
- •1. Дәрілік түрлерді мөлшерлеу технологиясы.
- •2. Фармацевтикалық технологиядағы дозалау. Дозаларды жіктеу
- •3. Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар.
- •4. Қабылдау тәсіліне байланысты дозалаудың келесі түрлері бар:
- •8. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі
- •9. Дәрілік препараттардың фармакокинетикасы туралы негізгі түсініктер. Дәрілік заттардың асқазан-ішек трактісінен босап шығу, сіңірілу және бөлініп шығу жылдамдығы.
- •10.Дәрілік және қосалқы заттар
- •11. Көзге арналған дәрілік түрлер:
- •12. Салмақ бойынша дозалау
- •13. Дәрілік заттардың өнеркәсібінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер
- •15. Ауыз қуысының шырышты қабатының тамыр қабырғаларының өткізгіштігін және қабыну үдерістерін төмендетуге арналған дәрілік заттар
- •16. Ұнтақтардың технологиясы
- •17. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар
- •21. Дәрілік препараттардың өнеркәсіптік жағдайда өндірудің негізгі шарттары
- •23.Cұйық дәрілік формалар
- •25.Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық дәрілік препараттар технологиясы
- •28. Бюреткалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділерді дайындау
- •29. Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтары
- •30. Дәріханалық бюреткалық қондырғылар, дәріханалық бюреткалар және пипеткалармен жұмыс істеу ережесі
- •46.Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар
- •48. Суспензиялардың жіктелуі
- •49.Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері.
- •1. Бейорганикалық электролиттер
- •2.Коллоидтық беттік-активтік заттар
- •55. Жақпа майлар. Жақпа майлар жіктелуі. Негізге қойылатын талаптар
- •56. Линименттер. Пасталар
- •57.Ботқалар мен болюстер
- •58.Суппозиторий .Пластырлер
- •59.Жағар майлар.Жағар майларға негіздер.
- •1. Гидрофобты
- •2. Гидрофильдi
- •60. Суппозиторийлар дәрілік түр ретінде.Тарихы. Түрленуі
- •63.Шаншуға арналған дәрілік түрлер.
- •68. Органопрепараттар жануар мүшесі мен ұлпасынан алынаты дәрілер.
- •74.Максималды тазартылған органопрепараттар
- •75.Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы
- •76.Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібі
- •80.Сұйық дәрілік формалар технологиясында қолданылатын еріткіштер.
- •81.Сулы емес еріткіштер және сулы еріткіштер
- •82.Ұшпалыеріткіштер және ұшқыш еріткіштер
- •83.Ерітінділердің түрлері
- •85.Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер.
- •90.Шаншуға арналған препараттар
- •92.Дф жіктелуінің заманауи әдістерінің бірі дисперсологиялық зерттеу
- •97.Мемлекеттік Фармакопея
- •98.Шаншуға арналған дәрілік түрлердің технологиясы.
46.Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар
Коллоидты ерітінділер. Көптеген косметикалық сұйықтықтар коллоидтық ерітінділер күйінде болады. Коллоидты ерітінділер таза гомогенді ерітінді емес. Онда сұйық немесе газды ортада (мысалы, суда) кішірек молекулалардан тұратын ірі молекулалар немесе бөлшектер диспергирленеді. Коллоид немесе коллоидты бөлшек кішкентай болғаны соншалықты жерге түспей, қалқымалы күйде тұрады. Оның бөлшектірінің көлемі 1-ден 100 нм-ге дейін ауытқиды, ал ең үлкені 500 нм болады.
Тірі ағзада барлық физиологиялық үдерістер ерітінділерде, коллоидты ерітінділерде және гельдерде (гель – тығыз коллоидты ерітінді) жүзеге асырылады. Тірі ағзалардағы физиологиялық үдерістер сұйық ортада жүреді, ал жасушалардағы бөлшектер жоғары молекулалы органикалық қосылыстардан тұрғандықтан, коллоидтық ерітінділердің барлық тіршілік үдерістерінде атқаратын маңызы зор. Қарапайым коллоидтық ерітінділердің мысалы ретінде жұмыртқа мен соя ақуыздарын, сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың ерітінділерін, желатин және лецитин желесін, желімдерді қарастыруға болады. Барлық коллоидтық ерітінділердің негізгі компоненті,әрине су-(90%-дейін). Судың мөлшері 90%-дан едәуір аз болатын тығыз коллоидтық ерітінділер гель деп аталады. Ал косметикада түрлі гельдер кеңінен қолданылады..
Барлық коллоидты ерітінділер-дің сәуле шашырату кабілеті болады (мұны опалесценциялау дей-ді). Бұл құбылысты тәжірибе жүзінде жасап көруге болады. Ол үшін сәуле жолына линза қойып, одан шықкан сәулені коллоидты ерітінді аркылы жіберсе, одан опалесценцияны көруге болады. Мұны Тиндаль конусы дейді.
Нағыз ерітінділермен салыстырғанда коллоидты ерітінділер-дегі диффузия жылдамдығы төмен.
Нағыз ерітінділер өте тұрақты, ал коллоидты ерітінділер тұ-рақсыз. Олай болса, коллоидты бөлшектер болмашы ғана сыртқы әсер салдарынан қоагуляцияланады.
Коллоидты ерітінділер, әдетте, электрофорез құбылысына бейім. Бұл құбылыс электр өрісіндегі коллоидты бөлшекті ОЕ, не теріс электродқа тасымалдаумен сипатталады.
Суспензиялардың сипаттамасы, жіктелуі
Суспензиялар – бұл дисперстік фазасы 10-5см-ден үлкен өлшемді қатты заттың бөлшектері, ал дисперсиялық ортасы – сұйықтық болып келетін дисперсиялық жүйелер.
Суспензияларды шартты түрде бөлшек сияқты белгілейді: бөлімінде ортаның агрегаттық күйі, ал алымында дисперстік фазаның агрегаттық күйі көрсетіледі: Қ/С. Суспензияларға басқа да анықтама беруге болады: суспензиялар - бұл сұйықтықтардағы ұнтақтардың жүзгіндері.
Формальды түрде суспензиялар лиозольдерден (коллоидтық ерітінділерден) дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдерімен ғана ерекшеленеді. Суспензиялардағы қатты бөлшектердің өлшемдері (10-5 см үлкен) лиозольдердің (10-7-10-5 см) өлшемдеріне қарағанда бірнеше реттелікте үлкен болуы мүмкін. Бұл сандық айырмашылықтар суспензиялардың маңызды ерекшеліктерін, көптеген суспензияларда қатты фазалардың бөлшектері броундық қозғалысына қатыспайтынын көрсетеді. Сондықтан суспензиялардың қасиеттері коллоидтық ерітінділердің қасиеттерінен ерекше болады; оларды дисперстік жүйелердің жеке бір түрі ретінде қарастырады.
Суспензиялардың жіктелуі
Суспензиялар бірнеше белгілері бойынша бөлінеді.
Дисперстелген ортаның табиғаты бойынша: органикалық суспензиялар (дисперсиялық ортасы – органикалық сұйықтық) және сулы суспензиялар (дисперсиялық ортасы су болады).
Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері бойынша: дөрекі суспензиялар (d>10-2 см); жұқа суспензиялар (-5*10-5<d<10-2 см), лайлар (1*10-5<d<5*10-5 см).
Дисперстік фаза бөлшектерінің концентрациясы бойынша: сұйылтылған суспензиялар және концентрленген суспензиялар (қойыртпақтар).
Эмульсия (лат. emulgere – сауу және франц. emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады.