
- •1. Дәрілік түрлерді мөлшерлеу технологиясы.
- •2. Фармацевтикалық технологиядағы дозалау. Дозаларды жіктеу
- •3. Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар.
- •4. Қабылдау тәсіліне байланысты дозалаудың келесі түрлері бар:
- •8. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі
- •9. Дәрілік препараттардың фармакокинетикасы туралы негізгі түсініктер. Дәрілік заттардың асқазан-ішек трактісінен босап шығу, сіңірілу және бөлініп шығу жылдамдығы.
- •10.Дәрілік және қосалқы заттар
- •11. Көзге арналған дәрілік түрлер:
- •12. Салмақ бойынша дозалау
- •13. Дәрілік заттардың өнеркәсібінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер
- •15. Ауыз қуысының шырышты қабатының тамыр қабырғаларының өткізгіштігін және қабыну үдерістерін төмендетуге арналған дәрілік заттар
- •16. Ұнтақтардың технологиясы
- •17. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар
- •21. Дәрілік препараттардың өнеркәсіптік жағдайда өндірудің негізгі шарттары
- •23.Cұйық дәрілік формалар
- •25.Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық дәрілік препараттар технологиясы
- •28. Бюреткалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділерді дайындау
- •29. Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтары
- •30. Дәріханалық бюреткалық қондырғылар, дәріханалық бюреткалар және пипеткалармен жұмыс істеу ережесі
- •46.Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар
- •48. Суспензиялардың жіктелуі
- •49.Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері.
- •1. Бейорганикалық электролиттер
- •2.Коллоидтық беттік-активтік заттар
- •55. Жақпа майлар. Жақпа майлар жіктелуі. Негізге қойылатын талаптар
- •56. Линименттер. Пасталар
- •57.Ботқалар мен болюстер
- •58.Суппозиторий .Пластырлер
- •59.Жағар майлар.Жағар майларға негіздер.
- •1. Гидрофобты
- •2. Гидрофильдi
- •60. Суппозиторийлар дәрілік түр ретінде.Тарихы. Түрленуі
- •63.Шаншуға арналған дәрілік түрлер.
- •68. Органопрепараттар жануар мүшесі мен ұлпасынан алынаты дәрілер.
- •74.Максималды тазартылған органопрепараттар
- •75.Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы
- •76.Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібі
- •80.Сұйық дәрілік формалар технологиясында қолданылатын еріткіштер.
- •81.Сулы емес еріткіштер және сулы еріткіштер
- •82.Ұшпалыеріткіштер және ұшқыш еріткіштер
- •83.Ерітінділердің түрлері
- •85.Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер.
- •90.Шаншуға арналған препараттар
- •92.Дф жіктелуінің заманауи әдістерінің бірі дисперсологиялық зерттеу
- •97.Мемлекеттік Фармакопея
- •98.Шаншуға арналған дәрілік түрлердің технологиясы.
90.Шаншуға арналған препараттар
Нироглицерин препараты. Веналық қан-тамырларына әсер ететін препарат. Тамырдың бұлшық еттерінде азот оксиді босап шығады. Ол гуанил ациклазаны белсенді етеді, оның әсерінен бұлшық еттер босаңсиды. Препараттың әсерінен ишимияға ұшыраған тамырларға қан жүреді. Кіші қан айналым шенберіндегі қан қысымын төмендетеді.
Дозалау: әр науқас үшін доза және емдеу схемасын дәрігер анықтайды.
Дәрілермен әрекеттесуі ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданғанда нитроглицериннің қандағы концентрациясы артады. Сонын әсерінен бас ауруы пайда болуы мүмкін.
Нитроглицерин ацетилхалин гистамин норэпинефриннің әсерін төмендетеді. Гепраиннің әсерін төмендетуі мүмкін. Новокаинмен бірге қолданғанда гипотензиялық әсері артып коллапсқа әкеп соқтыруы мүмкін
Жағымсыз әсерлері: бас ауру, бас айналу, тохикардия, дененің ысуы, артериялық гипотензия, жүрек айну, құсу. Терінің қышуы, қызаруы.
Көрсетілімдер: миокард инфаркті, өкпенің қабынуы, стенокардия.
Қарсы көрсетілімдер: шок, коллапс, шұғыл миокард инфаркті, бас сүйек қысымының төмендеуі, глаукома.
