Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_marketing.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.97 Mб
Скачать

Тақырып 2. Банктік қызмет нарығын зерттеу

Лекция мақсаты: Банктік қызмет нарығын зерттеудің негізгі бағыттарын түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Банк саласындағы маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен ерекшеліктері.

2. Нарық субъектілерін талдау, банктің сыртқы ортамен байланысы.

3. Бөлшек және көтерме нарығында тұтынушылардың мінез-құлқын моделдеу.

4. Банктік өнімді бөлшек және көтерме нарығында сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі.

1. Банк саласындағы маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен ерекшеліктері.

Банктік салада маркетингтік зерттеу екі бағыт бойынша жүргізіледі: банктің ішкі мүмкіндіктерін талдау және банктің нарықтық мүмкіндіктерін талдау. Банктің ішкі мүмкіндіктерін талдауға төмендегілер жатады:

- Қаржылық-экономикалық жағдайын бағалау;

- Көрсетілетін қызмет тізімін талдау;

- Жоспарлау жағдайы;

- Техникалық жабдықтандыру деңгейін бағалау;

- Персоналдың мамандануы;

- Банктің нарықтағы стратегиялық мінез-құлқын бағалау;

- Ақпаратпен қамтамасыз етуді үйрену;

- Маркетинг қызметінің сапасы;

- Банктің ұйымдық құрылымын талдау.

Ішкі мүмкіндіктерді талдау банктік баланс арқылы өткізеді. Ол кіріс деңгейін, тәуекелділік дәрежесін, жеке және тартылған қаражат көздерін, олардың құрылымын белгілі бір күнге қойып, анықтауға көмектеседі.

Банктің бар мүмкіндіктерін анықтау банктік балансты талдау негізінде үш бағыт бойынша өткізіледі:

1. Функционалды талдау – банктің алдында тұрған міндеттерді сәйкесінше орындау және тиімділікті талдау.

2. Құрылымдық талдау – операция түрлеріне байланысты банктің пайда мен шығын, құрылымдық кіріс, жеке және қатыстыру қаражаттарын талдау.

3. Операциялық талдау – банктік қызметтердің маңызды операциялар кірісіне тереңдетілген зерттеу.

2. Нарық субъектілерін талдау, банктің сыртқы ортамен байланысы.

Банктің маркетингтік ортасын танып білу екі бағыт бойынша анықталады: макро және микроортаны талдау.

Банктің микроортасы банк ішіндегі қарым-қатынас, жабдықтаушылар, делдалдар, бәсекелестер, тұтынушылар және байланыс аудиториясынан тұрады.

Банк ішіндегі қарым-қатынас тек банктің ішкі мәдениетіне байланысты емес, сонымен қатар оның формальді және формальді емес ұйымдық құрылымына байланысты.

Маркетинг ұйымның ішіндегі салауатты қарым-қатынас маңыздылығын ескеру керек, сондықтан қарым-қатынастың ішкі банктер кешенін талдау қажет.

Жабдықтаушылармен қарым-қатынас жиһаз және банктік құрал-жабдықтар алған жағдайда қалыптасады, бұл банктік стратегияның маңызды бөлігі болып табылады.

Жабдықтаушылармен қарым-қатынас маркетингтік қызмет көрсететін ұйымдармен және несие-қаржылық мекемелермен ерекшеленеді.

Банктік индустрияға бәсекелестік жоғары дәрежеде дамыған қарым-қатынас тән. Банктің негізгі бәсекелестерін анықтау үшін бәсекелестерді талдау және банктің іс-әрекет тактикасын жасау негізінде қай бәсекелестен қалай қорғану, қайда және қай бәсекелеске шабуыл жасау керек екендігін анықтайды. Бәсекелестерді талдау келесілерді рұқсат етеді:

1. Бәсекелестердің күшті жақтарын максималды мүмкін болатын бейтараптандыру стратегиясын жасау.

2. Банк салыстырмалы түрде мықты позициялары бар қызметтерге күштерді жұмылдыру керек.

3. Болашағы бар тұтынушыларды ерекшелендіру.

4. Банк көрсететін қызметтердің мықты және әлсіз жақтары белгілі болған жағдайда сенімді болу.

Байланыс аудиториясының негізгі бес тобы бар: басқа қаржылық ұйымдар, БАҚ, мемлекеттік мекемелер, қоғам, банктің өз қызметкерлері.

Банктің макроорта факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және мәдени. Банк саласындағы саяси фактор ақша несие саясаты арқылы көрсетіледі. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие қарым-қатынасын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі реттейді.

Банктік қызмет нарығын реттеудің 4 әдісі бар:

1. Бағалы қағаздар ашық нарығындағы операциялар.

2. Банктің есеп мөлшерлемесінің өзгеруі.

3. Міндетті резерв мөлшері талаптарының өзгеруі.

4. Басқа да маңызды емес әдістер.

Сонымен қатар Ұлттық банкпен келесідей экономикалық нормативтер орнатылады:

- жарғы капиталының минималды мөлшері;

- банктің жеке құралдарының және оның актив сомасының арасындағы мөлшерінің сәйкестігі;

- банк балансының өтімділік көрсеткіштері;

- резервтердің міндетті мөлшері;

- Ұлттық банкте орналасуы;

- бір қарызға алушы үшін тәуекелділіктің максималды көлемі;

- валюталық, несиелік, курстық тәуекелділіктің максималды тәуекелділігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]