Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тех жалпы жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.27 Кб
Скачать

10.Дәрілік және қосалқы заттар

Солюбилизатор – фармакологиялық белсенді субстанциялардың биологиялық қабылдануын жақсартатын фармацевтикалық еріткіштер.

Қолданыстағы ең тиімді солюбилизаторлар- еріткіштер, миндаль майы, кастор майы, жүгері майы, этилолеат, глицерин, глицерилмоностеарат, зәйтүн майы, жаңғақ майы, полиэтиленгликоль, пропиленгликоль, соя майы.

Мысалы - аравиялық камедь, цетостеарилді спирт, холестерин, диэтаноламин, этиленгликоль, глицерин, глицерилмоностеарат, гидроксипропилцеллюлоза, лецитин , глицерид орташа ұзындықтағы тізбектер,моноэтаноламин, олеин қышқылы, пропиленгликоль, полиоксиэтиленді гликозид кастор , эфир май қышқылы , полиоксиэтиленстеарат, пропиленгликольальгинат, эфир сорбитті және майлы қышқыл, стеарин қышқылы , күнбағыс майы және триэтаноламин.

Бұл солюбилизаторларды жеке өзін немесе қоспа түрінде қолдануға болады. Солюбилизаторларды бөлме температурасында, сұйық күйінде болғаны дұрыс. Кастор майының полиоксиэтиленді және гликозид полиэтиленгликолын қолданған жөн.

Лецитин молекулалары қалдық майлардың құрамына кіреді (пальмитин, стеарин, олеино және т.б.). Лецитин барлық жануарлар мен өсімдіктер тіндерінің құрамына кіреді. Организимде лецитиндер май қышқылдарының алмасуына қатысады.

Емдік мақсатта лецитиндерді қолданады медицинада

(қан аздықта ), тамақ өнеркәсібінде (маргарин өндіруде), текстилдеуде , косметикалық өндірісте кеңінен қолданылады

Антиоксиданттар (грекше: antі — қарсы және oxіs — қышқыл) — тотығуға қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар; ағзаның қартаюын бәсендететін қышқылдану процестерін баяулататын химиялық заттар.

Олар полимердің тозуын, тағамдық майлардың ашуын, жанармайлар мен техникаға қажетті майлардың қоюлануын, қоқыстануын азайту үшін қажет.

Антиоксиданттар аталған мақсаттарға 0,01-0,001% мөлшерінде қолданылады. Табиғаты әртүрлі қаныққан және қанықпаған табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстар ферменттердің, оттектің және тотығу — тотықсыздану қасиеті төмен иондардың әсерінен асқын тотықтар түзеді де үздіксіз тізбекті реакцияға түсіп, тотыға отырып ыдырайды. Бұның бәрі бос радикалдардың пайда болуы нәтижесінде әрі қарай ыдырау процестерінің тізбектеле жүруіне себеп болады.

Антиоксиданттар бос  радикалдармен әрекеттесіп, өздері тұрақты бос радикалдарға айналады да тізбектеле өршіп, тотығу реакциясын тоқтатады не тежейді. Сақтау барысында дәрілік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін фармакологиялық белсенді субстанцияның тотығуын болдырмауға антиоксиданттар маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, антиоксиданттар, белгілі болғандай дәрілік заттардың ішке пероральді қабылдауынан кейін болатын асқазан сөліндегі қайта кристализациясы мен қайталамалы агрегациясын болдырмайды.

Бұндай қолданыстағы антиоксиданттарға - токоферол, аскорбин қышқылы және оның гликозидтері, бутилгидроксианизол, лимон қышқылы, эдетовты қышқыл , фумарлы қышқыл, алма қышқылы, монотиоглицерин, фосфор қышқылы, калий метабисульфиты , пропион қышқылы, пропилгаллат және сыра қышқылы жатады. Антиоксиданттарды бөдме температурасындасұйық күйінде қолдану ұсынылған. Сонымен бірге токоферолға жақын болатын, яғни фармацевтикалық құрамға сәйкес келетін материалдарды қолданған жөн.

Антиоқышқылды синергист – бұл антиоксиданттардың қышқылдануына қарсы әсерін күшейтетін материал. Мысалы, токоферолды антиоксидант ретінде қолданғанда лимон қышқылы антиоқышқылды синергист сияқты қосылуы мүмкін. Көп жағдайларда синергетикалық әсер тудыру үшін екі немесе оданда көп антиоксиданттар қолданылады. Осыған байланысты, қазіргі таңдағы зерттеулер жоқ дегенде бір антиоксидантты және тек бір антиқышқылды синергисті қолдануды қарастыруда.

Эмульгатор түрлері

Бейорганикалық электролиттер

Бейорганикалық электролиттер тиімділігі аз эмульгатор болып табылады. «Су-май» қоспасына натрий тиоцианитының KNCS аз концентрациясын қосқанда сұйылтылған бірінші ретті эмульсияны уақытша алуға болады. Сондықтан тамшылардың ҚЭҚ аралығындағы тебілу күші де аз болады. Тұрақтандырудың бұл типі қажетті концентрациялы жеткілікті өмір сүру уақыты бар эмульсиялар алу үшін өте әлсіз болады.

Үлкен молекулалық қосылыстар. Үлкен молекулалық қосылыстарды: протеиндер, каучуктер, шайырлар, резиналар, крахмалдар және басқа да полисахаридтер (мысалы, декстрин, метилцеллюлозалар), сонымен қатар синтетикалық полимер (мысалы, поливинил спирті) қолданғанда эмульсияның тұрақтылығы артады. Сабындарға қарағанда бұл заттардың ұзын тізбекті молекулалары полярлы топтардың біркелкі таралуымен «тамшы-орта» бөліну жазықтығында горизонтальды орналасады, мұнда олар өздігінен екі өлшемді құрылым түзіп оңай тігіле алады. Үлкен молекулалық қосылыстардың адсорбциясы әдетте баяу және іс жүзінде қайтымсыз болып табылады. Кейбір протеиндер адсорбцияланып, суда ерімейтін болып қалады. Егер осындай қабаттарды сығатын болсақ, олар бұзылып, фазааралық бетте берік эластикалық қабаттар ретінде қалып, микроскопиялық қалдықтар түзеді.