Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_marketing.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.97 Mб
Скачать

Тақырып 7. Банктік қызметтегі баға саясаты

Лекция мақсаты: банктің баға саясатын түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Банктік қызмет бағасының түсінігі. Банктік өнімдер мен қызметтердің баға белгілеу ерекшеліктері.

2. Баға деңгейіне әсер етуші факторлар.

3. Баға белгілеу стратегиялары.

1. Банктік қызмет бағасының түсінігі. Банктік өнімдер мен қызметтердің баға белгілеу ерекшеліктері.

Баға белгілеу стратегиясының мақсаты:

1. ағымдық пайданы максималдау;

2. нарықтағы позицияны ұстап қалу;

3. нарықтағы көшбасшылық;

4.өнімдер сапасы жағынан көшбасшылық.

Банктік қызметке деген сұранысты зерттеу оның әртүрлі бағалар кезіндегі деңгейлеріне қатысты ақпарат негізінде жүргізіледі, сондықтан банктің маркетингтік ақпарат жүйесінің дамуы маңызды болып табылады. Әрбір өнімге деген сұраныс динамикасы оның бағасына қатысты жекелей, жарнамалық шаралар, жеке өнімге деген сұраныс икемділігі бақылануы тиіс.

2. Баға деңгейіне әсер етуші факторлар.

Өнімге баға белгілеуде оны ұсынуға байланысты шығындарды талдау. Бірінші кезеңде әрбір қызметті идентификациялау жүргізіледі және әрбір операцияны орындауға кеткен шығындар анықталады. Кейіннен еңбекақы, өзіндік құн, сондай-ақ тікелей шығындар алынып тасталады. Жоғарыда айтылған шығындар жеке қызметтің өзіндік құнын береді.

Стратегияны қалыптастыруда банк баға белгілеудің келесі әдістерін таңдайды:

1. Орташа шығындар қосу пайда – қызметті ұсыну шығындарын қосуға байланысты бағаны есептеуге негізделген.

2. Шығынсыздықты талдау кезіндегі баға белгілеу – шығындар мен мақсатты пайданы қамтамасыз етуге негізделген.

3. Өнімнің сезілетін құнына негізделген – клиенттің банктік қызметтерді қабылдауы.

4. Ағымдық нарықтық тағайындау негізінде – баға белгілеу инициативасы бәсекелестерге берілетін әдіс түрі.

5. Тұтынушылармен қарым-қатынас негізінде - әлеуетті тұтынушылар қызығушылығын ескеретін баға белгілеу әдісі.

Бағаны қоюға әсер етуші факторлар:

- банк имиджі;

- география;

- нарықтық басқа субьектілерінің әсері;

- бағалық жеңілдіктер;

- баға дискриминациясы.

3. Баға белгілеу стратегиялары.

Баға белгілеу стратегиялары:

- «нарыққа ену әдісі» - банк нарық үлесін жаулап алу мақсатымен төмен баға тағайындауды көздейді;

- «жылжымалы баға белгілеу» - банк өзінің өніміне жоғары баға белгілеуді көздейді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Банктік қызмет бағасының түсінігі. Банктік өнімдер мен қызметтердің баға белгілеу ерекшеліктері.

2. Баға деңгейіне әсер етуші факторлар.

3. Баға белгілеу стратегиялары.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

Тақырып 8. Банктік қызметті өткізуді ұйымдастыру

Лекция мақсаты: банктік қызметті өткізуді ұйымдастыруын түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Банктік қызметтерді өткізу ерекшеліктері. Банктік қызметтерді өткізу шарттары. Банктік жүйелердегі өткізу типтері. Қызметтердің толық кешенін ұсынатын бөлімшелер. Маманданған бөлімшелер. Толығымен автоматтандырылған бөлімшелер.

2. Өткізу нүктелерін анықтау, бөлімшелер және филиалдар саны туралы шешім қабылдау үрдісі.

1. Банктік қызметтерді өткізу ерекшеліктері. Банктік қызметтерді өткізу шарттары. Банктік жүйелердегі өткізу типтері. Қызметтердің толық кешенін ұсынатын бөлімшелер. Маманданған бөлімшелер. Толығымен автоматтандырылған бөлімшелер.

Банктік өнімдерді жеткізу жүйесі бір-бірінен көлемі бойынша, ұсынылған қызмет түріне және оларды орындау тәсіліне қатысты ерекшеленеді. Белгіленетіндер:

1. қызметтердің толық кешенін ұсынатын бөлімшелер;

2. маманданған бөлімшелер және шектелген қызмет түрлерін ұсынатын бөлімшелер;

3. толығымен автоматтандырылған бөлімшелер;

4. автоматтандырылған кассалық машиналар;

5. аз санды бөлімшелер;

6. қаржылық «супермаркеттер»;

7. сату орындарындағы электронды төлем жүйелері;

8. карточкаларға негізделген жүйелер;

9. «саналы» терминалдар;

10. телемаркетинг;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]