Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
890.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.3 Mб
Скачать

2.2 Топырақ балдырларының жалпы сипаттамасы және өкілдері

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде жер жүзіне кең таралғандары — балдырлар. Олардың 40 мыңнан астам түрі бар, денесі арнаулы мүшелерге жіктелмеген, талломды – қатпарлы өсімдіктерге жататыны белгілі. Бұлардың бірі бір жасушалы, көп жасушалы, қауымдастық -колониялы түрлері бар. Балдырлар негізінен су өсімдігі болып саналғанымен дымқыл топырақтарда да, ағаштардың бұтақтарында да, жартастарда да кездеседі. Жасушаларындағы бояғыш заттарына байланысты көк-жасыл, жасыл, қоңыр, қызыл, алтындай сары балдырлар деп жіктелетіні белгілі.

Топырақтың тірі бөлігі топырақ микроағзаларынан (бактериялар, саңырауқұлақтылар, актиномицеттер, балдырлар т.б.) және омыртқасыздардың көптеген тобы – қарапайымдар, құрттар, моллюскалар, жәндіктер және олардың дернәсілдері, топырақ арасында тіршілік ететін омыртқалылардан тұрады (топырақ фаунасы).

Топырақ балдыралары – топырақ арасында не оның бетінде тіршілік ететін балдыралар. Балдырлар түрлерінің экологиялық топтарының тіршілігі тұрақты түрде топырақпен байланысты болатындарды топырақ балдырлары деп атайды.

Олардың ішінен жер бетіндегі - қолайлы жағдайларда жер бетінде қабыршақ немесе қабық түрінде; сулы жерде - сулы ортада ылғалды топырақта тіршілік ететін; нағыз топырақ балдырлары - топырақ қабаттарының қалыңдығында тіршілік ететін балдырлар деп бөледі.

Сырт көзбен қарағанда балдырлардың топырақта тіршілік етуі осы ағзалардың ерекшеліктеріне байланысты сай емес болып көрінеді. Ал шындығына келгенде су қоймаларындағы сияқты тіршілік етеді.

Топырақ бетінде кейде қарапайым көзге әртүрлі өсінділер – қабыршақты немесе ұйысқан қабатша немесе көк-жасыл балдырлардың сілемейлі қатпары болып көрінеді. Сонымен қатар топырақ бөліктерінің арасында таралған микроскопиялық формадағы дамыған балдырлардан топырақтың жалпы жасылдануы да жиі байқалады.

Топырақ қалыңдығындағы балдырларды тек қана микроскоптың көмегімен көруге болады. Топырақ үлгілерін немесе топырақ суспензияларын люминесцентті микроскоппен қарағанда, хлорофиллді жасушалары қызыл түспен ерекшеленіп көрінеді. Оларды топырақ үлгілеріндегі балдырларға қолайлы ортаға енгізу арқылы топырақта бар балдырлардың өскіндерінің санының тез көбеюіне мүмкіншілік жасайды. Топырақ балдырларын анықтауда екі түрлі культураны қолданады: сулы, стерильденген қоректік ортаға көп мөлшерде топырақты колбаға салады, және топырақты Петри тостағаншасына салып, балдыр жақсы өссін деп ылғалдандырады да бетіне стерильденген жабындық әйнекті салады да бақылау жүргізеді және олардың құрамын анықтайды.

Жалпы топырақта кездесетін 2000-ға жуық балдырдың түрлері белгілі, ал ТМД топырақтарында 1400 түрі, әртүрлі формасы анықталған. Бұлардың көбі көк-жасыл (438), жасыл (473), сары-жасыл (146) және диатомды (324) балдырлар.

Топырақ тіршілік ету ортасы болғандықтан бірнеше экологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Онда сулы және ауа орталарындағы сияқты: топырақта ауа бар, бірақ су буымен қаныққан, атмосфералық ауамен кеуіп қалмайтындай тыныс алуды қамтамасыз етеді. Топырақты аралық тіршілік ету ортасы ретінде көптеген ағзалар сулы ортадан құрлықта тіршілік етуге ауысуда пайдаланады. Топырақ үшін оның қасиеттерінің салыстырмалы түрде тұрақтылығы тән. Сонымен қатар топырақ ортасы көлденең және тік бағытында да біркелкі емес. Топырақта бір уақытта қатты, сұйық және газ тәрізді заттармен қатар әртүрлі тіршілік иелері – бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, микро- және мезофауна өкілдері кездеседі. Сулы ортаға қарағанда топырақта температураның ауытқуы тез және маңыздырақ, ал топырақ беті үшін тұрақсыз ылғалдылық және қатты инсоляция (күн сәулесімен жарықтану) тән.

