Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тех жалпы жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.27 Кб
Скачать

56. Линименттер. Пасталар

Линименттер – сұйық жағылмалар - өзінің атауын латынша "linire" - ысқылау деген мағынаны білдіреді, яғни теріге ысқылау үшін қолданылады, сирек жағдайда тампон және таңу түрінде кездеседі. Кейінге дейін линименттер жеке арнайы дәрілік қалып ретінде саналды, олар дене температурасында еритін қоймалжың сұйықтық, құрамы бір немесе бірнеше дәрілік зат және негізден тұрады. Линименттердің сұйық жағылмалар түрінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Оларды даярлау үшін негіз ретінде жиі өсімдік (күнбағысбадамшабдалы, майсана) майларын, тазартылған терпентин майын, вазелин майын, димексид, метилсалицилат,хлороформ, эсилон және т. б. қолданылады. Линименттерге дәрілік заттарды жағылмадағы принцип бойынша енгізеді, сәйкесінше гомогенді, суспензиялы, эмульсионды және комбинирленген линименттер алады. Гомогенді препараттар бір бірінде еритін компоненттерден тұратын сұйық қоспалар, бұларды ұшпайтын еріткіштердегі сусыз ерітінділерге жатқызуға болады. Суспензиялы линименттерді дайындауда дәрілік заттар жағылмада жазылған сұйық компоненттің және ұшпайтын компоненттің біреуімен диспергирленеді. Жағылмалардан суспензиялы линименттер жоғары емес седиментациялық тұрақтылығымен ерекшеленеді. Оны жоғарылату үшін қоймалжыңдар қолданылады, бірінші кезекте аэросил жалпы массада 3-5%. Тұрақтандырылған линимент болып Вишневский бальзамы табылады. Оныңқұрамы 3 г деготь 3 г ксероформ, 5 г аэросил, 89 г майсанамайы. Біріншімайсанамайыменаэросилдіараластырады, яғниқоюландырады. Жеке ксероформ мен деготьтыысқылайды. Сосынекі линимент бөлімінқосып, біртектіқоймалжыңжәнетұтқыр консистенция алғаншамұқиятараластырады. Эмульсиондылинименттерсуспензиялылинименттерсияқтытұрақтандырудықажететеді. Жеке жағдайдаэмульгаторлар линименттерқұрамынакіретінингредиенттердіңбірбіріменәрекеттесуінәтижесінде.

Суспензиялық мазьдар құрамында, 25%-дан астам қатты дәрілік заттар болатын затты паста деп атайды. Мысалы, салицил-цинк пастасы, құрамы: салицил қышқылы 2,0, мырыш оксиді 25,0, крахмал 25,0 және вазелин 48,0.

Пасталарды ереже бойынша дайындайды, тек негізді түгел балқытады және оны екі мезгілде қосады.

57.Ботқалар мен болюстер

Боткалар – electuaria. Бұл қоюлық дәредесі мен құрамдық тегі әртүрлі дәрілік және индиференттік форма құрағыш заттарды араластыру арқылы алынатын қамыр тәрізді форма. Ботқалар жасағанда төмендегі ережелерді басшылыққа алады:

1. Егер негізгі зат өсімдік тектес болса, форма құрағыш зат ретінде: шырыштардың ⅓ - ½ бөлегін, сироп пен балдың ½ - ¾ бөлегін, майлардың 1 бөлегін алады.

2. Егер әсерлік негізі анорганикалық заттар немесе бальзам және жұққыш май болса, форма құрағыш зат ретінде, шырыштардың ½ -⅓ бөлегін, өсімдік сірінділерінің ½ - ¾ бөлегін, сироп және балдың 1 бөлегін алады.

Қоюлық дәрежесіне қарай ботқалар қою (electuria spissa) және қойыртпақ (electuria tenua s. mollia) болып екіге бөлінеді.

Ботқалар тұрақсыз дірілік формаға жатады. Олардың 1-3 күнге ғана даярлайды, глицерин қосып, оларды шіруден сақтайды. Ботқаларды салқын жерде сақтау керек. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек. Ботқалар дайындау. Алдымен ботқа құрамына кіретін ұнтақтарды араластырып, сонсоң сұйқылтым және сұйық заттарды қосып, оларды біркелкі қойыртпаққа айналдырғанша былғайды. Егер ботқа құрамына қою сірінділер кірсе, оларды сұйық заттармен араластырады, сонсоң бұл қоспаны өсімдік тамырларына қосады. Ботқаның құрамында еритін тұздар болса, оларды суда ерітеді немесе ұнтаққа айналдырады: тұтқыш заттар біртіндеп қана қосылады.Ботқаларды дәріханада немесе іші айналдыра парафиндалған, жылтыр немесе құрғақ қағаз төселген коробкаларға салып жібереді. Ботқаларды жазып бергенде формаға құрағыш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады.

Болюстер- дөнгелектеу немесе сопақша келген, консистенциясы- жұмсақ, ішке беруге арналған дәрілік зат формасы. Бұл әсер беретін заттарды құрамында шырыш кездесетін өсімдік ұнтақтарымен және су немесе басқа сұйықтармен араластырып жасайтын дөңгелек яки жұмыртқа тәрізді қатты дәрілік форма. Болюстерді балзамдар мен ағаш шайырын көк сабынмен араластырып жасайды.

Болюстер бір немесе бір неше дәрілік заттардан және форма түзгіш (беретін) заттардан (contituens) тұрады. Форма түзгіш зат ретінде: қара бидай ұны (farina Secalina), бидай ұны (farina Tritici), жабызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), орал мия тамырының ұнтағы (pulvis radicis Alycyrrhizae), ақ саз (pulvis alba), глинозем (argilla alba), сондай-ақ көк сабын (sapo viridis), глицерин сүртпе майы (unguentum Glucerini) т.б. қолданылады. Тез кебетіндіктен (көгеріп кетеді), болюстерді 1-2 күнге жететіндей етіп қана дайындайды. Оларды көбінесе ірі малдарға тағайындайды. Болюстердің ең жоғарғы салмағы 50,0 –ға, орташа салмағы 25,0-30,0 –ға тең болады.

Ұнтақтар сыяқты, болюстерді де екі әдіспен жазады, ал рецепті ut f. bolus D. t. d. №…( болюс жаса, осындай дозалардың….санын бер), немесе Ut. f. boli №…(болюстерді жаса....санын бер), формуларының біреуімен аяқталады.