
- •Мазмұны
- •8. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Тақырыптардың мазмұны
- •9. Лекциялық, практикалық (семинар), зертханалық сабақтар жоспары
- •10. Соөж жүргізу жоспары
- •11. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •12. Курстық жұмыстардың тақырыптары (пән бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған)
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Нормативтік-құқықтық база
- •Мерзімдік әдебиеттер
- •Интернет-көздер
- •8. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •9. Лекциялық, практикалық (семинар), зертханалық сабақтар жоспары
- •10. Соөж жүргізу жоспары
- •11. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •12. Курстық жұмыстардың тақырыптары (пән бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған)
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Нормативтік-құқықтық база
- •Мерзімдік әдебиеттер
- •Интернет-көздер
- •14. Студенттің оқу бойынша жетістіктерін бақылау сұрақтары
- •15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
- •15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •1. Банктік қызметтегі маркетингтің мәні, түсінігі және қажеттілігі.
- •2. Банк қызметіне маркетингті енгізу алғышарттары. Банктік маркетингтің спецификасы.
- •3. Банктік маркетингтің қағидалары, функциялары мен міндеттері. Банкте маркетингті ұйымдастыру.
- •Тақырып 2. Банктік қызмет нарығын зерттеу
- •1. Банк саласындағы маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен ерекшеліктері.
- •2. Нарық субъектілерін талдау, банктің сыртқы ортамен байланысы.
- •3. Бөлшек нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқын модельдеу.
- •4. Банктік өнімді бөлшек және көтерме нарығында сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі.
- •Тақырып 3. Банктік қызмет нарығын сегменттеу
- •1. Банктік қызмет тұтынушыларының ерекшелігі және сегменттеу үрдісі.
- •2. Ұсынылатын қызметтер сипаттамасы бойынша сегменттеу. Кредиттік қызмет. Салымды операциялар. Инвестициялық операциялар. Басқа да қызметтер.
- •3. Тұтынушылар тобына қарай сегменттеу. Бөлшек және корпоративтік нарықты сегменттеу критерилері мен принциптері.
- •4 Тақырып. Банктік қызметтің нарықтың мүмкіндіктерін талдау
- •1. Ішкі есеп және сыртқы ақпарат жүйесі.
- •2. Маркетинг зерттеулер жүйесі және талдау.
- •Тақырып 5. Өнім қатарын жоспарлау
- •1. Банктік қызмет, банктік өнім және оның деңгейлері. Банктің инвестициялық және басқа да қызметтері.
- •2. Банктегі ассортиментті жоспарлау.
- •3. Қызмет көрсету стандарттары. Өнім қатарын талдау. Ассортиментті жоспарлау.
- •Тақырып 6. Пасcивтер мен активтерді басқару
- •1. Коммерциялық банктердің ресурстары.
- •2. Активтер мен пассивтердің құрылымы.
- •3. Банктің несиелік әлеуеті.
- •4. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі.
- •5. Активтер мен пасcивтерді басқару әдістері.
- •6. Активтер мен пасcивтердің даму стратегиясы.
- •Тақырып 7. Банктік қызметтегі баға саясаты
- •1. Банктік қызмет бағасының түсінігі. Банктік өнімдер мен қызметтердің баға белгілеу ерекшеліктері.
- •2. Баға деңгейіне әсер етуші факторлар.
- •3. Баға белгілеу стратегиялары.
- •Тақырып 8. Банктік қызметті өткізуді ұйымдастыру
- •2. Өткізу нүктелерін анықтау, бөлімшелер және филиалдар саны туралы шешім қабылдау үрдісі.
- •Тақырып 9. Банктің коммуникациялық саясаты
- •1. Банктік коммуникацияның ерекшеліктері. Банктегі маркетингтік коммуникацияның элементтері. Коммуникацияның стратегиялары.
- •2. Коммуникация стратегияларын өңдеу үрдісі.
- •3. Банктің жарнамалық қызметі.
- •4. «Public relations». «Public relations» мақсаттары мен міндеттері. «Public relations» әдістері.
- •5. Банктегі жеке сату мен өткізуді ынталандыру.
- •Тақырып 10. Банктегі маркетингті жоспарлау және бақылау
- •1. Банктегі маркетингті жоспарлаудың мақсаты, міндеттері мен кезеңдері. Маркетингті жоспарлаудың түрлері.
- •2. Статегиялық жоспарлаудың мазмұны. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.
- •3. Маркетингтік бақылау.
- •1 Тақырып. Банктік саладағы маркетинг.
- •2 Тақырып. Банктегі қызмет нарығын зерттеу.
- •3 Тақырып. Банктегі қызмет нарығын сегменттеу.
- •4 Тақырып. Банктің нарықтық мүмкіндіктерін талдау.
- •5 Тақырып. Өнім қатарын жоспарлау.
- •6 Тақырып. Пассивтерді және активтерді басқару.