Топырақ бетінде тіршілік ету үшін балдырлар құрғақшылыққа, температураның ауытқуларына және өте жарыққа төзімді қабілетті болуы керек.

Топырақ балдырларының биологиялық ерекшеліктері. Егістік топырақтарда 2 метр тереңдіктен 2,7 метрге дейін тіршілікке бейімделген балдырлар кездеседі. Топырақ балдырлары қоректену тәсілдерімен ерекшеленеді. Аздаған тереңдікте, жарық түсетін аралықта олар жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты типтік фототрофтар болып келеді. Фотосинтез үшін интенсивтілігі әлсіз (толық жарықтан 0,04-0,1пайыз). Сондықтан да балдырлардың негізгі массасын топырақтың ең беткі бөлігінен: жеткілікті ылғалдылықта 0-ден 1 және тіпті 0,2 см қабатта табылады. Тереңдеген сайын балдырдың саны және түрлік алуандығы күрт төмендейді. Тым тереңдікке балдырлар топырақ жануарлары мен өсімдіктері арқылы енеді және жер бетінен шайылады. Дегенмен олар толық қараңғы жағдайында да тірі қалуы мүмкін, кейде тіпті көбейеді. Балдырларда фотосинтез жағдайы болмаған да дайын органикалық заттармен қоректенуге көшеді. Жарықтағы автотрофты өсуіне қарағанда қараңғыда гетеротрофты өсуі өте жай жүреді. Органикалық заттарды сіңіруіне қарамастан, көптеген балдырлар жарықты қажет етеді және топырақта тыныштық кезеңінде сақталады. Сондықтан да топырақтың терең қабаттарында салыстырмалы түрде аздаған түрлер саны, оның ішінде біржасушалы жасыл және сары-жасыл балдырлар табылған. Қараңғыда маманданған автотрофты қоректену тәсілі бар деген болжам бар, бірақ деректермен дәлелденбеген.

Топырақ балдырларының ылғалдың аздығы мен кепкен кезде сақталуға әртүрлі бейімделушіліктері олардың өміршеңдігін сақтауы болып табылады. Топырақтағы балдырдың тіршілігі топырақ бөлігіндегі су қабатымен байланысты. Осыған сай топырақ балдырлары су формаларының көлеміне қарағанда салыстырмалы түрде кіші болады. Жасушаларының көлемінің азаюынан су ұстау қасиеті және құрғақшылыққа төзімділігі артады.

Кейбір топырақ балдырларының құрғақшылықтан қорғануға маңызды бейімделушілігі сілемейдің көп түзілуі – сілемейлі қауымдар, қаптары мен орамдары, олар гидрофильді полисахаридтерден тұрады. Құрғақ балдырдың массасынан 8-15 рет ұлғайтады, суды көп мөлшерде ұстауға және сіңіруге бейімделген.

Сонымен қатар, көптеген топырақ балдырларының жасуша қабықшалары сілемейленуге және суды сіңіруге бейім. Осыған орай балдыр тек кебуді азайтып, суды ғана қор етіп жинамайды, бірақ ылғалдану кезінде суды тез сіңіреді.

Топырақ балдырларының ерекшеліктері - «эфемерлігі», яғни олардың вегетациясының тыныштық кезеңінен тез белсенді жағдайға көшуі және керісінше. Табиғатта құрғақ кезде кепкен топырақ балдырларының қабыршақтары, ылғалданғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін өсе бастайды. Балдырлардың өміршеңдігін сақтағанына көптеген мысалдар келтіруге болады. Құрғақ қалпында ондаған жылдар бойы сақталған топырақ үлгілерінен көптеген балдыр түрлері анықталған. 107 жыл сақталған Nostoc commune көк-жасыл балдырлардың кеппе шөп экземплярын тірілткен жағдайлар белгілі.

