір сүруіне қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Әлемдегі қүтты қоныс ”Жер үйықты" іздеп, жырау желден жүйрік желмаясымен жердің жеті бүрышын кезеді. Асан Қайғы жырау болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап, дүниетанымдық философиялық ой-танымын зергелі соз нақыштарымен өріп береді. "Жер үйықты" таба алмай, қатты қалжырап, Үлытауға жеткенде дүние салады. Асан Қайғы жырау Сәбитүлының өміріне жайлы деректер мен аңыздар халық мүрасында бүгінгі күнге дейін өз бағасы мен маңыздылығын арттырып, елғе қызмет етудің зор өнегесі болып саналады.
Асан Қайгы жыраудың өміріне қатысты аңыздардан қазақ хандығы дәуіріндеғі әдебиетті зерттеуші ғалымдар мынандай ой түйеді.
Асан Қайғы жырау Сәбитүлының "Қайғы" атануының үш себебін даралап көрсетеді.
Асан Қайғы лшрау жайындағы аңыздардың ең таңдаулысы - Асан Қайғы жырау Сәбитүлының "Жер үйықты" іздеп Қайғы атануы. Асан Қайғы елдің өміріндегі түрмысына қанағаттанбай, мекен еткен қоныстарын жерсінбей, елінің болашағын ойлап, халқының мәңгі бейбіт өмір кешетін жер жаннатын іздейді. Асан Қайғы жыраудың дүниетанымдық көзқарасы бойынша жер үстінде адамзат өмір тіршілігінде көретін жүмақ бар, оның аты "Жер үйық" - дейді. "Жер үйықты" мекен еткен елдің кісісі жүзге жасы келмей өмірден өтпеген, малы екі қайтара төлдеген, елді жау алмайтын, еліне жүт келмейтін мекен іздеудегі аңыз. "Жер үйықтың" - шөбі шүйгін, суы мол, шаруаға жайлы қоныс. Елі қайғы дегеннің, қастандық дегеннің не екенін білмейтін ертеңін не болады деп ойламайтын елге ырыс-қүт жер. Бірақ "Жер үйыққа" жету оңай емес, үзақ азапты сапарға жылдар бойы әзірленіп, "Жер үйықты" іздеу әрекеті, жырау арманы дүниетанымдық козқарасы арқылы өз шешімін тауып отырады. Бірінші аңызда - "Асан Қайғы жырау өксіп келіп, Үлытаудың басына жеткенде дүниеден отеді делінсе",екінші аңызда - "Жер үйыққа" жету болады екен, бірақ жүрт озінің алауыздылығын, ақылсыздығын, топастығын көрсетіп, жер жаннаты "Жер үйыққа" жете алмағандығы айтылады", үшінші аңызда - "Асан Қайғы жырау бір топ елмен көш түзеп, "Жер үйыққа" жетіпті. Қазір Асан Қайғының арман еткен жер жаннаты "Жер үйықта" халқы шат-қуаныш, бақытты түрмыс кешіп, бейбіт өмір сүріп жатыр" деп айтылған бізге аңыз жеткен.
Асан Қайгы жырау жайындағы аңыздардың енді бір таңдаулысы - жыраудың перінің хор қызына ғашық болып, соны іздеумен "Қайғы" атаныуы. Осы аңызда Асан ғашықтық азабынан мүңдыболып, сол себепті "қайғы" атанған екен.Қазақ елінің үғымындағы Асан жыраудың "қайғысының" төркіні махаббаттан емес. Асан жырау "қайғысы" пенделк қайғысы емес, Асан жырау сүлулықты адамдарға үқтыра білген, пенделік қайғы емес екендігін атап көрсетуге үмтылудан туған қүбылыс.
Бірде Асанның әкесі Сәбит қүс пен қүмай таздарын аң аулауға алып шығып, үзақ уақыт бойы еліне оралмайды, бүл хабарды естіген бала Асан қатты қайғырып, әкесінің көп уақыт кешіккеніне мүңданып өтуіне байланысты " Қайғы" атаныпты халық аңыздарының енді бір таңдаулы нүсқаларында.Халық қиялы тудырған Асан Қайғы туралы аңыздар мен әңгімелерден "Ежен хан мен Асан Қайғы жырау". Әңгіменің желісі - ертегілік мазмүнда балса да, бүл хикаяның көптеген нүсқасы барын ескерсек, оқиғаның Асан Қайғы атымен байланыстырылуы кездейсоқ еместіғін аңғарамыз. Бүл әңгімеден Асан Қайғы жыраудың жас кезінен бастап халық бақытын ойлаған ел қамқоры болған үлы түлғасын көреміз.
Асан Қайғы жырау "халық шежіресі" бойынша Майқы бидің алтыншы әулеті еді деседі. Асан Қайғы Шыңғыс ханның замандасы, белгілі әскер басы, барша қазақ еліне белгілі "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би" деген мақалға енген, атақты Майқы бидің алтыншы үрпағы екендігін Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов жазғандай ноғайлы заманындағы ақылға дана, үлы философ болғандығын толғауларынан танимыз. Белгілі ғалым Қүрбанғали Халидүғлының Қүдабай ақыннан жазып алған:
Асанның асыл түбі Ноғай деймін, Үлкендердің айтуы солай деймін. Бүл сөзғе анық қанық емес едім, Естігенім тақсыр-ау былай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір. Алтай, Ертіс,Ордалы қылған дүбір. Орманбет хан ордадан шыққан күнде, Асан ата қайғырып айтыпты жыр, дейтін туындысы Асанның ноғай ордасынан шығып, қазақ елінің ұлы жырауы болғандығын дәлелдеп беретін дерек.пЖырау Қорқыт ата жолын ұстанған елдің тұрмыс жағдайын ойлаған дана, батағөй, кемеңгер кісі болған. Өзінің ұзақ жасында елінің қамын көп ойлап, уайым жеп, өткендіктен "Асан Қайғы атанған" - деп жазады ғұлама ғалым Әлкей Марғүлан. Мүндай пікірді белғілі тарихшы Қүрбанғали Халидүғлы өзінің "Тауарих хамса" кітабында да осы пікірді келтіреді. Асан Қайғы жыраудың XV ғасырдағы қазақ үлысын біріктіруғе жанын аямай тер төккенін, Жәнібек хан мен Керей хан түсында тарихи оқиғалардың басында болғандығын, қазақтың аңыз-әпсаналары мен ертеғілерінде Жәнібек ханмен бірғе есімі қосақталып, тарихи түлғасы коршілес қырғыз жүртына да белгілі екендігін Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов та таңдана жазады. Елінің болашағын ойлаған, философиялық дүниетанымдық көзқарасымен ақыл-ой парасаттылыгын танытқан Асан Қайғы жырау Жәнібек ханға арнап айтқан толғауында бүкіл дүниедегі жан иесінің жағдайын ойлаған кемеңғер жыраудың елінің ертеңін ойлаған даналық ойлары анық танылады:
Әй, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп кормейсің. Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай, Елеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып, Қызметшің жатыр ішіп-жеп... Мүны неге білмейсің?..
Әй, Жәнібек, ойласаң, Қилы-қилы заман болмай ма?. Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма!? Мүны неге білмейсің!!..
деп Жәнібек ханның іс-әрекетіне баға беріп, еліңнің ертеңіне көз жібергін, халық болашағының бақытты мен баянды болуына қызмет ет деп күйіне тіл қатады.
Асан Қайғы жыраудың мына зерделі сөз нақыштары Жәнібек хан мен қазақ жүртының Шу бойында емес, Астрахань хандығын өзіне қаратып түрған Жәнібек хан кезінде айтты деп есептейміз.
Қырында киік жайлаған. Суында балық ойнаған. Оймауыттай тоғай егіннің, Ойына келген асын жейтүғын, Жемде кеңес қылмадың. Жемнен де елді көшірдің. Ойыл деген ойынды.
Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың. Ойылдан елді көшірдің. Елбең-елбең жүгірген. Ебелек отқа семірген.
Екі семіз қолға алып, Ерлер жортып күн көрген. Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге. Мүнда кеңес қылмадың. Нәлет біздің жүріске! Еділ менен Жайықтың Бірін жазға жайласаң. Бірін қысқа қыстасаң.
Ал, қолынды маларсың, Алтын менен күміске!
деп Асан Қайғы жырау Жем, Ойыл секілді жер жаннатын артқа тастап, бір қиыр шеттеіі Еділ атты тар жерге келгендігін, бүл жерде халықтың жай-күйінің болмайтындығын, мүнан басқа жерді қоныс етсе ел өмірінің берекелі болатындығын айтады. Асан Қайғы жырау толғаулары көбіне нақыл, арнау, әлеуметтік сарында келеді. Жыраудың бізге жеткен толғаулары өз дәуіріндегі қазақ елінің мүңын, тілегін көреміз. Жырау толғауларынан өз заманына тән тарихи оқиғаларды, қазақ халқының қүралу дәуіндегі белгілі үлы түлғаларды танып білеміз.
Қүйрығы жоқ, жалы жоқ қүлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер.
Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!?
Асан Қайғы жыраудың осы толғауынан адам тағдыры ғана емес, табиғат ана жаратушының барлық тіршіліғі толғантқан және көне заманда өмір сүрген Асан Қайғы жыраудың бүл толғауынан философ-гуманистердің дүниетанымдық көзқарасы көрінері анық.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің ірі өкілі Асан Қайғы мүрасын зерттеуде Ш.Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, М.Мағауин, С.Мүқанов, Е.Ысмайы-лов, Х.Сүйішәлиев, Ә.Дербісәлин, Н.Келімбетов, Е.Түрсынов, Ә.Марғүлан, Ж.Тілепов т.б. әдебиет зерттеуші ғалымдарымыз ғылыми еңбектер жазып, Асан Қайғының өмірі мен мүрасы туралы ой-пікірлерін айтты.
Бақылау сұрақтары:
Асан Қайғы толғауларында ел өмірі мен Жәнібек хан бейнесінің жырлануы.
Асан Қайғы жыраудың толғауларының әлеуметтік мәні мен маңызды-лығы.
Асан Қайғының Жәнібек ханға айтқан толғауының танымдық мәні.
Жырау толғауларындағы заман көрінісі, туған жер бейнесі мен осиет-ғибрат сөздері.
З.Асан Қайғы жырау толғауларының халықтық сипаты мен үлттық маңыздылығы. б.Асан Қайғы толғауларының озіндік ерекшелігі мен үлттық сипаты.
3-ЛЕКЦИЯ.
Лекция тақырыбы. Қазтуған жырау.
Лекция жоспары:
1 .Өмірі туралы мәлімет.
Қазтуған нәр алған ежелгі түркі дәуіріндегі көшпелілер поэзиясы.
Қазтуған жыраудың мадақ толғауының әлеуметтік мәні. Және жыраулық талантын қуаттайтын туған жермен қоштасу толғауының идеялық-мазмүндық ерекшелігі мен көркемділігі.
Қазтуған жырау мүрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
Қазтуған жырау Сүйінішүлының өмірі мен жыраулық поэзиядағы мүрасына зер салу.Қазтуған жыраудың алғаш рет нәр алған ежелгі түркі дәуіріндегі көшпелілер поэзиясының жырау поэзиясына тигізген әсеріна тоқталу. Жыраудың озіне арнаған мадақ толгауының әлеуметтік мәнін ашу.Қазтуғанның жыраулық талантын қуаттайтын туған жермен қоштасу толғауының идеялық-мазмүндық ерекшелігі мен көркемділігін талдай отырып, идеялық-мазмүндық, тақырыптық-коркемділігіне тоқталу. Хандық дәуір әдебиетін зерттеуші ғалымдардың Қазтуған жырау мүрасының зерттеудегі қүнды еңбектерін негізгі алу.
Лекция мазмұны:
Қазтуған жырау Сүйінішүлы 1420 жылы қазіргі Астрахань облысы, Красный Яр қаласының маңында туылған, өлген жылы белгісіз. Қазтуған жырау көшпенді түркі елі мекен еткен Еділдің салалары Ақтүба, Бозан боын жайлаған түркі тайпаларының ру басы көсемі, әскер басы батыры болады. Дешті-Қыпшақта XV ғасырдың әр кезеңіне созылған өмірде халықтың жанашыры болып, ел түрмысының түзелуіне елеулі еңбектерін сіңіреді. XV ғасырдың екінші жартысында өз елінің руларымен бірге Еділден ауып, қазақ ордасының ту тіккен жері Шу бойындағы Қозыбасы жайлауына қоныс аударады. Қазтуған жыраудың толғауларынан бізге "Бүдырайған екі шекелі”, "Алаңда, алаң, алаң жүрт", Белгілі биік көк сеңгір" деп аталатын үш толғауы ғана жеткен. Жыраудың бүл толғаулары ең алғаш Ғабдолла Мүштақтың "Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары" атты кітапта 1912 жылы басылып, кейінірек "Мадақ жыры" деген атпен жинаққа енгізілген.Қазтуғанның әрбір толғауларынан өз дәуірінің өмір көріністері мен табиғат аясындағы көшпенді елдің болмыс, тіршілік, қоршаған орта туралы түсінігін бейнелегендігін көреміз.
Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін, озіндік сипатын танытады. Қазтуған жыраудың толғауларының үлттық бояуы сөз маржандарымен нақышталып, афоризмдерге, коркем текстерге бай, әр рухтағы толғаулары туған ауыз әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері болып табылады. Бүдырайған екі шекелі" толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін жасап, оны үтымды метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкеріп, философиялық ой-толғамдар арқылы жақсы жеткізген. Қазтуған жыраудың "Алаң да алаң, алаң жүрт" толғауында халықтың туған мекен - Еділді тастап, Шу өзенінің бойында алғаш хандық қүрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Жыраудың бүл толғауы ата мекен, туған жерғе деген ыстық сезім, азаматтық парызын танытады. "Белгілі биік көк сеңгір" жырынан жауынгер жыраудың өмір жайлы дүниетанымдық көзқарасы, өмір жайындағы түсінігі айқын аңғарылады. Қазтуған жыраудың толғаулары ауыз әдебиетімізде өзінің мазмүны мен көркемдік сипаттары мен сыртқы түзілім-қүрылыс түрғысынан да ерекше бөлініп дараланады. Қазтуған жырау толғаулары "Ертедегі әдебиет нүсқалары" /1967/, "Алдаспан" /1971/, "15-18 - ғасырлардағы қазақ поэзиясы" /1982/, "Бес гасыр жырлайды" /1985/, Ай, заман-ай, заман-ай" /1989/, "Ақберен" /1972/, "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет" (Мүхтар Мағауиннің қүрастыруымен) /1993/ жарық корді.
Қазтуған жырау Сүйінішүлы жайында бізге нақты деректер жетпеген. Дегенмен, Қазтуған жырау туралы Мүрат Мөңкеүлының "Қазтуған" толгауында Қазтуған Жайықтың күнбатыс бетіндеғі Нарын, Қабыршақты, Қарасу жерлерін мекендеген Ноғайлы заманның батыры болған. "Күндердің күні болғанда жүрағатым таршылықта қалады" деп елін бастап Күншығысқа ауған екен. Сондағы Қазтуғанның көшерінде қонысымен қоштасып айтқаны дейтін жыр мен Мүрын жырау арқылы жеткен "Қарға бойлы Қазтуған" атты шағын дастан мазмүнына бойлай отырып, толғауындағы деректерді тарихи мәліметтермен салыстыра келіп, шамамен жыраудың қай заманда өмір сүргенін анықтап, не себепті қонысынан ауғандығына жауаптар тапқандай боламыз:
Алаңда алаң, алаң жүрт, Ақала ордам қонған жүрт. Атамыз бү Сүйініш,
Күйеу болып барған жүрт. Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жүрт. Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жүрт, Кіндігімді кескен жүрт,
Кір қоңымды жуған жүрт. Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн
оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жүрт. Салп-салпыншақ анау үш өзен, Салуалы менің ордам қонған жер..
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер... Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, Балығы көлге жылқы жаптырмас...
Сөйткен менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге Мынау қалған Еділ жүрт.
Қазтуғанның осы толғауынан лирикалық қаһарманның бенесін сомдап, елдің ардақты ұлы болғандығын, анасы мен атасы өмір кешкене, жер жаннаты Еділ бойының перзенті екендігі жайында ой толғайды. Жырау атақонысының көркіне тіл адам тоймайтын, салыстыруга жер жетпейтін Еділден де кетуге бел байлағандығын көреміз.
Қатуған жырау толғауларын дәуір шындығымен байланыстыра отырып, XV ғасырдағы қоғам, дәуір, өмір туралы терең толғанып, ел өмірінің саяси-әлеуметтік жағдайын тарихи түрғыда қарастырды. Ғасыр үсынған тақырыптарды толғауларына негізгі нысана етті. Өз кезеңіндегі көшпенді қазақ елінің өмір, түрмыс, атақоныс, ел- жүрт суреттерін бар қырынан нанымды әдісте толғады.
Қазтуған жырау елінің өмір-түрмысын үлттық ерекшеліктеріне сай суреттеп, атаменкенге адалдық, ата-дәстүрге беріктік сипаттарды, елдік-батырлық тақырыптарды, өз дәуірінің шындық суреттерін кеңінен суреттеп берді. Жырау толғауларында хандар түсындағы тарихи оқиғалар сырын шалқар шабытқа лайық бедерледі.
Қазтуған жырау толғауларында ел-жер мәселесін, атақоныс тарихын басты мүрат түтты. Жырау толғауларының мазмүнына үңілсек, қысымшылықтың көп болуынан ата қонысынан қайғыланып көшуі, 1480-148 Іжылдардағы Иван үшіншінің еліне қысымшылық көрсетіп, күн өткен сайын Алтын Орданың баяғы қайтқан бағы қайтып оралмайтынын, елінің түрмысы Шу бойына қоныс аудармайынша түзелмейтінін айқын сезғен үлы жырау екендігін ”Алаңда алаң, алаң жүрт" толғауынан аңғарамыз. Қазтуған толғаған озі өмір сүрген дәуірі Жәнібек хан заманы мен онан кейінгі кезеңдерді суреттейді. Елінің өмір-түрмыс суреттерін жан-жақты сөз етіп, ел-жер қадірі толғауларында көрініс тапты.
Қазтуған жырау толгауларындағы тапқыр сөз қолданысынан өзінің өмірінде ай түтылып, күн мүнартып, халқы сәтсіз кезғе үшырағанда, жырау елінің келешегі, жерінің тағдыры туралы тебірене толғанып, бір кездегі қазақ жүрты мүсылман дінін қабылдағанын есіне түсіреді.Мүндай философиялық ой-толғамдарды Қазтуған жыраудың толғауындағы мынандай лебізінен сезгендей боламыз.
Бүдырайған екі шекелі, Би үлының кенжесі,
Мүздай үлкен көбелі, Буыршынның бүта шайнар азуы,
Қара үнымы сүлтандайын жүрісті, Бидайықтың көл шайқаған жалғызы,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті, Бүлт болған айды ашқан,
Айдаса қойдың көсемі, Мүнар болған күнді ашқан,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені Мүсылман мен кәуірдің
Үстаса қашағанның үзын қүрығы... Арасын өтіп бүзып дінді ашқан
Билер өтті - би соңы, Сүйінішүлы Қазтуған!