- •7 Тақырып. Банктегi баға саясаты.
- •8 Тақырып. Банктiк қызметтердi өткiзудi ұйымдастыру.
- •9 Тақырып. Банктiң коммуникациялық саясаты.
- •10 Тақырып. Банктегі маркетингті жоспарлау және бақылау.
- •3. Студенттің оқытушымен өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар.
- •1 Тақырып. Банктік саладағы маркетинг.
- •2 Тақырып. Банктегі қызмет нарығын зерттеу.
- •3 Тақырып. Банктегі қызмет нарығын сегменттеу.
- •4 Тақырып. Банктің нарықтық мүмкіндіктерін талдау.
- •5 Тақырып. Өнім қатарын жоспарлау.
- •7 Тақырып. Банктегі баға саясаты.
- •8 Тақырып. Банктік қызметттерді өткізуді ұйымдастыру.
- •9 Тақырып. Банктің коммуникациялық саясаты.
- •10 Тақырып. Банктегі маркетингті жоспарлау және бақылау.
- •3. Сөж тапсырмасын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •2013-2014 Оқу жылына 4 курс Маркетинг мамандығының кп циклындағы таңдау бойынша компоненті «Банктік маркетинг» пәнінің оқу-әдістемелік қамту картасы (бакалавриат)
1. Банктегі маркетингті жоспарлаудың мақсаты, міндеттері мен кезеңдері. Маркетингті жоспарлаудың түрлері.
Маркетингті жоспарлау – табысқа жеткен көптеген компаниялар пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Маркетингті жоспарлау мақсаты – стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді.
Маркетингтік жоспарларды құрастыратын менеджерлердің міндеттері бөлінбегендіктен, жүзеге асырудың бағдарламасы мен жұмсалатын шығындары анықталмағандықтан ол тәжірибе жүзінде іске аспайды.
Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет.
Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп, ұжымда талқылануы керек. Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін, рөлін, мақсаттарын, талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп, оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.
Маркетинг жоспарлары келесі белгілер бойынша бөлінеді:
- қамту ауқымы;
- іс-әрекет ету мерзімі;
- мәнділігі;
- әзірлеу әдістері.
Қамту ауқымы бойынша жоспарлар үш топқа бөлінеді: жалпы, біріккен (интегрированные) және ерекше. Жалпы жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелерінің мақсаттарын анықтайды, біріккен – өнімнің барлық түрлерін қамтыса, ерекше жоспарлар маркетингтің әрбір бөлімдері бойынша жасалады. Мысалы, маркетинг жоспары жарнама, өткізу, жаңа өнімдер бөлімшелері үшін жасалуы мүмкін. Жалпы жоспарларды, әдетте, өндіріске арналған тауарларды өндірушілер жасайды, ал бірыңғай біріккен маркетинг жоспарын көбіне қызмет көрсететін фирмалар қолданады. Маркетингтік қызметі өнім түрі бойынша ұйымдастырылған кәсіпорындарда маркетинг жоспарлары әрбір өнім үшін, ал географиялық принципі тұрғысынан ұйымдастырылғанда – әр аймаққа арналып жасалады.
Іс-әрекет ету мерзіміне байланысты маркетинг жоспары ұзақ, орта, қысқа мерзімдік және жобаларды жоспарлау болып бөлінеді. Маркетингтің ұзақ мерзімді жоспарлары 5 жылдан 20 жылға дейінгі, орта мерзімді жоспарлар – 2 жылдан 5 жылға дейінгі уақытқа, қысқа мерзімді жоспарлар – бір жылға немесе тоқсанға арналып жасалынады.
Мәнділігі бойынша маркетинг жоспарлары стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық маркетингтік жоспар басты мақсаттарды анықтайды, ал тактикалық – оларды егжей-тегжейлі қарастырады.
Әзірлеу әдістері бойынша маркетинг жоспарлары былай бөлінеді: жоғарыдан төмен, төменнен жоғары және қарсы жоспарлау.
Жоғарыдан төмен жоспарлау әдісінде басшылық маркетинг мақсаттарын анықтап, жоспарды әзірлейді, тиісінше оларды әзірлеу бойынша жауапты болады.
Төменнен жоғары жоспарлау әдісі бойынша маркетинг бөлімі өз мақсаттарын айқындап, маркетингтік жоспар әзірлейді, оны жоғары басшылық бекітеді. Мұндай жағдайда қызметкерлер жоспарлау барысына шығармашылық түрде қатысып, белгілі бір жауапкершілікті көтереді.
Қарсы жоспарлау әдісінде жоғарыдан төмен мақсаттар анықталып, төменнен жоғары жоспарлау жүзеге асырылады. Жоғары басшылық фирманың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтап, бір жылға арналған жалпы мақсаттарды белгілейді. Олардың негізінде жоғары басшылық бекітетін маркетинг жоспары әзірленеді.