Топырақ балдырлары топырақтың әртүрлі температуралық ауытқуларына да бейімделген. Тәжірибелерде өте жоғары (+1000С) және төмен (-1950С) температурада балдырлар тірі қалған. Балдырлардың суыққа төзімділігі тұрақты және ұзақ уақыт төмен температура болатын орындарда кеңінен таралуы дәлел болып табылады. Антарктида өсімдік жамылғысының маңызды құрамдас бөлігі – жер бетіндегі балдырлар екенін зерттеулер көрсеткен. Бұл балдырлардың түстері қара, осыған байланысты олардың денелерінің температуралары қоршаған ортаның температурасымен салыстырғанда жоғары болады.

Көптеген жағдайларда жер бетінде тіршілік ететін балдырларда асқан жарықтан қорғануға бейімделу үшін балдырлардың жасушаларының маңында қою түсті сілемейлі қап пайда болады. Көк-жасыл балдырлар ультракүлгін сәулелерге төзімділігімен ерекшеленеді.

Топырақ балдырлары радиоактивті сәулелерге қарсы төзімділікке ие болады. Невада штатының (АҚШ) ядролық жарылыстарынан бүлінген топырақ грунттарында ең алғаш болып өскен өсімдіктер – көк-жасыл балдырлар болған.

Аталған топырақ балдырларының бейімделушіліктеріне байланысты топырақ балдырлары ортаның қолайсыз жағдайларында тіршілік ете алады. Топырақ және жер беті балдырларының кеңінен таралуы мен олардың тез тіпті аз уақыт ішінде қажетті факторлар пайда болғанда өсу қабілеті түсіндіріледі. Топырақ балдырлары тіршілік етудің қиын жағдайларына төзімділігі және тұрақтылығымен ерекше ағза болып жалпы биологиялық қызығушылық тудырады.

Балдырлардың топырақта таралуы міне осындай ерекшеліктерге байланысты болады. Топырақтағы балдырлардың мөлшері әртүрлі орта жағдайларына, әсіресе топырақтың су және тұз ырғақтарына, жер бетіндегі өсімдіктер жамылғысына, ал егістік топырақтарда – агротехникаға байланысты. Топырақ балдырларының санын топырақ саңырауқұлақтары, актиномицеттер және қарапайымдылармен салыстыруға болады.

Балдырларды барлық топырақтардан, тіпті жартылай шөл және шөл топырақтарынан да көруге болады. Балдырлардың саны мен биомассасы сол бір топырақта ылғалдылыққа байланысты өзгеріп тұратыны анықталған. 1 г. топырақтағы жасушаның саны 5 мыңнан 1,5 млн дейін.

Топырақ балдырларының жылдық өнімі әртүрлі топырақта 50-ден 1500 кг/га аралығында болады. Сонымен, топырақ балдырлары деп үнемі тіршілік жағдайы топырақпен байланысты балдырларды атаймыз.

Топырақ балдырларының таксономиясын балдырлардың жасуша құрылысының субмикроскопиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше таксондарға – бөлімдерге бөледі. Топырақта белгілі балдырлардың барлығы да кездесе бермейді. Біз қысқаша ірі бөлімдерге – жасыл, сары-жасыл және диатомдыларға, сонымен бірге көк-жасыл балдырға балдырлармен экологиялық жағынан ұқсастығына қарап, бірақ олар әрі де прокариоттардың жүйесіне цианобактерия ретінде енгізіледі. Бұл топтың микроағзаларының мұндай дуалистік жағдайлары келесідей түсіндіріледі, ғалымдардың халықаралық конгресінің шешімі бойынша көк-жасылдардың жүйеленуі (классификациясы) бірден екі - ботаникалық және бактериологиялық кодекске бағынады.

Көк-жасыл балдырлар (цианобактериялар). Ботаниктер бұл фототрофты прокариотты ағзаларды Cyanophyta, ал микробиологтар Cyanobacteria деп атайды. Олардың жасуша құрылысы прокариотты типті болады: оларда мембранамен шектелген органнеллар – ядро, хлоропластар, митохондриялар жоқ.

Бұл ағзаларды балдырларға бір жағынан жалпы, екінші жағынан экологиясының балдырлармен ұқсастығы және зерттеу әдістерімен байланысты жатқызады. Прокариоттардың ішінде тек, көк-жасыл балдырларда ғана фотосинтез кезінде оттегі бөлінеді, осының салдарынан олардан ерекше класс Oxyphotobacteria пайда болуына себепші болған. Цианобактерияларды тірі табиғаттың бөлек патшалығына жатқызу жайлы ойлар бар.

