Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
потенциал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.89 Кб
Скачать

44. Туристік кеңістік жайлы.

Туристік кеңістік-туризм мен рекреацияға маманданған көптеген объектілер мен субъектілер қызметтерімен сипатталады.

Туристік кеңістіктің 3 элементі бар:

  1. Тұтынушылардың туристік – рекреациялық қызметтерінің сұранысын қалыптастыру территориясы.

  2. Қызмет көрсетуді ұсынатын территориялар («туристік дестинация,( «туристік жер», «туристік аудан»)

  3. Өзара байланыстыратын территориялар.

Туристік кеңістік кең түрде аудандардың жиынтығы:

-Оларда туристік өнімдер сұранысы қалыптасады.

-Оларда сұраныс қанағаттандырылады.

-Олардың арасында байланыстырушы рольді орындайды.

45. Экотуризм түсінігі және белгілері.

«Жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмнен айырмашылықтары бар. Олар төмендегідей белгілер:

-экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;

-туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы.

-басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;

-экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі-экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру.

-бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік экономикасын көтеретіндей дәрежеде болуы.

46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы, топтары.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:

1.Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.

47. Қорықтар түсінігі, құрылу мақсаты.

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

  • үйлер мен ғимараттар, көпшiлiк пайдаланатын жолдар, труба құбырларын, электр беру желiлерi мен басқа да коммуникациялар салуға;

  • мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және түрлi iздестiру жұмыстарына;

  • ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң суға деген қажеттерiн өтеу үшiн және өзге де шаруашылық мұқтаждар үшiн жер үстi және жер асты суларын пайдалануға;

  • орман қорғау шараларын жүргiзу және ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға, орманды жанама пайдалануға және орманды сауықтыру мақсаттарына және орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалануға;

  • шөп шабу мен мал жаюды қоса алғанда, өсiмдiктер дүниесiн шаруашылық мақсаттарға пайдалануға;

  • аң аулауға, кәсiпшiлiк балық аулауға және аңшылық пен балық аулау объектiсiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалануға;

  • флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге;

  • қоршаған ортаға кез келген химиялық, биологиялық және физикалық ықпал жасауды қолдануға;

  • арнаулы рұқсат болмайынша табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктердi алып қою арқылы коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;

  • азаматтардың арнайы рұқсатсыз және келуге бөлiнген орындардан тыс жерлерде болуына тыйым салынады.

Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.