Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ханд.СҚӘ до.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.76 Кб
Скачать

Ф-ӘД-001/026

Қ.А.Яcауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Филология факультетінің деканы

_____________________________

Доцент Айтбаева Н

«____ » _____________ 2014 жыл

«Хандық дәуір әдебиеті» пәнінің

Силлабусы

Мамандық аты, шифры: 5В 011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу формасы сырттай

Курс ІІ

Топ СҚӘ- 311до

3 сем. 4сем Барлығы

Кредит саны: - -

Сағат саны - -

Лекция 8 - 8

Практикалық - -

Семинар: - - -

Лабораториялық - - -

СОӨЖ - - -

СӨЖ - - -

Аралық бақылау (АБ) 2 - 2

Қорытынды бақылау емтихан емтихан

Силлабусты құрастырған ф.ғ.к., доцент Ж.Камалқызы

Мекен жайы: Түркістан қ. Б.Момышұлы к. 29- үй. Е-mail: Kamalkizi_53 @E-mailru.

Телефондары: 872533 63539, 87019836078, 8705.

Кафедрадағы жұмыс уақыттары: сабақ кестесіне сәйкес

СӨЖ қабылдау күндері сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі. Қазыбек би даңғылы, №2 оқу ғимараты, 311- ауд.

Түркістан 2014

Силлабус «ҚР Заңдары мен БАҚ» пәнінің типтік бағдарламалары (5В 050205 – Филология: Қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы бойынша «Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәнінің типтік бағдарламасы. А., «Қазақ университеті» 2007 ж.) негізінде құрастырылды.

Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланып, факультеттің оқу әдістемелік кеңесіне қарауға ұсынылды

№1 хаттама «_______ » _______________.2014 ж.

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., доцент Исаева Ж.

Филология факультетінің оқу -әдістемелік кеңесінде қаралды.

№1 хаттама «______» _________________2014 ж.

Кеңес төрайымы: пед.ғ.к.,доцент Чаканова С.

КІРІСПЕ

Пәннің мақсаты: «Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты –ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы біртұтас ұғым қалыптастыру, ұлттық көркемдік ойлау тарихының тереңдігін, бабалар мұрасының құндылығын ұғындыру.

Пәннің міндеттері: - Ұлттық әдебиетті көне тарихпен, көшпелілер мәдениетімен сабақтастыру ;

- Әдебиеттің қалыптасу кезеңдерін жүйелеу;

- Әр дәуір әдебиетінің өз ерекшеліктерін аңғарту ;

- Әдеби-мәдени және тарихи мәндері бөлекше жыраулар поязиясының мазмұнын және көркемдік мұратын талдау;

-жыраулық поэзия інжу маржандарының сырын ұғындыру;

- Қазақ әдебиетінің кейінгі дәуірлермен байланысын ашу және ортақ ұқсастық бірліктерін айқындау, дәстүр сабақтастығын зерттеу.

Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны

Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала – жыраулар поэзиясы. Қазақ атымен аталатын дербес мемлекет – Қазақ хандығының негізі қалануымен байланысты өз алдына жеке әдебиет те қалыптасты. Жалпы түркі тайпалары әлемдегі басқа халықтар өткен тарихи даму жолына сәйкес әрқайсысы жеке ұлт болып қалыптасып, жеке мелекет құрған бұл жылдары қазақ көшпенді мәдениетінің ерекше бір мәдени үрдісі жыраулар поэзиясы жанданды.

«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты бұл пән – ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, шалкиіз, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, , ХҮІІІ ғасырдаға қазақ поэзиясының соқталы өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері – Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэязияның сабақтастығы идеялық ­көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраудың қоғамдық әлеуметтік тұлғасы, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері. Жыраулық мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі.

Құзыреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар

ЖҚ-2- Мәдениеттің мәнін адамның өмір сүруінің формасы ретінде түсінуге және өз іс-әрекетінде толеранттық, пікір алмасу және серіктестіктің заманауи принциптерін басшылыққа алуға қабілетті

ЖҚ-4 - Тарихи эволюция заңдарының негізінде тарихи фактілерді зерттеудегі қабілеттілікті арттыру; тарихи үрдістерді, оқиғалар мен тарихи тұлғаларды зерттеуде аналитикалық және аксиологиялық тұрғыдан келе білу.