Қазтуған жырау Сүйінішүлы толғауларында жыраулық поэзиядағы ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктер мен кемел сөз өрнектер де қатар кемел-денген. Қазтуған жыраудың әлеуметтік түлғасы мен толғаулары жайында Ш.Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, М.Мағауин, Х.Сүйішәлиев, Ә.Дербісәлин, Н.Ке-лімбетов, Е.Түрсынов, Ж.Тілепов т.б. әдебиет зерттеуші ғалымдарымыз ой-пікірлерін айтып, зерттеу еңбектерін жазды.
Бақылау сұрақтары:
Қазтуған жыраудың мадақ толғауының әлеуметтік мәні.
Қазтуған лшрау толғауларының шеберлік сырлары.
Қазтуған жыраудың толғауларында жыраудың өз бейнесінің сомдалуы.
Қазтуған жырау толғауларының әлеуметтік бағыты мен көркемдік сипаты.
Қазтуған жырау толғауларындағы басты әлеуметтік сарын мен бейнелеу тәсілдері, көркемділігі.
Қазтуған жырау толғауларының зерттелуіндеғі жаңа козқарастар.
4-ЛЕКЦИЯ.
Лекция тақырыбы. Доспамбет лшрау.
Лекция жоспары:
1 .Доспамбет жыраудың өміріне қатысты деректер.
Жырау толғауларының тақырыптық, мазмүндық ерекшелігі мен дәуір көрінісі.
Доспамбет лшраудың "Қоғалы көлдер, қом сулар", Арғымаққа оқ тиді”, "Айналайын Ақ Жайық", Тоғай, тоғай, тоғай сум, мт.б. толғауларының идеялық мазмүны, көркемділіғі, әлеуметтік мәні, үлттық танымы.
Жырау бейбіт омір кешкен қазақ елінің заман суреттерін оз толғауына өзек етуі.
Жырау мүрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
ғасырдың 90 жылдарының орта шенінде өмір сүрген Доспамбет жыраудың оміріне қатысты деректерді жинақтап, саралап корсету. Доспамбет жырау толғауларының тақырыптық, мазмүндық ерекшелігіне талдау жасап, дәуір көрінісі мен тарихи оқиғаларды арқау еткен толғауларының мәнін ашу. Бізге жеткен жыраудың "Қоғалы колдер, қом сулар”, Арғымаққа оқ тидім, мАйналайын Ақ Жайықм, Тоғай, тоғай, тоғай сум, мт.б. толғауларының идеялық мазмүнына тоқталып, көркемділігі мен әлеуметтік мәніне, үлттық танымдылығына әдебиет зерттеуші галым-дардың пікірімен түжырымдау. Доспамбет жырау бейбіт омір кешкен қазақ елінің заман суреттерін оз толғауына өзек етуінің мәні мен мағынасын, үлттық танымдылығын талдауға алу.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетін зерттеуші ғалымдар еңбегінде Доспамбет жырау мүрасының зерттелуіне зер салу.
Лекция мазмұны:
Доспамбет жырау 1490 жылы Азау /Азов/ теңізінің маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери билеуші түқымынан шыққан абыз жырау. Өз заманындагы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындагы соғыстың бірінде, 1523 жылдың бас кезінде Астрахань түбінде отыз жасқа толмаған шағында қаза табады.Жыраудың өліміне үрыс кезінде түсіп қалған қамшысын алмақ болып қайта оралғанда жау қолынан жарақаттанғанын өз толғауында айтса, ал, жау қолынан қаза болғандығын зерттеу еңбектерден жиі кездестіреміз. Өлер сәтінде өзі шығарған делінетін толғауында біраз тарихи жайлар сөз болады. Қамшысын жан- жақты, жақсы сипаттап, суреттеп береді. Толғуының соңында Доспамбет жырау артында қалып бара жатқан зайыбын, Қосақай, Қосай, Ер Досай атты үлдарын еске алады.
Арғымаққа оқ тиді.
Қыл майқанның түбінен, Аймедетке оқ тиді.
Отыз екі омыртқаның буынынан. Зырлап аққан қара қан,
Тыйылмады жонның уақ тамырдан.
Сақ етеп тиді саныма, Сақсырым толды қаныма, Жара бір қатты, жан тәтті.
Жара аузына қан қатты, Жарықшылар жоқ па екен, Жармай білте саларға,
Жағдайсыз жаман қалып барамын. Жанымда бір туғанның жоғынан!.
Жыраудың бүл толғауы о дүниеғе бет бүрып, өзін-өзі бекітуімен, өмірінің босқа өткеніне сенім білдірумен аяқталады. Толғауда жырау өзінің көңіл-күйін дәл бере алуымен, мүң-зар мен арманға толы әсерлі сөздері арқылы жыраулық поэзияның ауқымын кеңейте түсті. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Өз заманында жорықтарға: Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы шайқастарға қатысқан.
Доспамбет жырау толғауларынан жыраудың мүрат-мақсаты, рухани өмірі, моральдық қағидалары мен дүниеге көзқарасы аңғарылады. Елін қорғау, үлттық рухтағы жорық жырларын кобірек толғаған. Айнала бүлақ басы тең", "Тоғай, тоғай, тоғай сум, "Азау, азау дегенің", Арғымаққа оқ тиді", "Қоғалы көлдер, қом сулар”, Айналайын Ақ Жайық” т.б. толғауларында Дрспамбет жыраулық поэзияның түрақты соз тіркестері мен сөз нақыштарын үтымды пайдалана білгенін айқын көреміз. "Өкінбен”, мКүн қайда" т.б. толғауларындп туған жер, еліне деген сүйіспеншілік өз өмірін еске алу түрінде келіп, сүйікті атамекенін сырт жаудан қоргау мәселесімен терең үштасып отырады. Жыраудың бізге жеткен мүрасының көлемі 160 жолдай толғаулары.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің ірі өкілі Доспамбет жырау мүрасын зерттеудегі мынандай деректер бар. 1908 жылғы Мақаш Бекмүхамедовтың Қазан қаласынан шыққан Жақсы үғіт", Ғабдолла Мүштақтың /Ғүмар Қарашев/ 1912 жылы Орынборда жариялаған "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" кітаптарында жарияланған. 1967 жылы "Ертедегі әдебиет нүсқалары", 1971 жылы "Алдаспан", 1982 жылғы "ХУ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы", 1989 жылы "Бес ғасыр жырлайды" атты жыр жинақтарында басылғаны белғілі. Доспамбет жырау Қазтуғанның "Мадақ жыры" сарындас өз атын толғауына қосып жырлайды.
Айнала бүлақ басы тең. Азулының Стамбулдан несі кем. Азаулының Аймедет ер Доспамбет ағаның
Хан үлына бәсі жоқ,
Би үлынан несі кем?! Алла өзі берғен күнінде Хан үлынан артық еді
менің тапқан несібем,
Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді,
деп өз есімін асқақта, жырға қосып, Азаулы деген қаланың бүкіл түркі тілдес поэзиясында теңдесі жоқ Стамбул шаһарынан несі кем деп, сол мекеннің иесі болған Доспамбет өзі туралы толғайды. Доспамбет жырау коптеген соғыста жау қашырған, ару қүшқан сырбаз азамат екендігін толғауында сөз нақыштарымен бедерлей суреттейді.
Тоғай тоғай, тоғай су.
Тоғай қондым өкінбен. Толғамалы ала балта алып, Қол бастадым, өкінбен. Тобыршығы биік жай салып, Дүшпан аттым, өкінбен. Тоғынды сарты нар жеғіп,
Көш түзедім, окінбен. Ту қүйрығы бір түтам, Түлпар міндім, өкінбен. Туған айдай нүрланып, Дулыға кидім, өкінбен. Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде, Түлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім, өкінбен. Бүгін, соңды өкінбен, Өкінбестей болғанмын, Ер Мамайдың алдында Шаһид кештім, өкінбен!.
Доспамбет жырау омір сүрген дәуір - Мамай батыр мен қазақ хандығының өрлеу кезеңі болатын.Жырау Ер Мамайдың тірі кезінде бүл толғауын арнағандығынан хабардар етеді.
Доспамбет замандастарына қүрметті болып, сөздерін кейінгі үрпаққа жеткізуі, үрпақтан-үрпаққа жалғасын тапқан толғау жанрындағы барлық тақырыптар ғасыр үсынған талаптарға тура жауабымен ерекшеленіп отырды. Жырау толғауларында ерлікті, өрлікті, кісілік билікті сыйлайтын ел ағасы болуымен бірге, қазақ елінің түрмыс- тіршілігінің жақсаруына қызмет етіп, халыққа кеңес берер зерлі сөздерімен халқын елдікке, ерлікке, батырлардың рухын қайраттандыратын жалынды толғауларын халыққа арнады.
Күмбір, күмбір кісінеті,
Күреңді мінер күн қайда,
Толғамалы ақ балта,
Толғап үстар күн қайда,
Алты қүлаш ақ найза Үсынып шаншар күн қайда,
Садақ толған сайгез оқ Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда!
Кет-бүғадай билерден Кеңес сүрар күн қайда,
Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғыннан бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан Қымыз ішер күн қайда!
Қазақ елінің өмір-түрмысын үлгтық ерекшеліктерімізге сай суреттеп, атаменкенге адалдық, ата-дәстүрге беріктік сипаттарды, елдік-батырлық тақырыптарды, өз дәуірінің шындық суреттерін кеңінен толғанды. Жыраулар толғауларында хандар түсындағы тарихи оқиғалар сырын, хандық үкімет сипаттарын толғауларында кең тыныспен, шалқар шабытқа лайық бедерледі.
Жауға қарсы күрес сипаттарын, бірлік, татулық л<айын, елдік-ерлік тақырыптарының түйінді мәселелерін, қазақ өміріндегі тарихи оқигалар қүбылыстарын, көркем тіл кестелері арқылы толғады.
Доспамбет лсырау толғауларынан белгілі ғалым Балтабай Әбілқасымов толғау жанрын тақырыптық-мазмүндық, коркемдік-идеялық ерекшелігіне байланыты тортке боліп қарастыруының екі түрі кездеседі. Олар: ерлік толғау мен ереуіл толғауы.
Бақылау сұрақтары:
1 .Доспамбет жырау толғауларының халықтық сипаты, коркемділік сөз өрнектері.
Доспамбет л<ыраудың ерлік толғауларының әлеуметтік мәні, үлттық танымы.
Доспамбет жырау толғауларының тақырыптық, мазмүндық ерекшелігі.
Доспамбет лшрау қазақ елінің заман суреттерін өз толгауына озек етуі.
Доспамбет лшрау толғауларының идеялық мазмүны, көркемділігі, әлеуметтік мәні, үлттық танымы.
Доспамбет лшрау толғауларының көркемділігі мен сөз үлгілеріндегі шешендік өнері.
5-ЛЕКЦИЯ.
Лекция тақырыбы. Шалкиіз лшрау.
Лекция жоспары:
1 .Жыраудың өміріне қатысты тарихи лсәне аңыздық деректер.
Шалкиіздің лсыраулық поэзиядағы философиялық бағыттың негізін салушы.
Жырау толғауларындағы тіл нақыштары, нақыл сөздер, афоризмдер.
Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі - ойлылық, көркемдік, нақтылық, тереңдік, жыраудың өзі өмір сүрген дәуір көрінісінің суреттелуі және Би Темірге арнаған толғауларының тарихилығы мен коркемділігі.
Шалкиіз лсырау поэзиясының Бүқар лсырауға, Махамбетке әсері лсәне лсырау мүрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
Шалкиіз лсырау Тіленшіүлының өміріне қатысты тарихи лсәне аңыздық деректерге тоқталғанда, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге алу. Шалкиіздің лсыраулық поэзиядағы философиялық бағыттың негізін салудагы толғауларының мәні мен мағынасына, онегелі сөздеріне талдау жасау. Жырау толғауларындағы тіл нақыштары, нақыл сөздер, афоризмдерді талдап-тану, толғауларының үлттық болмысын таныту. Шалкиіз поэзиясындағы өнегелі сөздердің - ойлылық, көркемдік, нақтылық, тереңдік және л<ыраудың өзі өмір сүрген дәуір көрінісінің суреттелуі мен Би Темірге арнаған толғауларының тарихилығы мен коркемділігіне әдебиет зерттеуші ғалымдардың пікірімен түл<ырымдау. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетін зерттеуші ғалымдар еңбегінде Шалкиіз лсырау мүрасының зерттелуіне зер салу лсәне л<ырау поэзиясының Бүқар лсырауға, Махамбетке әсерінің озіндік ерекшелігі.
Лекция мазмұны:
Шалкиіз лсырау Тіленшіүлы 1465 лсылы Батыс Қазақстан өңірін жайлаган көшпенділер семьясында дүниеге келген XV ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Мүсылманша л<ақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алған Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер, әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіт шағы ноғай ордасындағы - Мүса бидің маңында өтеді. 1490 жылдарда Үлкен Орданың әміршісі, Мансүрүлы Темір бидің, кейін ноғайлы Жүсіп бидің төңіреғінде, омірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізеді. Жырау өзінің үзақ өмірін Дешті-Қыпшақтың төрт бүрышын түгел шарлаған, өз заманының бірінші ақыны танылған. Жырау толғауларынан көне заман таңбасы - түз түрғынының дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшелігі моральдық, этикалық қағидалары айқын аңғарылады. Шалкиіз дүниеде мәңгі, түрақты ештеңе жоқ деп біледі. Әлем бірқалыпта түрмайды, адам өмірі де өтпелі екендігін толғауында сөз нақышымен бедерлейді және осының бәрі табиғат заңы деп біледі.
Толғауларында адамдық қасиеггерді асқақтата жырлап, жеке бас еркіндігін бәрінен де жоғары қояды, отаншылдық рухты насихаттады. Шалкиіз қазақ поэзиясын көркемдеу тәсілдері мен өлең орнегі саласында айрықша байытты. Жырау толғаулары өткір, аз сөзғе коп мағына сыйғызған сүлу сазды коркемділіғімен ерекшеленеді. Шалкиіз жырау толғауларынан орта ғасырлық қазақ елінің көшпенді өмірі туралы философиялық, болмыс туралы нанымды, моральдық, эстетикалық түсініктері корініс тапты. Шалкиіз жыраудың бізғе жеткен "Асқар, асқар, асқар тау", "Қоғалы колдер, қом сулар", "Арғымақ ару аттар сескенсе", "Ор, ор қоян, ор қоян", "Алаштан байтақ озбаса", "Жебелей жебе жүгірген", "Жапырағы жасыл жаутерек", "Арық хан! Менің ием Темір іс етсе", "Көгерген көк сынулар жайқалса", "Би Темірге бірінші толғау", "Жақсының жақсылығы сол болар", "Жалп-жалп үшқан жапалақ", "Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны", "Жел, жел есер, жел есер", "Жауынды күні көп жүрме", "Арқаның қүба жонында", "Шағырмақ бүлт жай тастар", "Алып, алып, ал сақын", "Жапалақ үшпас жасыл тау", Айырдан туған жампоз бар", Ағынды сулар, аймақ көл", Жайыңды білғен қарындас", "Асқар, асқар, асқар тау, Асқардан биік тау болмас", "Ор, ор қоян, ор қоян" т.б. толғаулары арқылы қазақ елінің өмір-түрмысын үлттық ерекшеліктеріне сай суреттеп, атаменкенғе адалдық, ата- дәстүрге беріктік сипаттарды, елдік-батырлық тақырыптарды, өз дәуірінің шындық суреттерін кеңінен көрсетті. Жырау толғауларында Би Темір бейнесі айқын суреттеп, тарихи оқиғалар сырын, кең тыныспен, шалқар шабытқа лайық бедерледі. Мүнымен бірге жырау толғауында ерлік рухқа, асқақ романикаға толы "Алаштан байтақ озбаса", Жапырағы жасыл жаутерек", Ер Шобан" жырлар да орын алды. Шалкиіз жыраудың ел арасына ең көп тараған шығармалары - "Би Темірге бірінші толғау", "Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны" толғаулары. Бүл толғаулар ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан жыраудың сөз өрнектері болып табылады.
Жырау өмірінің соңына дейін өз толғауларында ел-жер мәселесін, ерлік-салт үлгілерін, хан бейнесін танытатуды басты мүрат түтты. Хан бейнесі мен оның іс-әрекеті мен саясаты, қазақ батырларының ерлік күрестері, басқа да хан-сүлтан, бай-билердің іс-әрекеттері,қазақ елінің өмір-түрмыс суреттері толғауларында жан-жақты көрініс тапты. Адам өмірінің кезеңдері, бақ-дәулет қүпиясы, дос-дүшпан мен жақсы мен жаман айырмасы толғауларында көрініс тапты. Шалкиіз жырау Тіленшіүлы 1560 жыл шамасында дүние саған. Шалкиіз жырау Тіленшіүлының шығармалары алғаш XIX ғасырда қағаз бетіне түсіп, баспа бетінде жарияланды. Ал, XIX ғасырдың 1875 жылы Записки"Оренбургский отдела Императорского Русского географического общества" жинағында жарияланды. Кейіннен "Астраханский вестник" /1893, 1216/ газетінде Ы. Алтынсариннің /1879, 1906/ "Қырғыз хрестоматиясында, кеңе дәуіріндегі әдебиеттерден Ертедегі әдебиет нүсқалары" /1967/, "Алдаспан" /1971/, "ХҮ-ХУІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы" /1982/, "Бес ғасыр жырлайды" /1984/ т.б. жинақтарда жарық көрді. Мүхтар Мағауиннің Қобыз сарыны" атты еңбегінде Шалкиіз жырау
есімі жайлы тарихи мәліметтер мен деректерді үсынады. Жоғарыда аталған еңбектерде келтіргендей, Шалкиіз жырау
Тіленішүлының есіміне байланысты коптеген аңыз-әңгіме мен тарихи деректер ақиқаттан алыс кетпейді. "Қазақ елінің арасында Шалкиіз жыраудың бүрынгы есімі "Салкез" екен дейді бір еңбектерде және Еділ өзенінде сал үстінде кезіп келіп, тап болған сәби есімі осылай "Сакез" аталыпты. Жаңадан туған жас нәрестені шәліге, оның сыртынан ақ киізге орап әкелген екен. Содан Шәлі+киіз - Шәлкиіз қойған екен. Шын аты ТЕЛАҒЫС екен деп те айтылады. Ал ноғайлар арасында: "Көшіп-қонды елде киіз үстінде дүниеғе келген жырау жастайынан көпті көрген қария шалдардай ақылдыболып, өсиет, ғибатт ойлар айтып, халық қалаулысы болғандықтан Шалкиіз /Шал+киіз/ атапты деген аңыз бар. Қазір хандық дәуір әдебиетін зерттеушілер арасында жырау есімін Мүхтар Мағауин "Шалкиіз" деп жазып жүр. Хандық дәуір әдебиетін қазіргі таңда зерттеушілер Шалкиіз есімін "Шалгез" немесе "Шәлкез" деп атап келеді. Шалкиіз жырау Тіленішүлы өзін халыққа таныстыруған мынандай толғау жолдарынан көреміз:
Тіленіүғлы Шалкиіз, Иесі Би Темірдің соңыратын,
Иесі Би Темірдің түсында, Түқылдақтан сартылдап,
Бүлтқа жете жазды бүл мүйіз. Үзілер болғай сол мүйіз, -
деген жыр жолдарынан жыраудың ерте заманнан бастап есімі халық арасына "Шалкиіз" болп танылғандығын көреміз. Шалкиіз жырау Тіленішүлы Би Темірдің ақылшы әрі батыр жырауы болғандықтан көп толғауларын Би Темірге арнаған екі толғауы болып табылады. Біріншісі - жыраудың Би Темір заманындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты айтқан толғаулары. Екіншісі - Би Темірді қажы сапарынан тоқтату үшін айтқан толғауы.
