- •1. Аймақтың туристік потенциалын бағалау курсының зерттеу объектісі
- •2. Аймақтың туристік потенциалын бағалау курсының міндеттері мен бағыттары.
- •3. Туристік-рекреацияцық ресурстарға анықтама беріңіз
- •4. Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.
- •5. Рекреациялық ресурстардың басты сипаттамасы
- •6. Территорияны рекреациялық бағалау әдістері
- •7. Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік
- •8.Турнстік ресурстарға баға берудің түрлері
- •9. Баға берудің медико-биологиялық түрі
- •10. Психологиялық-эстетикалық баға
- •11. Технологиялық баға беру
- •12.Рекреациялық сыйымдылық
- •13. Туристік рекреациялық потенциалға баға беру
- •14. Комфорттық жағдай түсінігі
- •15. Рекреацияның типтері.
- •16. Мәдени туризмнің түрлері
- •17. Мәдени туризм сатылары
- •18. Аймақтағы мәдени кешендерге баға беру әдістері. Рекреациялық маңыздылығына қарай бағалау
- •23. Климаттың рекреациялық бағалануы.
- •24. Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру.
- •25. Геоморфологиялық, гидрологиялық рекреациялық ресурстар
- •26. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау
- •27. Туристік ресурстарды бағалау:
- •28. Мәдени мұра бағдарламасы
- •29. Әлемдік мұра
- •30. Демалыс пен туризм ресурстарының классификациясы(тура, жанама)
- •31. Рекреацияның функциялары қалай топтастырылады:
- •32. Республикамыздың рекреациялық ресурстары
- •33. Туристік аудандастыру
- •34. Рекреациялық аудандарға бөлудің үрдістері.
- •35. Рекреациялық және туристік аудандардың негізгі белгілері:
- •37. Аудандардың тактикалық және стратегиялық типологиясы.
- •38. Территориалды-өндірістік кешен және территориалды-шаруашылық кешен түсінігі
- •39. Экономикалық кеңістік түсінігі, факторлары
- •40. Туристік орталық пен туризм орталығы түсініктерінің айрмашылығы
- •41. Туристік орталық классификациясы
- •42. Туристік дестинация және оның даму фазалары
- •43. Рекреациялық аудандастыру.
- •44. Туристік кеңістік жайлы.
- •45. Экотуризм түсінігі және белгілері.
- •46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы, топтары.
- •47. Қорықтар түсінігі, құрылу мақсаты.
- •48. Қорықтар-қорықшалар, қорықтар-ұлттық саябақтар айырмашылығы мен ұқсастығы.
- •49. Қазақстандағы қорықтар
- •51. Қорықтардағы экскурсиялық-ағартушылық қызмет
- •52. Ақпараттық қоғам
- •53. Туризм индустриясы
- •54. Электрондық бизнес
- •55. Туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы:
- •56. Ақпараттық менеджмент
- •57. Туризм индустриясында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
- •58. Батыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама
- •59. Батыс Қазақстанның экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:
- •60. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы:
- •61. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері:
- •62. Шопан-Ата жер асты мешіті:
- •64. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:
- •65. Шығыс Қазақстан облысының көлік қол жетімділігі:
- •66. Шығыс Қазақстан облысының археологиялық ескеткіштері:
- •67. Марқакөл мемлекеттік қорығы:
- •68. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі:
- •69. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу кесенесі:
- •70. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:
- •71. Рекреациялық аймақ түсінігі. Солтүстік Қазақстанның рекреациялық аймақтары.
- •72. Баянауыл ұлттық табиғи паркі:
- •73. Бурабай курорты. Курорт потенциалын бағалау.
- •74. Наурызым қорығы
- •75. Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы
- •77. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:
- •78. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының халқы.
- •79. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштері. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
- •86. Табиғи ұлттық парк түсінігі. Қарқаралы ұлттық табиғы паркі:
- •87. Орталық Қазақстанның халқы
61. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері:
Қазақстанның батыс бөлігінде сақталған бірегей сәулет-құрылыс ескерткіштерінің қалыптасқан жалпылама атауы. Арал - Каспий аймағына жолы түскен ортағасырлық авторлар (Ахмед ибн Фадлан, 922; Гильом де Рубрук, XIII ғ-дың ортасы, Ибн Баттута, 1333; Антоний Дженкинсон, 1556 - 60, т.б.)оғыз-қыпшақ бейіттеріндегі ескерткіштерге ерте кезден-ақ назар аударған. Сол кезден бастап бұл аймақта әр түрлі зерттеулер үздіксіз жүргізіліп келді. XIX ғасырдың 50-жылдары Маңғыстаудың архитектура ескерткіштерінің үлгілерін Т.Г. Шевченко мен Б. Ф. Залесский қағазға түсірді. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Е.Р. Шнейдерстің құлпытастарды жасау өнері туралы “Қазақ оюлары” (1927) атты очеркі жарияланды. Арнайы ғылыми зерттеулерді қазақ архитекторлары Т.К. Бәсенов (1947) және М.М. Меңдіқұлов (1953, 1956) жүргізді. XX ғ-дың 70-жылдары Меңдіқұлов өз зерттеулерін жалғастырып, “Батыс Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері” (1987) атты кітабын жариялады. 1978-90 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрлігінің, Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының, тарих, археология және этнография институтының экспедициялары (жетекшісі С. Әжіғалиев) зерттеген. Батыс Қазақстан Ескерткіштері хронологиялық тұрғыдан үш негізгі кезеңге жатады: 1. Ортағасырлық оғыз-қыпшақ кезеңінің ескерткіштері (Шопан ата, Сұлтан апа, Шақпақ ата, Қараман ата, Балғасын); 2. Кейінгі ортағасырлық кезең (XV - XVIII ғ-лар) ескерткіштері (Қанғы баба, Кентті баба, Үштам, Масат ата, Сисем ата, Абат-Байтақ, Қарасақал, Асан қожа, т.б.); 3. Жаңа дәуір (XVIII — XIX ғ-лар) ескерткіштері (Қарашық,Қызылсу, Сағындық, Бейсембай, Алып ана, Дауымшар, Тайлан, Дәуіт ата, Сейіт бабай, Алтын, Қарабас әулие, Хан бейіті, т.б.). Ал географиялық орналасуы жағынан Батыс Қазақстан ескерткіштерін Маңғыстау ескерткіштері, Үстірт ескерткіштері, Доңызтау ескерткіштері, Жем бойы ескерткіштері, Атырау ескерткіштері, Қобда ескерткіштері, Арал өңірі ескерткіштері деп жеті жергілікті топқа бөлуге болады
62. Шопан-Ата жер асты мешіті:
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан — Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
63. Үстірт қорығы:
Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Маңғыстау облысындағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті. Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп. Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.
Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән. Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астам түрі мекендейді. Мұнда Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген
үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан;
құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады
