- •1. Аймақтың туристік потенциалын бағалау курсының зерттеу объектісі
- •2. Аймақтың туристік потенциалын бағалау курсының міндеттері мен бағыттары.
- •3. Туристік-рекреацияцық ресурстарға анықтама беріңіз
- •4. Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.
- •5. Рекреациялық ресурстардың басты сипаттамасы
- •6. Территорияны рекреациялық бағалау әдістері
- •7. Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік
- •8.Турнстік ресурстарға баға берудің түрлері
- •9. Баға берудің медико-биологиялық түрі
- •10. Психологиялық-эстетикалық баға
- •11. Технологиялық баға беру
- •12.Рекреациялық сыйымдылық
- •13. Туристік рекреациялық потенциалға баға беру
- •14. Комфорттық жағдай түсінігі
- •15. Рекреацияның типтері.
- •16. Мәдени туризмнің түрлері
- •17. Мәдени туризм сатылары
- •18. Аймақтағы мәдени кешендерге баға беру әдістері. Рекреациялық маңыздылығына қарай бағалау
- •23. Климаттың рекреациялық бағалануы.
- •24. Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру.
- •25. Геоморфологиялық, гидрологиялық рекреациялық ресурстар
- •26. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау
- •27. Туристік ресурстарды бағалау:
- •28. Мәдени мұра бағдарламасы
- •29. Әлемдік мұра
- •30. Демалыс пен туризм ресурстарының классификациясы(тура, жанама)
- •31. Рекреацияның функциялары қалай топтастырылады:
- •32. Республикамыздың рекреациялық ресурстары
- •33. Туристік аудандастыру
- •34. Рекреациялық аудандарға бөлудің үрдістері.
- •35. Рекреациялық және туристік аудандардың негізгі белгілері:
- •37. Аудандардың тактикалық және стратегиялық типологиясы.
- •38. Территориалды-өндірістік кешен және территориалды-шаруашылық кешен түсінігі
- •39. Экономикалық кеңістік түсінігі, факторлары
- •40. Туристік орталық пен туризм орталығы түсініктерінің айрмашылығы
- •41. Туристік орталық классификациясы
- •42. Туристік дестинация және оның даму фазалары
- •43. Рекреациялық аудандастыру.
- •44. Туристік кеңістік жайлы.
- •45. Экотуризм түсінігі және белгілері.
- •46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы, топтары.
- •47. Қорықтар түсінігі, құрылу мақсаты.
- •48. Қорықтар-қорықшалар, қорықтар-ұлттық саябақтар айырмашылығы мен ұқсастығы.
- •49. Қазақстандағы қорықтар
- •51. Қорықтардағы экскурсиялық-ағартушылық қызмет
- •52. Ақпараттық қоғам
- •53. Туризм индустриясы
- •54. Электрондық бизнес
- •55. Туризмнің аймақтық дәрежеде дамуы:
- •56. Ақпараттық менеджмент
- •57. Туризм индустриясында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
- •58. Батыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама
- •59. Батыс Қазақстанның экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:
- •60. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы:
- •61. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері:
- •62. Шопан-Ата жер асты мешіті:
- •64. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:
- •65. Шығыс Қазақстан облысының көлік қол жетімділігі:
- •66. Шығыс Қазақстан облысының археологиялық ескеткіштері:
- •67. Марқакөл мемлекеттік қорығы:
- •68. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі:
- •69. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу кесенесі:
- •70. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:
- •71. Рекреациялық аймақ түсінігі. Солтүстік Қазақстанның рекреациялық аймақтары.
- •72. Баянауыл ұлттық табиғи паркі:
- •73. Бурабай курорты. Курорт потенциалын бағалау.
- •74. Наурызым қорығы
- •75. Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы
- •77. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер қоры, рекреациялық ресурстары:
- •78. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының халқы.
- •79. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштері. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
- •86. Табиғи ұлттық парк түсінігі. Қарқаралы ұлттық табиғы паркі:
- •87. Орталық Қазақстанның халқы
48. Қорықтар-қорықшалар, қорықтар-ұлттық саябақтар айырмашылығы мен ұқсастығы.
Қорық пен қорықшалардың айырмашылығы.
Қорықтар- Типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендері бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса қорғауға алынады.
Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады.
Қорықшалар- Бүкіл табиғат кешені емес, оның тек бір бөлігі ғана қорғалады.Табиғат корғау жұмыстары қорыққа қарағанда онша қатаң түрде жүргізілмейді. Шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.
Ұқсастығы:Қорғалатын нысандарының құндылығына қарай жергілікті және республикалық мәндегі болып бөлінеді.
Табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында ұйымдастырылады.
Қорық пен ұлттық саябақ айырмащылығы
Қорықтар - Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі.
Өсімдіктер мен жануарлардың генофондын сақтайды. Бірінші кезекте құрып кету қаупі төніп тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады.Қорық территориясындағы өзгерістер адам қызметінің қатынасынсыз өзімен-өзі жүруі қажет.
Ұлттық саябақтар- Шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. Табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі.Туристтердің келуіне рұқсат етілген. Кейде арнайы рұқсат бойынша белгілі бір мөлшерде аң аулауға да жағдай жасалады.
Ұқсастығы: бірегей ландшафттардың, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
49. Қазақстандағы қорықтар
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
ҚР-дағы қорықтар тізімі:
1. Ақсу-Жабағылы қорығы
2.Наурызым қорығы
3. Алматы қорығы
4.Барсакелмес қорығы
5. Қорғалжың қорығы
6.Марқакөл қорығы
7.Үстірт қорығы
8.Батыс Алтай қорығы
9.Алакөл қорығы
10. Қаратау қорығы
50. ҚР-дағы қорықтардың құрылу тәртібі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары мен олардың филиалдарын құруды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және басқа да ғылыми мекемелердiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк қорықтар құру жөнiндегi материалдарды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi.
3. Мемлекеттiк биосфералық қорықтар ЮНЕСКО-ның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысымен құрылады және олар осы халықаралық ұйымда тiркелуге жатады.
4. Жер-жердегi атқарушы өкiмет органдары мен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң бөлiмшелерi мемлекеттiк қорықтар жүйесiн дамытуға жәрдемдеседi және олардың қызметiне көмек көрсетедi.