Жетсең тауап етерсің,- Теңселер сойды ауыр ноғай
Қара бас қүспен шалдырып, Етектеп жиған көп халқың, жүртыңыз!
Көк теңіздің үстінде, Сүлтан ием, кімге асмар етерсің!.. Соқса бір жілік сындырған,
Көтеріп желкен аштырып, Темі еді биіміз, Көгілдірдің жез қанатын
Жүк тиедің кемеге, сындырған,
Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге! Теңіз еді халқымыз, Тегеуріні болат темірдің
Жүк тиесең кетерсің, Тебілерге қалғанда, Тегеуріні озіңсің!...
Ниет етсең жетерсің, Ақ кітабын жайдырып,
Ай хан ием, сұраймын:
Ғазырейіл - жан алмаға қасапты, Жығылғанды тұрғызсаң, Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Тәңіріңнің үйі бәйтолла, Сүлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!
Тәңірінің үйі кебені,
Ибраһим Халил алла жасапты,
деп Шалкиіз жырау Би Темірді қажы сапарынан тоқтатып, елінің озінен үлкене үміт күтіп отырғандығын және Би Темірден басқа жүртқа ие болар бір адам жоқ екенін айтып, еліңді кімге тастап бара жатырсың деп батыл сөйлейді. Бүл толғауда Би Темірдің әлеуметтік түлғасы толық ашылады. Би Темірдің қажылық сапарға баратынын халық мақүлдамайды, бірақ халық бұл ойын Би Темірғе айта алмағандықтан Шалкиіз жырауға айтуға тапсырады. Шалкиіз жырау халық қамқоршысы, хан ақылшысы болып, қоғамдық әлеуметтік, тарихи оқиғаларға өзінің дүниетанымдық көзқарасын толғаулары арқылы танытып, өз ойын сөз нақыштарымен нақтылай түседі. Шалкиіз жырау Би Темірді қажы сапарынан тоқтату үшін осы толғауын айтып, сол дәуірдегі Би Темірдің қоғамдық ел өміріндегі орны мен қызметін, әлеуметтік салмағын, көпшіліктің ханға деген сенімін, Би Темірдің халық алдындағы беделін осы толғауы арқылы айқын жеткізғен. Қазақ хандығы дәуіріндеғі әдебиетте және бақа жинақ еңбектерде бізге белгілі болып отырған Шалкиіздің 760 жолдай толғау-термелері жеткен. Шығармаларының 500 жолы қазақ зерттеушілерінің еңбектері арқылы танылса, толғауларының 260 жолы ноғайлары арасынан жиналған. Шалкиіз жырау Тіленішұлының бізге жеткен толғаулары азаматтық, әлеуметтік сарынмен үндескен. Жырау өз коңіл - күйін толғайтын толғауларының өзінде де өмір заңдылығын, заман ағымын қатар суреттеп отырады. Шалкиіз жырау мОт басы, ошақ қасының" қарапайым пендешілік лсағдайына айналмай, өзіне дейінгі және өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді. Өмірде корген коп жайларын көңіл таразысына салып, философиялық ой толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді. Шалкиіз жырау толгауларынан көрінетін бір сыр - жыраудың туып өскен мекеніне, ата қонысына, өзін қоршаған табиғатқа деген қүштарлығы оның толғауларында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық онеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылдар, онегелі соз нақыштары арқылы өрнектелген. Жырау өнеге- осиетін бірқатар жырларында өмірден түйген өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді. Шалкиіз жырау лсақсы мен жаман арқылы адам бойында кездесетін өнегелі және керағар қасиеттерді адам мінездерімен салыстыра суреттеп, дәуірден-дәуірге көшіп келе жатқан көптеген өмір сырын дүниетанымдық козқарасымен бағдарлайды.
Бақылау сұрақтары:
Шалкиіз лшрау поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшелігі.
Шалкиіз лшрау толғауларында өзі өмір сүрген дәуір көрінісінің лсырлануы.
Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі - ойлылық, көркемдік, нақтылық, тереңділігі мен Би Темірге арнаған толғауларының тарихилығы мен көркемділігі.
Шалкиіз л<ырау поэзиясының Бүқар жырауға, Махамбетке әсері.
Шалкиіз жырау толғауларының тақырыптық,идеялық, көркем-дік өрнектері.
Шалкиіз жыраудың нақыл, ғибарат толғауларының халықтық сипаты мен танымдық мәні.
Лекция тақырыбы. Марғасқа лшрау.
Лекция жоспары:
1 .Жыраудың оміріне қатысты тарихи деректер.
Марғасқа лшрауды айбынды Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы лшрауы болғандығы л<айында тарихи л<әне аңыздық деректер.
Есім ханның әрі лсорықшы лшрауы мен батырларының бірі болғандығы.
Жыраудың "Ташкентті билеген Түрсын Мүхаммед сүлтанға айтқаны" тол-ғауының идеялық мазмүны, көркемділігі.
Жырау мүрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
ғасырда омір сүрген Марғасқа лшраудың өміріне қатысты тарихи деректер сақталмаса да, шығармашылығы жайында бізге тек Есім ханның түсында өмір сүріп, жорықшы лшрауы атанғаны, 1627 лшлы Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқаны жайында "Ташкентті билеген Түрсын Мүхаммед сүлтанға айтқаны" немесе "Ей, Қатағанның хан Түрсын" толгауы ғана л<еткендігі лсайындағы зерттеушілер пікірі мен еңбектеріне зер салу л<әне осы толғауының идеялық мазмүны мен көркемділігіне талдау л<асау. Марғасқа лшрауды айбынды Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғандығы лсайында тарихи және аңыздық деректерге тоқталып, қазақ поэзиясында көне дәуірдегі әдебиетті лсалғастырған лшрау екендігі жайындагы деректері басты назарға алу. Марғасқа жыраудың Есім ханның әрі лсорықшы лшрауы мен батырларының бірі болғандығы туралы деректерге мән беру. Марғасқа лшрау мүрасының қазіргі таңда зерттелуіне талдау л<асау.
Лекция мазмұны:
Марғасқа лшрау XVII ғасырда өмір сүрген Есім ханның лсорықшы лшрауы әрі Еңсегей бойлы ер Есім хан" атанған өз заманында ерекше билікке ие болған үлы тұлға. Марғасқа жыраудың қай лшлы туып, қай лшлы қайтыс
6-ЛЕКЦИЯ.
болғаны әлі де белгісіз, не тарихи кітаптарда, не көне құжаттарда, немесе ескі шежірелерде мына жылы дүниеге келіп, мына жылы дүниеден өтті деген нақтылы деректер кездеспейді. Ғылымда Марғасқа жырау XVII ғасырда өмір сүрді деп айтылады. Дегенмен Марғасқа жырау жайында ешқандай дерек жоқ болса да, жыраудың өз аузымен айтқан создеріне қарап, Есім ханмен қандай қатынаста болғандығын, жырау өмір сүрген ортасында қандай бедел иесі болғандығын ел аузындағы деректер бойынша болжам жасауға болады. Марғасқа жырау ел аузындағы аңыздарға қарағанда, "бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен" деғен атаққа ие болған Еңсегей бойлы Ер Есімнің түсында өмір сүріпті. Ал, осы атақты Ер Есім жайлы Қазанғап Байболов үлкен дастан жазған. Ол жыр Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының /№513/ қорында сақтаулы. Осы аталған еңбекте Ер Есімнің қазақ халқын қырық жыл бойы басқарып, белдеуінен түлпары кетпегені, білегінен қылышы түспегені, омірінде бел шешіп тыныш үйықтамағаны жан-жақты айтылады. Марғасқа жырауды айбынды Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғандығы жайында өнегелі сөз үлгілерін тарихи деректермен нақтылып, Есім хан мен Марғасқа жыраудың өмір сүрген дәуір жетістіктері мен қайшылық түстарын айқын жырлайды. Ал, Есім ханның өзі жайлы жазылған бірсыпыра мәліметтер бар. Осы деректердің ішінде ел арасына аңыз- әпсана түрінде айтылар әңгімелерде Есім ханның көзін корген Әбілғазы - Баһадур хан секілді бірегей тарихи түлғаның жазба мағлүматтары да кездеседі. Осындай деректерге елдің ерекше коңіл боліп, тілге тиек етер әңгімесі - Есім хан мен Түрсын ханның арасында болған оқиғага байланысты. Бүл мәліметтердің негізінде тарихшылар мен әдебиетшілердің негізгі сүйенері - Әбілғазының деректері болуға лайықты: Әбілғазы 1625 жылы Хиуа ханы Спандиярдан басын қорғалап, Түркістандағы қазақ елінің билеушісі Есім хан Сығайүлының ордасына келеді. Мүнда үш ай мейман болады. Бір күндері Есім ханға сол кезде Ташкентті билейтін Түрсын хан келеді. Үшеуі әңгімелесіп отырган кезде Есім хан Түрсын ханга Әбілғазыны өзіне паналатуға үсыныс жасайды да, оны Түрсын хан мақүлдайды. Осылайша, Әбілғазы Түрсынмен бірге Ташкентке аттанады. Ташкентте екі жыл түрып, екі жылдан кейін екі ханның арасы бүзылып, Есім хан Түрсын ханның басын алады. Осыдан кейін амалы таусылған Әбілғазы Есім ханмен Бүхара билеушісі Иманқүл ханға баруға рүқсат сүрайды. Есім хан ризашылығын білдіріп, оны жібереді. Есім хан мен Түрсын ханның арасындағы қақтығысқа байланысты Марғасқа жыраудың бізге батырлық сарыны басым "Еңсегей бойлы Ер Есім” толғауы жеткен.
Ей, Қатағанның хан Түрсын, Хан емессің, қасқырсың, Еңсегей бойлы Ер Есім,
Кім арамды ант үрсын. Қара албасты басқырсың, Есігіңе келіп түр,
Жазықсыз елді еңіретіп, Алтын тақта жатсаңда, Алғалы түр жаныңды,
Жер тәңірсіп жатырсың. Ажалы жеткен пақырсың. Шашқалы түр қаныңды,-
деген толғауы Есім хан мен Түрсын хан арасындағы қиын кезеңнің оқиғасынан хабар береді. Марғасқа жыраудың біздің заманымызға жеткен осындай толғауының санаулы жолдары жыраудың қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. Ел аузындағы аңыз - әңгімелерде Марғасқа жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелетін жеті мың жолдық "Еңсегей бойлы Ер Есім" атты тарихи жырды алғаш жырлаушы деп шамаланады. Бүл толғауда Марғасқаның "Қатағанның хан Түрсын" дейтін сөзінің төркіні: сол кезде Ташкент уалаятында Қазақтың Қаңлы, Қатаған рулары түратын және Түрсын хан сол елдің билеушісі болатын. Есім хан мен Түрсын ханның не себепті бір-біріне жауласқандығын Мәшһүр Жүсіп Көбеев жинаған ел аңызы бойынша былайша баяндайды: "Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып түрған күнде Ташкентте Түрсын хан қатаған деген жүртты билеп, түрды. Түрсын хан ант етісіп, Есім ханмен бата қылысты бір-бірімен жау болмасқа. "Күнбатыс Бүхар, Хоқан, Самарқанмен жауласуға мен қарсы түрайын. Сен Күншығысқа қосын қылып аттан. Үзын аққан Ертістің суының басынан кір, аяғынан шық", - деген соң кісі қосын алып Күншығысқа бет қойды... Сол жүрғеннен бәрі бас қосып алып жүріп, Ертіске түсіп, әртүрлі бөтен жүртпен соғысып, өлғені өліп, қалғаны қалып... Еліне жақындап қалғанда естіді: Түрсын хан мүны алдап, қаңғытып, жіберіп, Түркістанды шауып, талап, олжалап алып қойғандығын. Мүны естіген соң Есім хан жынданды дейді... Ташкентке кіріп, хан Түрсынды өлтіріпті". Әрине, бүл аңызда Есім ханның Күншығыста соғысып жүрген жүрты - қалмақтар болатын. Осы оқиға турасыҢда үлы ғалым Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов: "сол соғыс болған түстарда қазақ ханы Есім қырғыз жүртын Шоңбағыш руынан шыққани Көкем би арқылы билейтіндігін, қатаған мен шанышқылының әміршісі Түрсын ханның көзін осы Көркем би арқылы қүртып, кейін Ташкентте оның қүрметіне "Көкемнің кок күмбезі" атанатын атақты мүнара түрғыздырғандығын жазады. Сондай-ақ Күнғей Алатаудың Санташ асуы бойында биіктігі үш сажын, аумағы отыз бес сажын тас қорғанды қырғыздардың сол дәуірде Есімнің жоңғарлары жеңген жеңісінің ескерткіші ретіндегі белгісі деп аңыз ететіндігінен хабардар етеді. Мүның барлығы, сөз жоқ, бір орталықтан әлеуетті мемлекетүшін күрескен Есім ханның сол ниетін жүзеге асыру бағытындағы күрес жолдарынан дерек береді. Ал, Марғасқа жырау осы оқиғаның жырлаушысы, Есім ханның бүл жолда үстанған саясатын қолдаушы, яғни, қазақ жүртының біртүтас ел болуына үлес қосушы азамат. Әрине, Есім хан мен оның төңіреғінде жүрген қарамағындағы халқының бәрінің пікірлері үнемі бір арнадан шығып отырмағаны белгілі.
Ғалым - жазушы Мүхтар Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай дейді: "XVII ғасыр әдебиетінен қалған нүсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бүл кезде жасаған қазақ ақын-жазушыларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені - Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бүл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік қүрған хан "Еңсегей бойлы Ер Есіммен" байланыстырылады. Бір орталыққа багынған күшті мемлекет қүруға тырысқан Есім ханның оз мақсатын орындау жлында жеке үлыс-тайпалардың хандары мен ірі феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына , кейде қантөгіске баруына да тура келеді. Есімнің жолына кесе- көлденең түргандардың бірі - Қатаған, Шанышқылы руларының ханы, Ташкентті билеуші Түрсын хан еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып, қазақ ауылдарын шабады. Коп ұзамай-ақ кезек Қатағандарға да келеді. Есім хан жорықтан орала салысымен озінің жорықшы әрі батыр Марғасқа жырауымен Тұрсын ханның ордасына басып кіріп, қатағандарды қырғынға ұшыратады. Бұл оқиға Әбілғазы баһадүр ханның айтуынша шамамен 1627 жылы болған. Марғасқа жыраудың "Еңсеғей бойлы Ер Есім" толғауының небәрі бізге 13 жолы жеткен. Бүл толғау 1627 жылдар шамасында Ташкенттің сол кездегі әміршісі Түрсынханға байланысты туғандығын Мүхтар Мавғауин да тарихи деректер негізінде "Алдаспан” атты еңбегінде" дәлелдеп айтады.
Қазақ халқы ерлік күреске толы күн кешкен XVII ғасырдан біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың "Еңсегей бойлы Ер Есім" толгауы Есім хан түсында болған тарихи оқиғаға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа соз онерін жете меңгерген арқалы жырау болумен бірге, Есім ханның бір орталыққа үйысқан мемлекет қүру туралы идеяларының үраншысы қызметін атқарды. Марғасқа жыраудың "Еңсеғей бойлы Ер Есім" толғауы XVII ғасырдағы қазақ поэзиясының сын-сипаты, даму бағдары ежелгі арна, көне дәстүр ауқымында болғандығын танытады.
Бақылау сұрақтары:
Марғасқа жырауды айбынды Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғандығы жайында тарихи және аңыздық деректер.
Марғасқа жырау Есім ханның әрі жорықшы жырауы мен батырларының бірі болғандығы.
Марғасқа жырау мұрасының зерттелуіндегі жаңа ой-пікірлер.
Марғасқа жырау толғауындағы тіл шеберлілігі мен идеядық-көркемдік ерекшелігі.
Марғасқа жыраудың "Ташкентті билеген Түрсын Мүхаммед сүлтанға айтқаны" толғауының идеялық мазмүны, көркемділігі.
7-ЛЕКЦИЯ.
Лекция тақырыбы. Жиембет жырау.
Лекция жоспары:
1 .Жиембеттің омірі жайында тарихи деректер, Есім хан әскербасының жорықшы жырауы атануы.
Жыраудың мемлекет істеріне араласудағы және қазақ елі арасындағы беделінің жоғары болғандығын аңғартатын толғаулары.
Жиембет жыраудың "Әмірің қатты Есім хан", "Еңсеғей бойлы Ер Есім", "Қол-аяғым бүғауда" т.б. толғауларының идеялық мазмүны мен коркемділігі, толгауларындагы замана көрінісі.
Жиембет жырау мұрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің ірі окілі Жиембет жыраудың өмірі жайында тарихи деректерді саралап, жыраудың Есім хан түсында өмір сүріп, әскербасының жорықшы жырауы атануы жайындағы зерттеушілер пікірі мен еңбектеріне зер салу. Жиембет жыраудың Есім хан түсында мемлекет істеріне араласудағы жыраулық түлғасына тоқталып,ХУІІ ғасырдағы қазақ елі арасында беделінің жоғары болғандығын аңғартатын толғауларының мәні мен маңыздылығына талдау жасау. Жиембет жыраудың "Басы саудың түгел-дүр", "Тәуекел ханға", "Жолымбетке", "Әмірің қатты Есім хан", "Еңсегей бойлы Ер Есім", "Қол-аяғым бүғауда" т.б. толғауларындағы тарихи оқиғалардың көрініс табуы мен идеялық мазмүнына, көркемділігіне талдау жасап, өнегелі соз нақыштарына тоқталу. Жиембет жыраудың толғауларындағы замана көрінісінің шындық тұрғысынан суреттелуіне байланысты зерттеу еңбектердің тарихилығы мен әдеби мәніне зер салу. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетте Жиембет жырау мүрасының зерттелуінің маңыздылығына тоқталу.
