Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
потенциал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.89 Кб
Скачать

64. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:

Қазақстан Республикасының шығысында орналасқан. 1932 жылы 10 мартта құрылган. Батысында Сөмей облысымен, солтүстігінде РСФСР-дің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде және шығысында Қытаймен шектеседі. Жері 97,3 мың км2. Халқы 914,9 мың (1985). Облыс ауыл шаруашылық саласында қол жеткен табыстары үшін 1967 ж. 9 июньде Ленин І орденімеп паградталған. Орталығы — Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облысының көп бөлігін Алтай тау жүйесінің және Оңтүстік Алтай жоталары (Сарымсақты жотасы, Нарын жотасы, Үлбі жотасы, Куршім жотасы, Уба жотасы) алып жатыр. Қиыр солтүстігін Қатын жотасы (облыстың ең биік жері — Мұзтау осында, биікт. 4506 м), оңтүстігін Тарбататай, Сауыр ‘ жотасы, Буцтырма бөгенінен батысқа Қалба жотасы қамтиды. Облыстың оңтүстігіп алып жатқан Зайсан көлінің шұңқыры біршама жазық келеді. 

65. Шығыс Қазақстан облысының көлік қол жетімділігі:

Шығыс Қазақстан облысында темір, автомобиль, су және әуе жолы қатынастары дамыған. 2005 ж. облыс бойынша:

автомобиль жолының ұзындығы 11830 км, темір жолдың ұзындығы 1203 км, су жолының ұзындығы1084 км болды.

Автомобиль және су жолының ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикада 1-орынды алады. Темір жол көлігі облыс орталығы Өскемен қаласын Семей, Аягөз, Шемонаиха, Риддер және Зыряновск қалаларымен байланыстырады. Облысты шетке шығаратын темір жолы тармақтары:

Семей – Алматы, Семей – Локоть, “Защита” – Локоть

2005 ж. Курчатов – Шар темір жолы салынды, ал оның жалғасы (ұзындығы 150 км) 2007 ж. облыс орталығы Өскемен қаласына дейін жететін болды. Сөйтіп облыста Түркістан – Сібір темір жолымен қиылысатын екінші темір жолы – Курчатов – Шар – Өскемен темір жолы іске қосылатын болады. Автомобиль көлігі автожолдар мен темір жолдар қиылысатын ірі қалалар мен аудан орталықтарында үлкен жол тораптарын жасай отырып, жолаушылар мен жүк тасу жұмыстарын іске асыруда үлкен рөл атқарады.

Бұл көліктің жұмысы республикалық маңызы бар:

Алматы – Семей, Семей – Павлодар, Семей – Курчатов, Жаңғызтөбе – Өскемен, Георгиевка – Көкпекті – Зайсан, Аягөз – Үржар – Бақты;

облыстық маңызы бар

Аягөз – Баршатас – Қайнар, Семей – Қарауыл – Қайнар, Көкпекті – Самара – Өскемен, Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Бергіел, Өскемен – Шемонаиха, Өскемен – Риддер, Өскемен – Зыряновск, Күршім – Қалжыр,Семей – Қайнар

Автомобильді жолының жиілігі бойынша (әр 1000 км2-ге шаққанда 38,9 км). Шығыс Қазақстан облысы республикада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейін 5-орынды алады. Су жолы қатынасы түгелдей Ертіс өзені арқылы іске асырылады. Ертіске автомобиль жолдары келіп түйісетін тұстардағы 15-ке жуық елді мекенде өзен айлақтары жұмыс істейді. Өзен жолы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Павлодар облысымен, одан әрі Ресейдің Омбы облысыменқатынасады. Әуе жолы облыс орталығы мен Семей қаласын Астана, Алматы қалаларымен және республиканың басқа облыс орталықтарымен жалғастырады. Шығыс Қазақстан облысы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудың көлемі бойынша республикада 1-орында, жолаушылар тасымалдаудың көлемі бойынша Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан кейін 3-орында келеді. 2005 ж. олардың жалпы көлемі тиісінше 257,1 млн т-ға және 969,7 млн адамға жетті. Жүк және жолаушылар айналымы бойынша да облыс республикада елеулі орындарға ие. 2005 ж. көліктің барлық түрі бойынша жүк айналымы 4904,1 млн тонна-километр, жолаушылар айналымы 7959 млн жолаушы-километр болды.