Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_marketing.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.97 Mб
Скачать

3. Бөлшек нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқын модельдеу.

Бөлшек және көтерме нарығын білу тұтынушылардың мінез-құлқын талдау және қаржылық қызметтің негізгі мотивтерін анықтауды болжайды. Бөлшек нарығында жеке тұлға нарығын және кіші бизнес өкілдерін атау қабылданған.

Бөлшек нарығында тұтынушылардың мінез-құлқын 3 бағыт бойынша қарастырады:

- Тұтынушыларға әсер ететін факторлар;

- Тұтынушының мотивтері;

- Банктік өнімді (қызмет) сатып алу туралы шешім қабылдау мінез-құлқы.

Клиенттерге әсер ететін факторлар:

а) Әсер ететін сыртқы факторлар – маркетинг факторлары және макроорта факторлары.

б) Жеке факторлар – жасы және өмірлік цикл кезеңі, қызмет түрі, экономикалық жағдайы, өмір салты, жеке типі.

Тұтынушылардың мотиві

а) Эмоционалды – жеке билік және әсер ету, қоғамда қабылдану тілегі, өз «мені», жеке тәуекелділіктің төмендеуі, жеке пайда.

б) Рационалды – пайда немесе үнемдеу, қызметтің ыңғайлылығы, қызметтің сапасы, жылдамдылық, қауіпсіздік, кепілді қызмет көрсету, беделділік және техникалық шеберлілік.

4. Банктік өнімді бөлшек және көтерме нарығында сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі.

Банктік өнімді (қызмет) сатып алу туралы шешім қабылдауды сипаттау барысында сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі 5 кезеңнен тұрады:

1. қажеттіліктерді түсіну;

2. ақпарат іздеу;

3. нұсқаларды салыстырмалы бағалау;

4. өнімді (қызмет) сатып алу туралы шешім қабылдау;

5. өнімді сатып алғаннан кейінгі реакция.

Банктік тәжірибеде көтерме нарығын ұйым нарығы деп атайды. Тұтынушылар мінез-құлқысының сызбасы бөлшек нарығында тұтынушыларға қарастырылған кезеңдерден өтеді, бірақ келесідей жағдайларды ескеру керек:

- осы ұйымның кем дегенде 2 өкілдігі қатысуы керек;

- банкке қатысты маңызды мәселелерді талқылаудан кейін корпорация басшыларының деңгейінде шешіледі;

- Қаржылық қызметкерлер, сатып алу бойынша кәсіби емес агенттер үшін, эмоционалды мотвтердің маңыздылығы жоғары болып келеді;

- Банк көрсететін қызметтер оның негізгі қызметтеріне себеп болды деп қарастырылады, сондықтан банктің қызметіне байланысты шешімдер компанияның бірінші орынға қойылған маңызды шешімдерінен кейін қабылданады, инвестициялау құралдарын бағыттау және т.б.

Компанияның банк қызметін сатып алу туралы шешім қабылдауы ұйымның қаржылық қызметімен ескертілген, соның негізінде нақты компанияға лайықты бағыт бағдар жасауға рұқсат етеді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Банк саласындағы маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен ерекшеліктері.

2. Нарық субъектілерін талдау, банктің сыртқы ортамен байланысы.

3. Бөлшек және көтерме нарығында тұтынушылардың мінез-құлқын моделдеу.

4. Банктік өнімді бөлшек және көтерме нарығында сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]