Лекция мазмұны:
Жиембет жырау Бортоғашұлы XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген. Алшын руынан шыққан абыз жырау Жиембет ертеде елді билеген ауқатты отбасы түқымынан шыққан Еңсегей бойла Ер Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі мен әскербасы батыры қызметін атқарады. Есім ханның коршілес хандықтармен арадағы шайқастарына қатысып, ерлігімен, іскерлігімен, батырлық түлғасымен халыққа танылады. Жиембет жыраудың 1620 жылы ойраттармен болған соғыста жеңіске жетіп, жыраулық түлғасымен бірге, батырлық атақ-даңқы елге кең тарайды. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық қүрғысы келген Ташкент ханы Түрсын ханның көтерілісін басу кезінде де Жиембет жырау елеулі еліне еңбек сіңірігі, халық бірлігін сақтап қалады. Көп үзамай, орталық үкіметке сөз жүзінде бағынып, Кіші жүзде дербес билік қүра бастаған Жиембет жыраудың қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің бір жеңілдік істерін хан мен сарай өкілдерін қорлау деп санаған Есім хан бүл мәселеге Жиембеттің озінде іліктіреді. Жиембет жырау ойраттармен шекаралас шығыс елініне көшіріледі.Інісіне өшіккен Есім хан ағасы Жиембетті де қудалап, қуғындап, туған жерінен кетуге мәжбүр етеді.Оған жыраудың "туған жермен қоштасу" толғауы дәлел. Деректерге қарасақ, өмірінің соңына дейін айдауда болғаны байқалады. Бір ғана дерек,1643 жылы Есім хан дүниеден көшкен соң, туған жеріне қайта оралады деген деректерді зерттеушілер үсынады. Тагы бір зерттеушілер деректеріне қарағанда, Жиембет жырау кошірілген елді мекенінде дүние салады. Күні бүгінге дейін Жиембет жыраудың өмірбаяны мен қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен толғауларындағы кейбір сәттерден, қазақ елінің есінде сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз. Жиембет жыраудың Еңсегей бойлы Ер Есім" толғауында жыраудың өз есімін кездестіруге болады. Оның өзіндік себебі, шежірелерден кездестіретініміз Жиембет Тана руынан тараған үш ағайынды болған, інілері Жолымбет пен Ақымбет. Жауын, Дат, Сырым батырлар Жиембеттің ұрпағьі саналады. Тағы бір шежіреде Жиембет - мКіші жүздің ескіде откен аузы дуалы биі" делінеді. Тананың ұраны - Жиембет. Жиембет Тана атанатын үлкен қауым ел қазіргі Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданын мекен етеді. Атақты Сырым батыр да жауга шапқанда оз атасы Жиембеттің атын атап шапқан. Халық аңыздары және шежірелерінің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы Ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр. Жиембет жыраудан қалған ең елеулі мүра - жыраудың Есім ханға арнаған толғаулары. Толғау 7-8 буынды жыр сарыны үлгісінде келеді. Белгілі ғалым Мүхтар Мағауин бүл толғауды "көркемдік қүралдарға онша бай емес, көбіне-коп қолданылатыны теңеу” деп бағалайды. ”Қартайдым қанша қайтса да” деген сөздерге қарағанда шығарма жыраудың жасы үлғайған шағында айтылғандығы көрінеді. Есім хан қазақ тарихындағы ең жауынгер, ең әулетті хандардың бірі болған. Халық шежірелеріне қарағанда, Жиембет - Есім ханды ақ киізғе салып, хан көтерушілердің бірі болғандығын айтады, оның барлық жеңісті жорықтарының қаһарманы. Жырау толғауларындағы теңеулерді озін қоршаған ортадан алғандығы көрінеді. Жиембеттің Есім ханға батыл сойлеуінің бір себебі: жыраудың жалғыз еместігінде, артында күшті руы, белді батырлары түрғандығында. Өзінің "Еңсеғей бойлы Ер Есім” толғауында ”Мен өлсем қүнсыз кетер деме сен” - дейді жырау Есім ханға батыл сойлеп. Жыраудың "Жолымбетке” атты толғауында "Хан жалғыз да, біз үшеу” - депөздерінің көптігін, білектілігін айбар етеді.
Әрі сүйініш түтары - немере інісі Байбақты батырды айтады. Жиембет жыраудың мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі қаншама жоғары болғанымен, оның ханмен тартысының соңы насырға шауып, Жиембет жырау хан сарайынан аластатылады. Деғенмен қайшылықтың түп-төркіні жолымбеттің тентектігінде ғана емес, шындығында, Жиембет жырау өзін Есім ханнан тәуелсіз күйде үстағысы келгендіғі толғауларынан байқалады. Толғауларының негізгі мазмүндық,идеялық ерекшелігінде Жиембет жыраудың өмірі қуғында, Түркістаннан аулақ, шалғай жерде өткендігі аңғарылады. Жиембет жыраудың Есім ханға ақыл-кеңес беріп, тар жерде қолтығынан демеген, әскеріне, халқына сүйеу болған, соңында осының нәтижесінде Есім ханды үлкен билікке қолын жеткізіп, "есіртуге" дейін апарған кінәні сүңғыла абыз, қызметі өткен жырауы болғандығын көреміз.
Еңсегей бойлы, Ер Есім, Есім сені есірткен,
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін. Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес қүрғанда,
Айналып кеңес табарға, Есіктегі ебесін,
Сонда ханым не десін.
Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің, Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?.. Меніменен ханым ойнаспа,
Менің ерлігімді сүрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сүрасаң, Жылқыдағы асау тайындай, Зорлығымды сүрасаң, Бекіре менен жайындай, Беріктігімді сүрасаң, Қарағай мен қайыңдай.
деп Жиембет жырау озінің батырлық ерлігінің "жолбарыспен аюдай, бекіре мен жайындай" екендігін ханға батыл айтып, ме хан сарайынан кетсем сенің күнің не боларын білдің бе деген сөздермен ойын нақты жеткізеді. Жиембет жырау озінің "Еңсегей бойлы Ер Есім" толғауының соңында "хан сарайына қайырылып қайта оралуға қылығың жоқ үнаған" деп, енді неден тайынбайтындығын:
Қайратым қанша қайтса да, Мүныңа, ханым, шыдаман. Арқаға қарай көшермін.
Алашыма үран десермін. Ат қүйрығын кесермін.
Алыста дәурен сүрермін. Қарамасаң, ханым, қарама, Сенсіз де күнімді көрермін.
деген толғау жолдарымен Жиембет жырау Есім ханға өз ойын нақты айтып, хан жырауы болудан бас тартып, сөзін шорт қайырады.
Бірде Есім хан өзіне әйел болмақ қалмақтың қызын жолдан Жиембет жыраудың інісі Жолымбет жол тосып, алып кеткенін көріп, Жолымбетті өлім жазасына кеспек болған ханның әміріне Жиембет жырау мен ханның елі қарсы шығып, Есім ханға наразылығын білдіріп, айтпақ болған өнегелі сөздерін "Әмірің қатты Есім хан" толғауында ханнан тайсалмай, қорықпай өз ойымен нақты жеткізеді.
Әмірің қатты Есім хан, Бүлік салып бүйырдың, Басын бер деп батырдың, Қанын ішіп қанбаққа, Жанын отқа салмаққа, Атадан жалғыз мен емес, Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жолымбет, Қүрбандыққа қол емес.
Жол тосып алып кетіпті. Қалмақтан алмақ сыйыңды, Қаһарыңды басқалы,
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес, Жиембет сынды биіңді. Малын салып алдыңа, Әр саладан қүйылды.
Он екі ата Байүлы,
Бір тәңірге сыйынды, - дейді - Жиембет жырау.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетте және бақа жинақ еңбектерде Жиембет жыраудың толғаулары жинақталып, жарық көргендігін мына әдебиеттерден білеміз. "Әмірің қатты Есім хан" - "Ертедегі әдебиет нүсқалары" /1967/, "Алдаспан" /1970/, ”Еңсегей бойлы Ер Есім” - Мақаш Бекмүхамедов, 1908 жылы; "Ертедегі әдебиет нүсқалары”, /1967/, "Алдаспан" /1971/, "Қол - аяғым бүғауда" - осы кітапты қүрастырушының материялдарынан. 1966 жыл, Гурьев облысы, Индер ауданының түрғыны Тәжіғали Алмашевтан алынған. Алғаш "Алдаспан" /1970/ басылған. "Басы саудың түгел - дүр" - "Ертедегі әдебиет нүсқалары" /1967/, "Алдаспан” /1970/ т.б. зертеу мен ғылыми еңбектерде Жиембет жыраудың толғаулары жинақталып, тақырыптық - мазмүндық, идеялық - көркемдік жаңа қырларымен танылды. XVII ғасырда Есім хан түсындағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты Есім ханның батыр әрі жорықшы жырауы Жиембет ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бүлтармасыз жеткізеді. Жиембет жыраудың белгілі толғауларынан бізге ең маңыздысы мен тақырыптық - мазмүндық жағынан Есім ханға арнаған толғаулары жыраулық поэзияның сын- сипаты мен даму бағдарын ежелгі жыраулық арна мен байырғы дәстүр ауқымында болғандығы танылады. Жиембет жыраудың толғаулары ең алгаш "Жақсы үгіт” жинақ кітабында жарияланып, ғалымдар тарапынан зерттеліп, баспа беттерінде коптеген жинақ және жеке зерттеу еңбектерде лсарық көрді. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы Есім хан заманы кезінде өмір сүрген Жиембет л<ырау толғаулары бізге л<етіп, лшрау мүрасының осындай тарихпен байланысты болуы сол кезеңдегі халықтың әлеуметтік - қоғамдық лсағдайынан хабардар еткен болса, екінші лсагынан, тарихи оқиғалармен тікелей байланыста толғағаны ғасыр ерекшелігінің қыры мен сырын таныту болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
Жиембет лшрау толғауларының өзіндік ерекшелігі мен коркемділігі.
Жиембет жыраудың мемлекет істеріне араласудағы л<әне қазақ елі арасындағы беделінің жоғары болғандығын аңғартатын толғаулары.
Жиембет лшраудың толғауларының идеялық мазмүны мен көркемділігі, толғауларындағы замана көрінісі.
Жиембет лшрау шығармашылығы лсайындағы зерттеуші ғалымдар пікірі.
Жиембет лсырау толғауларының халықтық сипаты мен коркемдік ерекшеліктері.
Жиембет лшрау толғауларының тіл, стиль ерекшеліктері.
8-ЛЕКЦИЯ.
Лекция жақырыбы. Ақтамберді лшрау.
Лекция жоспары:
1 .Ақтамберді лсыраудың өміріне қатысты тарихи деректер.
Ақтамберді жыраудың қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде өмір сүргендігі мен ХҮІІІ ғасырда қалмақтармен болған соғыста қол бастаған батыр люрықшы л<ырау атануы.
Жырау толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа, дүшпаннан кек алуға, елді жаудан қорғауға шақыруы л<әне толғауларындағы лсалғыздық пен лсарлылық сарынының маңыздылығы мен көркемділігі.
Ақтамберді лшраудың "Күлдір-күлдір кісінетіп", "Уа, қарт, Бөгембай", "Еділ - Жайық екі өзен","Балпаң-балпаң кім баспас" толғауларының әлеуметтік мәні мен маңыздылығы, көркемділігі, соз нақыштары.
Ақтамберді лшрау мүрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
Ақтамберді лшраудың өміріне қатысты тарихи деректер мен лшраудың қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде өмір сүргендігі лсайындағы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне зер салу. ХҮІІІ ғасырда қалмақтармен болған соғыста қол бастаған батыр лсорықшы лсыраудың толғауларындағы дәуір көрінісінің суреттелуіне тоқталу. Жырау толғауларындағы - ерлікке, батырлыққа, дүшпаннан кек алуға, елді жаудан қорғауға шақыруының өзіндік ерекшеліғін таныту. Жырау толғауларындағы жалғыздық пен лсарлылық сарынының маңыздылығы мен көркемділігін анықтау. Ақтамберді лшраудың "Күлдір-күлдір кісінетіп", "Уа, қарт, Бөгембай", "Еділ - Жайық екі өзен","Балпаң - балпаң кім баспас" толғауларының әлеуметтік мәні мен маңыздылығы, көркемділігі, сөз нақыштарын талдауға алу. Ақтамберді лшрау мүрасының бүгінгі таңда зерттелу л<айына мән беру.
Лекция мазмұны:
Ақтамберді жырау Сарыұлы 1675 лшлы Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау бойында ауқатты отбасында дүниеге келген. Болашақ жырау лсамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өсіп, ақындық талантын тым ерте, 10-11 лсасында танытады.Ақтамберді 17 лсасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғысына қатысады. Ақтамберді өзінің табанды ерлігімен, ақыл айласымен көпке танылады. 1723 лшлы қазақтар ойраттардан ойсырай лсеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айырылған шақта Ақтамберді атақты батыр, Орта л<үздің рубасы ақсақалдарының бірі еді. Батыр лшрау өзінің белсенді ісімен де, лгалынды лшрымен де лшңғарға қарсы күресті үйымдастырушылардың бел ортасында болады, қазақ жасағының алдвңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті бір люла талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде Ақтамберді қазақ руларын атамекенге бір люла орнықтыру ісінде зор қызмет атқарады. Батыр лшрау тоқсан үш жасында 1768 лшлы қайтыс болады. Жыраудың күнбезі қазір Семей облысы, Абай ауданы, "Құндызды" совхозының шегіндегі Жүрек Жота деген төбенің басына орналасқан. Ақтамберді лшрау қазақ лсүртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманының ірі қайраткер - азаматы, сөз өнерінің көнекөз өкілі Ақтамберді шығармашылығы коп жылдар бойы терең зерттелмей, ескерусіз естен шығып қалуға айналған асыл мүралар қатарына лсатады. Ақтамберді Сарыүлы - суырыпсалма сөз онерінің л<етік окілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы л<еткен. Халық лшрауды люңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір создерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды. Ақтамберді - тарихи түлға. Жырау есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. "Қазақ ССР тарихы” берғен бағаға көңіл аударатын болсақ, Ақтамберді жырау жоғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік жасап, ел өмірінің тыныштығын аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, иаты әйғілі ақын. XX ғасыр басында жазылған қазақ тарихы туралы кітаптарда да Ақтамберді жырау есімін жиі кездестіреміз. Мысалы, 1911 жылы Қазан баспасынан жарық көрғен Қүрбанғали Қалидүлының 'Тауарих хамса" атты кітабында Ақтамберді туралы қысқа мәліметтер кездеседі. Бүл мәліметтің мазмүны да халық аңыздарына негіздеоғен, жоғарыдағы келтірілген деректерге саяды. Ақтамберді жырау есімін кейінгі жыраулар шығармашылығынан да кездестіреміз. Мысалы, "жауға қарсы аттанған батырлар қатарында Ақтамбердіні XVIII ғасыр жырауы Үмбетей атаған. XIX ғасырдың белғілі ақыны Дулат Бабатайүлы өзінің "Ер Еспембет" дастанында Ақтамберді жыраудың қартайған шағын бейнелеп, жырауды тәжірибелі қолбасы, батыр, қайтпас ер түлғасында танытады. Қолда бар осындай деректерге қарағанда Ақтамберді жырау қазіргі Семейге қарасты Аягөз аймағында туып өскен. Найман елінен шыққан ержүрек батыр, жорықшы жырау. Ақтамбердінің әкесі Сары, шешесі Сырбике. Жырау толғауларының мазмүнына қарасақ, Ақтамберді халық тәуелсіздігін аңсап, ерлікті дәріптеп толғаулар шығарған өз заманында аты шулы ақын болған. Ақтмберді жыраудың "Күлдір де күлдір кісінетіп" деп басталатын шығармасы ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Толғаудан түлпар мініп ту үстап, ел шетіне қорған болып ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп түрады. Ел қамымен бірге бүл толғауында сүлу қүшу және батыр деген атаққа ие болу, бүл сайып келгенде, жалаулы найза қолга алып, жау қашыра білуіне, ерлік қимылдарына байланысты немесе ел үшін аянбай еңбек етіп көзге түссеңдегеніңе жетесің деген ер азаматтың алдына қояр талаптарын осы толғауында өнегелі сөз нақыштарымен жеткізеді.
Күлдір де күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күдеріден бау тағып,
Ақ кіркеуке киер ме екенбіз. Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз, Сауыт киер ме екенбіз!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шүбарды Таңдап мінер ме екенбіз!
Сол шүбарга мінген соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екенбіз. Жалаулы найза қолға алып, Жау қашырар ма екенбіз! Тобыршығы әндіген
Толтыра тартар ма екенбіз, Тобылғы түбі қүралай, Бытыратып атар ма екенбіз!... Тобылғы сапты қамшы алып, Түмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екенбіз!
Ел жазылып жайлауда Жақсылар кеңес қүрғанда Бүрын да сөйлер ме екенбіз!
Ғалым-зерттеуші Мүхтар Мағауин 1973 жылы шыққан "Алдаспан" жинағында осы толғаудың екі нүсқасын жариялаған. Кейін "Қобыз сарыны" атты кітабында Ақтамберді жыраудың ақындығы мен батырлық ерліғі сөз болған.М.Мағауин Ақтамберді жырау шығармашылығын толық танытуға белғілі дәрежеде көңіл бөлген. Ақтамберді жыраудың батыр мінер түлпарды бейнелеген өлеңі оның суреткерлік шеберлігінен де хабар береді. Толғау жолдары ерлік сарынымен де үндесіп жатады.
Келбетіне қараса, Омырауы даладай, Әлпетіне қараса,..
Жан-жағына қараған,
Жал қүйрығын тараған, Жолбарыстай жөн түзеген, Аш күзендей бүгілген.
Ор киіктей жүгірген. Табаны жалпақ бос тарлан, Таңдап мінер ме екенбіз?
Асылы, бүл екі нүсқадағы толғаулар әрқайсысы әр түста айтылған өзінше бөлек толғаулар. Себебі, бүл толғауда қайталаулар көп кездеспейді. Ақтамберді жырау есімін ақын Сара да өз айтысында еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз атақты ақынын, әруақты батырын мақтан етеді. Белгілі жазушымыз Сәбит Мүқанов Ақтамберді жыраудың "Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді менер екенбіз" толғауын 1942 жылы шыққан "18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиетінің очеркі" кітабында жариялаған. Бүдан кейін "Ерте дәуір әдебиет нүсқасы" 1967 жылы, "Алдаспан" 1971, "Бес ғасыр жырлайды" 1984 жылы жинақтарына енді. Ал 1994 жылы басылып шыққан Әзімбай Бижанүлының шығармалар жинағында Ақтамберді, Жасілең дастаны бар. Бүл жырда Ақтамберді жырау сөз еткен "Күлдір де күлдір кісінетіп, мінер ме екенбіз" толғауында жырау өмірі жырланады. Бүл толғауда батыр жыраудың бейнесі жасалады. Қүрбанғали Қалидүлының "Тауарих хамса" еңбегінде Ақтамберді жырауды ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында ерлерінің бірі болды, - деп жазады. Ақтамберді жырау атақты қара Керей қабанбаймен бірге Найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры. Сонымен қатар, Ақтамберді қазақтың жортуыл жыршысы, әулетті жырауы болған.
