Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ханд.СҚӘ до.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.76 Кб
Скачать

2. Аннотация

1.Пән туралы қысқаша мәлімет.

«Хандық дәуір әдебиеті» пәні - Қазақ әдебиетінің тарихында ерекше орны бар, өзіндік ерекшелігімен дараланатын курс. Қазақ ұлты өзге түрік халықтарынан бөлініп, ұлт ретінде дараланып даму кезеңінде, яғни ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар аралығындағы әдебиет нұсқалары осы курста қастылады. Аты аңыз болып жеткен аңыз-жыраулар: Кетбұға, Сыпыра, Ұлық Түрік, Қотан есімдеріне байланысты аңыздар мен солардан жеткен толғаулар да біраз сыр шертеді. Өз толғаулары өздерінің авторлығын сақтап жеткен жыраулар: Қазтуған, Доспамбет, Асан, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Бұхар, Үмбетей, Ақтамберді жыраулар және Шал, Көтеш ақын шығармашылықтары әр ғасырдың келбетінен сыр шертеді. Өз тұстарындағы ірі оқиғалар мен ірі тарихи тұлғалар туралы мәлімет беріледі. Ұлттық көркемдік ойлаудың жыраулық поэзиясы деп аталатын түрін зерттей үйретеді. Толғаулардың терең мағынасын беретін образдық суреттеулер, түрлі көркемдегіш құралдар сырларына да қанығады. Тіл арқылы жеткен бабалардың ой армандарынан мәлімет беріледі.

2.Оқытушы туралы қысқаша мәліметтер:

Жанымгүл Камалқызы

1975 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтуның (Қазіргі Алматы Мемлкеттік педагогикалық ұлттық университеті) Филология факультетін бітірген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі деген біліктілік алған.

1999 жылы «Ақылбек Сабалұлының әдеби мұрасы» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғап, Ф.Ғ.К. атағын алды.

2010 жылы ҚР ЖАК шешімімен Әдебиеттану ғылымының доценті ғылыми атағын алды. 2005жылы «Шетел әдебиетінің тарихы» пәні бойынша ежелгі дәуір кезеңінен және «Шекспир шығармаларындағы драматизм көріністері» деген атпен екі оқу құралын шығарған. және 2009 жылы «Шетел әдебиетінің тарихы» қайта басылып шықты.

Қазақ әдебиетінің тарихына байланысты елуге жуық мақалалардың авторы.

3. Курстық оқудың әдістемелік нұсқауы

Қазақ атымен аталған мемлекет тұсындағы, яғни Қазақ хандығы (1456-1822 жылдар аралығындағы) кезеңіндегі ұлтымыздың әдебиеті алдыңғы Ежелгі және орта ғасырлардағы жазбы әдеби дәстүрден, көшпенді мәдениетке ауысқан қоғамның сұранысына лайық импровизатор (суырыпсалмалық) дарындардың туындыларынан тұрады. Бұл тұстағы туындыгерлер жырау деп аталады. Жырау тұлғасы туралы Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Х.Сүйіншәлиев, Б.Әбілқасымов, М.Мағауин кітаптарында берілген анықтамалар, түсіндірмелер берілген. Жырау бұдан бұрынғы дәуір әдебиетінде оқыған Қорқыт ата бейнесіне өте жақын. Ел басқару ісіне араласқан, билік иелеріне ақыл, кеңес айтады, көпшілік қиналып, жол таппай тұрғанда жол көрсетеді, даулы мәселелер кезінде билік айтып дау шешеді, өз ойларын ұйқасқа құрылған ерекше көркем сөздермен жеткізеді. Олар жеке басының мәселесін, өмірдегі жай құбылыстарды сөз етпейді. Тек қиын мәселенің шешімін сөйлейді. Сондықтан олардың шығармаларын «толғау» деп атайды. Жыраулар туралы жазба деректер аз сақталған. Олардың өмірбаяндық мәліметтерін өз толғауларынан, әр кезеңде жазылып қалған жинаушылар мен ғалымдардың еңбектерінен табуға болады. Курсты оқу барысында студенттер өз бетінше орындайтын тапысрмалар арқылы білімін жетілдіреді. Жырау туралы мәліметтерді түрлі кітаптардан алуға тура келеді. Тапсырма солай беріледі. Мысалы, Асан Сәбитұлы туралы: Құрбанғали Халитов 1910 ж. Қазаннан шыққан «Тауарих хамса» кітабы туралы зерттеуінде Асан қайғы туралы екі түрлі дерек келтіреді: Бірі, « Асан қайғы асылы ноғай емеш, Шыңғыс ханның мұғасары ұлан Майқы бидің алтыншы небересі дейділер». Екіншісі найман Құдабай ақыннан жазып алған өлеңін келтіреді: Асанның арғы түбі ноғай деймін, Үлкендердің айтуы солай деймін.