Ерекше көрсетілімдер: ауыр анемияға ұшыраған, қарт адамдарда бауыры мен бүйрегі ауыратын адамдарға қолданғанда абай болуы керек! ЕМДЕУ БАРСЫНДА алкоголь қолдануға болмайды
. Бұл препарат психомоторлы әрекеттердің жылдамдығын төмендетендіктен көлік жүргізетін адамдарға абай болуы қажет.
Хондроитин сульфат.
Шеміршектің құрамына кіреді. Буын шеміршегінің желінуіне бөгет болады. Шеміршектің қалыпқа келуін жылдамдатады, қабынуға қарсы препарат. Препарат буын шеміршегінің қалыпқа келуін қамтамасыз етеді, буын сұйықтығының бөлінуіне әсер етеді.Буынның қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.
Қолдануға нұсқаулық: буын мен оммыртқаның осеоартрозы
Қарсы көрсетілімдер: хондроин сульфатқа сезімталдық, тромбофлебит, аяқ ауырлық, баланы емізу кезінде
Дозаны қабылдау: бұлшық етке күніне 1 мл. Емдеу курсы 25-35 инъекция
Жағымсыз әсерлері: аллергия, инъекция жасаған жердің қанталауы
Шығарылу формасы: бейтарап шыныдан жасалған ампулаларға құйылады. 10 ампуладан картонды қораптарға салынады.
Сақталу мерзімі 3 жыл
Сақтау жағдайлары: 18-22 С температурада, құрғақ, күн көзі түспейтін жерлерде сақталады. Дәрігердің рецепті бойынша босатылады.
Гепарин
Тікелей әсер ететін антикоагулянт: тромбиндің пайда болуын тоқтатады, қанның ұюына кедергі жасайды. Гепарин жедел миокард инфарктісінде, жүрекке және қан тамырларына операция жасағанда, өкпе және ми қан тамырларына тромбоэмболиясында, тромбофлебитте, тромбоэмболия асқынуларының алдын алу және емдеуде қолданылады.
Асқынулары: Геморрагиялық асқынулар: гематурия (қанның зәрде пайда болуы), буындарға қан құйылуы, ішектегі асқазан қан ағуы, тері астына, бұлшық етке инъекция жасаған жерде гематоманың пайда болуы. Қолдануға болмайтын жағдай: анемия, жара бар аурулар, қан аурулары. Қажетті заттар: 1 мл 5000 Ед гепарин ерітіндісі флаконда, 1-2 мл шприц, астауша, спирт, мақта шаригі.
91.Улы заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды. УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды. Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты. Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Улағыш заттардың жіктелісі Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді: жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан; терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді; Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген). УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді: өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір қышқылы, иприт, люизит, фосген); уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2; тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ. УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген). |
Өнеркәсіп орындарында, ауыл-шаруашылық өндірісінде, күнделік тұрмыс өмірде улылығы бар, сондықтан адамға және қоршаған ортаға зиянды көптеген химиялық заттар пайдаланылады. Олар авария себебінен төгілген немесе далаға атылған жағдайларда қоршаған ортаны зарардандыруға, ал адамдарды зақымдауға әкеліп соқтырады. Аталған заттар оларды өндіретін, пайдаланатын немесе сақтайтын кәсіпорындарда көп мөлшерде болады. Осы кәсіпорындар қатарына мынандайлар жатады: химиялық, дәрі-дәрмек өндіретін, қағаз шығару комбинаттары, қорғаныс, мұнай өңдеу, қара және түрлі-түсті металлургия зауыттары, минерал тыңайтқыштарын шығаратын кәсіпорындар сондай-ақ, азық-түлік, ет-сүт өнеркәсіп объектілері, тоңазытқыштар, сауда қоймалары, үй-жай тұрмысы шаруашылықтары. Кейбір жиі кездесетін қатты әсер ететін улы заттарды (ҚӘУЗ) атап өтсек, бұлар: хлор, аммиак (МН3), күкіртті сутегі (H28), фосген (COCL2), күкіртті ангридриды (8O2), бензол (C6H6), акрилонитрил (CH2=CH-CM), метиламиндер (CH3KH2), (CH3)2KH т.б.), көгерткіш қышқылы (HCM), тұз қышқылы (HCL), бром сутегі, фтор, фтор сутегі, азот қышқылы (HMO3), күкірт қышқылы (H28O4).