Ақтамберді жырау атадан жалғыз туады. әкесі Сары - Найман Сыбан ішіндегі орташа ғана дәулеті бар кісі болған. Сондықтан да өз малын өз қызығына жүмсай алмай, ағайын-туғаннан зорлық-зомбылық көп көреді. Бүл күн сүйеншісі, жанашыры жоқ жас бала Ақтамбердінің де басына түседі. Алайда жүрегінде оты бар болашақ жырау жасымай, өзіне және ата-анасына күш көрсетушілерден именбей, реті келген жерінде көңілдегі сөзін айтып салатын болады. Жырау өзінің алгашқы толғауларын осы шамада 10-11 жасында шығара бастайды. Ақтамбердінің бүл кездегі өлеңдері мүң, зар, жалғыздыққа налу түрінде келеді және толғауларындағы жалғыздық пен жарлылық сарыны анық сезіледі.
Жағалбай деген ел болар, Жағалтай деген көл болар,
Жағалтайдың жағасы, Жасылда байтақ ну болар.
Атадан алтау туғанның, Жүрегінің бастары,
Алтынменен бу болар, Атадан жалғыз туғанның,
Жүрегінің бастары,
Сары да жалқын су болар,
Жалғыздық сені қайтейін! - дейді Ақтамберді жырау.
Ақтамберді жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Алайда ло күні кеше ғана өзіне күш көрсеткен ағайындарына қарсы күш жүмсауды нәмәрттық депбіліп, бүкіл ел мүддесін ойлай бастайды, ру, ата намысын емес, игі қазақтың намысын қорғайды.
Жауға қарай аттанып, елі үшін ерлік жасаған Ақтамбердінің жеісті жорықтары Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен үздіксіз соғыстар дәуірі еді. Ақтамберді жыраудың ақындық даңқы жас кезінен бастап халыққа танылсада, өз тіршілігінде бел шешіп өнер қумаған. Әйткенмен де, жаугершілік заманында батырларды жігерлендіріп, елін жаудан қорғауға шақырған жырлары мен өз басынан өткен жалғыздық пен жарлылық қиын күндерді жырлаумен ерекшеленеді. Бүгінгі күнде жырау поэзиясы тақырып жағынан да, мазмүны жағынан да бай болғандығы зерттеу еңбектер негізінде бізге жетіп отыр. Ақтамберді жырау толғаулары көшпенді қазақтардың ой, арманынан, мақсат - мүддесінен елес береді, қазақ елінің өмірі, түрмысы жайлы түсінігін бейнелейді. Жырау толғауларынан халқымыздың мінез-қүлық ерекшеліктері, болмысқа дүниетанымдық көзқарасы айқын аңғарылады.
Ақтамберді жырау Сарыүлы шығармаларының зерттелуі жайы XX ғасырдың I жартысынан бастап, XX ғасырдың II жартысындағы зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Атап айтқанда, М.Мағауиннің "Алдаспан" 1971, Х.Сүйіншәлиевтің "ХУІП-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" 1961, Ақберен. Жинақ . 1971, Б. Кенжебаевтің "Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері" 1973, "Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері" 1976, Қүрбанғали Халидүлының "Тауарих хамса" /Бес тарих/ 1992, Қ.Мәдібай Хандық дәуір әдебиеті" 1992, Ж.Тілеповтың "Тарих және әдебиет" 1998, Қ.Өмірәлиевтің "ХУ-ХІХ ғ.ғ қазақ поэзиясының тілі" 1976 жыл, т.б. "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетін" зерт-теуші галымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылып, жарияланып келеді.
Бақылау сұрақтары:
1 .Ақтамберді жырау толғауларына ел омірі мен ерлік сарынын арқау етуінің озіндік ерекшеліктері.
Ақтамберді жырау толғауларындағы жыраудың тіл шеберлілігі мен тіл, стиль ерекшеліктері.
Ақтамберді жыраудың қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде омір сүргендігі мен ХҮІІІ ғасырда қалмақтармен болған соғыста қол бастаған батыр жорықшы жырау атануы.
Ақтамберді жыраудың толғауларының әлеуметтік мәні мен маңыздылығы, коркемділігі, сөз нақыштары.
Ақтамберді жырау мүрасының зерттелуіндегі тың зерттеу еңбектердің жаңашылдығы.
Ақтамберді жырау толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа, дұшпаннан кек алуға, елді жаудан қорғауға шақыруы және толғауларындағы жалғыздық пен жарлылық сарынының маңыздылығы мен көркемділігі.
Ақтамберді жыраудың өмір, заман, арнау толғауларының маңыздылығы мен халықтық сипаты.
Лекция тақырыбы. Тәтіқара жырау. Лекция жоспары:
1 .Тәтіқара жырау өміріне қатысты тарихи деректер.
ХҮІІІ ғасырда болған жаугершілікте қазақ елін жауға қарсы күреске үндеген жауынгер ақын болуы және Абылай хан тұсында өмір сүргендігі.
Тәтіқара қалмақтар-мен болган согыста ерлік көрсеткен Жәнібек Шақшақүлын, Бокейді, Сағыр батырды, Бөгенбай мен Жабай батырларды "Қамыстың басы майда, түбі сайда" толғауында жырлағандығы.
Ақынның "Кебеже қарын кең қүрсақ", "Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар" т.б. толғауларының мәні мен маңыздылығы.
Ақын мұрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
ХҮІІІ ғасырда туып өскен Тәтіқара жырау оміріне қатысты тарихи деректерді зерделеп, нақты пікір қалыптастыру. ХҮІІІ ғасырда болған жаугершілікте қазақ елін жауға қарсы күреске үндеген Тәтіқараның жауынгер ақын болуы мен Абылай хан тұсында өмір сүргендігі туралы мәліметтерді негізге алып, талдау жасау. Тәтіқара ақынның қалмақтармен болған соғыста ерлік көрсеткен Жәнібек Шақшақүлын, Бөкейді, Сағыр батырды, Бөгенбай мен Жабай батырларды "Қамыстың басы майда, түбі сайда" толғауында жырлауының негізгі мәні мен маңыздылығына, тарихылығына назар салу. Тәтіқара ақынның "Кебеже қарын кең қүрсақ", "Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар" т.б. толғауларының мәні мен маңыздылығына, көркемділігіне талдау жасап, негізгі идеялық-мазмүндық ерекшелігіне тоқталу. Тәтіқара ақын мүрасының бүгінгі қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетімізде зерттелуіне назар аударып, ғылыми материялдармен толықтыру.
Лекция мазмұны:
Дүшпаннан көрген қорлығым Сары суболды жүрекке,
Он жетіде қүрсанып, Қылыш ілдім білекке,
Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, құдай, тілекке!
9-ЛЕКЦИЯ.
Тәтіқара ақын 1705 жылы Қостанай өңірінде, Сарыкөл маңында /қазіргі Қостанай облысы, Урицкий ауданында/ туылган. Тәтіқара тегі Сарыкөл маңындағы Уақтан және Уақ ішінде Қалмақ деген атадан тарайды. Абылай ханның ақылшысы, халықтың қамқоршысы болған, батырларымызды табандылыққа, төзімділікке үндеген Тәтіқара ақын Қостанай өңірінде, Сарыкөл маңында /қазіргі Қостанай облысы, Уриңкий ауданында/ туылған. Тәтіқара әрі ақын, әрі жырау беделіне ие болып, көп уақыт Абылай ханның ақылгөйі ретінде саналы өмірі хан сарайында өткен. Ел арасындагы аңыздарға қарағанда, Абылай хан жаугершілікке аттанғанда Тәтіқара ақынды қасынан тастамаған екен. Тәтіқара ақынның суырып-салма ақындығын, турашылдығын, мүнымен бірге жаудан қайтпайтын батырлығын Абылай хан жоғары бағалаған екен. Тәтіқара ақынның Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтап, жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген толғаулар шығарған. XIX ғасырдың орта шенінде қазақ халқының басынан өткен үрыс-соғыстарға қатардағы жауынгер ретінде қатысқан Тәтіқара ақын көне заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, жүрттың рухын көтеретін үлкенді- кішілі толғаулар айтумен қатар, өз жанынан күнделікті әскери өмірге қатысты, жауынгерлерді қиындықтарга мойымауга, ерліке, күреске үндегн толғаулар шығарып, біздің заманымызға қарбалас шақтарда, от-жалынды туған Тәтіқара ақынның суырып-салма толғауларының /импровизаңияларының/ кейбір жүрнақтары жеткен. Бізге жеткен 1756 жылғы Цин басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында болған үрысты сипаттайтын "Қамыстың басы майда, түбі сайда", "Кебеже қарын, кең қүрсақ" т.б. жалынды жырлары Тәтіқара ақын есімін халыққа кеңінен танытты. Тәтіқара ақын кебір толғауларында ханға қарсы шығып, Абылай ханның осал жақтарын сынап, бетіне басқан. Тәтіқара ақын толғауларында: Ат қүйрығын күзеңдер, Аллала атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар", - деп, халықты күреске шақырады. Бүдан кейін Абылай хан мен Тәтіқара ақын арасы алшақтап, ақын сарайдан біржола қуылады. Тәтіқара ақын жасы үлғайған шағында жағдайы ауырлап, жоқшылық зардабын көп көреді. Алайда Тәтіқара ақын қиыншылыққа мойымай, Абылай ханға бас имейді. Тәтіқараның жағдайын сүрай келген билерге айтқан ақынның "Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар" деген толғауы осының айғағы және сөзіміздің толық дәлелі бола алады.
Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар, Адам көңлін жоқтық шіркін басқалар,
Түзде жүрсем батырмын, Үйге келсем пақырмын. Таңертеңгі ішкен шалап,
Қарында емес, қуықта,
Ажал шіркін алыста емес, жуықта. Түссеңдер, міне, қара лашық, Түспесеңдер - жолың ашық!..
Тәтіқара ақын жырларына назар аударып, ақынның бір толғауын жолма-жол аудармасын жасаған Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов болды. Жүртшылық санасындағы Тәтіқара - қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндеғі сырт жауларға қарсы күрестің үраншысы, өз елін басқыншылармен қайтпай кек алуға шақырушы жауынгер ақын, Абылай ханның жортуыл жырауы болды. Тәтіқараның бізге жеткен шыгармалары көбіне жауынгерлер қатары бүзылып, еңсесі түскенде батырлардың рухын көтеру үшін, жігерлендіру үшін, ақын дауысы керек болған жағдайда айтылған. Тәтіқараның бір толғауы өкшелеген жаудан қүтылуға айналғанда, алдынан адам түгілі атта өте алмас тасыған өзен кездескенде айтылған толғауы бар. Толғауда есімдері аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе бастапты.
Бүлардың соңынан қол еріп, судан өтіп, жаудан қолы қалың жаудан аман қалыпты. Тәтіқара өмір сүрген XVIII ғасырдағы жаугершілік тақырыпты жырлаған толғауларында жалпыхалықтық тақырыптан нақтылыққа ауысып, жаугершілік кезінде жорыққа аттану, ел қорғаудың жалпы идеясын сөз етіп, жеңісті жорықтар мен ерлік көрсеткен батырларды жырлау басым болып келеді. XVIII ғасырдағы поэзия тілінде белгілі жер-су, халық, адам аттарын келтіру көзге түсе бастағанын анықтауға болады. Бүл толғау Тәтіқара ақынның бір жорықта алдарынан өзен кездесіп, үйып қалған қолды рухтандыру үшін айтқан өлеңі негізінен суреттеп берген бірнеше батырдың аттарынан түрады.
Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақүлы болат найза, Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттагы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы,
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын, Сары менен Баянды айт Уақтағы. Ағашта биіктікті айтсаң қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт, Найзасының үшына жау мінгізген, Еменәлі Керейде ер Жабайды айт.
Тәтіқара толғауындағы бір топ қазақ батырларды өзінің басшылығына алған Жәнібек батыр тек ерлігімен ғана емес, өзінің үлкен адамгершілігімен, зор ықыласы мен беделімен де танымал болған ірі түлға. Жыраудың тағы бір толғауы Абылай хан жорығына байланысты туған. Абылай хан бастаған қазақ батырларының саны көп болғанымен, күші басым жау әскерлерімен табан тіресіп үрыса алмай, шеғінуге мәжбүр болган кезде Тәтіқара ақын толғаған "Кебеже қарын, кең қүрсақ" толғауы жауынгерлердің еңсесін көтеру үшін, бір жағы күйінішпен, бір жағынан жүрттың рухын көтеру үшін табан астында суырып-салып жырлап қоя береді.
Кебеже қарын, кең қүрсақ, Артық туған Абылай, Көтере көр бүл істі.
Көп қытайдың жылқысы Түрымтайдай қүнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда Ер Абылай қорыққан жоқ, Әшейін еңкейе бере жылысты.
Бәстейін Сырымбет,
Оқ жіберіп үрысты. Ақыл қалмас қашанда, Дегбір қалмас сасқанда,
Баяндай ерді көрмессің, Бұрылып жауды шанышқанда!..
Тәтіқараның бұл толғауы Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында болған шабулды сипаттайды. Бұл толғауды кезінде Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов орысшаға қара сөзбен аударған. Осы толғаудан бізғе жеткен шағын ұзінді Шоқан аудармасының дәлдіғін көрсетумен бірғе, екеуінің неғізінде шындық оқиға болғанын анықтай, айқындай түседі. Тәтіқара ақын осы толғауымен үрыс даласының көп шындығын нақты суреттеп, ақын өзі көрғен, нақ ортасында болған майдан көрінісінің оның барша кейіпкерлерімен, олардың әрқайсысына лайық қимыл-әрекетімен дәл бейнелейді. Бүл толғаудағы Тәтіқара ақын сөзінің құдіреттіліғі мен күштіліғін атауымызға болады. Үрыс даласын, сарбаздар ерлік қимылын ақын батырлар жырындағы белгілі дәстүр негізінде бейнелейді. Тәтіқара ақын Абылай ханмен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі батыры болған. Бүл жайында "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің" білгір зерттеушісі Мұхтар Мағауин: " XVIII ғасыр әдебиеті жайында сөз болса Тәтіқара ақын аты аталмай қалмайды. Жүртшылық санасындағы Тәтіқара қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің үраншысы, өз елінің батырларын қайтпай үрысуға шақырушы жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі" - деп "Алдаспан” /1971/ еңбегінде Тәтіқара ақынның тарихи түлғасын байыпты бағалаған. Тәтіқара ақын ”бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ” деген коне мақалдың жонімен реті келгенде тартынбайтын, әділетті козіне айтқан турашыл, ақиық ақын болған. Мұның дәлелі Абылайдың үлы Жанбай өліміне байланысты толғауы болып табылады. Қалмаққа жорыққа аттанған батырларға еріп Абылайдың түңгыш үлы бала жігіт Жанбай да кеткен екен. Сол сапарда үлы қаза тауып, баласының өлімі жанына батқан Абылай хан бас көтермей жатып алады. Қалмақтармен болған бұл жорықта жалғыз Абылай ханның үлы Жанбай ғана қаза тапқан жоқ, талай жас сарбаздарымыз қыршынан қиылды, сол себепті ел билеп отырған әмірші тек өз қара басыңның ғана қайғы-зарын ойламай, елінің болашақ күнінің қандай болары жайында ойлағанын дүрыс болар, - деп көптің атынан Тәтіқара ақын батыл сөйлейді. Тәтіқара ақын 1780 жылы Сарыкөл маңында /қазіргі Қостанай облысы, Урицкий ауданында/ дүние салады. Тәтіқара ақын толғауларының көбі сақталмаған. Ақын шығармалары жаугершілік қарбалас шақтарда, от-жалынды соғыста туғандығымен, тәуелсіздік жолындағы күрестің қиын кезінде елдің рухын көтерген, халқына жігер берген, үран іспеттес болғандығымен қүнды. Тәтіқара ақын толғаулары қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті зерттеуші ғалымдар еңбектері негізінде бізге жеткен толгаулары "Ертедегі әдебиет нүсқалары" 1967, "Алдаспан" 1971, МХУ-ХУІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” 1982, "Бес ғасыр жырлайды7Бірінші кітап/ 1984 т.б. жинақ, зерттеу кітаптарда жарияланды.
Бақылау сұрақтары:
Тәтіқара лсырау толғауларындағы ерлік сарыны мен толғауларының туу тарихы.
ХҮІІІ ғасырда болған лсаугершілікте қазақ елін жауға қарсы күреске үндеген толғаулары.
Тәтіқара жырау мүрасының зерттелуі.
Тәтіқара қалмақтармен болган соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларын толғауында лсырлағандығы.
Ақынның "Кебеже қарын кең қүрсақ”, ”Ассалаумағалейкум, лсайсаңдар мен қасқалар” т.б. толғауларының мәні мен маңыздылығы.
Тәтіқара лсырау толғауларының әлеуметтік сарыны мен бейнелеу тәсілдері, көркемділігі зерттелуіндегі лсаңа козқарастар.
Тәтіқара лсырау толғауларының тілі, бейнелілік сипаттары мен коркемдік ерекшеліктері.
10-ЛЕКЦИЯ
Лекция тақырыбы. Үмбетей лшрау.
Лекция жоспары:
Үмбетей лсыраудың оміріне қатысты тарихи деректер.
Үмбетей оз дәуірінің аса маңызды мәселелерін дидактикалық-философиялық сарында лсырлаған лсырау болғандығы.
Жырау атын елге та нытқан "Бөгембай өліміне", "Богембай өлімін Абылай ханға естірту" деп аталатын екі үзақ толғауы мен Бөгембай батырдың өшпес батырлық бейнесін лсасаған жырау атануы.
Үмбетей мүрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
XVIII ғасырда үлы лсырау атанған Үмбетей лсыраудың өміріне қатысты тарихи деректерді саралап, тарихи материялдармен толықтыру. Абылай ханның ақылгөй лсырауы болған Үмбетей оз дәуірінің аса маңызды мәселелерін дидактикалық-философиялық сарында жырлаған толғауларының тақырыптық-мазмүндық, идеялық ерекшеліктеріне тоқталу. Жырау атын елге танытқан "Бөгембай өліміне”, "Бөгембай олімін Абылай ханға естірту", деп аталатын Бөгембай батырдың өшпес батырлық бейнесін лсасаған екі үзақ толғауының маңыздылығы мен ”, Бәкеге”, Жауқашарға", Бүқарға", "Бекболат биғе” деген толғауларының коркемдік ерекшеліктеріне тоқталып талдау лсасау. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінде Үмбетей мүрасының зерттелуі мен толықтырылган материялдарға сараптама лсасау.
Лекция мазмұны:
XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы дәуір әдебиетіндегі, лсыраулық поэзияның корнекті окілі Үмбетей Тілеуүлы 1697 лсылы Оңтүстік Қазақстанның Қаратау өңірінде дүниеге келеді. Үмбетей лсырау қазақ халқының лсоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күресінің ортасында болып, тарихи оқиғаларды нақтылықпен жырлаған. Үмбетей шығармаларының тарихи және әдеби көркемдік дәрежесі жыраудың қанжығалы Бөгембай батырды жоқтау және батырдың дүниеден өткенін Абылай ханға естірту жайларынан айқын көрінеді.үмбетей жыраудың бірінші "Бөгембай өліміне" деп аталатын толғауында жоңғарларға қарсы күресте асқан ерлігімен көзге түскен халық батыры Богембайдың ерлігін дәріптеп, соңында Абылай ханның күші батырмен, елмен бірлікте екенін ескертіп, батыр өлімін елге естіртіп, Бөгембай батырдың ержүрек, қайтпас қайсар бейнесін сомдайды.
