- •1. Аймақтың туристік потенциалын бағалау курсының зерттеу объектісі
- •2. Аймақтың туристік потенциалын бағалау курсының міндеттері мен бағыттары.
- •3. Туристік-рекреацияцық ресурстарға анықтама беріңіз
- •4. Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.
- •5. Рекреациялық ресурстардың басты сипаттамасы
- •6. Территорияны рекреациялық бағалау әдістері
- •7. Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік
- •8.Турнстік ресурстарға баға берудің түрлері
- •9. Баға берудің медико-биологиялық түрі
- •10. Психологиялық-эстетикалық баға
- •11. Технологиялық баға беру
- •12.Рекреациялық сыйымдылық
- •13. Туристік рекреациялық потенциалға баға беру
- •14. Комфорттық жағдай түсінігі
- •15. Рекреацияның типтері.
- •16. Мәдени туризмнің түрлері
- •17. Мәдени туризм сатылары
- •18. Аймақтағы мәдени кешендерге баға беру әдістері. Рекреациялық маңыздылығына қарай бағалау
- •23. Климаттың рекреациялық бағалануы.
- •24. Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру.
- •25. Геоморфологиялық, гидрологиялық рекреациялық ресурстар
- •26. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау
- •27. Туристік ресурстарды бағалау:
- •28. Мәдени мұра бағдарламасы
- •29. Әлемдік мұра
- •30. Демалыс пен туризм ресурстарының классификациясы(тура, жанама)
- •31. Рекреацияның функциялары қалай топтастырылады:
- •32. Республикамыздың рекреациялық ресурстары
- •33. Туристік аудандастыру
- •34. Рекреациялық аудандарға бөлудің үрдістері.
- •35. Рекреациялық және туристік аудандардың негізгі белгілері:
- •37. Аудандардың тактикалық және стратегиялық типологиясы.
- •38. Территориалды-өндірістік кешен және территориалды-шаруашылық кешен түсінігі
- •39. Экономикалық кеңістік түсінігі, факторлары
- •40. Туристік орталық пен туризм орталығы түсініктерінің айрмашылығы
- •41. Туристік орталық классификациясы
- •42. Туристік дестинация және оның даму фазалары
- •43. Рекреациялық аудандастыру.
- •44. Туристік кеңістік жайлы.
- •45. Экотуризм түсінігі және белгілері.
- •46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы, топтары.
- •47. Қорықтар түсінігі, құрылу мақсаты.
- •48. Қорықтар-қорықшалар, қорықтар-ұлттық саябақтар айырмашылығы мен ұқсастығы.
- •49. Қазақстандағы қорықтар
- •51. Қорықтардағы экскурсиялық-ағартушылық қызмет
- •52. Ақпараттық қоғам
- •53. Туризм индустриясы
- •54. Электрондық бизнес
- •55. Туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы:
- •56. Ақпараттық менеджмент
- •57. Туризм индустриясында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
- •58. Батыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама
- •59. Батыс Қазақстанның экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:
- •60. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы:
- •61. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері:
- •62. Шопан-Ата жер асты мешіті:
- •64. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:
- •65. Шығыс Қазақстан облысының көлік қол жетімділігі:
- •66. Шығыс Қазақстан облысының археологиялық ескеткіштері:
- •67. Марқакөл мемлекеттік қорығы:
- •68. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі:
- •69. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу кесенесі:
- •70. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:
- •71. Рекреациялық аймақ түсінігі. Солтүстік Қазақстанның рекреациялық аймақтары.
- •72. Баянауыл ұлттық табиғи паркі:
- •73. Бурабай курорты. Курорт потенциалын бағалау.
- •74. Наурызым қорығы
- •75. Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы
- •77. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:
- •78. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының халқы.
- •79. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштері. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
- •86. Табиғи ұлттық парк түсінігі. Қарқаралы ұлттық табиғы паркі:
- •87. Орталық Қазақстанның халқы
66. Шығыс Қазақстан облысының археологиялық ескеткіштері:
Қазақстанның шығыс өңірінде көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштердің тобы. Негізінен қазіргіШығыс Қазақстан облысының аумағындағы жәдігерлерді біріктіреді. Түрлі тарихи дәуірлерді қамтитын, көлемі бойынша Қазақстандағы аса үлкен топтардың бірін құрайтын, саны жағынан мыңдап саналатын ескерткіштерді зерттеу 19 ғасырда басталды. Оған белгілі ғалымдар: Г.И. Спасский, А.В. Адрианов, Н.Я. Коншин, В.В. Радлов, С.С. Черников, С.Аманжолов, А.Аманжолов, С.С. Сорокин, А.А. Крылова, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев, Ф.Х. Арсланова, С.Ақынжанов, З.Самашев, Ю.И. Трифонов, Ж.Таймағамбетов, А.А. Чариков, А.С. Ермолаева, Ә.Төлеубаев, Г.Г. Петенева, т.б. ат салысты. Тас дәуірі ескерткіштері арасында ең көне уақытқа жататын нысан ретінде Күршім ауданындағы ерте палеолиттік (ашель кезеңі) Қозыбай тұрағы белгілі. Бұдан кейінгі, яғни мустье кезеңіне қарасты ескерткіштерден Қанай (ерте қабаты), Нарым, Бөдене-1 тұрақтары ашылған. Свинчатка, Пещеры, Қанай (жоғарғы қабаты), Новоникольское, Хайрюзовка, Шульбинка тұрақтары кейінгі палеолитке тән құралдардың маңызды тобын берді. Тас дәуірінің ең соңғы сатысы болып табылатын неолит кезеңіне жататын көрнекті ескерткіштерден тас құралдармен қатар, қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған Усть-Нарым, Малокрасноярка тұрақтары жақсы белгілі (біздің заманымыздан 3-мыңжылдық). Қола дәуірінде өлке тұрғындарыныңэкономикасы мен қоғамы күрт дамыды, ескерткіштердің таралу аумағы анағұрлым кеңіп, адам тіршілігіне қолайлы, ұрымтал, нулы-сулы алқаптарда көлемді қоныс-мекендер мен қорым-зираттар пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, көне экономиканың шұғыл көтерілуіне тікелей әсер еткен факторлардың арасында мал шаруашылық мен егіншілікке қолайлы алқаптардың болуы ғана емес, әсіресе, бұл өлкелерде мысалы, қалайы, алтын, қорғасын, темір сияқты металл кендерінің аса зор қорларының орналасуы маңызды орын алды. Мұны археологиялық барлау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған ондаған көне кен орындары нақты дәлелдеп отыр. Қола дәуірінің андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын федоров мәдениеті ескерткіштерінің өте үлкен тобы анықталған. Қанай ауылы маңынан зерттелген қоныс, зират пен ғұрыптық орынның аса құнды деректері ғылымның алтын қорына енді. Зевакино зираты құрамында 500-ден астам нысан бар аса көрнекті ескерткіш. Трушниково, Малокрасноярка қоныстарынан алынған бірегей материалдар осы өлке ғана емес, жалпы Қазақстанның соңғы қола кезеңіне қатысты құндылықтарға айналды. Қола мен ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан өтпелі кезең ескерткішіне жататын Измайловка зиратынан қызықты әрі бірегей мәліметтер алынды. Ерте темір дәуірінде өлкені мекендеген сақ тайпаларының жүздеген ескерткіштері анықталып отыр. Тас, топырақтан үйілген обалары бар сақ қорымдары Ертіс пен оның салаларының алқаптарында, Қалба-Нарымның теріскей және күнгей беткейлерінде, Шыңғыстау мен Тарбағатайдың жоталарында, Шілікті алқабында жиі кездеседі. Бұл дәуір тұрғындарының мәдениетін зерттеуші ғалымдар оны 3 кезеңге бөліп қарастырады: майемер (біздің заманымыздан 7 – 6 ғасырлар),берел (б.з.б. 5 – 4 ғасырлар) және құлажорға (б.з.б. 3 – 1 ғасырлар) кезеңдері. Атап айтқанда, зерттеу деректері Шілікті және Берел сияқты сақ обаларынан алынып отырған соны материалдармен кеңінен толықтырылды. Орта ғасырлар дәуірінің жәдігерлері арасында Түрік қағандығы кезеңінің жерлеу орындары мен көптеген тас мүсіндері, әсіресе, Ертіс бойында көптеп саналатын қимақ (кимек) обалары, қыпшақ заманының жәдігерлері белгілі. Ескерткіштердің айрықша түріне өлкеде кеңінен тараған тастағы таңбалар, яғни петроглифтер жатады. Көне замандардан бастап орта ғасырларға дейінгі уақытты қамтитын петроглифтердің бірнеше мың үлгісі сақталған. Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштерін ашып-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қазақстанның, Кіндік Азияның, тіпті бүкіл далалық Еуразияның көне және ортағасырлық тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар құнды деректердің өте көлемді тобы жинақталған
