
- •Қ.А.Яcауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Силлабусы
- •Түркістан 2014
- •2.Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
- •3. Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптары
- •Білімді бақылау кестесі
- •7. Оқулықтар мен web сайттар тізімі
- •8.Бақылау түрлері:
- •9. Студент білімін бағалау ережесі
- •Бақылау шкаласы
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •2. Аннотация
- •1.Пән туралы қысқаша мәлімет.
- •2.Оқытушы туралы қысқаша мәліметтер:
- •3. Курстық оқудың әдістемелік нұсқауы
- •4. Дәрістер
9. Студент білімін бағалау ережесі
Университететте кредиттік оқу жүйесі бойынша оқитын студенттік топтарда студент білімі мен біліктілігін бақылау жєне бағалау рейттингтік жүйе арқылы жүзеге асырылады. Рейтингтік балл екі бөліктен құралады: біріншісі- рейтингтік балдың 60 пайыз үлесін құрайды, ол студенттің күнделікті аудиториалық, бақылау және СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысы, екіншісі 40 пайыз емтихан балы болып табылады. Студент қажетті балды алу үшін не істейді ?
R1-60 балл оқу процесінің мына элементтерін бағалауға жұмсалады:
Күнделікті сабаққа қатысу белсенділігі мен үй аудиториалық тапсырмаларды орындағаны үшін қойылатын бағалар - Б1;
Студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын жұмыстары үшін және СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балы -Б2;
Ғылыми, үйірме, т.б. жұмыстардағы табыстары үшін марапаттау балы –Б3;
Аралық бақылау балы –Б4
R2-Қорытынды бақылау емтихан балы
Осы балдардың қосындысы студенттің рейтингтік көрсеткіші болып саналады: R=R1+R2
Бақылау шкаласы
-
Әріптік бағалау
%- тік баламасы
Дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша
А
95-100%
өте жақсы
А-
90-94
В+
85-89
Жақсы
В
80-84
В-
75-79
С+
70-74
Қанағаттанарлық
С
65-69
С-
60-64
D+
55-59
D
50-54
F
0-49
Қанағаттанғысыз
Бағалауда дәлелдеу объектісіне қойылатын талаптар
Дәлелдеу объектісі болуы мүмкін (пәнге қатысты үшеуінің ішінен таңдап алынады):
1) Іс-әрекет өнімі. Бұл жағдайда бағалау өнімнің сапасына негізделеді, ал бағалау критерийлері оқыту нәтижелері жетістіктерінің сапалық белгілері болып табылады.
2) Практикалық іс-әрекет. Бұл жағдайда іс-әрекет үдерісінің сапасы ескеріледі. Бағалау критерийлері тапсырманы орындау үдерісін кезең бойынша бақылауға негізделеді.
3) Меңгерілген білімді жазбаша немесе ауызша растау. Бұл білімгерлер белгілі іскерліктерді қалыптастыру үшін ақпараттардың жеткілікті санын игергенін және еркін меңгергенін анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.
10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
Студент берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап практикалық және ОСӨЖ сабақтарында белсенділік көрсетуі шарт.
Бекітілген тәртіп бойынша студент үш сағаттан артық сабақ жіберуге болмайды. Егер үш сабақтан (еш себепсіз) қалса. Онда оқытушы оның аталған оқу курсынан шығарылғаны туралы деканатқа мәлімдеу керек.
Студенттің құқықтары: өзіне қиындық келтірген, түсініксіз теориалық мәселелерді
аудиториада оқытушыдан сұрау, үлгере алмай қалған семинар, СӨЖ тапсырмаларын сол аптадан кешіктірмей аудиториадан тыс уақытта тапсыру.
Студенттің өзіндік жұмысы: СӨЖ тапсырмалары 1-3 аптада жєне 8-9 аптада беріледі. СӨЖ тапсырмаларын қабылдау 7 және 14-апталардың бірінші жартысында кешіктірілмеуі керек. Бекітілген уақыттан кешіктірілген жұмыс қабылданбайды.