Уа, Алатаудай Ақшадан, Асып тудың, Бөгембай, Болмашыдай анадан,
Болат тудың, Бөгембай! Қалақайлап дулатқан, Қалдамандап шулатқан, Қалмақты алдың,Бөгембай! Қүбыла көшкен байтақтың,
Ордасындай Бөгембай!
Темір жүмсап, от атқан, Қорғасындай Бөгембай!..
Баян Аула, Қызылтау, Айбралы, Шыңғыстау,
Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ Арасы толған көп қалмақ; Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың!
Ақ Шәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың, Қалмаққа ойран салдырдың; Қабанбай мен Бөгембай Арғын менен Найманға Қоныс қылып қалдырдың!
деп Үмбетей жырау батыр Бөгембайдың өліміне арналған жоқтау жырында оның қалмақтармен айқасуындағы ерліктерін жырлап, батырдың үлы түлғасын сомдап шығарады.
Қазақ хандығы дәуір әдебиеті жанрларының тарихын еске алсақ, алдымен бізге жанры толғау түрінде жеткен жырауларымыздың мүраларымен танысамыз. Солардың қатарында Үмбетей толғаулары дәстүрлі тақырыпта жырланған, мақалдап, мәтелдеп сөйлеген сөздерінен жырауды әділетті жақтаган, халық даналығын жанына пір түтқан үлы түлға екендігіне көзіміз жетеді. Мүны Үмбетей жыраудың "Бәкеге" арнаған толғау л<олдарынан байқаймыз. Бүл толғауды 1968 жылы қарт журналист Ғалымжан Мүқатовтан жазып алынған. Үмбетей жыраудың осы Бәкеге" толғауы Мүхтар Мағауиннің "Алдаспан” /1971/ жинағында айтылғандай, Үмбетей жыраумен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі откен бүзық, сойқанды тоғыз үлы болады. Бір жолы бүлар өздерімен ағайын көрші ауылға барымтаға шыгып, үйірге салып л<үрген бураларын әкеліп сойып алады. Енді екі атаның арасында үлкен дау басталады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғыз үлына ара түседі. Сонда Үмбетей осындай әділетсіздікті көріп, ақиқат түрғысында әшкерілеп, шындықтан туған шымыр толғауларын мынандай өнеғелі сөз үлгілерімен ореді.
Дін пүсырман баласы, Адамдықтан жерімес, Тіл пүсырман, қарашы, Арамдықтан шегінбес, Дәніккесін бүл шіркін, Адал бір дәм жегізбес! Жатқан жері даладай, Екі өркеші баладай, Жабуы жамшыдай,
Қүйрығы қамшыдай,
Бура сойған не сүмдық! Гоқымы кеппей топтанып, Ел тонауға аттанып, Жылқышысын дойырлап, Жылқыларын сойылдап, Көрші жүртты шулатып, Жаудай шапқан не сүмдық! Қарап жатқан лшланның,
Қүйрығын неғе басасың, Шағайын деп шапшыса, Шоршып неге қашасың?! Үл он беске келгенше, Қолға үстаған қобызын, Үл он бестен асқан соң, Тіл алмаса доңызың,- Не бетіңмен қорғайсың, Жауқашардың тоғызын?!
деп л<ақсы үл мен л<аман үлдың айырмашылдығын анықтап, елге жасаған әділетсіздік іс-әрекеттерін ашына лшрлайды.
Үмбетей лшраудың Бүхар жырау өмірін суреттейтін толғауы да тарихи деректерге толы, көркемдігі л<оғары, аса қүнды толғау болып табылады. Үмбетей мен Бүхар лшрау л<ақын дос былыпты. Үмбетей Бүхар лшрауды әлденеше рет қонақ етіп, өзінің ықыласын білдірген екен, соңында кезек Бүхар лшрауға да жетіпті. Алайда Бүхардың зайыбы қараулау адам болса керек. Үмбетей лшрау барғанда Бүхардың әйелі оң қабақ таныта қоймайды. Тіпті ауырған болып л<атып алады. Мүны аңғарған Үмбетей жырау аялдамай, Бүхардың үйінен шығып бара жатқанда Бүхарға қарап толғау шығарып, түйенің, биенің, адамның, л<аманның қандай болатындығын мысалдар арқылы нақты сөздермен келтіріп, түрмыс философиясын тартымды бейнелейді.
Үй сыртында ақра тау, Панасы л<оқ болса да,
Бүл шіркіннің несі тау. Кетеген болса түйең л<ау, Тебеген болса биең жау,
Үрысқақ болса үлың жау, Керіскек болса келін жау, Үйіңдегі үлың жаман болса, Есіктегі қүлмен тең, Қойныңдағы қатының
жаман болса,
Қаңтардағы мүзбен тең, Кей сорлының қатыны, Күндіз ауру, түнде сау,- Арқаңа артқан мүзбен тең!
деп Бүхар лшрауға арнаған толғауында үлдың л<ақсы, жаманы сын таразысына түседі. Ал әйелді от басының тірлігін, бірлігін тілеген бейнесін сомдап лшрлайды.
Үмбетей жырау толғауларының негізгі тақырыбы - ел қорғау, л<ер қорғау күресі, халықтың ынтымағы, береке-бірлігі болып лшрланады. Үмбетей жырау халық мүддесін лшрлаған жырау. Сондықтан, халық мүддесіне л<ат мінез- қүлықты, хан-сүлтанның бет-л<үзіне қарамай әшкерелеп айтатын әділ, адал, турашыл ақын болған.
Үмбетейді эпик жырау екендігін танытатын толғауларының бірі - "Бекболат биге" арнаган толғауы болып табылады. Әдетте, Үмбетей лшрау кесімді пікір айту үшін сол тақырыптың өзіне тура кіріспей, орағытып, түспалдап, көтеріңкі кіріспе л<асап алады.
Мен пайғамбардан бастасам,-
Бай болмаған бай болса,- Жайламаған сай қоймас, Би болмаған би болса,-
Қатынын мақтар қас жаман, Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
Бір бие бітпей бие болмас,
Бір түйе бітпей түйе болмас, Өз малын кізнеген,
Кісі малын іздеген,
Түбінде өз малына ие болмас!
Әңгімеге кетермін, Едігеден бастасам,- Ертегіге кетермін,-
Айтылмаған сөз қоймас, Хан болмаған хан болса,- Қанамаған ел қоймас.
Келтесінен қайырсам
Сөз түбіне жетермін, Енді сізге не дермін:
Баласын мақтар бас жаман,
деп шешендік сөздің салмағын арттырып, өресін биікке көтереді.
Үмбетей жырау - Сыпыра жыраудан, Асан Қағы, Қазтуған, Шалкиіз т.б. асыл сөз иелері үлы жыраулардан үлгі- өнеге алып, насихат сөздерінен, онегелі ойларынан ой түйіп, дәстүрлі жырау мүраларын ілгері апарушылардың бірі болды. XVIII ғасырларда өмір сүрген абыз жырау Үмбетей Тілеуүлы ұлы әскери жорықтарға қатысқан, батырлыгы да, ақындығы да, қатар жүрген үлы түлға. Толғауларының көбі толғау жанрын қүраған. Әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауиннің айтуынша: " Үмбетей жырау өз түсындағы даңқты ерлер жайлы тарихи поэмалар жасау ісіне белсене араласқан. Қазіргі бізде бар толғаулары шағын түрінде жеткен. Академик Қажым Жүмалиев Үмбетей жырауды Бүхар жыраудан кейін өмір сүрген деген нақты пікір айтады. "Шыгармалары оз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері: Бүхар, Үмбетей /XVIII ғасыр/, Дулат, Жанкісі, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты, т.б. /XIX ғасыр/ деп алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе де, олардың дүниетану, омірге көзқарастары әр басқа екендігін анықтауға болар еді. Өйткені, үлы әдебиет өкілдерінің бәрі бір таптың ақындары емес. Әр жырау мен ақын өмір қүбылысын өз ортасы арқылы, өзі өмір сүрген кезеңнің ерекшелігімен, өз табының көзқарасынан іздеп танымақ " - дейді, Қажым Жүмалиев.
Бақылау сұрақтары:
Үмбетей жырау толғауларының идеялық-коркемдік ерекшелігі.
Үмбетей өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін дидактикалық-философиялық сарында жырлаған жырау болғандығы.
Үмбетей жыраудың арнау толғауларының әлеуметтік мәні мен маңыздылығы.
Үмбетей жырау толғауларының көркемділігі мен халықтық сипаты.
Үмбетей жырау толғауларындағы басты тақырып пен тілдік, көркемділік ерекшеліктері.
Үмбетей жырау толғауларында Бөгембай батырдың өшпес батырлық бейнесінің сомдалуы.
Лекция тақырыбы. Бүқар жырау Қалқаманүлы.
Лекция жоспары:
1 .Бүқар жырау омірі жайында тарихи деректер.
Бүқар өз заманының данышпан ойшылы болуымен бірге, Абылайханның ақылгөй кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері.
Бүқар толғауларындағы Абылайхан бейнесінің сомдалуы. Бүқар жыраудың адамның жас ерекшеліғіне байланысты, өмір мен өлім туралы толғауларының мәні мен маңыздылығы.
Жыраудың "Тілек", "Ханға жауап айтпасам", "Он екі айда жас келер", "Көкшетаудан салдырған", "Кеше қара қалмақ бүлерде" т.б. толғауларында Үлы жыраудың ел бірлігін нығайтуға, тәуелсіздікті сақтап қалуға үндеуі.
Бүқар толғауларындағы сөз нақыштары мен теңеулер, метафоралар, түрақты сөз тіркестері.
Бүқар жырау мүрасының зерттелуі.
Лекция мақсаты:
XVIII ғасыр әдебиетінен озіндік орны бар Бүқар жырау Қалқаманүлының өмірі жайында тарихи және аңыздық деректерге зер салып, жаңа материялдармен толықтыру.Бүқар оз заманының данышпан ойшылы болуымен бірге, Абылайханның ақылгөй кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткер болудағы үлы түлғасына баға беру. Бүқар толғауларындағы Абылайхан бейнесінің сомдалуының өзіндік ерекшеліктері мен ханның үлы түлғасын жасаудағы Бүхардың жыраулық поэзияның дәстүр жалғастығын үтануындағы шеберліліғіне зер салу. Бүхар жыраудың адамның жас ерекшелігіне байланысты, өмір мен өлім туралы толғауларының мәні мен маңыздылығы. Жыраудың "Тілек", "Ханға жауап айтпасам", "Он екі айда жас келер", "Көкшетаудан салдырған", "Кеше қара қалмақ бүлерде" т.б. толғауларында Үлы жыраудың ел бірлігін нығайтуға, тәуелсіздікті сақтап қалуға үндеуі және өнегелі сөз өрнектері арқылы толғау жанрының көркемдігін арттыруына қосқан үлесіне тоқталу. Бүқар толғауларындағы соз нақыштары мен теңеулер, метафоралар, түрақты сөз тіркестерінің үтымды көрініс табуы жайлы пікір қалыптастыру мен толғауларының әлеуметтік-қоғамдық мән-мағынасына терең талдаулар жасау. Бүқар жырау Қалқаманүлының қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетте мүрасының зерттелуі мен толғауларының тақырыптық-мазмүндық, көркемдік- идеялық түрғыдан талдануына байланыты жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектерді негізге алу .
12 -ЛЕКЦИЯЛАР.
Лекция мазмұны:
XVIII ғасыр әдебиетінің және жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Бүқар жырау Қалқаманүлы 1668 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Далба тауының өңірінде дүниеге келген. Дегенмен, күні бүгінге дейін Бүхар жыраудың туған, өлген жылдары бір ізге түспей, "Қазақ хандыгы дәуіріндегі әдебиетті” зерттеуші ғалымдар әр қандай пікір-болжамды үсынып келеді. Әдебиет зерттеушісі Қажым Жүмалиев озінің қазақ әдебиеті тарихының екінші томында Бүхар жырау туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп деректер үсынады.
Ал, Ханғали Сүйіншәлиев пен Мүхтар Мағауин Бүхар жырауды Тәуке хан түсында өмір сүріп, Абылай ханнан кейін қайтыс болған деген түжырымына орай Бүхар жырауды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында дүние салған дейді. Бірақ нақты пікір - түжырымды Бүхар жырау өмірін түңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіп Көбейүлы Бүхар жырау 1668 жылы туылып, бір ғасырдан астам өмір сүріп, 1781 жыл шамасында Баянауылдың Далба тауының етегінде дүние салады дейді. Бүл деректегі мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға түстас келеді. Бүхар жырау өзінің үзақ өмірінде бірнеше ханды көріп, көптеген тарихи оқигаларды басынан өткізген. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму, қалыптасу кезеңдеріне, жыраулық поэзиядағы тарихи тақырыптардың көркемдік, жанрлық жағынан толығып дамуына 1723-1725 жылдардағы жоңғарлардың қазақ даласына шабул жасауы мен 1740-1742 жылдардағы мАқтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" апаты едәуір өзгерістер мен қазақ еліне серпіліс алып келді. Бүхар жырау "Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" апаты және одан кейінгі қилы-қилы замандарда тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтап қалуға елеулі еңбектері мен толғаулары арқылы айырықша күш салды. Бүхар жырау өз толғауларында тарихи көтерілістердің шешімін табатын аса ділгер көкейкесті мәселелерге жауап іздеп, қазақ елінің қамқоршы, ақылгөй жырауы бола білді. Бүхар жырау толғауларының өткір әлеуметтік мазмүнмен нәр алып отыруы халық өмірімен тығыз байланыста болуында және жырау өзі өмір сүрген заманның қилы кезеңін толғап отырумен ерекшеленеді. Қалмақ басқыншылығы түсында Бүхар жырау қазақ елінің басын біріктіріп, қолы қалың жауға тойтарыс беретін басшының қажеттілігін түсіне білді. Бүхар жырау Абылай ханға үлкен үміт артып, ханның ел басқарудағы саясаты мен жеңісті жорықтарын қолдады. Бүхар жырау толғауларында Абылай хан бейнесін жасауға елеулі үлес қосты. Осы орайда Бүхар жырау идеялық қайшылықтарға да үрынды, дегенмен, жырау толғаулары арқылы ел бірлігі мен халық болашағын ойлау мақсатынан табылып отырды.
Бүхар жырау толғауларынан бізге жеткен мүрасын насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болар еді. Алғашқы насихат толғауларында жырау адам санасын тәрбиелеу мақсатында өмірлік қүбылыс пен адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынастар туралы өзінің түйген дүниетанымдық ойларын үсынып отырды. Сол себепті Бүхар жырау толғауларының моральдық, этикалық сипаты басым болып келеді. Бүхар жыраудың арнау толғауларында Абылай ханның саясаты мен ел басқару ісіне өз інің дүниетанымдық ойларын айқын білдіріп отырған. Абылай хан халық басына төнғен ауыр кезең, қиын сәтте елдің басын біріктіріп, жауға үзілді-кесілді тойтарыс бере алатындай бір орталыққа бағынған күшті мемлекет қүруға талпынады. Сол себептен Бүхар жырау толғауларында Абылай ханның сол түстағы орасан зор еңбегін жоғары бағалай отырып, халық арманын ақтаған батыр-қолбасшының мақтан түтарлық әдеби бейнесін сомдау арқылы XVIII ғасырдағы қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік өмірінің нақты тарихи жағдаймен байланыстырып, суреттейді. Бүхар жырау Абылай ханның іс-әрекеттерін асыра мақтап, ханның асқақ бейнесін халыққа "Қайғысыз үйқы үйықтатқан ханым - айм толғаулары арқылы танытады. Тағы бір айта кетер ой: Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов өзінің ” XVIII ғасыр батырлары жайында тарихи әңгімелер” деген мақаласында Бүхар жырауға қатысты біраз мәліметтер береді. Соның бірі - жыраудың Абылай хан алдында айтылған екі толғауы. Шоқан Уәлиханов бүл толғаулардың жолма-жол тәржі-мәсін жасаған. Жыраулық поэзия өкілдерінің шығармаларын зерттеу ісімен айналысқан Шоқан Уәлиханов Бүхар жыраудың мБүхар жыраудың Абылайға айтқаны" деп аталатын өлеңдерін қағаз бетіне түсіріп, кітабында келтірген. Енді біз Шоқан Уәлиханов кітабында келтірген Бүхар жыраудың Абылай хан қайтыс болғандағы толғауларынан үзінді үсынамыз:
Қайғысыз үйқы үйықтатқан ханым - ай, Үш жүзден кісі қүрбан қылсам,
Қайырусыз жылқы бақтырған ханым - ай, Сонда қалар ма екен қайдан жаның - ай!
Қалыңсыз қатын қүштырған ханым - ай,
деп зар айқан Бүхар жырау әміршісі Абылай ханның дүниеден өткен соң оның басында отырып жас төгеді. Жырау осы толғауында Абылай ханның көзі тірісінде елі үшін атқарған істерін мадақтап, ханның ерлігін, сатанатын, әділ басшы болғандығын еске алады. Бүл толғауда Абылай ханның сол кездегі бүкіл жүрт үмытпастай тарихи еңбегін сыйғызып, нақты деректер арқылы хан бейнесін суреттеп берген. Сондай - ақ бүл толғаудан Бүхар жыраудың тапқырлығы мен шешендіғін, өнегелі сөзге шеберлігін де анық көреміз.
Мүнымен бірге Бүхар жыраудың "Әй, Абылай, сен он бір жасыңда" толғауында
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда, Әшейін - ақ үл едің.
Онбір жасқа келгенде,
Арқада Әбілмәмбет төренің, Түйесін баққан қүл едің.
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің,
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс Қарабайдың қолында, Түнде туған үл едің.
Жиырма беске келгенде, Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа,
Отыз жасқа келгенде, Дүниеге кең едің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтын тонның жеңі едің, Қырық беске келгенде, Жақсы - жаман демедің, Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының,
Атының басын бір кезеңге тіредің...
Тоқсан бес деген тор екен, Дәйім жаның қор екен,
Қарғиын десең екі ор екен, Найза бойы жар екен. Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен.
Ел қонбайтын шөл екен. Келмейтүғын неме екен. Өлмегенде не қалар?!
Бізге жеткен Бүхар жыраудың "Тілек" атты насихат толғауында лшрау өз дәуіріндегі адамдардың ой-тілегі мен мүрат-армандарын тізіп, жинақтап айтуға мән береді.
Бүхар жырау үсынған тілектер тізбеғінің екеуі ислам дінінің коне қағидаларын мойындап, атқару міндетіне арналса, енді бір тобы ел басқару тәртібі мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты айқын пайымдауға қүрылғанын көреміз. Жыраудың қалған жеті тілеғі от басы, ошақ қасы амандығынан бастап, ел іргесінің бүтіндігі мен тыныштық, бейбіт өмірді армандау мақсаттарымен үштасады. Бүхар жырау аяулы ана мен қамқор атаның, сүйікті асыл жардың жарастық өмірі шаңырақ иесі - ер жігітпен бірге болуы тиіс деп, жеке отбасының ырыс-бақыты бүкіл ел бірлігімен, халық болашағымен тығыз байланысты деген маңызды әлеуметтік ой қортынды жасайды.
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шүғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз, Үшкілсіз көйлек кимеске. Төртінші тілек тілеңіз, Төсек тартып жатпасқа. Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз, Біреуі қаза болмасқа. Алтыншы тілек тілеңіз, Алпыс басты ақ орда, Ардақтаған аяулың,
Күнінде біреуге,
Тегіннен тегін олжа болмасқа. Жетінші тілек тілеңіз, Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып түрмасқа. Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шар тарап, Жертүлданып түрмасқа. Тоғызыншы тілек тілеңіз, Төреңіз тақтан таймасқа. Тоқсандағы қарт бабаң,
Топқа жаяу бармасқа. Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған, Бүлтты күнде толғанған, Тар қүрсағын кеңіткен,
Тас емшеғін жібіткен,
Анаң бір аңырып қалмасқа. Он бірінші тілек тілеңіз,
Он бармағы қыналы, Омырауы жүпарлы,
Исі жүпар аңқыған,
Даусы қудай саңқыған, Назыменен күйдірген, Қүлқыменен сүйдірген, Ардақтап жүрген бикешің, Жылай да жесір қалмасқа.
деп келетін Бүхар жыраудың он бір тілектен түратын толғауы бір жағынан өзінің өмірге деген көзқарасы мен нақты идеясын да танытады және Бүхар жырау осы аталған толғауында өзінің бар күрделі әлеуметтік ойларының даралығын көрсеткен. Дегенмен, Бүхар лшрау Абылай ханның барлық іс-әрекетін, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қостай бермеген. Қазақ елі үшін үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі келелі кеңеске көнбеген түста Бүхар жырау Абылай ханды аяусыз сынап. Ащы шындықты бетке айтып отырған. Бүл түста біз Бүхар жыраудың көрші орыс елімен соғысуды ойлаған Абылай ханға тоқтау айтып, болашағы зор елмен, тату-дос болуға шақырғандығын толғауларынан көреміз.
"Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетте" Бүхар жыраудың болжау толғауларынан "Ханға жауап айтпасам", "Он екі айда жаз келер", "Абылай ханның қасында" т.б. толғауларында заман, дәуір, болашақ туралы қортынды ой- пікірлерін айқын аңғарамыз.
Бүхар жыраудың "Ханға жауап айтпасам" атты болжау толғауын халық тағдыры мен елдің болашағын жырлаған әлеуметтік - қоғамдық мәнімен де, айтар ойдың нақтылығы, дүниетанымдық көзқарасытың табиғи бірлігімен де, сипаттаудағы көркемдік-бейнелеу, шеберлік тәсілдерімен де басқа толғауларынан жеке - дара түрге ие болган деп айта аламыз.
Ханға жауап айтпасам, Ханның көңілі қайтады, Қандыра жауап бермесем, Халқым не деп айтады? Хан Абылай, Абылай, Қайғылв мүндай хабарды, Сүрамасаң не етеді? Сүраған соң айтпасам, Кісілігім кетеді,- Енді айтайын тыңдасаң, Маған қаһан қылмасаң,
Қарағай судан қашып, Шөлге біткен бір дарақ, Шортан суга шыдамсыз, Балықтан шыққан бір қарақ, Ойлама шортан үшпас деп, Қарағайға шықпас деп, Күнбатыстан бір дүшпан, Ақыра шығар сол түстан.
Өзі сары, көзі көк, Бастығыңның аты поп.
Күншығысқа қарайды, Шашын алмай тарайды, Қүдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ... Қағазға жазар малыңды, Есепке салар барыңды, Еліңді алар қолыңнан, Әскер қылар үлыңнан... Бүл айтқан сөз, Абылай, Болмай қалмас артыңнан, Естісең мына қартыңнан...
деген голғауында Бүхар лшраудың өзі өмір сүрген заман келбеті, тарихи оқиғалар, көрші мемлекеттердің жеріміз бен елімізғе көз тіккендігі бар шындықпен дәл түсіндірілген.
Бүхар жырау толғауларындағы өзекті мәселелердің ең маңыздысы - елдің бірлігі. "Бірлік болмай, тірлік болмас" дегендей, Бүхар жырау халықты ынтымаққа, бірауыздылыққа, елді жаудан қорғауға шақырады. Қазақ руларының бір- бірімен тату түруларын, өзара үрыс-керіс елді жақсылыққа алып келмейтіндігін толғауларында насихаттайды. Абылай ханның қасында, Бүхарекең жырлайды. Жырлағанда не дейді, Соғыспа деп жырлайды. Бүхарекең деген кәріңіз.
Соғыссаң кетер сәніңіз. Біден де бүрын өтіпті, Әзіреті Әліңіз.
Мынау жалған дүние, Өтпей қалмас демеңіз... Өлетүғын тай үшін,
Қалатүғын сай үшін, Қылмаңдар жанжал-ерегес. Бүл қылықты қоймасаң, Қүдайдың бергеніне тоймасаң, Коресің жаудан теперіш.
деп, мал - жан үшін, қоныс қыстау үшін өзара үрысып, ренжісіп, бостан - босқа қырқыстың неге соғатынын өнегелі сөз үлгілері негізінде шындық түрғысынан айқын айтады.
Бүхар жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге үшырыпотыратындығын толғауларында айқын суреттеп жеткізеді. Мүндай озгерістер тек түрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта, табиғатта да болатындығын "Айналасын жер түтқан" толғауында дүниетанымдық козқарасы негізінде айқындап өтеді. ,
Айналасын жер түтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас, Кол суалмас демеңіз. Қүрсағы қүшақ байлардан, Дәулет таймас демеңіз, Жарлыны жарлы демеңіз, Жарлы байға теңгеліп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Жалгызды жалғыз демеңіз, Жалғыз көпке теңеліп,
Бір жапанда соғысып, Кегін алмас демеңіз. Қүландар ойнар қу тақыр, Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес қүба жон, Қүлан жортпас демеңіз. Қүрсағы жуан боз бие, Қүлын салмас демеңіз. Қулық туған қүлаша, Қүрсақтанбас демеңіз. Қу таяқты кедейге, Дәулет бітпес демеңіз.
Осы "Айналасын жер түтқан" толғаудың өзінен Бүхар жыраудың омірге, өзін қоршаған ортаға деген дүниетанымдық - философиялық көзқарасы айқын аңғарылады. Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындаған. Бүхар жырау қарапайы тілмен ғана емес, белгілі бір табиғат қүбылысының нақты көрінісімендүрысқортындылай отырып, адам санасындағы объективтік шындық дүниені толғаулары арқылы бейнелеп жеткізеді. Бүхардың жыраулық қуаты, оның азаматтығы қазақ тарихындағы үлкен іс атқарған ірі түлғаекендігін көрсетеді.
XVIII ғасырдағы қазақ елінің қамқоршы жырауы, Абылай ханның ақылшы жырауы, жыраулық поэзияда өзіндік ерекше орны бар Бүхар жырау Қалқаманүлы 1781 жылы қазіргі павлодар облысы, Баянауыл ауданының Далба тауының етегінде дүниеден озады. Соңында өшпеш мүра қалдырған Бүхар жырау Аьбылай ханның үлы түлғасын қазақ еліне танытып, ханның елі үшін атқарған елеулі еңбектеріне шындық түрғысынан әділ бағасын толғаулары арқылы жеткізді.
Бақылау сұрақтары:
Шоқан Уәлихановтың Бүхар жырау туралы пікірі.
Бүқар өз заманының данышпан ойшылы болуымен бірғе, Абылайханның ақылгөй кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері.
Бүхар жырау толғауларының тақырыптық ерекшелігі, маңыздылығы мен мәні.
Бүхар жыраудың толғауларында Үлы жыраудың ел бірлігін нығайтуға, тәуелсіздікті сақтап қалуға үндеуі.
Бүқар толғауларындағы сөз нақыштары мен теңеулер, метафоралар, түрақты сөз тіркестері.
Бүқар жырау мүрасының зерттелуі.
Бүқар толғауларындағы Абылайхан бейнесінің сомдалуы.
Бүқар жыраудың адамның жас ерекшелігіне байланысты, өмір мен өлім туралы толғауларының мәні мен маңыздылығы.
13-ЛЕКЦИЯ.
Лекция тақырыбы. Көтеш ақын.
Лекция жоспары:
1 .Көтеш ақынның оміріне қатысты тарихи деректер.
Тарихи тақырып пен ерлік идеясын, түрмыс, кедейлік мәселелерін жыр еткен ақын олеңдерінің әлеуметтік мәні мен маңыздылығы.
Ақынның Жоңғар басқыншыларына қарсы күресті, ел қайғысын толғаған жырларының көркемділігі мен маңыздылығы.
Ақынның "Абылай, Ботақанды сен өлтірдің", "Күркелінің бауыры күнде дауыл" т.б. толғауларының идеялық мәні мен маңыздылығы, көркемділігі.
Котеш ақын мүрасының зерттеушілер еңбектері.
Лекция мақсаты:
XVIII ғасырда омір сүрген Котеш ақын Райымбекүлының /1745-1818/ Көтеш оміріне қатысты тарихи деректерді саралау. Ақын толғауларындағы негізгі сарын - кедейлік тақсіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық сарынына зер салу. Ақын толғауларының көркемдік құндылығының жоғары, идеясының терең және шығармаларының мазмұнды болып келуінің өзіндік ерекшеліктерін даралап көрсету. Көтеш ақын Райымбекұлының "Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, Кұркелінің бауыры кұнде дауыл", Сексен ерікке қоймады - ау, қажыратып", Қартайғанда қатының дұшпан болады", "Кәрілік, жылы - жұмсақ ас жарай ма", "Алдымнан алты пүшақ анталады" толғауларымен бірге "Қыз бен Көтеш", "Көтештің Кіпіне қызбен айтысы", "Көтештің Зағипамен айтысы" деген айтыстары мен толғауларында көшпелі халық өмірінің шындығы көрінісіне, екішіден бай - билерді келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап айқан толғауларының көркемділігі мен әдеби қүндылығы XVIII ғасырдағы жыраулық поэзияның тақырыптық-мазмүндық, жанрлық ерекшеліктері түрғысында талдауға алып, дәстүр жалғастығын арттыра түскендігіне зер салу және ақын мүрасының бірегей зерттеліп баспа бетін жарық көрген, жинаққа енген шығармаларының идеялық-мазмүнын ашу.Тарихи тақырып пен ерлік идеясын, түрмыс, кедейлік мәселелерін жыр еткен ақын өлеңдерінің әлеуметтік мәні мен маңыздылығын назарға алып, Жоңғар басқыншыларына қарсы күресті, ел қайгысын толғаған жырларының көркемділігіне талдау жасау. Ақынның "Абылай, Ботақанды сен олтірдің", "Күркелінің бауыры күнде дауыл" т.б. толгауларының идеялық мәнін ашып, маңыздылығы мен көркемділігін арттырған элеметтерді анықтау. Көтеш ақын мүрасының бүгінгі таңда зерттеушілер еңбектерінде жарияланып жатқан материялдарға көңіл бөліп, жинаққа енген толғауларына талдау жасау.
Лекция мазмұны:
Көтеш Райымбекұлы 1745 жылы қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданында дүниеге келеді. XVIII ғасырда өмір сүрген халық ақыны Көтеш Райымбекүлы он жеті жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты елге танылады. Ақын өлеңдерінің копшілігі шешендік, нақыл, жүмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп - жинаушылар Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мүқатов т.б. зерттеушілер өзеңбектінде Көтеш Райымбекұлының шығармаларын жаңа қырынан көрсете білді. Ақын шығармалары көркемдік қүндылығы жоғары, идеясы терең, мазмүнды болып келеді. Котеш Райымбекүлының "Абылай, Ботақанды сен өлтірдің", Күркелінің бауыры күнде дауыл", Сексен ерікке қоймады-ау, қажыратып", Қартайғанда қатының дүшпан болады", "Кәрілік, жылы - жүмсақ ас жарай ма", "Алдымнан алты пүшақ анталады" толғауларымен бірге "Қыз бен Көтеш", "Көтештің Кіпіне қызбен айтысы", "Көтештің Зағипамен айтысы" деген айтыстары мен толғауларында көшпелі халық өмірінің шындығы көрінеді. Ақын шығармаларынан өзі өмір сүрген кезеңдегі бай - билерді келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны анық сезіледі. Көтеш Райымбекүлының бірқатар өлеңдері мен айтыстары Ертедегі әдебиет нүсқалары" /1961/, "Алдаспан" /1971/, "Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы"/1985/ атты жинақтарда жарияланды.
Көтеш ақын Раымбекұлының бізге жеткен толғауларынан мына бір толгауының шығу тарихы мен танымдылығы көп әдебиетші ғалымдарға ой салды.
Көтеш Райымбекүлының "Абылай, Ботақанды сен олтірдің" толғауы Абылай мен Арғыннан тарайтын Мейрам руының арасындағы дауға байланысты Көтеш ақын Райымбекүлы сөзге көлденең кірісіп, осы екі шумақты толғауын айқан екен, - дейді Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы жазып алған деректерінде.
XVIII ғасырда өмір сүрген Көтеш ақын Райымбекұлы /1745-1818/ толгауларындағы негізгі сарын - кедейлік тақсіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық сарыны басым келеді. Ақынның толғауларының көркемдік қүндылығы жоғары, идеясы терең, мазмүнды болып келеді.
Күркелінің бауыры күнде дауыл, Көтеш қалды жүртында жалғыз ауыл. Ауырып жатқан көңілімді бір сүрамай, Шын Сексеннің баласы қара бауыр.
Бір жанымның қамы үшін жүрдім саяқ, Не қыламын бүл малды жаннан аяп. Ауырып жатқан күнімде бір қарылмай, Ет дегенде қалмапты тайлы - таяқ. Арғы атамды сүрасаң Сексен жүмле, Райымбек Сексеннен туған үл ма, Райымбекті сен де еш қоя алмайсың, Райымбек би болса, Рай қүл ма?!
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің?
Абылай, күйіп кетті салған қалаң, Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң? Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын - балаң!!!
Хан басың қарашыңмен даулы болып, Үстіне ақ орданың қол келтірдің.
Көтеш ақын Райымбекұлы айтыстары мен толғауларында көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екішіден бай - билерді келекелеп, астарлы сөзбен әлсуалап отырғаны айқын байқалады. Көтеш Райымбекұлының толғаулары мен айтыстарының көркемділігі мен әдеби қүндылығы XVIII ғасырдағы жыраулық поэзияның тақырыптық-мазмүндық, жанрлық ерекшеліктерін, дәстүр жалғастығын арттыра түсті.
XVIII ғасырдан бастап қазақ елінің төл ауыз әдебиетінің даму ерекшеліғі өзіндік түр, мазмүн, толғау жанры, жыр, өлең арқылы айқын үлттық сипатқа ие болды. Көтеш Райыбекүлы толғауларын дэуір шындығымен байланыстыра отырып, XVIII ғасырдағы қоғам, дэуір, өмір туралы терең толғанып, ел өмірінің саяси-элеуметтік жағдайын тарихи түрғыда қарастырып, XVIII ғасыр әдебиетінің көркемдік сипатын тереңдетіп, ғасыр үсынған тақырыптарды толғауларына негізгі нысана етті. Өмір, түрмыс суреттерін, адам қабілеттерінің мүмкіндіғін бар қырынан нанымды реалистік эдісте толғады. Көтеш Раймбекүлы XVIII ғасырдағы қазақ елінің өмір-түрмысын үлттық ерекшеліктерімізге сай суреттеп, ата- дәстүрге беріктік сипаттарды, XVIII ғасырдаға тән жыраулық поэзиядағы тақырыптарды, өз дэуірінің шындық суреттерімен кеңінен толғанды. Көтеш Райымбекүлы толғауларында Абылай хан түсындағы тарихи оқиғалар сырын, сипаттарын толғауларында кең тыныспен, шалқар шабытқа лайық бедерледі. XVIII ғасырдағы жыраулық поэзияға тэн сипаттарын,отбасындағы бірлік, татулық жайын, елдік-ерлік тақырыптарының түйінді мэселелерін, қазақ өміріндеғі тарихи оқиғалар қүбылыстарын, көркем тіл кестелері арқылы толғады. Көтеш Райымбекүлы толғауларында ел-жер мэселесін, ерлік-салт үлгілерін басты мүрат түтты. Абылай хан бейнесін оның саясатын, ел бірлігін, басқа да хан-сүлтан, бай мен жарлы өмірін,елдің түрмыс суреттерін жан-жақты жырлады. Адам өмірінің кезеңдері, дос-дүшпан айырмасы, ел- жер қадірі толғауларында көрініс тапты.
Қазақ хандығы кезеңінде жыраулар ханға, кеңесші болып, мемлекет істеріне араласып, әділеттік пен әділетсіздік, ізғілік иірімдері, қазақ елінің түрмыс-тіршілік көріністері және Көтеш ақын Раймбекұлы дүниетанымдық козқарастары арқылы философиялық-дидактикалық түйінді-толғамдар лсасап,, уақыт шындықтарының сырларын кеңінен бейнелейді.
Жыраулық поэзия XVIII ғасырдағы қазақ елінің ауыз әдебиетіндегі халық поэзиясы болып табылады. Біздің ғасырымызға ауызша жетіп, XVIII ғасырда қазақ халық поэзиясы өркен лсая бастады. Көне арналардан бөлініп, қазақ елінің дербес ауыз әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзияның туып, дамып, қалыптасуына байланысты көркемдік түрғыдан тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-коркемдік түрғыдан байи түсуіне, XVIII ғасырдағы лшраулық поэзия мен Көтеш ақын Райымбекүлының бай мүрасы еді. Көтеш Райымбекүлы XVIII ғасырдағы лшраулық поэзиядан нәр алып, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тақырыптарды игеру нәтилсесінде лсаңа мазмүн қалыптастырып, толғау л<анры арқылы кемелденді. Көтеш ақын Райымбекүлының толғау-өлеңдері XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының болашақтағы бағыт-бағдарын,идеялық түғыры мен көркемдік биігін айқындап берді. Жоңғар шапқыншылығы л<әне Ақтабан-шүбырынды, қырғын соғыстар мен лсеңісті лсорықтар, қазақ елінің саяси л<әне қоғамдық өміріне өзгерістер әкеліп, елеулі оқиғалардың барлығы жыраулар поэзиясында толық өзінің көркемдік шешімін тапты. XVIII ғасырдағы жыраулық поэзияның өкілі Көтеш ақын Райымбекұлы л<аңа ауыз әдебиетінің ізашарлары болумен бірге, көне мүраны жалғастырушы болды. Көтеш ақын Райымбекүлының шығармалары бүгінгі күнге дейін толық лсетпесе де, ақын есімі қазақ шеларелерінде, лшр-аңыздарында берік сақталған. Даңқты лшрауларымыздың бірі - Көтеш ақын Райымбекүлы лтйындағы аңыздар қазақ елінде көп сақталған.Көтеш ақын Райымбекүлы толғауларында нақыл сөздер арқылы, афористік, философиялық ойлар арқылы халқына XVIII ғасырдағы лшраулық поэзияның насихатшысы болды. Толғауларында ел өмірі л<айында, әлеуметтік жағдай түрғысында, ел іргесінің беріктігін арттыру қалсетін насихаттайды.
