Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
потенциал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.89 Кб
Скачать

53. Туризм индустриясы

Қазiргi туризм индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің, халықаралық сауда сегменттерінің бiрi. Туризмнiң жылдам және тұрақты өсуiн, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күштi әсерiн назарға ала отырып, Үкiмет Қазақстанның ұзақ мерзiмдiк даму бағдарламасында туристiк саланы басымдық ретiнде белгiлеп тұжырымдама қабылдады. Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi. Өнеркәсiп пен экономиканың басқа да салаларының бәсекеге қабiлеттiлігі көп жағдайда өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым жағдайына тәуелдi. Туризм инфрақұрылымы туристік іс-әрекетті іске асыру базасы, туризмді ұйымдастыру негізі болып табылады. Туристік инфрақұрылым ұғымына туризм жұмыс істеуіне қажетті, туристік өнімге тікелей қатысы жоқ жүйелер (қоғамдық көлік, сауда-саттық орындары, медициналық мекемелер, байланыс, энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, пошта, телефон және т.б.) жатады.

54. Электрондық бизнес

А.Ю.Родионовтың түсіндіруінше: "Электрондық бизнес - Интернетті және онымен байланысты телекоммуникациялық желілерді, ақпараттық технологиялар мен әдістерді пайдаланатын, кәсіпкерлік қызметтің бір немесе бірнеше кезеңдерінде шешуші роль атқаратын және құн жасайтын жүйелердің, үрдістердің, ұйымдардың, ақпарат алмастыру арналарының, нарықтар мен құн жасау тізбектерінің интеграциялық жүйесі".

Электрондық бизнестің дамуы - бірінші кезекте мемлекеттегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерімен тығыз байланысты. Және осы тақырып төңірегіндегі еңбектерде ол, дәстүрлі экономиканың баламасы бола алмайды, бірақ, компанияларды жеке алғанда, сондай-ақ, экономиканы тұтастай алғанда да бизнесті жүргізудің жаңа технологиясын жасаудағы жоғары нәтижелерге әкелетін мықты құрал.

Электрондық бизнес, ғаламдану үрдісі, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі - экономикадағы басты рөлдердің бірін атқаратын отандық туризм саласына тез арада өзгерістер енгізуді, заманға сай жаңа тұрпатта қалыптастыруды қажет етуде.

55. Туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы:

Туризм индустриясы телекоммуникациялық технологияларды аса көп пайдаланатын және іскерлік әлемде үлкен деңгейде компьютерлік жабдықтарды орналастыратын сала болып табылады. Бұл туризм индустриясында қолданылатын ақпараттан келіп шығады. Біріншіден, бұл ақпараттың күні, оқиғасы, кестесі өте жиі өзгеріп отырады. Екіншіден, туристік өнім туралы ақпарат жер шарының әртүрлі нүктелеріне өз уақытында жеткізілуі керек. Үшіншіден, туристік өнім үлкен көлемді жасаушылардан - түнеу, транспорт, көңіл көтеруден тұрады, қандайда бір затты қанағаттанарлық үйлестіру үшін ақпараттың тез жеткізілуін талап етеді.

Қазіргі өңдеулер мен жоспарлар туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы үшін мына сұрақтарға жауап беруі керек:

  • туристік саланың деңгейін қалай бағалауға болады және оның дамуындағы негізгі мәселелер;

  • туризмнің қандай негізгі бағыттары аймақтың қызығушылығына жауап береді және де неге және қайда ақшаны салған тиімді;

  • имиджді қалай жақсартуға және туристердің аймаққа қызығушылығын қалай арттыруға болады;

  • туризмнің дамуы есебінен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қалай жақсартуға болады.