Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_marketing.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.97 Mб
Скачать

4 Тақырып. Банктік қызметтің нарықтың мүмкіндіктерін талдау

Лекция мақсаты: нарықтық мүмкіндіктерге талдау жасау.

Лекция жоспары:

1. Ішкі есеп және сыртқы ақпарат жүйесі.

2. Маркетинг зерттеулер жүйесі және талдау.

1. Ішкі есеп және сыртқы ақпарат жүйесі.

Банктің маркетинг мүмкіндігін анықтауға бағытталған талдау және мақсатты нарық маркетингтің нарықтық мүмкіндіктерін талдау деп аталады. Маркетингтің ақпарат жүйесі – ішкі есеп жүйесінен, сыртқы ақпарат жүйесін жинау, маркетингтік зерттеу жүйесінен, ақпаратты талдау жүйесінен тұрады. Ішкі ақпараттың қайнар көзі болып:

- статистикалық есеп;

- бухгалтерлік есеп;

- несиелеу бойынша бағалық есептеулер;

- басқарушылар есебі;

- тексерушілер мен ревизорлар актілері;

- ішкі зерттеулердің нәтижесі.

Сыртқы ақпаратты жинау жүйесі – банктің қаржыландыру ортасы жөніндегі мәліметтерді жинауға бағытталған. Нақты ақпаратты келесі көздерден табуға болады:

- газет;

- журнал;

- теледидар (ТV);

- радио;

- жылдық есеп жинағы;

- компания газеті;

- басқа да маманданған басылымдар.

2. Маркетинг зерттеулер жүйесі және талдау.

Маркетингтік зерттеулер жүйесі банк алдында тұрған нақты мәселелерді шешуге байланысты ақпараттарды жинау негізінде құралады.

Бұл жүйе келесі кезеңдерден тұрады:

1. Мәселені анықтау және зерттеу мақсатын құру;

2. Ақпарат көзін жинастыру;

3. Ақпаратты жинау;

4. Жиналған ақпаратты талдау;

5. Зерттеу нәтижесін ұсыну.

Ақпаратты талдаудың негізгі жүйесі қолда бар мәліметтерді өндеуден тұрады және ол келесілерді кіріктіреді:

1. Статистикалық банк;

2. Математикалық үлгілер банкі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Ішкі есеп және сыртқы ақпарат жүйесі.

2. Маркетинг зерттеулер жүйесі және талдау.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

Тақырып 5. Өнім қатарын жоспарлау

Лекция мақсаты: банктік өнімдер түрлерін түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Банктік қызмет, банктік өнім және оның деңгейлері. Банктің инвестициялық және басқа да қызметтері.

2. Банктегі ассортиментті жоспарлау.

3. Қызмет көрсету стандарттары. Өнім қатарын талдау. Ассортиментті жоспарлау.

1. Банктік қызмет, банктік өнім және оның деңгейлері. Банктің инвестициялық және басқа да қызметтері.

Тұтынушылардың көп санын тарту банктік қызметтердің үлкен көлемін ұсыну арқылы үлкен пайда алуға бағытталған. Банктік қызмет – бұл банк төлем алатын тауар болғандықтан, банктік маркетингтің мақсаты пайданы арттыру және оның қажеттілігі банк үшін анық. Банктік қызметте маркетингтік кешен 5 элементтен тұрады (5-ші «Р» элементі – адам).

Банктік өнім деп банкпен жасалған кез келген қызмет немесе операцияны түсінуге болады. Банктік өнімнің де тауарлардағыдай, үш деңгейін ашып көрсетуге болады.

Бірінші деңгейді тұтынушы сатып алатын негізгі, дәстүрлі банктік қызметтер құрайды. Бұл – банктің базалық ассортименті: депозиттік (шоттарды ашу және жүргізу), несиелік, инвестициялық, пластикалық карточкаларды шығару және оларға қызмет көрсету.

Екінші деңгей нақты орындалған банктік өнім немесе қызмет болып табылады, яғни банктің ағымдағы ассортименті (қосымша қызметтер). Ағымдағы ассортимент банктің базалық бағытталуына әсер етпей әрдайым өзгеріп және дамып отырады. Ағымдағы ассортименттің өзгеруі бірінші рет келген адамды тұрақты тұтынушыға айналдыруға, тұтынушыны қызметтердің көп түрін сатып алуға ынталандыруға бағытталған. Бұл – инкассация, құжаттар мен бағалы заттарды тасымалдау, валютаны айырбастау, тәуекелдерді есептеу және басқару, тәуекелдерді сақтандыру.

Үшінші деңгейді кеңейтілген, дәстүрлі емес банктік өнімдер немесе қызметтер құрайды. Бұл деңгейдің қызметтері тұтынушылармен достық қарым-қатынастарды қалыптастыруға, оларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Бұл – трасталық, факторингтік, форфейтингтік және лизингтік операциялар, кеңес берушілік және ақпараттық қызметтер, кепілдіктерді беру, депозитарлық қызметтер, тұтынушының бағалы заттарын сақтау және т.б..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]