Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
потенциал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.89 Кб
Скачать

7. Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік

Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз қарасы ажыратылады:

- қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі);

- әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі);

- субъективтік көз қарас (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін зерттейді).

Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.

8.Турнстік ресурстарға баға берудің түрлері

1. Медико-биологиялық (физиологиялық) - демалысты уйымдастыру үшіп табиғи ландшафты ортаның комфорттық дәрежесін табу;

2. Психолого-эстетикалық - табиғи ортаның табиғаггың жөне модени-тарихи объектілердің демалушыларға аттрак-і иіітік эмоциялық осерлеріне талдау жасау;

3. Технологиялық - арнайы және кешенді ТРЖ қүрудың мүмкіндіктерін, туризмнің әр түрлі түрлерін үйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтайды. Ресурстардың жалпы бағалылығын анықтау. үшін, олардың түрлерін тиімды пайдалану үшін рекреациялық ресурстардың кешендік түрі барлық үш турлі бағаның үйлесімді болуын керек етеді.

9. Баға берудің медико-биологиялық түрі

Табиғи факторлардың адам организміне әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы бағаланады. Медико-биологиялық баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен  туристердің климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген (Чубуков, 1975). Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі. Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмінің жағдайы болу керек. Сондықтан, климатқа рекреациялық баға беру адам организмінің метеорологиялық факторларға байланысын тексеру болмақ. Шартты температура ілімімен "комфорт зонасы" байла-нысты, көптеген адамдар үшін 17 пен 23 арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін "комфорт зонасы" 12 пен 16 арасындағы эквивалентті-әсерлі температурада болады.

10. Психологиялық-эстетикалық баға

Психологиялық-эстетикалық баға бергенде адамға табиғи ландшафт пен оның компоненттерінің ерекше әсерлерін бағалайды. Ол адамның табиғи кешенге эстетикалық реакция-сымен анықталып қана қояды. Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафтың эстетикалық қасиетін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынды. Сонымен, АҚШ-тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымдылық әсер алатыны – шектік зоналар мен фокустік пунктер. Шектік зоналар деп әр түрлі екі ортаның арасындағы шекаралық сызықты айтады: су - құрлық (қатты әсер), орман – алаңқай (орташа әсер), төбешіктер – жазық (нашар әсер). Осындай бақылаулардың арқасында біршама сандық көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндіктер туды, жеке алғанда "шектік" әсері деген территорияның қанықтық көрсеткіші: Нш.ә. = Lш / S, мұнда Lш – шеттік сызықтың ұзындығы, S – территорияның көлемі.