 
        
        - •(№1Хаттама, 16 қазан 2012 ж.)
- •Isbn 978-601-7303-00-6 © с. Аманжолов атындағы шқму баспасы
- •2.1 Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
- •2.2 Топырақ балдырларының жалпы сипаттамасы және өкілдері
- •2.3 Топырақ саңырауқұлақтарының таксономиясы мен жалпы сипаттамасы
- •Саңырауқұлақтәрізді ағзалар миксомицеттер.
- •2.4 Қыналар, түрлері және биоценозы
- •2.5 Топырақ жәндіктері
- •26 Сурет – Көпаяқтылар: 1- кивсяк; 2 - геофилдер; 3 - шыбынаулағыш
- •2.7 Топырақ биотасын зерттеу әдістері
- •3.1 Микробтық метаболизм сипаты мен микроағзалардағы зат алмасу ерекшелігі
- •3.2 Көміртектің түзілуі және оттегінің айналысы
- •3.4 Азот айналыс циклы
- •3.5 Фосфор түзілуі және зат айналысындағы рөлі
- •3.6 Темірдің зат айналысуына қатысуының маңызы
- •3.7 Күкірт айналымы
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Топырақ тіршілік ортасы есебінде
- •4.2 Топырақ биотасы биогеоценоздағы биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде
- •4.3 Топырақ диагностикасы және биологиялық индикацияның негізгі принциптері
- •Топырақты-альгологиялық индикация.
- •Топырақтың микробиологиялық диагностикасы және биологиялық белсенділігі.
- •Топырақ ортасының ластануының биологиялық индикациясы және топырақтың өздігінен тазалануы.
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер тізімі
26 Сурет – Көпаяқтылар: 1- кивсяк; 2 - геофилдер; 3 - шыбынаулағыш
Топырақта көп кездесетін және алуантүрлі диплоподтар (Diplopoda) - екіжұпаяқты көпаяқтылар. Бұл сапрофильер комплексінің тобының маңыздыларының бірі, төсеніштер мен ағаш діңдерін белсенді бүлдірушілер. Оларға топырақта кең тараған кивсяктар жатады.
Олар әр түрлі табиғат аймақтарындағы орман топырақтарымен байланысты және ағаш сүректерімен түскен жапырақтарды өңдейді. Кейбір түрлері ашық ландшафта - шалғындық далада және егістік алқап топырақтарында, жартылай шөлде кездеседі және шөптердің қалдығымен қоректенеді. Бұта өсімдіктерімен байланысқан маманданған шөлдік формалары да бар. Диплоподтардың саны қоңыржай белдіктегі жалпақжапырақты ормандарда 30-80 экз./м2 құрайды, ылғалды субтропикада - шамамен 130, тропикалық ормандарда - 200 экз./м2 дейін, ал ас ірі формалардың биомассасы 30 г асады.
Диплоподтар - жер бетін мекен ететін омыртқасыз жануарлар. Тыныштық кезеңдерінде олар топырақ қабатына тереңге 20-30 см немесе шіріген діңге кетеді. Ылғалдың жетіспеушілігін де, артық болуын да жаман көтереді. Жазда құрғақшылық болған аудандарда диплоподтардың үнемі диапаузасы байқалады.
Ауыз аппараты кеміруші типті. Ішекті қоршап тұрған май денесі өте жақсы дамыған, онда гликоген мен май жиналады. Осылардың арқасында диплоподтар ұзақ уақыт белсенді емес қалпын сақтайды, қолайсыз жағдайларды бастан кешіреді.
Қылқан жапырақты ормандарды мекен ететін диплоподтардың арасында детритофагтар байқалады. Диплоподтар қылқанды қолданбайды. Орманда жапырақ төсеніштері болмағанда олар детридтерді пайдаланады. Шөлде ылғалдың орынын толтыру үшін жасыл жапырақтарды (фитофагия) пайдаланады. Кейде диплоподтар өздерінің экскременттерін падаланып, копрофаг болады.
Ерінаяқты көпаяқтылар (Chilopoda) - жыртқыштар. Оларда алдыңғы жұп аяқтары жақ тәрізді мүшеге айналған. Жақаяқтарында улы без болады, уы құрбандарын өлтіреді, қорғаныс және шабуыл үшін қызмет жасайды. Геофилдер жауын құрттарымен қоректенеді, олардың соңынан терең топыраққа кетеді. Топырақ сколопендрлері - ерінаяқтылардың ең ірісі. Олар улы, адамдар үшін тропикалық сколопендрдің шағуы өлім әкелуі мүмкін.
Симфилдер (Symphyla) - ұсақ (1 см аспайды) көпаяқтылар, ылғалсүйгіштер. Сапрофагтары орман төсеніштеріндегі өсімдіктер қалдығын өңдейді. Кейбір түрлері өскіндердің тамыршаларын зақымдайды.
Көпаяқтылардың ең ұсағы - пауроподтар (Pauropoda), олардың денелерінің ұзындықтары 2 мм аспайды. Ылғалды ортада - шіріген ағаш діңінде, топырақтың беткі қабаттарында, өсімдіктердің түскен төсеніштерінің жиынтықтарында тіршілік етеді. Қоректену типі бойынша - детритофагтар (жартылай ыдыраған өсімдік қалдықтарын пайдаланады), кейбір түрлері - жыртқыштар, ұсақ кенелермен қоректенеді.
Жәндіктер (Insecta, немесе Hexapoda) - жер үсті буынаяқтылар (класс үсті) класы. Олардың денесі - бас, кеуде және құрсақ бөлімдеріне жіктелген. Кеудесі үш жұп буын аяқтарынан тұрады - аяқ, саны жәндіктердің сипатына тән болып келеді, атауында да көрінеді (Hexapoda - алтыаяқты). Жәндіктер - төтенше алуантүрлі топ. Барлық жануарлар түрлерінің шамамен 70% құрайды, яғни шамамен 1 млн. Кейбір ғалымдар жер шарында 2 млн астам жәндіктер түрлері мекен етеді деп есептейді.
Әлемде бір адамға жәндіктердің 240 млн дарағынан келеді. Шамамен жәндіктердің 95% ересек жағдайларында немесе топырақта дернәсіл түрінде тіршілік етеді (сурет 27). Кейбір жәндіктер топырақты өздерінің ұяларын салу үшін қолданады. Егер ересек жәндіктер топырақта үнемі тіршілік ететін болса, олардың мінез құлықтары мен морфологиясында өзгерістер байқалады.
Ең қарапайым жәндіктер - құйрықаяқтылар (Collembola). Олар кенелермен бірге топырақтың аэробионтты микрофаунасын құрайды және микроартроподтар болып табылады.
 
27 – сурет – Жәндіктердің дернәсілдері
Коллембол үшін көлемдерінің ұсақ 0,2-2,0 мм болуы тән. Коллемболдар топырақта, төсеніштерде тіршілік етеді, шөптесін ярусына көтеріле алады, кейде бұталардың жапырақтарында кездеседі. Олар бүлініп ыдырайтын діңдерде, діңдердің астында, мүкті және қыналы орындарда, жартастағы топырақтарды мекендейді. Барлық табиғат аймақтарында кездеседі. Кенелерден айырмашылығы ол әсіресе субарктикалық климат аудандарында жоғары деңгейге жетеді.
Коллемболдар төмен температураларға аз сезімтал және 0° жақын температурада белсенді қоректеніп, дами алады.
2.6 Топырақ ағзаларының көптүрлілігі және топырақтағы топтар құрамы
Топырақты табиғи тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын әр түрлі тірі ағзалар топырақтың әртүрлі қабаттарында тіршілік етеді. Онда топырақ микроағзаларынан - бактерия, саңырауқұлақ, сәулелі саңырауқұлақ, т.б. және көптеген омыртқасыз жануарлардан қарапайым жәндіктер, құрттар, былқылдақденелілер, ересек бунақденелілер мен олардың дернәсілдері, жер қазғыш омыртқалылар, т.б. кездеседі. Олардың санының өзгеруі жыл маусымына да байланысты, көктем мен күзде көбірек болса, қыс пен жазда азаяды. Қарапайым жәндіктер өздігінен тіршілік ететін, бір жасушалы өте ұсақ ағзалардан тұрады. Топырақ арасындағы тұнба суларда бірнеше мыңға жуық түрлері мекендейді. Оларды 4 класқа бөледі: талшықтылар, саркодиналар, споралылар және инфузориялар. Қарапайым жәндіктер кәсіптік бағалы жануарлардың негізгі қорегі, ал басқа түрлері паразит түрінде адамдар мен жануарларға ауру жұқтырады. Мысалы, талшықтылар, споралылар құстар мен адамдарды безгек ауруына шалдықтырады. Жұмыр құрттардың бір түрлері топырақтың арасында (50-1200 млн/га-ға дейін) шоғырланып, топырақтың қалыптасу үдерісіне қатысады, ал екіншілері өсімдіктерді зақымдап, адамдар мен омыртқалы жануарларды ауруға шалдықтырады.
Сақиналы кұрттардың да кейбір түрлері топырақта мекендейді. Мысалы жауын кұрты топырақты өз ішегінен өткізіп, оны қопсытып, араластырып, ауа мен ылғал өткізгіштігін жақсарта отырып, топырақ құрамының қалыптасу үдерісіне қатысады. Топырақты буынақаяқтылар арасында шаянтәрізділер, өрмекші тәрізділер, бунақденелілер кластарынан өрмекшілер, кенелер, бұзаубастар, шаяндар, сымқұрттар, т.б., хордалылардан жыландар, кесірткелер, кірпілер, суырлар, сарышұнақтар, қосаяқтар, тышқандар мекендейді. Кірпілер мен жертесерлер зиянкестер мен кеміргіштерді жойып пайда келтірсе, кейбір түрлері адамдар мен жануарлар арасында ауру қоздырғыштарын таратады (сарышұнақтар, тышқандар, т.б.).
Топырақ жәндіктері мен микроағзаларының жүйесі табиғаттағы зат айналымында, топырақ құрамының құрылу үдерісіне, оның құнарлылығының түзілуінде белсенді рөл атқарады. Олар барлық табиғи органикалық қосылыстарды, табиғи немесе бірнеше органикалық қосылыстарды ыдырата алады. Яғни, олар топырақта өскен өсімдіктердің барлық қалдықтарын ыдыртып, өсімдіктерге сіңетін әр түрлі минералды заттармен қатар, қарашірінді түзеді. Мұндай ағзаларға, мысал ретінде, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларында өмір сүріп, ауадағы азотты осы өсімдіктердің тамырларына жинайтын түйнек бактерияларын жатқызуға болады. Бүкіл әлемдегі ауыспалы егіс жүйесінде бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ерекше орын алатыны да сондықтан. Топырақ құнарын тиімді пайдалану үшін оның құрамындағы ағзаларға жағдай жасап, ауыспалы егіс жүйесі мен агротехниканы дұрыс қолдану қажет. Топырақтың 10-15 см-ге дейінгі беткі құнарлы қабатында гектарына 10 т бактериялар, сол шамада саңырауқұлақтар, 4 т жауын құрты, 140 кг балдыр, 17 кг-дай әртүрлі жәндіктер кездеседі.
Mammalia топырақтың мегафаунасын құрайды. Топырақпен кемірушілер (Rodentia) және кейбір жәндікқоректілер (Insektivora) көп дәрежеде байланыста болады. Қоянтәрізділер (Lagomorpha) және жыртқыштар (Carnivora) топырақты тұрғын орны мен уақытша қорғаныс орнын жасау үшін кей кездерде қолданады.
Ірі шөпқоректі жануарлар - бұғылар, еліктер, арқарлар, сайғақтар, жылқылар, ешкілер мен қойлар, алғашқы өнімдерді жей отырып, қорытылмаған астың қалдықтарын сыртқа шығарады және қоректік тізбекке түсетін екінші өнімді түзеді. Бұл жануарлар топыраққа механикалық әсер көрсетеді, органикалық заттардың минерализациясына қатысады. Тропикалық аудандарда орманның саваннаға айналуына сай топырақтың алмасуы пілдердің іс әрекеттерінің әсерінен жүреді. Олар бұталарды, орман жанын және ағаштардың өзін жояды.
Топырақта тұратын немесе онда тұрақты ін қазатын аңдар басым түрде топыраққа әсер етеді. Бұл жануарлардың топырақтағы қозғалыстары топырақ массасының аздаған алмасуымен байланысты, ол топырақтың құрылысының бүлінуіне және топырақ профилінің құрылымына, территорияның микро- және мезорельефінің өзгеруіне әкеледі.
Кемірушілер (тышқандар, аламан, суыр, сілеусіндер және т.б. слепцы, соқыртышқан, қосаяқ, тоқалтіс, құмтышқан және басқалары) сүтқоректілердің 1/3 біріктіреді. Олардың көп бөлігі топырақта тіршілік етеді. Бұлар фитофагтар. Індерінде қоректерінің қорын жинақтайды, топырақта экскременттері мен зәрін қалдырады да оның биогенді құрамын өзгертеді. Сілеусіннің қорытылмаған қалдықтары 12%, аламандікі 25% құрайды.
