Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
потенциал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.89 Кб
Скачать

56. Ақпараттық менеджмент

Ақпараттық менеджмент ұғымының пайда болғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, басқару жүйесін құру методологиясы ретінде негізгі мәнге ие. Сондай-ақ, ақпараттық менеджмент - жалпы ақпараттық ресурстар ақпараты мен құжаттарды біріктіруді, және ұйымның әрекеттегі ақпараттық құрылымын тиімді құруды жүзеге асырады.

Ақпараттық менеджмент қызметіне:

  • жоспарлау;

  • ұйымдастыру;

  • талдау;

  • бақылау;

  • сақтау;

  • ақпараттық ресурстар;

  • ұйымдық құрылым;

  • өзара әрекетті ақпараттар ортасы жатқызылады.

Соңғы он жылдықта менеджмент дамыған елдерде (ішінара, АҚШ және Жапония) ақпараттық технологиялар үшінші (жоғарғы) яғни, шығармашылық деңгейге көтерілді. Олар, толық ақпараттық цикл - ақпаратты алу (жаңа білім), оны беру, өңдеу, обьектіге қатысты қолдану, көптеген жаңа мақсаттарға қол жеткізуде тиімді пайдалануда. Ақпараттық технологиялардың үшінші деңгейі менеджментті компьютерлендірудің жоғарғы кезеңін, ЭЕМ-ды шығармашылық тұрғыда пайдалану, адамның ақыл-ойы мен электронды техникалардың қуатын біріктіре қарауды білдіреді.

57. Туризм индустриясында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Туризм индустриясында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің: ERP; CRM; MRP 2; әр бөлімді автоматтандыру түрлері.

Ақпараттық категориялардың: мәліметтер; ақпарат; білім; принциптер түрлері.

Технологиялардың: SQL/PHP деректер базасы; WAP; GPRS; Internet атаулары жақсы таныс.

Әйтсе де, тұтынушы азаматтарға республика төңірегінде интернет технологияны еркін пайдалануға:

  • елдегі қалыпты жұмыс атқаратын электронды төлем жүйелерінің болмауы;

  • үй компьютерімен Интернетте отырып әріптестер арасында сәтті, сенімді, арзан және ыңғайлы ақша аудару мүмкіндіктерінің шектеулілігі, сондай-ақ, оларды клиенттен сәтті шығарып алу мүмкіндігінің шектеулі екендігі көп кедергі, қолбайлау болуда. Осы орайда, әлемдік туризм индустриясының бір бөлшегі ретінде отандық туризм саласын дамыту қағидаттарын ақпараттық технологиялар бірлестігінде қарастырған жөн. Ақпараттық технологиялардың турбизнестегі негізгі тенденциялары болып:

  • бірыңғай технология негізінде турагенттіктердің тәуелсіз желісін жасау;

  • бірыңғай технология негізінде турагенттіктер мен туроператорлардың желісін жасау;

  • тәуелсіз агенттіктерге жаңа технологиялық сервистерді ұсыну;

  • тәуелсіз турагенттіктерді жандандыру және оларды автоматтандыру;

  • туристік нарық қатысушыларының арасында өзара ақпарат алмасу стандартын әзірлеу табылады.

58. Батыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама

Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 624 мың адам (2014). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.