Көк-жасыл балдырлар өзінің атауын түсіне байланысты алған, жасушасында жасыл - хлорофилдің, тоқ-сары - каротиннің, көк - фикоцианның, ал кейде көк-қызыл фикоэритриннің пигметтері болады.

Цианобактериялардың морфологиясы әртүрлі болып келеді: жалғыз талшық тәрізді немесе коккалы жасушалар, бинарлы немесе көптеп бөліну арқылы көбею; жіп тәрізді формалары ерекше гормогония деп аталатын көп жасушалы бөлшектерге бөлініп кетуі арқылы да көбейеді. Кейбір түрлерінде жіптің бойында гетероциста деп аталатын жасушаның ішіндегі тірі затынан айырылған, ерекше сары түсті дөңгелек өлі жасушалар болады. Осы жасушалар пайда болған жерлерінен үзіліп гормогонияға бөлшектенеді. Балдырлардың бұл тобының көп өкілдерінде спора құру байқалады. Бұл жағдайда кәдімгі вегетативтік жасушалары үлкейеді, оларда қор заттары жиналады, қабықшасы қалыңдайды, сөйтіп спораға айналады. Спора пайда болған аналық жасушаның сыртқы қабығы жыртылып, спора босап шығады да, ол өсе келе жаңа дараққа айналады. Мұндай споралар қолайсыз жағдайларға төзімді келеді; қауымды ағзалар, көп қабатты кілегеймен қоршалған, көп жағдайда біркелкі екі жасуша түрінде кездеседі, арасын өте жұқа қабық бөліп тұрады, ал олардың сыртын іркілген кілегей қаптап жатады.

Көк-жасыл балдырлар экстремалдық жағдайларға жоғары тұрақтылықпен сиптталады, олардың арасында экстремотолеранттар ғана емес, сонымен қатар экстремофилдер, бұларға басқа ағзалар тіршік етпейтін орта оптималды болып келеді.

Термофильді - вулкандық белсенді аудандарда, жер бетіне ыстық судың шығатын жерлерінде тіршілік ететін түрлер де бар. Кейбір көк-жасыл балдырлар, керісінше суық мекен орындарында қоныстанады және олар жоғары тау беткейлеріндегі мұздың, қардың бетінде, жылтыр жалаңаш жартастарда ұшқындар қатпар (налет) түзеді.

Көк-жасыл балдырлар «тіршіліктің пионері» болып, ешқандай басқа өсімдіктер өспейтін жерлерде, құз, жартастарда тіршілік етеді, сонымен қатар саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етіп қына түзеді.

Хрoококкалар (Chroocococcales) қатарының қарапайым өкілдері жатады. Бұларға бір жасушалы және қауымды пішінді түрлері кіреді. Мысалы, Microcystis pulverla өте кішкентай жасушалардан кілегейлі формасыз жиналуды құрайды; қауым құрайтын түріне қалың қабықшасы бар шар пішінді ірі жасушалы глеокапса (Gloeocapsa) туысының түрлері жатады, олар көп қабатты сілемейлі 2-4 капсулалармен біріккен. Кейбір осы туыстың түрлерінің қауымдары сары, қызыл, күлгін түске боялған. Олар жартастар мен тастың бетінде, түрлі-түсті қабыршақтар мен ұшқындар түзеді (2 сурет).

Топырақта Nostoc және Anabaena туыстарының түрлері, Носток (Nostocales) қатарының жіптәрізді формалары кеңінен тараған. Мысалы, Nostoc commune сілемейдің ішінде ретсіз орналасқан көптеген жіптерді микроскоптың астынан көруге болады. Олар топырақ бетінде ірі, бірнеше сантиметрге дейін қою-қоңыр-жасыл сілемейлі-шеміршекті қауымдар түзеді.

Nostoc flagelliforme жіпшелері азды-көпті параллель қатарларға орналасқан. Бұл түр шөл, шөл дала және биік тауларда кездеседі, тамаққа пайдаланады.