Тундралық топырақтарда кемірушілерден ең маңызды рөлді леммингтер алады, ормандарда – бұлар тышқандар, далада және жартылай шөлде – суырлар, сілеусіндер. Дала және жартылай шөл топырақтарының қайтатүзілуінде маңызды рөлді кемірушілер алады, себебі мұнда олардың алуантүрлері басым кездеседі, ал сандары маңызды көрсеткіштерге жетеді. Шөл сүтқоректілерінің арасында, мысалы, олар барлық дарақтардың жартысын құрайды.
Аталған жануарлар өз зәрлерімен топырақтың сілтілігін жоғарлатады. Суырлар топыраққа ылғалдың тереңірек енуіне ықпал етеді. Кемірушілердің індеріне кіретін жерінде топырақ әрқашан еріген тұздарға бай, әсіресе бикарбонаттармен.
Орман және шалғындық топырақтағы жануарлар індері ылғалдану сипатына әсер етеді: жаңбырдан кейін ылғалдың жоғарғы горизонттардан төменгі горизонттарға тез өтуін қамтамасыз етеді.
Жәндікқоректі омыртқалылар (көр тышқандар, кірпілер, жертесер, тенректер) негізінен Еуразиялық материкте, Африка мен Солтүстік Америкада таралған. Олар Австралия мен Антарктидада және Оңтүстік Американың көптеген территориясында болмайды. Олар топырақтың қалыпты құрылымын бұза отырып, дренаж жасап араластырады.
Жертесерлер (Soricidae) - ұсақ, тышқандарға ұқсайтын жануар, жәндіктердің дернәсілдерімен, моллюскалармен қоректенеді, дегенмен өсімдік тағамдарында қолдануы мүмкін. Олардың арасында ең кіші сүтқоректілер бар, мысалы, ұзындығы шамамен 4 см болатын (Sorex araneus). Еуропа көртышқаны, немесе кәдімгі (Talpa еигореа), - жапырақты ормандардың және өзен жағалауын мекендеушілер құрғақ далада сирек кездеседі, ал жартылай шөлде, шөлде және тундрада мекендемейді. Қопсыған және ылғалды орман топырағында немесе шалғында көртышқан 2-5 см тереңдікте горизонтты, құрғақтау топырақта - 10 см тереңдікте жол салады. Горизонтальдыдан терең қысқа иректелген немесе тік жолдар шығады. Топырақтың бөліктерінің жартысын көртышқан жердің бетіне лақтырады. Шалғындықта көртышқан топырақтың жылына 160 т/га мөлшерін қопсытады.
Көртышқандар барлық өмірлерін жер бетіне шықпай ін-жолдарда өткізеді - осыдан көздерінің редукциясы және қазғыш аяқтары мықты дамиды.
Көртышқандар жауын құрттарымен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Оларды ұстаймын деп қуып көртышқандар топырақта ұзақ жол жүгіріп өтеді.
Қоянтәрізділер - Антарктикадан және Оңтүстік Американың оңтүстігінен басқа барлық материктерге тараған. Олардың популяцияларының тығыздығы жеке аудандарда 1 га жерде 25- 40 дараққа жетеді. Олар ауылшаруашылық дақылдарын зақымдайды, олардың әрекеттері табиғи биогеоценоздардың деградациясына әкеледі.
Басқа сүтқоректілердің ішінде топырақпен кейбір жыртқыштар отрядынан ұсақ жануарлары байланысады - сурикаттар, олар мангустарға жақын. Ұсақ жануарларды түнімен аулайтын көптеген мангустардан сурикаттардың ерекшелігі, жануар тамағынан басқа өсімдіктердің пиязшықтары және тамырларымен де қоректенеді.
Борсықтар, қабандар, түлкілер, жолбарыстар және аюлар топырақта ін және қорғаныс орындарын жасап, беткі қабаттарын тырнай отырып, топыраққа өз әсерлерін жасайды. Қабандарды, жолбарыстарды «бақылау пунктері», аюлардың жолдары өсімдіктердің құрамын өзгертеді, және осы жерлерде топырақ алмасуы болады. Тіпті топырақүсті ярусын мекендеушілер (тиіндер, сусарлар, кейбір құстар) осы және басқа да тәсілдермен топыраққа әсер етеді. Тиіндер топырақта салған сақтау орындарына самырсын жаңғақтарын тасиды, олар кейіннен өсіп өнеді де, астында торфты қаттыгумусты топырақ қалыптасады.
