Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
потенциал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.89 Кб
Скачать

14. Комфорттық жағдай түсінігі

Комфортық жағдай — денеге өте жағымды. 31-33° температурадағы жылы сезім, бұл жағдайда адам ыстықты да, суықты да сезбейді. Оның белгілі бір мөлшерге төмендеуі адам денесінің белгілі бір мөлшерде салқындауына әсер етеді. Ыстық ауада температураны реттеу механизмі арқылы адам терлеп-тепшісе, суық ауада тері температурасының орта өлшем мөлшерімен бағаланады. Осы соңғысына байланысты Е.М. Ратнер (1967) ауа райы түрлерін бақылауда кездесетін жайларды кластарға бөлді. Корсетілген әдістемені қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге болады: климат жағдайының қолайлылығына байланысты демалу, туризм, емдеу үшін география-лық аудандар жасауға болады.

15. Рекреацияның типтері.

Рекреация жаңаны танудан басқа, стресс, шаршағандыққа реакция болып келеді. Адамның өмірінде стресстік жағдай, шаршағандық көп болған сайын, рекреацияда қажеттілігі күшейеді. Бұл заңдылық ең белсенді рекреанттар болып басым ірі, үлкен қалалардың түрғындары болады. Адам шаршағанын тәуліктік, апталық, квартальдық және жылдық циклдер есебінен қайта қалпына келтіріледі.

Кеңістік көз қарасынан рекреацияның екі стандарты – белсенді және пассивті түрлері ажыратылады. Мекен жайынан жақын жерде, немесе мекен жайының шегінде демалуды «пассивтік рекреация» деп түсінеді. «Белсенді рекреация» негізгі мекен жайынан алыс қашықтаған жерде демалу. Рекреациялық әрекеттің қайталану критериялары негізінде рекреацияның 5 түрін ажыратуға болады:

1) Тәуліктік демалу – 24 сағаттық цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шамамен 8 сағат, бұл – ұйқы.

2) Апаталық демалу – 7 күндік цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шартты түрде 6 – 8 сағат. Бұл демалыс мекен жайынан жақын орналасқан демалу орындарына бару, мысалы, саябақтар, зообақ т.с.с., сонымен қатар табиғатта шығып демалу.

3) Квартальдық демалу – 65 – 90 тәуліктік цикл. Орташа есеппен тікелей демалуға арналған уақыт көлемі 8 сағат. Демалудың квартальдық циклі басым біркүндік, мекен жайынан алыс емес жерге барып демалуды түсінеді. Бірақ сонымен қатар түрақты мекен жайынан алысқа кету шарт емес.

4) Жылдық демалу – 365 тәуліктік цикл. Демалуға арналған тікелей уақыт 10 – 14 тәулік деп белгілеуге болады. Демалудың жылдық циклі әр түрлі мақсатпен түрақты мекен жайынан алыс жерде (оқу, діни, курорт, спорттық демалу т.с.с.) болғанын түсінеді. Бірақ мекен жайымен шектелуге де болады, квартальдық демалу циклінен өзінің ұзақтылығымен сипатталады.

5) Өмірлік демалу – В.Б. Николаенко бойынша [15] – шамамен 10 – 15 жылды қамтиды. Бұл циклде мекен жайынан аса ұзақ орындарға бару, мұндай циклдер барлық адамдарда болмайды, оның себептері тосаттан болады.

16. Мәдени туризмнің түрлері

Мәдени-тархи- елдің тарихына деген қызығушылық , тарихи ескерткіштер, тарихи жерлерге бару,тақырыптық тарихи дәрістрге қатысу.

Мәдени-оқиғалық-ескі дәстүрлерде және жаңашыл қойылымарға (фестиваль,мерекелер) қатысу.

Мәдени-археологиялық-мемлекеттердің археологиясына қызығушылық, қазба жұмыстарына және археологиялық экспедицияларға қатысу.

Діни-ағымдық-дінге немесе діни мемлекеттерге деген қызығушылық, діни орталықтар және діни дәрістерге қатысу.

Мәдени-этнографиялық- ата-бабалаының жеріне бару, халқының мәдениетімен танысу.

Мәдени-экологиялық- табиғаттағы ерекше жерге қызығушылық, табиғи мәдени ескерткіштерге,табиғи-мәдени ансамблдерге бару, мәдени экологиялық бағдарламаларға қатысу.

Мәдени-антропологиялық- ұлттың дамуына қызығушылық.