Бұ сөзге анық қанық емес едім, Естігенім тақсыр-ау бұлай деймін.

Түбінде ноғай, қазақ түбіміз бір, Алтай,Ертіс, Оралды қылған дүбір.

Ормамбет би ордадан шыққан күнде, Қайғырып Асан ата айтыпты жыр.»

М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Мағауиндер де Асан туралы орнықты пікір айтады. Осыларды жинақтап қорытындылағанда, Асан өмірі туралы деректер шығады. Толғауларды жаттау талап етіледі. Егер жаттамаса, ол тез ұмытылады. Толғауды жаттамас бұрын оның әрбір сөзінің мағынасын түсіну керек. Ол үшін оған талдау жасауды үйренуге әр студент міндетті.

1.Толғаудың жанрлық түрін ажырату: философиялық толғау, арнау толғау, қоштасу, насихат толғаулар.

2.Не туралы айтылғанын түсініп, тақырыбын ажырату: өмірдің мәңгілігі, өтпелілігі, адамның түрлі мінез құлық сырлары,жақсылық пен жамандық, ел басындағы әлеуметтік мәселелер, тарихи оқиғалар, оған қатысқан тұлғалар, т.б.

3.Толғаулардағы қазіргі тілде кездеспейтін, түсініксіз сөздер мағынасын Түсіндірме сөздіктен іздеп табу, мағынасын түсіну. Мысалы: Шалкиіз жыраудың толғауындағы:

«Ақылсыз достыдан ақылды дұспан артық-ты, Дұспаныңнан бір сақын.

Ел ішінде айқасып, ойнап жүрген достарыңнан мың сақын».

«Сақын» сөзі қазіргі тілде «сақтан» деп айтылады Қазтуған жырау толғауында:

«Алаң да, алаң, алаң жұрт. ...Мен салмадым сен салдың» деген жолдар бар. «алаң» көк майсалы жер деген мағынада, «салмадым», «салдың» сөздері «ие болмадым», «ие болдың» деген мағынада. «Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деген жолдардағы «буыршын», «бидайық» сөздерінің мағынасын іздеп тауып, толық өлең жолдарының мағынасын түсінуге болады. Қазтуған өзінің мықтылығын осы жолдар арқылы түсіндіріп отыр.

Кейбір толғауларда тарихи оқиғалар сөз болады. Бұларға сюжеттік жоспар жасау керек.

Мысалы. Шалкиіздің «Ер Шобан» толғауы.

Сюжеттік жоспары:

Ер Шобанның Биғазының жылқысын айдап кетуі.

Биғазының жылқысын қуып келуі.

Ер Шобанның Биғазымен диалогы

Биғазының Ер Шобан айтқан батырлар есімін есітіп, қайтып кетуі.

Осылай, толғаудағы болған оқиғалар тізіліп, түсінуге жеңіл болады.

Келесі кезекте толғаудың көркемдік кестелерін тану жұмысы тұрады. Толғаудағы мақалға айналып тұрған сөз оралымдарын, афоризмдерді теріп жазу керек.

М: «Айырдан туған жампоз бар, Жүгін нарға салғысыз;

Арғымақтан туған будан бар, Күніне көрінім жерді алғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан туған жаман бар бір аяқ асқа алғысыз».

Әрине, бұл кезде де түсініксіз сөздерді жазып, мағынасын танып отыру керек.

М: «Айыр», «жампоз», «нар» сөздері түйе малының түрлері, оның өзіндік ерекшеліктерін де білуге ұмтылған дұрыс.

Қорыта айтқанда, Хандық дәуір әдебиетін оқу кезінде толғаулардың тілі арқылы қаншама ұмытылып бара жатқан тарих пен дәстүр, қазақ тұрмыстық заттары, мәдениеті, білімі мен сенімін зерттеп үйренеді. Тек оны жоғарыдағыдай талаптарды орындай отырып, тереңірек түсінуге талаптану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]