Anabaena туысы ностоктан тығыз қауымдар түзбеуімен ерекшеленеді, кейбір жіптер сиректеніп жалпы сілемейге жиналады. Anabaena variabilis топырақта жиі кездеседі. Носток пен анабенаның жіптері ұқсас. Вегетативтік жасушалардан басқа қалың қабатты өте ірі спораларды және гетероцисталарды көруге болады. Гетероцисталардан жіпшелері бөліктерге гормогонияға үзіледі, онымен балдыр көбейеді. Гетероцисталар басқа жіпше жасушаларынан тек қана көлемімен ғана емес, түсімен де ерекшеленеді. Олар көк-жасыл түсті болмайды, бірақ қою (буроватый) түсті, себебі вегетативтік жасушаға қарағанда пигменттерінің құрамы бөлек. Көк-жасыл балдырлардың молекулалық азотты сіңіру қабілетін гетероцистаның болуымен байланыстырады. 100-ден астам азотжинағыш цианобактериялардың түрлері белгілі, олардың барлығында да гетероцисталары бар. Әдетте гетероцистаға қарағанда споралары өте ірі және көрші жасушалардан оларды қоршап тұрған қалың қабаттан алшақ. Гетероцисталар да қосымша сыртқы жабындығы болса да, каналдар арқылы байланыс сақтап толық жіпше жасушасынан ажырамайды.

2 – сурет – Топырақтағы көк-жасыл балдырлар:

1 – Microcystis pulverea; 2 – Gloleocapsa minuta; 3 – Plectonema edaphicum; 4 – Nostoc mocroscopicum; 5 – Anabaena variabilis; (a – гетероциста; б – спора);

7 – Lyngbia martensiana

Oscillatoriales қатарының өкілдерінің құрылысы жіптәрізді, бірақ олардың қатпарларында гетероциста мен спора болмайды.

Топырақта көбінесе Phormidium, Lyngbya, Microcoleus, сирек Oscillatoria туыстарының өкілдері кездеседі.

Жасыл балдырлар Chlorophyta – балдырлардың ең кең бөлімі, өкілдері топырақ биоталарының ортасында көптеп кездеседі. Олардың жасушаларында хлорофилдің a және b қатысуы арқасында таза жасыл түсті болады. Олар сирек қабыршақ немесе қабық тәрізді өскіндер шығарып, қалың өскен жағдайда топыраққа жасылдау түс береді.

Жасыл балдырлар жасушасының құрылымы бойынша басқаларға қарағанда жоғары сатыдағы өсімдіктерге жақынырақ тұрады. Олардың жасуша қабырғалары целлюлозадан тұрады, қор заты ретінде крахмал жиналады. Жыныссыз споралар түзілуі және бөлінуімен қатар, оларда жынысты көбею де бар.

Құрылымы бойынша жасуша морфологиясы және жасыл балдыр қатпары әртүрлі (3 - сурет).

3 – сурет - Топырақтағы жасыл балдырлар:

1 – Chlamydomonas atactogama; 2 – Chlorella vulgaris; 3 – Ankistrodesmus falcatus; 4 – Gongrosira terricola; 5 – Ulothrix tenerrima; 6 – Hormidium nitens; 7 – Microspora tumidula

Жасуша морфологиясы және қатпарларының құрылысы бойынша жасыл балдырлар алуантүрлі: топырақта біржасушалы қозғалмайтын, біржасушалы талшықты және жіпшелер таралған.

Біржасушалылардың формасы (Chlorococcales қатары) дөңгелек, орақ тәріздес, ұршықтәрізді болады; олар кейде 3-4 жасушадан агрегат түзеді.

Талшықты біржасушалы жасыл балдырлар қарапайымдар бөлімінің микроскопиялық жануарлар – флагелляттармен көптеген жалпы ұқсастықтары бар және зоология мамандарымен талшықты өсімдіктер - фитомастигиндер деп қарастырылады. Топырақтағы талшықты жасыл балдырларды Chlamydomonаdales қатары құрайды. Олар үшін қатпарының пальмелоидты құрылым сипаты сай, онда жасушалар шырышта жиналады және талшықтарын жоғалтады.

Жіп тәрізді жасыл балдырлар улотрикстер (Ulotrichales) қатарына біріктіріледі. Түрлер жасушаларының формасымен және хроматофордың құрылымымен ажыратылады.