Көптеген толғау-лшрларын шығарушы, жырауларымыздың бірі - Көтеш ақын Раймбекүлы толғауларында табиғат аясындағы көшпенді халықтың болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы,ел қайғысы лсайында толғайды.
Жырау толғауларындағы суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін, өзіндік сипатын танытады. Арқа ойылдың қүба л<он түсер қақтар,
Су ішуге сол қақты қүлан л<ақтар,
Атадан алтау, л<етеу туғанменен,
Соның ішінде біреуі - ақ сүтін ақтар.
Ай қараңғы, күн бүлыт, түн демеңіз,
Біреу лсарлы, біреу бай, күндемеңіз,
Ата тілін алмаған арам үлды,
Аузы түкті кәпірден кем демеңіз.
Ай қараңғы, күн бүлыт түн демеңіз,
Біреу лсарлы, біреу бай, күндемеңіз,
Ата тілін сыйлаған адал үлды,
Хат оқыған молдадан кем демеңіз.
Балаңа үрса берме таз да болса,
Малыңды сол бағады аз да болса,
Жүмыскер есіктегі тыншы кетер,
Қожайын төрде отырған қазба болса.
Көтеш ақын Райымбекүлының толғаулары үлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем текстерге бай, әр рухтағы толғаулары төл ауыз әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері болып табылады.
Көтеш ақын Райымбекүлы XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясындағы коне дәстүрді қайта түлетіп, жаңа тақырып, тың мазмүнмен дамытты. XVIII ғасырда өмір сүрғен және әдеби мүралары күні бүгінге дейін әдебиетімізде ерекше орны бар Көтеш ақын Райымбекүлы поэзиясы өз заманының түтас бір шежіресін қүрастырып, жоңғар басқыншыларына қарсы күресті үйымдастырған, тарихи тақырып пен ерлік идеясын, қазақ елінің түрмыс, кедейлік мәселелерін толғауларында жыр етті. Көтеш ақын Райымбекүлының өміріндегі елеулі тарихи оқиғалар, қоғам, дәуір, өмірдің шындық бейнесі, халықтың әдет-ғүрып, салт- санасы толғау - өлеңдерінде бейнелі тілмен келісті көрініс тапқан. Көтеш ақын Райымбекүлының шығармалары арқылы XVIII ғасырдағы ауыз әдебиетіміз өрелі кезеңдерден отіп, әдебиетіміздеғі үлттық дәстүр дамыды. Түр, мазмүн, көркемдік әдістердегі жетістіктерімен XVIII ғасырдағы жыраулық поэзия сапалы биіктерге көтерілді.
Бақылау сұрақтары:
1 .Көтеш ақынның өміріне қатысты тарихи деректер.
Көтеш ақынның Жоңғар басқыншыларына қарсы күресті, ел қайғысын толғаған жырларының көркемділігі мен маңыздылығы.
Көтеш ақынның толғауларының идеялық мәні мен маңыздылығы, көркемділігі.
Котеш ақын мүрасының зерттеушілер еңбектері.
Көтеш ақын толғауларындағы ғибратты, тәлім-тәрбиелік ізгі ойлар.
Тарихи тақырып пен ерлік идеясын, түрмыс, кедейлік мәселелерін жыр еткен ақын өлеңдерінің әлеуметтік мәні мен маңыздылығы.
14,15-ЛЕКЦИЯЛАР
Лекция тақырыбы. Шал Қүлекеүлы.
Лекция жоспары:
1 .Шал ақын өміріне қатысты тарихи деректер.
Шал ақын өлеңдерінің тақырыбы - жақсылық пен жамандық, рахым мен зүлымдық, жастық пен кәрілік, адамгершілік мораль мәселесінде толғануы.
Шал ақын адам өмірін, өмірдің мәнін, фәни мен бақиды, дін мәселелерінде жырлаған ақын.
Шал ақынның ”Жігіт туралы", иәйел туралы", "кедейлік туралы", "Саясы жоқ бәйтерек" және айтыстарынан ”Шал мен Дегдар қыздың айтысы" жыраулар поэзиясына тыңнан қосылған мүра болуы.
Шал ақын шығармаларының тақырып, мазмүн, жанр, стиль бірлігі және кейінгі әдебиетке әсері, зерттелуі.
Лекция мақсаты:
Шал ақын /Тілеуүлы/ Қүлекеүлы оміріне қатысты тарихи деректерді зерттеуші ғалымдардың пікір - түжырымдарымен айқындап, нақтылау. Шал ақын өлеңдеріндегі жақсылық пен жамандық, рахым мен зүлымдық, жастық пен кәрілік, адамгершілік мораль мәселесіне байланыты толғаған шыгармаларының тақырып, мазмүн, жанр, стиль бірліғі түрғысынан зерттелуіне зер салу. Шал ақын шығамаларындағы жаңашылдық пен кейінғі әдебиетке тигізғен әсерін анықтау және шыгармаларына талдау лсасау арқылы жыраулық поэзияның дәстүр жалғастығымен үндестігіне тоқталу. Шал ақын адам өмірін, өмірдің мәнін, фәни мен бақиды, дін мәселелерінде жырлаған толғауларының әлеуметтік мәнін ашып, мазмүндық, тақырыптық - идеялық ерекшелігіне тоқталу. Шал ақынның "Жігіт туралы", иӘйел туралы", "Кедейлік туралы", "Саясы жоқ бәйтерек" т.б. толғауларының көркемділігі мен тақырыптық, идеялық ерекшелігі мен осиет-ғибрат сөздерінің маңыздылығы мен мәніне тоқталу. Ақынның "Шал мен Дегдар қыздың айтыстарының көркемділігі мен идеялық - мазмүндық ерекшелігіне тоқталып, өнегелі сөз үлгілерінің мәні мен маңыздылығына талдау жасау. Шал ақын шығармаларының қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетте зерттеліп, ғалымдар еңбектерінде талдауға алынған мүраларының коркемдік - идеялық, тақырыптық - мазмүндық ерекшеліктеріне мән беріп, толғауларын ақын өмір сүрген гасырдың қоғамдық - әлеуметтік жағдайына сай талдауға алу.
Лекция мазмұны:
Шал ақын /Тілеуке/ Қүлекеүлы 1748 жылы қазіргі КӨКШЕТАУ облысының территориясында орналасқан Азат теміржол станциясының маңында дүниеге келеді, - деп жазады белгілі ғалым Мүхтар Мағауин өзінің "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет" еңбегінде және 1819 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданына қарасты Аютас деген тобеде жерленген деп атап көрсетеді. Шал ақын жайындағы алғашқы деректерге жүгінсек, Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов: "Шал ақынды оз бабасы Абылай ханның замандасы болған және XV-Х\7Ш ғасырлар әдебиетіндегі корнекті үлы түлға " - деп
жазады. Зерттеуші Ғалым Малдыбаев 1958 жылғы мақаласында қариялардың айтуы бойынша, ақынның қай жылдары өмір сүргенін анықтайды және 15 жасынан бастап - ақ өлеңмен әуестене бастағанын ескертеді.
Ғалым Малдыбаевтың пікірінше, Шал ақын 1760-1831 жылдары өмір сүрген. Кейінгі зертеу еңбектерде осы мерзім қайталанып келеді. 1968 жылы шыққан "Қобыз сарыны" атты монографиясында Мүхтар Мағауин Шал ақынның айналасын, туған жылын, 12 жылға кері шегеріп, өмір сүрген мерзімін 1748-1819 жылдар деп есептейді. Негізінен зерттеуші - ғалым Мүхтар Мағауин Шал ақынның өміріне қатысты деректерді Шоқан Уәлихановтың пікіріне сүйеніп айтады. XVIII ғасырдағы жыраулық поэзияның көркемдік дәрежесін арттырған үлы түлға - Шал ақын Қүлекеүлы бізге жеткен мүрасы толғау, өлең, айтыстарының тақырып жағы біршама бай . Шал ақынның толғаулары мен өлеңдері - дін, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік жайлы философиялық, дидактикалық үлгіде жеткен. Ақынның түрмыстық олеңдері мен арнау жырлары да баспа бетінде жарық көріп, жинақтарға енген. Шал ақын Қүлекеүлы жыраулық поэзияға жаңа серпіліс пен жаңа сарындағы шығармалары арқылы XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясын көне дәстүрін қайта түлетіп, жаңа тақырыптармен терең мазмүнды дүниетанымдық ойларымен дамытты. Шал ақынның Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің", "Пасыл да пасыл, пасылман", "Аргымақ ат кім де жоқ", "Саясы жоқ бәйтерек", Қүдая, қүдіретіңнен сақтағайсың", Қүдай артық жаратқан Сары, Баянды", Түседі олең десе қайғы - шерім", Қыздар туралы", "Күлен шешенғе", Тотының батасы", "Қыз бен Шал", "Әкесі Қүлеке өлгенде айтқаны", "Шал мен Дегдар қыз","Жігіт туралы", "Әйел туралы", "Кедейлік туралы", "Баспайға", "Екі келін", "Қүлетейге", "Шал мен Күлімжан қыз", Жігіт пен Шал", "Шал мен кемпірі", "Қыз сыны" т.б. толғау, өлең, айтыстары XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің көркемділігін арттырып, тақырып ауқымын кеңейте түсті. Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мүрасы тақырыптық-идеялық және мазмүндық жагынан артта түскен. Атап айтқанда, байлық пен кедейлік, о дүние мен бү дүние жайы сөз етілетін философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, көшпенділердің күнделікті өміріне, шаруасына қатысты түрмыстық олеңдер, жеке адамдарға арналған эпиграммалар, арнау жырлар мен әр түрлі жагдайда туған өлең, толғаулар. Ақынның жан-жақтылығы, өмірге жақындығы, елгезектігі, жыраулар поэзиясында қамтылған жаңа тақырыптарға баруы Шал ақын шығармаларының қазақ қауымының барлық саласына кеңінен тарауына ғана себеп болған жоқ, қазақ поэзиясының орісін кеңейтті. Қазақ топырағында жаңа реалистік дәстүрдің өркен жаюына алғы шарттар жасады. Шал ақын шығармалары негізінде қазақ халқының өзіндік үні, бояу- нақышы, айқын үлттық сипаты бар төл әдебиетіміз қалыптасты. Шал ақын негізінен поэзия жанрында ел оміріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып, өз заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырды. Үнемі халық жағынан табылып, елдің бүгіні ғана емес, болашағы үшін, үрпақ үшін де мәңғі идеялардың үраншысы қызметін атқарды.
Шал ақын шығармаларының кобі тірлікпен, айналамен қоян-қолтықараласып, астарласып кеткеннің нәтижесінде туған. Шығармаларында Шал ақын адамөмірінің поэтикалық суретін жасады. Шал ақын шығармаларында өз дәуінің суеті айқын корініс тапқан. Ауқаттылар, кедейлер арасындағы қарама- қайшылықты, би, қазылардың, сүлтандардың әділетсіздіғін ақын ашынып ортаға салады. Шал ақын шығармаларындағы сөздер мірдің оғындай көздеген жерінетиіп, оз нысанасын алып жатады. Шығармаларының кейбір шумақтары мақал-мәтелге, афористік үғымдарға жақын. Бүл өлеңдерінің шағындығында емес.шымырлықтан, шарт ойлардың бас қосып, өзара үйлесуінен болса керек.Шал ақын шығармаларынан тағылым алатын өнегелі сөздер көп.
Жігіттер, сақтаныңыз жаман достан.
Досыңның жаманынан артық дүспан.
Белгілі жаудан адам сақтанады,
Тиеді достың оғы қапылыстан, - деп Шал ақын өмір тәжірибесін басынан мол өткізгендігін, маңдайға тиген таяқтың аз еместігін, мысалды аспаннан емес, адамнан алып түрғандығын көреміз. Адамдардың адамгершілік қасиеттерін жақсартып, толықтырып отырса, бірін-бірі сыйлап өтсе, ізгілікті жинап өтсе деген ойлар Шал ақынның шығармаларына арқау болды. Шал ақынхалық өмірін жырлай отырып, от басын айтып, азаматқа ортақ ой тастайды. Нақыл, насихат түрінде келетін өнегелі жырлары парасатты адамгершілікті жырлайды. Шеберлікпен көрініс тапқан өлең шумақтары, айтыстарындағы зерделі создер Шал ақынның толысқан талант иесі екендігін көрсетеді. Саясы жоқ бәйтерек,
Саздауға біткен талмен тең.
Жақсы агаңыз бар болса,
Алдыңда сары белмен тең.
Ағайының көп болса,
Үрлық бір шеру қолмен тең.
Ақылсызға бір сөз айтсаң,
Алды бір түйық жармен тең.
Молдадан сабақ алсаңыз,
Алуан шекер балмен тең.
Семіз бір жемқор малмен тең.
Жаманнан көрген қорлығың,
Көкірекке біткен шермен тең.
Бір қалған соң көңілің,
Қаңтарда қатқан мүзбен тең.
XVIII ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі Шал ақын өз өмірінен түйгенін, көргенін зергерлі сөз үлгісінде халыққа нақыл айуымен жеткізіп отырған. Өз заманының қоғамдық - әлеуметтік өзгерістері мен жітістіктеріне дүниетанымдық козқарасын танытып толғау, өлеңдері арқылы танытып, жігіт жайындағы фәлсафалық терең ойларын үтымды үйқастар мен аз сөзге көп мағына сыйғызған мына өлеңінен айқын көреміз.
Бір жіғіт бар - қүр жан.
Бір жігіт бар - тірі жан.
Бір жігіт бар - жігіт жан.
Қүр жан дейтін жігіт - Кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді.;
Тірі жан дейтін -
Бар тапқанын киім мен асқа сатар.
Жақын көрген досын жатқа сатар.
Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар,
Жігіт жан дейтін жігіт - сегіз қырлы, бір сырлы болар.
ғасыр әдебиетінде өз қүндылығын жоймаған, осы кезғе дейін өңін жоғалпаған Шал ақынның фәлсафалық түжырымдары мен үтымды үйқастар мен тапқыр теңеулер арқылы өнегелі сөз үлгісінде ой айтады.
Ай нүрланар аспанда толған сайын,
Пенделер үміт етер болған сайын.
Ашу - пышақ болғанда, ақыл - таяқ,
Сол таяқ кемімей ме жонған сайын.
- деп Шал ақын мәнерлі, әсерлі шумақтан ғибрат терең ой түйеді. Кәрінің өлімін соққан дауылдың тынғанына теңесе, жастың өлімі сынған бәйтерекпен бірдей дейді. Кісі мінезіндегі олқы жайларды жіті байқап, ой тереңділігімен жеткізеді. Өлеңдерінде өмір тәжірибесін оймақтай созбен тізеді, сабырсыздықтан, санасыздықтан сақтандырады.
Шығармаларының неден басталғанын бірден байқап, оның соңы немен аяқталатынын жазбай танисыз. Өлеңдерінің бір жолында мінез, кескін-келбеттүтас көрініс береді. Ақын олеңдерінде өмірді ақылдың көзімен коріп, онегелі соз үлгісі негізінде айқын суреттейді. Шал ақынның шығармаларын зерделей келсек, ақын ақ пен қараның бітіспес күресінің арасында жүріп, шығармашылық нысанасынан ауытқымаған. Ақын өзі сезіп білғенін, көргенін, түйгенін толғау. өлеңдері арқылы халыққа жеткізір отырды. Шығармаларының кейбір шумақтары шешендік сөздердің жүйесіне жақындап, енді бір қатарлары ақ өлкңмен айтылғандай әсер қалдырады. Шал ақын бір зат, қүбылыс туралы дәл, анық өз ойын айта білген. Ақын ның зергелі сөздері жердің салмақты түсынан ойып алған кен іспеттес.
Жігіттің өзім білем дегені,- Басына салған ойраны.
Ісін көпке бергені,- Тастан соққан қорғаны.
Өсек басты болады.
Қыздың жасқа толғаны,
Жан шошырлық жаман іс,- Ағайын ала болғаны.
Шал ақын шығармаларын діни жағынан алғанда, мүсылмандықты, тазалықты, адамгершілікті көтере жырлау үшін мынандай өлең жолдарын үстанады.
Мекке үлкен, Медине одан кіші,
Иман таба алар ма барған кісі?
Ата - ананы, мейманды қүрметтесең,
Мекеңнен де нүрлы ғой үйдің іші.
деп Шал ақын дін туралы сөзінде шындық бой көрсетеді және дін жайындағы дүниетанымдық ойларын осындай қысқа түжырыммен түйіндейді.
Шал ақын шабыттың шалқарын фольклордан алып отырғанын шығармаларынан анық аңғаруға болады. Ауыз әдебиетінің дәстүрі болмаса, Шал ақын шығармашылығында өнегелі сөз өрнектері көрініс таппаған болар еді. Өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік жағдайын тілге тиек еткен Шал ақын дін, тіл, қыз бен жігіт жайында және әйел туралы дүниетанымдық ойларын өлеңдерінде көркем сөзбен кестелей білді.Шал ақынның он бір буыннан келетін өлеңдерін мазмүн жағынан алып қарасақ, Шал ақын поэзиясы тарихи - типологиялық жалпылықты көрсетеді.
Шал ақын алдын - ала болжағандай, жүмыр жер үстіндегі Иқисынсыз күйлерді" күні бүрын білгендей сөйлейді. Шал ақын шығармашылығының коркемділігінен, идеялық ерекшелігінен, өнегелі соз үлгілерінен өлеңдерінің өз характерін, ақынның неге күйінетінін, неге сүйінетінін қолға үстатқандай анық көруге болар еді. Шоқан Уәлихановтың деректері бойынша қазіргі қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетте Шал ақынның 1000 жолдан түратын толғау - өлеңдері қарастырылып келеді және әдебиет зерттеушісі Мүхтар Мағауин да Шоқанның пікірін үстанып оқулық-хрестоматияда Шал ақынның 1000 жолдан түратын шығармаларын "Алдаспан" 1971, "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет" 1993, "Ай, заман - ай, заман - ай" хрестоматия кітаптарында жариялап келеді.
Бақылау сұрақтары:
Шал ақын шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері.
Шал ақынның адамның жастығы, кәрілігі, әйелдерге арнаған өлеңдерінің ой тереңділігі.
Шалақын шығармаларының жанрлық түрлері мен көркемдік ерекшеліктері.
Шал ақын шығармаларының тақырып, мазмүн, жанр, стиль бірлігі және кейінгі әдебиетке әсері, зерттелуі.
Шал ақын шығармаларының тілдік ерекшелігі мен үлттық сипаты.
Шал ақын толғауларының тарихи-әлеуметтік маңызы, құндылығы, идеялық көркемділігі.
Шал ақын Қүлекеүлы шығармашылығына қазіргі көзқарас және Шал ақын мүрасын зерттеушілер еңбектерінің маңыздылыгы.