ЖҚ-21- Әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі әдістері мен ережелерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде қолдануға дайын;

ЖҚ-26- Білім беру мекемелерінде ғылыми ізденісті ұйымдастыруда зерттеудің әдіснамасы туралы білімдерді пайдалануға дайын, - зерттеу әрекетінде зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістерін қолдануға қабілетті, - оқу-зерттеу жобаларын курстық және дипломдық жұмыстар түрінде жүзеге асыруға қабілеттілігі

КҚ-1- Ойды еркін, анық жеткізуді меңгерген, пікір айту мәдениеті қалыптасқан;

КҚ- 2- Ғылыми таным мен көркем ой ерекшелігін ажыратуға қабілетті;

КҚ-3- Дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке тұлғаға қатысты философиялық мәселелерді сараптауға қабілетті;

КҚ-4 – Сыни тұрғыдан ойлауға, объективті баға беруге қабілетті;

КҚ-10- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдіснамасы мен әдістерін меңгерген;

КҚ-31- Ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған құндылықтарды талдауға және бағалауға қабілетті;

КҚ-32- Өзінің кәсіби іс-әрекетінде шартты нәтижелер негізінде өзін-өзі дамытуға, кәсіби этика принципін сақтауға және кәсібінің жоғары әлеуметтік маңызын түсінуге қабілетті

КҚ-33- Ежелгі және хандық дәуір әдебиетін басқа пәндердің негізі, тарихи дереккөз, ұлт мәдениетін бағалауда жаһандануға қарсы рухани тірек деп тануға қабілетті;

КҚ-52- Әдебиет пен фольклорлық құбылыстарды, тіл мен әдебиеттегі ұстанымдарды ажырата алады жеке талдай білу;

Пәнді оқығаннан кейін білім алушының меңгеретін білімі:

Білімі: оқыту немесе еңбек іс-әрекеті саласындағы озық білімдер, теориялар мен қағидаларды сыни ойлау/ ұғыну.

Білігі оқыту немесе еңбек іс-әрекетінің мамандандырылған күрделі немесе болжап болмайтын мәселелерді шешу үшін қажетті шеберлік пен инновацияны демонстрациялайтын / көрсететін озыңқы іскерліктер.

Құндылық құраушылары қабылдау (ұғыну), жауап беру, құндылықтарды үйлестіру, ұйымдастыру, құндылықты сипаттау қабілеттері.

Пререквизиттер Халық ауыз әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Қазақстан тарихы, Тіл білімі, Ежелгі дәуір әдебиеті.

Постреквизиттер «Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті» пәнін оқу арқылы студент төл әдебиетіміздің тарихын, оның қалыптасу процесін, әртүрлі даму кезеңдерін және зерттелуі мен зерделенуін жан-жақты қарастырады. Эстетикалық сипатын жоймаған, айрықша көркемсөз үлгісі жыраулар толғауларын олардың мазмұн-мағынасын, әдеби ерекшеліктерін, көркемдік мұратын біліп, меңгеріп шығады. Жыраулар поэзиясының тілдік құнары мен биік рухын зерделейді. Әдебиеттегі дәстүр жалғастығына көз жеткізеді. Ең әуелі, болашақ мамандарға жекелеген жазба ескерткіштер мен көркем туындылардың мәтінін өз бетімен оқып-талдауына және әдеби-ғылыми тұрғыдан терең зерттеп шұғылдануына мүмкіндік беріп, жағдай жасайды. Жыраулар тілдерінде сақталған көркем бейнелер мен тарихи деректерді зерттей оқып, ұлт тарихынан, мәдени мұрасынан білімдерін жетілдіреді.

Қысқартылған сөздер

Б – білімі; Д – білігі; Қ – құндылық құраушылары;

ОСӨЖ-оқытушы басшылығымен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы ; СӨЖ-студенттің өз бетінше орындайтын жұмысы, ЖҚ- жалпы мәдени құзыреттілік; КҚ- кәсіби құзыреттілік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]