Сары–жасыл балдырлар. Xanthophyta балдырлар бөлімінің өкілдері топырақта жасыл балдырларға қарағанда көп емес және аздаған түрлерінің санымен көрсетіледі. Көптеп өскен кезде олар торфтың түсінің өзгеруіне әкеледі. Сонымен қатар әдеттегідей ормандарда және егіндікте кездеседі. Олардың сары-жасыл, қоңырқайлау бояулары жасушада b хлорофиллі жоқ болуымен, оның орынына с хлорофиллінің болуымен байланысты. Жасыл балдырлардан олардың қабықтарында целлюлозалары аз, бірақ пектинді заттары басым болуы; қор заты ретінде крахмал емес, липидтер жиналуы; қозғалмалы зооспораларында екі ұзындықтары әртүрлі талшықтың болуымен ажыратылады және олардың - әртүрлі талшықтылар (Heterokontae) екінші атауын анықтайды.

Сары-жасыл балдырлар топырақта біржасушалы және жіптәрізді формалы, сонымен қатар бір түрдің қатпарының құрылымы сифональды болуымен бізге жақсы белгілі (4 - cурет).

4 – сурет - Топырақтық сары – жасыл балдырлар:

1 – Pleurochloris magna; 2 – Characiopsis minutissima; 3 – Bumillariopsis brevis; 4 – Botrydium granulatum; 5 – Haterothrix exilis; 6 – Tribonema vulgare;

7 – Monodus acuminate

Топырақ үшін бір жасушалылардың арасынан Pleurochloris, Characiopsis, Bumillеriopsis туыстарының түрлері тән. Олар өзара жасушаларының формаларымен ажыратылады. Жіпшелі сары-жасыл балдырлар Hetrothrix және Tribonema туысы ең көп таралған түрлерімен танымал. Олардың жіптері бір-біріне енген қабықтағы екі н-бейнелі жартының байланысынан тұрады. Жасушалық емес құрылымдық қатпары бар Botrуdium.

Бұл балдырлар туысы жылдың ылғалды кезеңінде топырақ бетінде жақсы көктеп, әсіресе жақсы тыңайтылған бақшаларда өседі. Оларды қарапайым көз мөлшерімен ірілерін, кейде басы кішкене түйреуіш, шар тәрізді денелерді жеңіл айыруға болады. Олар тамыр тәрізді ризоидтар арқылы топырақ бетінде бекініп ұсталады (4 суретті қараңыз).

Диатомды балдырлар. Diatomeae аталуы (лат. di – екі және toma – бөлу: екіге бөлінген) екі жартыдан құрылушының – эпитека және гипотека, бір-біріне Петри шынаяқтарына ұқсас жабылатын құрылыммен сипатталады. Басқа атау – кремнийлі балдырлар (екі жақты сауыттар кремнеземнен түзіледі). Диатомдардың жармаларының массалық жиналулары таулы жыныс (порода) диатомитті түзеді.

Диатомды балдырлардың хлоропластында хлорофилл және жасушаға қоңыр түс беруші фукоксантин бар.

Барлық топырақтағы диатомды балдырлар - біржасушалы формада. Олар Navicula, Pinnularia және басқа туыс түрлерімен белгілі, олардың жасушалары симметриялы - екі жақтаулы. Диатомдылардың жақтауларына кремнезем сіңгендіктер топырақта өте ұзақ сақталады. Олар бойынша (палеонтологияда диатомды талдау-анализ) тау жыныстарының жасын анықтайды (5 - cурет).

5 - сурет - Топырақтағы диатомды балдыр:

1 – Pinnularia borealis; 2 – Navicula mutica; 3 – Hantzschia amphioxys; 4 – Nitzschia hantzschiana

Биогеоценоз бен топырақ түзудегі топырақ балдырларының рөлімен топырақтағы балдырлардың қызметі ең алдымен олардың органикалық заттардың алғашқы продуцентті - фотоавтотрофты ағзалардың топтарына енуімен анықталады. Жер бетіндегі биогеоценоздағы балдырлардың өнімділігі, жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге қарағанда салыстыруға келмейтіндей аз, дегенмен биомассасы тез өзгереді. Қолайлы жағдайда тез жиналады және минералданады, сонымен бірге омыртқасыз жануарларға қорек болып табылады.

Балдырлар топырақтың ауа ырғағына, топырақ құрылымына және оларда азоттың жиналуына да әсер етеді. Топырақ балдырлары топырақтағы жүріп жатқан газды және тұзды ырғақтар, адамның өндірістік іс-әрекетінен топырақтың ластануы үдерістерінің биоиндикаторы да бола алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]