
- •Қ.А.Яcауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Силлабусы
- •Түркістан 2014
- •2.Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
- •3. Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптары
- •Білімді бақылау кестесі
- •7. Оқулықтар мен web сайттар тізімі
- •8.Бақылау түрлері:
- •9. Студент білімін бағалау ережесі
- •Бақылау шкаласы
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •2. Аннотация
- •1.Пән туралы қысқаша мәлімет.
- •2.Оқытушы туралы қысқаша мәліметтер:
- •3. Курстық оқудың әдістемелік нұсқауы
- •4. Дәрістер
6.Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптары
№ |
СӨЖ тақырыптары |
Тапсырманы орындау формасы(реферат, доклад, кейс, эссе, ғылыми талдау, құрал жасау,т.б.) |
Тапсырманы қабылдау мерзімі |
Тапсырманы қабылдау орны |
Оқыту нәтиже-лері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
1 |
Хандық дәуір әдебиетін зерттеуші ғалымдар, ұстанымдары, жаңалықтары. |
1.Зерттеушілер туралы анықтағыш дайындау. 2.Әр зерттеушінің жаңалығын көрсету. |
І апта |
2-ғимарат 312- ауд. |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 |
|
2 |
Қазақ елін билеген хандар және олардың қазақ қоғамындағы орны. |
1.Хандардың тізімін, билік құрған уақытынан анықтағыш жасау;2.Қазақ тарихи романдарындағы хандар туралы деректерге пікір беру; |
ІІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-44 |
|
3 |
Жыраулар поэзиясының даму кезеңдері және сол кезеңдердегі жыраулар |
1.ХІ-ХІҮ ғ.ғ. ілкі кезең.2.ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. 3.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. жыраулық поэзияның кемелденген кезеңі. Әр кезеңге сипаттама және жыраулар туралы мәліметтер дайындау. |
ІІІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-42 КҚ-44 |
|
4 |
Лиро-эпикалық толғауға талдау жасау.. |
1.Толғаудың сюжеттік жоспарын құру; 2.Оқиғаға қатысушы бейнесіне талдау жасау; 3.Толғауда айтылған оқиғаның тарихта баяндалуын салыстыру. |
ІҮ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
5 |
Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. |
1.ХІХ ғ. ІІ жартысынан 1917 жыл аралағы. 2.1917-1957 ж. аралығы. 3.1959 ж.бүгінгі күнге дейін. Зерттеушілер, жарияланған жинақтар туралы мәліметтерді дайындау, қорғау. |
Ү апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
6 |
Толғау жанры. |
.А.Байтұрсынов қорытындысы. 2.Е.Исмайылов, С.Мұқанов қорытындылары. 3.М.Мағауин қорытындысы. 4.Б.Әбілқасымовтың ғылыми талдауы. Әр ғалым пікірін талдап түсіндіру. |
ҮІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 КҚ-50 КҚ-52 |
|
7 |
Қазтуған жыраудың бір толғауына толық талдау жасау. |
Қазір қолданылмайтын сөздерге түсінік беру; тарихилық сипатын тану (оқиғалар мен кісі, жер атауларына қатысты); тілінің көркемдігін нақты мысалмен дәлелдеу |
ҮІІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 КҚ-50 КҚ-52 |
|
8 |
Қожаберген жыраудың «Елім-ай» жырына толық талдау жасау. |
1.Мазмұны бойынша сюжеттік жоспар жасау, сұрақтар дайындау.2. Жырдағы кейіпкерлер диалогтарынан қанатты сөздерді теріп жазу.3.Автор бейнесінің кемелдікке жету жолдарын жазу, қорғау. |
ҮІІІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 КҚ-50 КҚ-52 |
|
9 |
Асан жырау толғауларындағы қазақ тарихына қатысты деректерге талдау жасау. |
Толғаулардағы жер, кісі атаулары, тарихи оқиғаларға берілген бағалар; толғаулардағы көркемдік құралдарына түсінік беру, қорғау. |
ІХ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
10 |
Асан жырау толғауының біріне жауап жазу |
1.Жыраудаың өмірлік көзқарасымен сырласу.2.Жырау сөздерінің бүгінгі күнмен сабаөтастығын зерделеу.3.Жыраудан бүгінгі күн үшін ақыл сұраса, ықтимал жауабын жазу. |
Х апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
11 |
Шалкиіз жырау толғауларының көркемдігі |
1.Үзінділер жаттау.2.Кейінгі ақындар қолданатын,мақалға, афоризмге айналған өлең жолдарын көшіріп жазу. 3.Жыраудың дүниетанымын көрсететін шумақтарды көшіріп жазып, мәнін түсіндіру, қорғау. |
ХІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
12 |
Бұқар жыраудың Асан жұмдағын шешуі |
Толғаудың бөлімдерін ажырату (Абылай ханға қарата айтқан арнауы, Асан жұмбағы, оның шешуі). Бұқардың көріпкелдігін дәлелдеу; Толғаудың көркемдігін танытатын сөз қолданыстарын жазу, талдау, түсіндіру (қорғау). |
ХІІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
13 |
Бұқар толғауларында аты аталатын батырлар |
Жырау толғауларында кездесетін батырлар тізімін жасау; Батырлар туралы тарихи мәліметтер табу; Жырау берген баға мен тарихи мәліметтерді салыстыру; Жырау толғауларының тарихи мәнін түсіндіру (қорғау). |
ХІІІ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
14 |
Хандық дәуір әдебиетіндегі ақындар |
Ақын мен жыраудың ерекшелігін айқындау (ғалымдардың теориялық еңбектерін пайдалана отырып); Шал,Тәтіқара, Көтеш ақындарды жыраулардан бөлектейтін шығармашылық ерекшелігін таныту; Ақындардың көркемдік құралдарындағы ерекшеліктерді тану. |
ХІҮ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
|
15 |
Хандық дәуір әдебиетіндегі жазба дәстүр |
Қадырғали би Қосымұлының шежіресі. Кітаптың жариялануы, зерттелуі, тарихи маңызы; Әдебиет мүлкі ретінде танылатын көркемдік құралдары (қорғау). |
ХҮ апта |
2-ғимарат 312- ауд |
ЖҚ-1 ЖҚ-2 КҚ-1 КҚ-2 КҚ-31 КҚ-39 КҚ-42 КҚ-44 |
СОӨЖ тақырыптары және оны орындау үшін әдістемелік нұсқау
... Қазақ әдебиеті тарихындағы аңызға айналған жыраулар.
Қорқыт, Торғай, Кетбұға, Сыпыра, Қодан жыраулар туралы мәліметтер іздеу, жинақтау, ғалымдар пікірлеріне сәйкес қорытындылау;
Аңыз жыраулардың көркем әдебиеттегі бейнесіне талдау жасау: Қорқыт ата кітабындағы Қорқыт бейнесі, жырлардағы Сыпыра жырау бейнесі, тарихи романдардағы Қодан жырау бейнесі, Күй аңыздарындағы жыраулар бейнесі, Қ.Бекхожиннің «Ақсақ құлан» поэмасындағы Кетбұға бейнесі. Жыраулар тұлғасына толық баға беру, «Жырау кім?» деген сұраққа өз қорытындысын жасау.
... Түрік халықтарының біразына ортақ жыраулар
Қорқыт, Сыпыра,Доспамбет, Асан, Шалкиіз, Қазтуған, т.б. жыраулардың бірнеше халыққа ортақ екенін жарияланған кітаптар арқылы дәлелдеу, ортақ болу себебін түсіндіру; жарияланған баспа материалдарындағы түрік халықтары тіліндегі, тарихындағы, дәстүрі мен дүниетанымындағы бірлікті түсіндіру.
... І.Есенберлиннің тарихи романдарындағы жыраулар бейнесі
«Алмас қылыш романындағы» Асан, Қодан, Қазтуған жыраулардың бейнелері, тарихилығы мен көркемдік шешім байланысын зерттей бағамдау; романда жыраулар бейнесін сомдауда олардың толғауларының қолданылуы;
... «Жанталас» романындағы Бұқар жырау бейнесі. Бұқар жыраудың айтушы, еңбекші халықты жақтаушы бейнесінде берілуі. Бұқар жырау мен хандар байланысының суреттелуі; Автордың социалистік реализм талабына орай суреттеуінің себебі.
...Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романындағы Бұқар жырау, Үмбетей, Ақтамберді жыраулардың суретелуі. Екі тарихи романдағы жырауларға қатысты шындықтың өзгеріске түсу себебін түсіну; Жыраулар толғауларының шығу тарихынан деректердің шындыққасәйкестігін дәлелдеу.
... Толғау жанрының теориясы
А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, Б.Әбілқасымовтың, З.Ахметовтің, Е.Исмаиловтың, М,Мағауиннің зерттеулеріндегі анықтамаларды жүйелеп, бәріне ортақ пікірлерді жинақтау, толғау жанрының анықтамасын қорытындылау.
... Шалкиіз өлеңдеріндегі сөз оралымдарының кейінгі ақын-жырауларда қайталануы
Қайталанған сөз оралымдарын теріп жазу; өзгерістерін көрсету; қайталану себептерін түсіндіру: ауыз әдебиетіндегі көркемдік әдіс пе, сөз ұрлау ма?
... Жыраулар толғауларындағы Абылай хан бейнесі. Барлық жыраулар толғауларынан Абылай ханға қатысты айтылған үзінділерді жинау; Абылай ханға берілген мінездеме, бағаларды жүйелеу; айтылған сөздердің тарихи мәнін, тарихтан белгілі оқиғалармен сәйкестігін түсіндіру; Абылай ханның толғауларда сомдалған бейнесін жырау сөздерінен үзінділер келтіре отырып, толық мінездеп көрсету, қорғау.